Об утверждении Положения об административных комиссиях Государственного комитета Республики Казахстан по ценовой и антимонопольной политике и его территориальных органов Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi оның аумақтық органдарының Әкiмшiлiк комиссиялары туралы ЕРЕЖЕ Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрлігiнiң  Тіркеу қызметі комитетінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы N 465-НҚ бұйрығымен. -------------Бұйрықтан үзінді---------------- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Монополияға қарсы органның кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. ...
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.
Басқа 0
"Монополияға қарсы органның кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы N 465-НҚ бұйрығына қосымша Монополияға қарсы органның кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы ...
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті және оның аумақтық органдарың әкімшілік комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1996 жылғы 7 тамызда N 185 нөмірмен тіркелген) Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1996 жылғы 5 маусымдағы N 152 бұйрығы.... ______________________________________
Тармақ 1
1. Бұл Ереже қолданылымдағы заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның аумақтық органдарының (бұдан әрi - "Комитет") бағынысындағы Әкiмшiлiк комиссияларының (бұдан әрi - "Комиссиялар") жұмысы мен баға жөнiндегi және монополияға қарсы саясаттың, тұтынушылардың заңды құқықтарының (бұдан әрi монополияға қарсы заңдардың) бұзылуы туралы iстердi қараудың тәртiбiн белгiлейдi және айқындалған заң бұзушылықтар, жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерi бойынша iс қарап, тиiстi шешiмдер қабылдаудың тәртiбi мен мерзiмiн реттейдi. Комиссиялардың басты мiндетi - жоғарыда көрсетiлген санаттағы iстердiң дер кезiнде толық әрi объективтi қаралуын қамтамасыз ету.
Тармақ 2
2. Комиссиялар өз қызметiнде "бәсекелестiктi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы" Ереженi, Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Қазақ КСР-iнiң Кодексiн, басқа да заңдық және нормативтiк актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссиялар Комиссия төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары, Комиссияның мүшелерi және Комиссияның жауапты хатшысы құрамында құралып, iс-қимыл жасайды.
Тармақ 3.1
3.1. Комиссия төрағасы: Комиссияның жұмысын басқарады, Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн жауап бередi; Комиссияның мәжiлiстерiнде төрағалық етедi; Қаралатын iстер бойынша Комиссияның хаттамаларына, қаулыларына қол қояды.
Тармақ 3.2
3.2. Комиссия мүшелерi: Комиссияның жұмысына қатысады және Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн жауап бередi; қаралатын iстер бойынша Комиссияның қаулыларына қол қояды.
Тармақ 3.3
3.3. Комиссияның жауапты хатшысы: Комиссияның жұмысына қатысады және Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн жауап бередi; Комиссияның мәжiлiстерiнде қарау үшiн материалдар әзiрлейдi; Комиссия мәжiлiсiн өткiзудiң ұйымдық мәселелерiн шешедi; Комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасын жүргiзедi; Комиссияның хаттамаларына, анықтамаларына және қаулыларына қол қояды; Iстi қарауға қатысушы адамдарға мәжiлiс өткiзiлетiн орны мен оның уақытын хабарлайды; Комиссияның iс қағаздарын жүргiзедi.
Тармақ 4
4. Комиссия 7-9 адамнан құралады.
Тармақ 4.1
4.1. Лауазым бойынша Комитет төрағасының құқықтық сұрақтарды қадағалайтын орынбасары, ал ол болмаған жағдайда - Комиссия төрағасының орынбасары Комиссия төрағасы болып табылады.
Тармақ 4.2
4.2. Өз жұмысының түрi бойынша Комитет қызметiнiң басты бағыттарының бiрiмен айналысушы Комитет қызметкерлерi Комиссияның мүшелерi бола алады.
Тармақ 4.3
4.3. Комиссияның жауапты хатшысы Комитеттiң заң бiлiмi бар қызметкерi болуы керек.
Тармақ 4.4
4.4. Комиссияның жеке құрамын Комитет төрағасы бекiтедi.
Тармақ 5
5. Аумақтық комитеттердiң комиссиялары осы Ережеде белгiленген тәртiппен 5-7 адамнан құралады.
Тармақ 6
6. Комитеттiң уәкiлдi қызметкерi әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Қазақ КСР-нiң Кодексiнiң талаптарына сәйкес жасаған әкiмшiлiк құқық бұзу туралы хаттама монополияға қарсы заңдардың бұзылуы жөнiнде iстердi қарау үшiн негiз болып табылады.
Тармақ 7
7. Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде Комиссияның жауапты хатшысы; белгiлi бiр iстi қарау Комиссияның құзырына жата ма; iстiң хаттамасы мен өзге материалдары дұрыс әзiрленген бе; алдын ала реттеу үшiн шаралар қолданған ба; қажеттi қосымша материалдар сұратылған ба; жауапқа тартылушы, зәбiрленушi адамның немесе олардың заңды өкiлдерiнiң өтiнiштерi қанағаттандырылуға немесе қабылдамай тастауға жата ма; iстi қарауға қатысушы адамдардың тiзiмiн, қаралу уақыты мен оның орнын - мiне, осы мәселелердi айқындайды.
Тармақ 8
8. Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iстер жауапқа тартылушы адамның қатысуымен қаралады. Жауапқа тартылушы адамның қатысуынсыз iстi мына жағдайларда: iстiң қаралу уақыты мен орны туралы оған уақытша хабарланғаны жайында дерек болса және оның Комиссияның мәжiлiсiне келмеу себептерi туралы қолда мағлұмат болмаса не Комиссия келмеу себептерiн дәлелсiз деп таныса, қарауға болады.
Тармақ 9
9. Комиссия iстердi қажетiне қарай өткiзiлетiн мәжiлiстерде қарайды, бiрақ бұл әкiмшiлiк құқық бұзу туралы хаттама және iстiң басқа материалдары қолға тиген соң 15 күн мерзiмiнен кешiктiрiлмеуi тиiс.
Тармақ 10
10. Белгiлi бiр жағдайлар анықталғанша iстiң шын мәнiсiнде қаралуы мүмкiн болмаған жағдайда Комиссия iстiң қаралуын тоқтата тұруы мүмкiн. Iстiң қаралуын тоқтата тұру туралы қаулы (үлгiсi қоса берiлiп
Тармақша отыр
отыр) шығарылып, оған Комиссияның мәжiлiсiне қатысушы барлық мүшелерi қол қояды.
Тармақ 11
11. Iстi қарау оны қарайтын Комиссияның құрамын жариялаудан басталады, сонан соң мәжiлiсте төрағалық етушi қандай iс қаралуға жататынын, әкiмшiлiк жауапкершiлiкке кiм тартылатынын хабарландырады, iске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi. Бұдан кейiн iстi қарау төмендегiдей тәртiппен басталады: әкiмшiлiк құқық бұзу туралы хаттама жарияланады; iске қатысушы адамдардың өтiнiштерi мәлiмделедi және жарияланады; жауапкершiлiкке тартылушы адамның түсiнiктемелерi тыңдалады; куәлердiң жауаптары тыңдалады; iстi қарауға қатысушы басқа адамдар тыңдалады; дәлелдер зерделiнедi; iске прокурор қатысса, оның тұжырымы тыңдалады; iс бойынша қаулы шығарылады.
Тармақ 12
12. Комиссия баға жөнiндегi және монополияға қарсы заңдардың, тұтынушылардың заңды құқықтарының әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iс қаралған кезде: баға жөнiндегi және монополияға қарсы заңдардың, тұтынушылардың құқықтарының әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы орын алды ма; жауапкершiлiкке тартылушы адам осындай құқық бұзу орын алғаны үшiн кiнәлi ме және ол әкiмшiлiк тұрғыдан жауапкершiлiкке жата ма; белгiлi бiр әкiмшiлiк құқық бұзу үшiн жауапкершiлiктi жеңiлдететiн немесе ауырлататын жағдайлар бар ма; белгiлi бiр әкiмшiлiк құқық бұзу мүлiктiк зиян келтiрдi ме - мiне, осыларды айқындап алуға мiндеттi. Сол сияқты Комиссия iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар басқа да жағдаяттарды айқындауға мiндеттi.
Тармақ 13
13. Кез келген нақты деректер, солардың негiзiнде Комитет тараптардың немесе қарсылықтарын дәлелдейтiн жағдаяттардың бар-жоғын анықтайды, сондай-ақ iстiң дұрыс қаралуы үшiн маңызы бар басқа да фактiлер баға жөнiндегi және монополияға қарсы саясаттың, тұтынушылардың заңды құқықтарының әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iс қарау бойынша айғақтама болып табылады. Айғақтамалар жазбаша түрде де, сол сияқты, көру-тыңдау және өзге материалдарды, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын, тараптар өкiлдерiнiң түсiнiктемелерiн, сондай-ақ сарапшылар мен құзырлы органдардың тұжырымдарын қоса алғанда, заттай түрде де болуы мүмкiн. Актiлер, хаттар, түсiнiктемелер, мағлұматтар және iстiң дұрыс қаралуы үшiн маңызды жағдаяттары бар басқа да жазбаша материалдар, жазбаша айғақтамалар болып табылады. Iс үшiн маңызы бар айғақтамалар ғана қарауға қабылданады.
Тармақ 14
14. Арнайы бiлiмдi талап ететiн iстi қарау кезiнде туындайтын мәселелерге түсiнiк беру үшiн Комиссия сараптама тағайындайды. Сарапшының тұжырымы Комиссияға жазбаша түрде тапсырылады, тараптарға көшiрмелер берiлуi мүмкiн.
Тармақ 15
15. Комиссия монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iс қараған кезде хаттама (үлгiсi қоса берiлiп отыр) жүргiзiлiп, онда: мәжiлiстiң уақыты мен орны; iс қараушы органның атауы мен құрамы; қаралатын iстiң мазмұны; iстi қарауға қатысушы адамдар туралы мағлұматтар, олардың өтiнiштерi; iстi қарау кезiнде зерттелген құжаттар мен заттай айғақтамалар; қабылданған қаулыны жариялау туралы мағлұматтар және оған шағым берудiң тәртiбi мен мерзiмiнiң түсiнiктемелерi көрсетiледi. Хаттамаға мәжiлiсте төрағалық етушi мен Комиссияның хатшысы қол қояды.
Тармақ 16
16. Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iстi қарап, Комиссия iс бойынша қаулы (үлгiсi қоса берiлiп
Тармақша отыр
отыр) шығарады. Қаулыда: қаулы шығарған Комиссияның атауы; iстiң қаралған күнi, айы, жылы; iс қаралушы адам туралы мағлұматтар; iс қарау барысында анықталған жағдаяттардың мазмұндамасы; белгiлi бiр әкiмшiлiк құқық бұзу үшiн жауапкершiлiктi көздейтiн нормативтiк актiнiң нұсқамасы; iс бойынша қабылданған шешiм; қаулыға шағым берудiң тәртiбi мен мерзiмi көрсетiлуi тиiс. Қаулы iстi қарауға қатысушы Комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданылады. Iстi қарауға қатысқан Комиссия мүшелерiнiң барлығы қаулыға қол қояды.
Тармақ 17
17. Баға жөнiндегi және монополияға қарсы заңдардың, тұтынушылардың заңды құқықтарының әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iстi қарап, Комиссия төмендегi әкiмшiлiк жазалардың бiрiн қолдана алады: қолданымдағы заңдарға сәйкес айыппұл салу құқығы Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берiлген жағдайда айыппұл салады; белгiлi бiр iс-әрекеттер жасау (немесе оларды жасауда бас тарту) туралы нұсқамамен не онысыз монополияға қарсы заңдардың бұзылуына жол бермеу туралы ескерту жариялайды. Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Қазақ КСР-i Кодексiнiң 240, 241 баптарында көзделген жағдайларда iстiң қаралуын тоқтату туралы қаулы шығарылады.
Тармақ 18
18. Қаулы iстi қарау аяқталысымен дереу жарияланады. Қаулының көшiрмесi өзi туралы қаулы шығарылған адамның қолына үш күн iшiнде табыс етiледi не оған жiберiледi. Қаулының көшiрмесiн тиiстi адам қол қойып өзi алады немесе ол Комитет хатшылығы арқылы тiркелу жолымен жөнелтiледi.
Тармақ 19
19. Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iс бойынша сот арқылы шағым беру мен қарсылық бiлдiру Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Қазақ КСР-нiң Кодексiне сәйкес жүзеге асырылды. Монополияға қарсы заңдардың бұзылуы туралы iстер бойынша аумақтық Комитеттердiң Комиссияларының қаулы Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы мемлекеттiк комитетiнiң Комиссиясына, ал бұл Комиссияның шешiмдерiне - Комитет Төрағасына шағым беруге болады.
Тармақ 20
20. Монополиға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iс бойынша Комиссияның қаулысын мемлекеттiк, қоғамдық органдар, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндеттi.
Тармақ 21
21. Қаулы ол шығарылған сәттен бастап орындауға жатады. Қаулыға шағым берiлген немесе қарсылық бiлдiрiлген жағдайда шағым немесе қарсылық қанағаттандырылмай қалған соң қаулы орындалуға жатады.
Тармақ 22
22. Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iс бойынша Комиссия қаулысының орындалуы әкiмшiлiк жазалар (үлгiсi қоса берiлiп отыр) белгiлеу туралы қаулыны орындау үшiн Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Қазақ КСР-нiң Кодексiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iс бойынша қаулының орындалуына осы қаулыны шығарған Комиссия бақылау жасайды.
Тармақ 24
24. Комиссияны материалдық-техникалық қамтамасыз ету iсiн Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның аумақтық органдарының бланктерiн, мөртаңбалары мен мөрлерiн пайдаланады. МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢДАРДЫҢ ӘКIМШIЛIК ТҰРҒЫДАН БҰЗЫЛУЫ ТУРАЛЫ N_____IС Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы мемлекеттiк комитетiнiң (монополияға аумақтық
Тармақша комитетiнiң
комитетiнiң) Әкiмшiлiк комиссиясы мәжiлiсiнiң хаттамасы 199__ " " ____________                      Алматы қаласы Комиссия:_____________________________________________________ бар Комиссия мүшелерiнiң құрамында: ___________________________________________________________________ қаралатын iстiң мазмұны ------------------------------------------------------------------- ------------------------------------------------------------------- ------------------------------------------------------------------- ------------------------------------------------------------------- фактiсi бойынша iс қарады. Iстi қарауға қатысушылар: жауапқа тартылушы адам________________________________________ тегi, аты-жөнi Сарапшылар____________________________________________________ (тегi, аты-жөнi) ___________________________________________________________________ басқа адамдар (зәбiр шегушi, заңды өкiл, қорғаушы) аудармашы, прокурор________________________________________________ ___________________________________________________________________ Iстi қарауға қатысушы адамдардың өтiнiшi: ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Өтiнiштердi қараудың нәтижелерi_______________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Iстi қарауға қатысушы адамдардың түсiнiктемелерi, жауаптары, тұжырымдары мен сөйлеген сөздерi___________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Iстi қарау барысында зерттелген құжаттар мен заттай айғақтамалар ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Iстi қарау аяқталысымен Комиссия қаулы қабылдап, ол жарияланады. Сол сияқты қаулыға шағым берудiң тәртiбi мен мерзiмi түсiндiрiлдi. Мәжiлiс төрағасы: Мәжiлiс хатшысы: Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы N____iс Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iс бойынша ҚАУЛЫ 199__жылғы " "__________                      Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Әкiмшiлiк комиссиясы Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Қазақ КСР-i Кодексiнiң 269-279 баптарының негiзiнде ашық мәжiлiсте монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы N____ iстi қарап, былай деп белгiледi. ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (жауапқа тартылушы адамның тегi, аты-жөнi) Тұрғылықты орны____________________________________________________ Жұмыс орны мен лауазымы____________________________________________ 199__жылғы " " _________   ________________________________________ iстi қарау барысында анықталған ___________________________________________________________________ (жағдаяттардың мазмұндамасы) ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ сөйтiп ол Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Қазақ КСР-i Кодексiнiң 193-3 бабын бұзды ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Жоғарыда баяндалғанның негiзiнде, Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Қазақ КСР-i Кодексiнiң 21, 24, 32, 193-3 баптарын басшылыққа алып, комиссия Қаулы етедi ___________________________________________________________________ (құқық бұзушының тегi, аты-жөнi) ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ түрiнде әкiмшiлiк жаза белгiленсiн. Бұл қаулыға ол шығарылған күннен бастап 10 күн iшiнде ___________________________________________________________________ (органның атауы) шағым беруге болады. Комиссия төрағасы Комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелерi Комиссия хатшысы _________________________ _________________________ _________________________ Бiрiншi басшысына N____       Шақыру қағазы 199__жылғы " "__________ "_____________" сағатта Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Монополияға қарсы заңдардың бұзылуы туралы iстердi қарайтын әкiмшiлiк комиссиясының мәжiлiсiне шақырыласыз (құқық бұзушы ретiнде). Мiндеттi түрде келу керек. Мекен-жай: Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесi, 65/69-үй. N____ кабинет, тел. 692002 Комиссия хатшысы ------------------------------------------------------------------ N____ Шақыру қағаздың түбiршегi 199__жылғы " "_______________     "____" сағатта табыс етiлдi. Алдым:_____________________________________________________________ тегi, аты-жөнi, лауазымы, қолы ____________________________________________________шақыру қағазынан (бас тартқан адамның тегi аты-жөнi) алудан бас тартуына байланысты шақыру қағазы 199___ жылғы " " почта арқылы арнайы хатпен, хабар беру жолымен жөнелтiлдi. (керексiзi сызылып тасталсын) Почта түбiртегiнiң N_____________ 199__жылғы " " __________________ Комиссия қаулысының көшiрмесiн алу туралы қолхат N_____ iс бойынша 199__ жылғы " "  _________________ Қаулының көшiрмесiн алдым. ___________________________________________________________________ (тегi, аты-жөнi, қолы) 199__жылғы "  "________________ Қаулының көшiрмесi ___________________________________________________________________ (алушы адам) 199__ жылғы " " ____________почта арқылы жiберiлдi, түбiртек N_____ N_____ ХАТТАМА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНЫҢ БҰЗЫЛУЫ ТУРАЛЫ 199__жылғы " "__________                      Алматы қаласы Мен.__________________________________________________________ (хаттама жасаған Комитет қызметкерiнiң тегi, ___________________________________________________________________ аты-жөнi) Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Қазақ КСР-i Кодексiнiң 248, 248-1, 261-баптарына сәйкес ___________________________________________________________________ (заң бұзушының тегi, аты-жөнi) ___________________________________________________________________ (заң бұзушылықтың мазмұны, оның жасалған орны мен уақыты) ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ туралы осы хаттаманы жасадым. ___________________________________________________iс-әрекеттерiнде (заң бұзушының тегi, аты-жөнi) ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (заңдарға, қаулыларға сiлтеме) бабында көзделгендей құқық бұзушылық нышандары бар. ___________________________________________________________________ (заң бұзушы туралы мағлұматтар) жасаған монополияға қарсы заңдардың бұзылуын ______________________ ___________________________________________________________________ қоса берiлiп отырған материалдар: ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ айғақтайды. Қазақстан Республикасының Хаттама жасалды:________             Баға және монополияға қолы                                 қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қызметкерiнiң тегi, аты-жөнi Құқық бұзушы:_________               Құқық бұзушының тегi, қолы                  аты-жөнi Куәлар:                              Куәлардың тегi, аты-жөнi _______________________ _______________________ _______________________ Зәбiр шегушiлер:                     Зәбiр шегушiлердiң тегi, _______________________              аты-жөнi _______________________ Хаттама екi дана болып жасалды, бiр данасы құқық бұзушыға табыс етiлдi.