Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов в депутаты Мажилиса Парламента Республики Казахстан, маслихата области, маслихата Есильского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне, облыс мәслихатына, Есіл ауданы мәслихатының депутататтығына кандидаттар үшін басылған үгіт материалдарын орналастыруға орындар белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне, облыс мәслихаты, Есіл ауданы мәслихатының депутаттарына кандидаттарға басылған үгіт материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сай белгіленсін.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 17 қазандағы №а-10/257 «Үгіт материалдарын орналастыру және сайлаушылармен кездесулер өткізу орындары туралы» (Есіл ауданы Әділет басқармасында 2005 жылы 22 қазанда №1-11-21 нөмірімен тіркелген) қаулысының күші жойылған деп саналсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.О.Сүйіндіковке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігінің осы қаулысы Есіл ауданы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі. Келісілген: Аудандық аумақтық комиссиясының төрағасы Ғ.Бекмурзин
Басқа 5
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 9 шілдедегі №а-7/166 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне, облыс мәслихаты, Есіл ауданы мәслихатының депутаттарына кандидаттарға басылған үгіт материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар Есіл қаласы аудандық мәдениет үйінің алдындағы қалқан, «Дары природы» дүкенінің алды, темір жол вокзалының алдындағы қалқан Ақсай селосы Ақсай орта мектебі ғимаратының алдындағы қалқан Біртал селолық округі Біртал селосы Фельдшер-акушерлік пункт ғимаратының қалқаны (келісімі бойынша) Алматинский селосы «Азан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі офисі ғимаратының алдыңғы қалқаны (келісімі бойынша) Бұзылық селосы «Агро Олдиви» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі наубайханасы ғимаратының қалқаны (келісімі бойынша) Двуречный селолық округі Двуречный селосы мәдениет үйі ғимаратының алдыңғы қалқаны Приишимка селосы «Приишимье» ашық акционерлік қоғамы конторы ғимаратының қабырға тақтасы (келісімі бойынша) Жаныспай селосы «Қымбат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі офисі ғимаратының қалқаны (келісімі бойынша). Ейский селосы «Ақниет-М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі офисі ғимаратының қалқаны (келісімі бойынша) Заречный селолық округі Заречный селосы «Заречное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі офисі ғимаратының қалқаны (келісімі бойынша) Знаменский селолық округі Знаменка селосы Знаменка селосы пошта байланысы бөлімшесі ғимаратының қалканы Интернациональный селосы село әкімі ғимаратының алдындағы қабырға тақтасы Қаракөл селосы селолық клуб ғимаратының қалқаны Ковылный селосы «Алтын-Дән» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі офисі ғимаратының қалқаны (келісімі бойынша) Красивинский селолық округі Красивый селосы селолық округ әкімі ғимаратының алдындағы қабырға тақтасы Ленинский селосы фельдшер-акушерлік пункт ғимаратының алдыңғы қабырға тақтасы Құмай селосы «Құмай-Есіл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі офисі ғимаратының қалқаны (келісімі бойынша) Красивый стансасы «Агротехсервис-2000» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі офисі ғимаратының қалқаны (келісімі бойынша) Курский селосы мәдениет үйі аумағындағы қабырға тақталар Московский селосы селоның орталық алаңындағы қалқан Орловка селосы селолық клуб ғимараты алдындағы қабырға тақта Речной селосы селолық клуб ғимараты алдындағы қабырға тақта Раздольный селосы «Ғарыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауыл шаруашылығы кәсіпорны офисі ғимаратының қалқаны (келісімі бойынша) Свободный селосы «Тургай СХС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі офисі ғимаратының ақпараттық тақтасы, наубайхана ғимаратының қабырғасы (келісімі бойынша) Сұрған селосы Сұрған орта мектебінің аумағындағы қабырға тақталар Юбилейный селосы «Ново-Приречное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі селолық клуб ғимаратының қалқаны (келісімі бойынша) Ярославка селосы село әкімі ғимаратының алдындағы қалқаны Красногорский кенті мәдениет үйінің фойесі Игілік селосы фельдшерлік пункт ғимараты алдындағы қабырға тақта (келісімі бойынша) Калачи селосы «Шагинян» жеке кәсіпкерлігі дүкені ғимаратының алдындағы қабырға тақтасы (келісімі бойынша)