Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов на территории города Рудного Қолданыста
Басқа 0
Рудный қаласының аумағында үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 және 32-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 350 «Үшінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 21 маусымдағы № 89/166 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 2007 жылғы 18 тамызға жарияланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және Қостанай облыстық және Рудный қалалық мәслихаттары депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны кезеңінде үгіттеу баспа материалдарын орналастыруды тәртіпке келтіру мақсатында Рудный қаласының әкімдігі және қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және Қостанай облыстық және Рудный қалалық мәслихаттары депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны кезеңінде Рудный қаласының аумағында үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмүхамбетовке және қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.М. Тарасевичке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданыска енгізіледі.
Басқа 4. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және Қостанай облыстық және Рудный қалалық мәслихаттары депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны кезеңінде Рудный қаласының аумағында үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға арналған
орындар
Рудный қаласы әкімдігінің
2007 жылғы «2» шілдедегі № 2б
және қалалық аумақтық
сайлау комиссиясының
2007 жылғы «2» шілдедегі № 40б
бірлескен қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және Қостанай облыстық және Рудный қалалық мәслихаттары депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны кезеңінде Рудный қаласының аумағында үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға арналған
орындар
Стендтер және тумбалар:
Тармақ 1
1. Ленин көшесі:
Тармақша 1
1) «Строитель» стадионы» аялдамасы;
Тармақша 2
2) "Мұражай" аялдамасы;
Тармақша 3
3) «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Рудный қалалық телекоммуникация торабы ғимаратының ауданы;
Тармақша 4
4) «Дос Бол» дүкені ауданы.
Тармақ 2
2. 50 лет Октября көшесі:
"Универсам" дүкенінің ауданы.
Тармақ 3
3. Сандригайло көшесі:
"Босфор" дүкенінің ауданы.
Тармақ 4
4. Комсомол даңғылы:
"Орбита" дүкенінің ауданы.
Тармақ 5
5. Мир көшесі:
"Вояж" дүкені» аялдамасы.
Тармақ 6
6. Қашар поселкесі:
Тасымалданатын қалқандарда:
№ 1 Қашар мектебі ғимаратының алдында;
«КҮН» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының алдында;
«Жеңіс аллеясында».
Тармақ 7
7. Перцев поселкесі:
Мектеп ғимаратының алдында.
Тармақ 8
8. Горняцк поселкесі:
Рудный қаласы әкімдігінің «Горняцк поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында.
Тармақ 9
9. Желерудная стансасы:
Мектеп ғимаратының алдында.