Текелі қаласы мен Рудник кентінің аумағында иттерді және мысыктарды күтіп-ұстау ережесін белгілеу туралы Қолданыста
Басқа 0
Текелі қаласы мен Рудник кентінің
аумағында иттерді және мысықтарды
күтіп-ұстау ережесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»
Кодексінің 3-бабының 2-тармақшасына және Қазақстан Республикасының
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»
Заңының 6-бабының 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық
Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Текелі қаласы мен Рудниқ кентінің аумағында иттерді және мысықтарды
күтіп-үстау ережесі (бұдан әрі - ереже) қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Текелі қалалық Мәслихатының
«Текелі қаласы мен Рудник кентінің
аумағында иттерді және мысықтарды
күтіп-үстау ережесін белгілеу туралы»
2007 жылғы 29 маусымдағы № 12-183
шешіміне қосымша
Текелі қаласы мен Рудник кентінің аумағында
иттерді және мысықтарды күтіп-үстау ережесі
Тармақ 1
1. Осы ереже Текелі қаласы мен Рудник кентінің аумағындағы барлық
елді-мекендерде қолданылады.
Тармақ 2
2. Ереже меншік түріне қарамастан барлық иттер мен мысықтардың иелеріне, заңды
және жеке тұлғаларға, сонымен қатар иттер мен мысықтарды асырайтын, серуенге
шығаратын барлық тұлғаларға таралады.
Тармақ 3
3. Иттер мен мысықтардың иелеріне, заңды және жеке тұлғаларға, сонымен қатар
иттер мен мысықтарды асырайтын, серуенге шығаратын барлық тұлғаларға рұқсат
беріледі:
Тармақша 1
1) Иттер мен мысықтарды тұрғын үйлер мен пәтерлерде ұстауға, егер отбасында
екі адамнан асса, қалғандарының келісімімен;
Тармақша 2
2) Итті үйден алып шығарда мұрнына томаға кигізіп, қысқа шынжырда ұстауға;
Тармақша 3
3) Иттерді жолаушылардың мазасын алмайтындай шараларды қолданып, барлық
көліктердің түрінде алып жүруге;
Тармақша 4
4) Мал дәрігерлік қызметтің нұсқауы бойынша иттер мен мысықтарды тексеруге
және емдік-сауықтыру шараларын өткізуге әкелу керек;
Тармақша 5
5) Иттер мен мысықтар талаған адамдар мен малдар жедел түрде мал дәрігерлік
мекемеге қаралуға және тексеруге иесімен жеткізілуі қажет;
Тармақша 6
6) Қаңғырған, иесіз иттер мен мысықтар ұсталып, арнайы орынға жіберіледі.
Тармақ 4
4. Иттер мен мысықтардың иелеріне, заңды және жеке тұлғаларға, сонымен қатар
иттер мен мысықтарды асырайтын, серуенге шығаратын барлық тұлғаларға тиым
салынады:
Тармақша 1
1) Иттерді иесіз жіберуге, қоғамдық орындарда қыдыртуға, қалалық көліктерде
қысқа шынжырсыз томағасыз алып жүруге, 14 жасқа толмаған азаматтарға
және мас күйде;
Тармақша 2
2) Иттер мен мысықтарды жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарда, асханада,
балконда, жертөледе және баспалдақтар алаңында ұстауға;
Тармақша 3
3) Дүкендерге, асханаларға, мектептерге, бала бақшаларга, емдеу мекемелеріне,
стадиондарға, жағажайларға және базарларға итпен келуге;
Тармақша 4
4) Егер тұрғын үйлердің подьезінде, баспалдақ алаңдарына, спорттық және
балалардың ойын алаңдарына ит пен мысық дәретке отырып қойса, иесі жинап
алуға тиіс.