Об утверждении Правил содержания и выпаса сельскохозяйственных животных в городе Балхаш и прилегающих поселках Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балқаш қаласы және маныңдағы кенттердегі ауыл шаруашылық жануарларын ұстау, бағу Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Балқаш қаласы және маныңдағы кенттердегі ауыл шаруашылық жануарларын ұстау, бағу Ережесі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика, коммуналдық сфера, көлік және қоршаған ортаны қорғау бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (А.И.Гусев).
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді. КЕЛІСІЛДІ Қала әкімі Токушев Қ.Ә. 22.06.2007ж. ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Балқаш қалалық аумақтық мемлекеттік мекемесінің бастығы Түсіпбеков Е.Қ. 22.06.2007ж. Ішкі істер бөлімі бастығының м.а. Оспанов Е.Б. 22.06.2007ж. Ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Саданов Б.Е. 22.06.2007ж. «Қалалық коммуналдық шаруашылық» КММ директоры Әлімбетов С.А. 22.06.2007ж.
Басқа 4. Балқаш қаласы және маңындағы кенттердегі ауыл шаруашылық жануарларын ұстау, бағу Ережесі
Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 27 маусымдағы № 44/429 шешімімен бекітілген Балқаш қаласы және маңындағы кенттердегі ауыл шаруашылық жануарларын ұстау, бағу Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Балқаш қаласы және маңындағы кенттердегі ауыл шаруашылық жануарларын ұстау, бағу Ережесі (әрі қарай - Ереже) 2001 жылдың 30 қаңтардағы № 155 Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, 1994 жылдың 27 желтоқсандағы № 268 Қазақстан Республикасының «Азаматтық Кодексі», 2002 жылдың 10 шілдесіндегі № 339 Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңы, 2005 жылдың 8 шілдесіндегі № 66 Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес Балқаш қаласы және маңындағы кенттердегі ауыл шаруашылық жануарларын ұстау, бағу мәселелерін ретке келтіру мақсатында әзірленген.
Тармақ 2
2. Осы Ереже Балқаш қаласы, Қоңырат, Гүлшат, Саяқ кенттеріндегі ауыл шаруашылық жануарларының иелеріне, меншік нысанымен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, ұйымдар мен кәсіпорындарға, тұрғындар мен жеке кәсіпкерлерге таратылады.
Тармақ 3
3. Осы Ереже келесі ұғымдар пайдаланады:
Тармақша 1
1) жануарлар – ауыл шаруашылық, үй, жабайы, сүтқоректілер, құстар, бал арасы, балықтар, қос мекенділер, су мен жерде өмір сүретін жануарлар, жәндіктер және басқа да жануарлар әлемі;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылық жануарлары – адам өсіретін, ауыл шаруашылық өндірісіне тікелей қатысы бар ауыл шаруашылық жануарлары мен құстарының барлық түрі (ірі қара мал, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар мен бұғылар, тауықтар, үйректер, қаздар, күрке тауықтар, бал аралары, бағалы аңдар мен үй қояндары), сондай-ақ олардың түр аралық гибридтері;
Тармақша 3
3) жануарлардың иелері – жеке меншік немесе басқа да қарауында жануарлары бар жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 4
4) жануарларды ұстау – жануарлардың иелерінің жануарлардың өмірін, дене және психикалық саулығын сақтауға, ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтай отырып, толыққанды ұрпақ алу үшін, сондай-ақ азаматтар мен жануарлар әлемі өкілдерінің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бағытталған іс-әрекеттері.
Тармақша 5
5) Ветеринария саласындағы өкілетті орган – Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік «кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы Комитетінің Балқаш қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 4
4. «Балқаш қаласы және маңындағы кенттердегі ауыл шаруашылық жануарларын ұстау, бағу» Ережесінің орындалуын қадағалау «Балқаш қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» мемелкеттік мекемесіне, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы Комитетінің Балқаш қалалық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) және Балқаш қалалық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) жүктеледі.
Тарау 2. 2. Ауыл шаруашылық жануарларын ұстау
2. Ауыл шаруашылық жануарларын ұстау
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылық жануарлары арнайы жабдықталған жабық орындарда, құстарды қамауға лайықталған торлы қораларда және жеке тұрғын үйлерден, стадионнан, қоғамдық тамақтандыру, сауда, азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарынан, көпқабатты үйлерден, көпшілік дем алатын жерлерден, балаларды сауықтыру лагерлерінен, санаторийлерден, табиғи және жасанды су айдындарынан, артезиандық құдықтардан қолданыстағы нормаларға сәйкес қашықтықта ұсталады.
Тармақ 6
6. Қала мен кенттердің әкімдері елді мекендерде жайылым аумағын белгілейді, ауыл шаруашылық жануарларын бағу жұмыстарын ұйымдастырад, сонамен қатар қараусыз жүрген ауыл шаруашылық жануарларының уақытша тұратын жерін анықтайды.
Тармақ 7
7. Тұрғын үйлерде бір отбасынан артық отбасы тұрған кезде, осы үйде тұратын көрші отбасыларының келісімімен, белгіленген ветеринариялық-санитарлық нормаларды сақтаған жағдайда, ауыл шаруашылық жануарларын арнайы жабдықталған жабық орындарда, құстарды қамауға лайықталған торлы қораларда ұстауға рұқсат етіледі.
Тармақ 8
8. Ауыл шаруашылық жануарларын сату, әкелу, әкету ветеринария саласындағы өкілетті орган беретін белгіленген үлгідегі ветеринарлық куәлік рәсімделгеннен кейін ветринарлық паспорт негізінде рұқсат етіледі.
Тармақ 9
9. Ауыл шаруашылық жануарларын су, әуе, темір жол көліктерінде тасымалдау осы көліктерде тасымалдау Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Ауыл шаруашылық жануарларын ұстаудың міндетті шарттары:
Тармақша 1
1) ветеринария саласындағы өкілетті органның талап етуі бойынша жыл сайын қайта тіркеуден өткізу, ерекше қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация жасату жәгне паразитарлық ауруларға қарсы жоспарлы алдын-алу шараларын жасау, уақытында бірдейлендіру,
Тармақша 2
2) екі ай мерзім ішінде жаңа туылған және сатып алынған ауыл шаруашылық жануарлары ветеринария саласындағы өкілетті органда қаралуға және тіркелуге тиіс;
Тармақша 3
3) санитарлық-гигиеналық, ветеринариялық-санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау;
Тармақ 11
11. Ауыл шаруашылық жануарлары иелеріне рұқсат етілмейді:
Тармақша 1
1) Қала мен кенттердің тұрғын аймағында ауыл шаруашылық жануарларын бағуға және айдауға;
Тармақша 2
2) көшелерде, алаңдарда, скверлерде, саяжайларда және басқа да ортақ қолданылатын жерлерде ауыл шаруашылық жануарларын қыдыртуға;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылық жануарларын көлге, адамдар дем алатын басқа да табиғи және жасанды су айдындарына түсіруге;
Тармақша 4
4) қоршаған ортаны ластауға;
Тармақша 5
5) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей ауыл шаруашылық жануарларды өткізу үшін союға және сойғаннан кейін ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитарлық сараптама жасамай өткізуге жол бермеуге;
Тармақша 6
6) ауыл шаруашылық жануарларының мүрдесін лақтыруға немесе жерге көмуге;
Тармақша 7
7) ауыл шаруашылық жануарларын темір жол қарауына алынған жерде бағуға, ауыл шаруашылық жануарларын темір жол бойында рұқсат етілмеген жерлерден иесінің қостауынсыз өтуге;
Тармақша 8
8) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Ережені бұзуға.
Тармақ 12
12. Ауыл шаруашылық жануарларын иелері қараусыз жіберген жағдайда, қараусыз жүрген ауыл шаруашылық жануарларының ұстауы және қайтарылуы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Заңына сәйкес қаралады.
Тарау 3. 3. Ауыл шаруашылық жануарлары иелерінің құқы
3. Ауыл шаруашылық жануарлары иелерінің құқы
Тармақ 13
13. Кез-келген ауыл шаруашылық жануарлары иелерінің меншігі болып табылады және меншік түрі болғандықтан заңмен қорғалады.
Тарау 4. 4. Ауыл шаруашылық жануарлары иелерінің міндеттері
4. Ауыл шаруашылық жануарлары иелерінің міндеттері
Тармақ 14
14. Ауыл шаруашылық жануарларының иелері мыналарды істеуі қажет:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылық жануарларына жанашырлықпен қарау, биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес асырау, ауырған жағдайда уақытында ветеринариялық көмек көрсету;
Тармақша 2
2) Ветеринария саласындағы өкілетті органның талап етуі бойынша уақытында ауыл шаруашылық жануарларына диагноз қоюға, зерттеуге, емдеуге, қарауға, аурудың алдын алу үшін ветеринариялық мамандарға уақытында апару және жағдай жасау;
Тармақша 3
3) барлық ауыл шаруашылық жануарларына паспорт алуды және бірдейлендіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) олардың тұратын және жайылатын орындарын тиісті санитарлық жағдайда ұстау, үнемі дезинфекция жасау. Жем-шөптің қалдығын және қоқыстарды уақытында коммуналдық кәсіпорын арқылы қалалық қоқыс орнына апарып төгу;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылық жануарларын қараусыз қалдырмау және бетімен жібермеу;
Тармақша 6
6) адамдар мен ауыл шаруашылық жануарларының қауіпсіздігін қаматамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау;
Тармақша 7
7) ауыл шаруашылық жануарларын сатып алғанда, жоғалтқанда немесе өлгенде ол туралы уақытында ветеринария саласындағы өкілетті органға хабарлау;
Тармақша 8
8) ауыл шаруашылық жануарлары адамға немесе басқа жануарға зақым келтірген жағдайда таяу маңдағы медициналық мекемелерге, ветеринариялық мамандарға хабарлау;
Тармақша 9
9) ауыл шаруашылық жануарының мүрдесін алып кету және жою үшін уақытында қалалық коммуналдық кәсіпорына, ветеринариялық мамнға хабарлау.
Тарау 5. 5. Осы Ережені бұзғаны үшін ауыл шаруашылық жануарлары иелерінің жауапкершілігі
5. Осы Ережені бұзғаны үшін ауыл шаруашылық жануарлары иелерінің жауапкершілігі
Тармақ 15
15. Осы Ережені бұзған кінәлі жеке және заңды тұлғалар 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155 Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 300, 310, 439, 473, 543, 559 баптарына, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268 Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 246 бабына және 2002 жылғы 10 шілдегі № 339 Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес жауапқа тартылады.
Тармақ 16
16. Материалдық зиян келтірген жағдайда, зардап шегуші оның өтеуі үшін сотқа шағымдануға құқылы.