Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов Күшін жойған
Басқа 0
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2462 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 350 «Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Барлық кандидаттар ушін сайлау алдындағы үгіттік баспа материалдарын ілу үшін орындар анықталсын:
Тармақша 1
1) Талшық селосында - аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаң;
Тармақша 2
2) Ленинград селосында - базардың алдындағы алаң;
Тармақша 3
3) Басқа елді мекендерде - клубтардың алдында, сонымен қатар басқа орындарда нысан иелерінің берілген сәйкес нысандарға.
Тармақ 2
2. Үгіт материалдарын ескерткіштерге, ескерткіш тұғырларға, тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар үйлер мен ғимараттарға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларға ілуге тыйым салынсын.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 18 қарашадағы № 538 «Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп саналсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.