О создании государственного учреждения "Республиканская школа-интернат для одаренных в спорте детей" в микрорайоне "Шанырак" города Алматы Комитета по спорту Министерства туризма и спорта Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы "Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесін құру туралы "Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы N 230 Жарлығына сәйкес және спорттағы дарынды балалардың жеке қабілеттерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті Алматы қаласының»"Шаңырақ" шағын ауданындағы "Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
Тармақ 2
2. Мекеме қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары үшін спорт резервінің орталықтандырылған даярлығын қамтамасыз ететін ұйымдастыру жағдайын жасау болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) мекеменің жарғысын бекітсін және әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1)» (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен)
Тармақша 2
2)»"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 145-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: "Мемлекеттік мекемелер" деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-1-жолмен толықтырылсын: "3-1. Алматы қаласының»"Шаңырақ" шағын ауданындағы»"Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі".
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.