Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для кандидатов в депутаты в Восточно-Казахстанский областной и Усть-Каменогорский городской маслихаты Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облыстық және Өскемен қалалық мәслихаттары депутаттығына үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 10 бабының 5 тармағына, 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 21 маусымдағы № 89/166 "Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарын кезекті сайлауын тағайындау және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы" қаулысын орындауда, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облыстық және Өскемен қалалық мәслихаттары депутаттығына үміткерлер үшін үгіт материалдарын орналастыруға келесі мекен-жайлар белгіленсін:
Металлургтер мәдениет сарайының ауданында ("Элегант" дүкені жағынан, Тәуелсіздік даңғылы, 68);
"Юбилейный" кинотеатрының ауданында (Ушанов көшесі, 59);
"Большевик" көңіл көтеру орталығының ауданында (Тәуелсіздік даңғылы, 37);
"Өскемен ТМК" акционерлік қоғамының Мәдениет үйінің ауданында (Менделеев көшесі, 6);
"Эхо" кинотеатрының ауданында (Киров көшесі, 54);
"Орталық" базарының ауданында (Пролетар көшесі, 142);
"Заречный" базарының ауданында (Достоевский көшесі, 6);
"Шығыс таңы" базарының ауданында (Виноградов көшесі, 17а);
"Восток" базарының ауданында (Тохтаров көшесі мен Жеңіс даңғылының қиылысқан жері);
"Колос" базарының ауданында (Әуезов даңғылы, 11);
"Достық" базарының ауданында (Өтепов көшесі, 13/1);
"Аймар" дүкенінің ауданында (Тоқымашылар даңғылы, 16/1);
"Зеленый" базарының ауданында (Ворошилов көшесі мен Чернов көшесінің қиылысқан жері);
"Березка" дүкенінің ауданында (Ушанов көшесі, 78);
"Аймар" дүкенінің ауданында (Буров көшесі, 5);
"Электротауарлар" дүкенінің ауданында (Тәуелсіздік даңғылы, 91);
"Орталық" әмбебап дүкенінің ауданында (Ушанов көшесі, 70);
"Евразия" және "Заңғар" Сауда үйлерінің ауданында (Пролетар көшесі, 140, Пролетар көшесі, 144);
Аблакетка кентінде шіркеу ғимаратына жапсарлас орналасқан аумақ (Островский көшесі, 18);
Автобекет аумағында (Абай даңғылы, 4);
"Кожедуба" аялдамасының ауданында (Кожедуба, 52 көшесі);
"Защита" теміржол вокзалының ауданында (Лениногор көшесі, 99);
Өскемен вокзалының ауданында (Мыза көшесі, 1);
Меновной ауылдық округі әкімдігі ғимаратына жапсарлас аумақ (Меновной кенті, М.Горький көшесі, 11а);
"Ягодка" саяжай кооперативінің ауданында (Меновное кентінде);
"Родничок" саяжай кооперативінің ауданында (Меновное кентінде);
"Надежда" саяжай кооперативінің ауданында (Меновное кентінде);
"Спорт Сарайы" аялдамасының ауданында (Тәуелсіздік даңғылының жµп жағы);
"Спорт Сарайы" аялдамасының ауданында (Тәуелсіздік даңғылының тақ жағы);
"Самал дүкені" аялдамасының ауданында (Бажов көшесі);
"Студенттер қалашығы" аялдамасының ауданында (Потанин көшесі);
"Металлург кенті" аялдамасының ауданында (Воронин көшесі мен Востоцкий көшесінің қиылысқан жері);
"Өзен вокзалы" аялдамасының ауданында (Е.П. Славский атындағы жағалау).
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Өскемен қалалық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы