Об установлении размеров ставок фиксированного суммарного налога на территории Бухар-Жырауского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бұқар жырау ауданы аумағында тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы» «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі) 394-ші бабына, «Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғарғы базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы №1016 Қаулысына (мемлекеттік тізілімдегі нөмірі 30019, «Казахстанская правда» газетінің 2006 жылғы 28 қазандағы №238 (25209) санында жарияланған) сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Бұқар жырау ауданы аумағында тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2005 жылғы 8 қаңтардағы 13 сессиясының «Тіркелген жиынтық салық және акциз мөлшерлеме көлемін белгілеу туралы» №8 шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №1690 болып енгізілген, «Сарыарқа» аудандық газетінің 2005 жылғы 29 қаңтардағы №4 санында жарияланған);
Тармақша 2
2) Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2005 жылғы 6 қыркүйектегі 18 сессиясының «Тіркелген жиынтық салық және акциз мөлшерлеме көлемін белгілеу туралы» Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 13 сессиясының 2005 жылғы 8 қаңтардағы №8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №4 шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8-11-7 болып енгізілген, «Сарыарқа» аудандық газетінің 2005 жылғы 24 қыркүйектегі №38 санында жарияланған).
Басқа 1. Бұқар жырау ауданы аумағында тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері*
Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2007 жылғы 21 маусымдағы 39 сессиясының №7 шешіміне 1 қосымша Бұқар жырау ауданы аумағында тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері* Р/с № Салық салу объектісінің атауы Тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен) 1. Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы 10 2. Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы 15 3. Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер 10 4. Ойын жолы 55 5. Карт 25 6. Бильярд үстелі 30 *тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғарғы базалық ставкаларының мөлшері салық салу объектісінің бір бірлігіне бір жылға белгіленген.