Бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізудің тәртібі мен орнын қосымша белгілеу туралы Қолданыста
Басқа 0
Бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізудің тәртібі мен орнын қосымша белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 10 – бабының талаптарын басшылыққа ала отырып және Ақтоғай ауданы әкімиятының бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізудің тәртібі мен орнын қосымша белгілеу жөніндегі ұсынысына сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, көліктің, инфақұрылым объектілерінің толассыз жұмыс істеуін, жасыл желекте мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақтоғай ауданы бойынша бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізу үшін Ақтоғай селолық округі бойынша Қазбек Нұржанов көшесіндегі «Өнер мектебі» КМК ғимаратының аумағы, Сарышаған кентінде үшінші ықшам аудандағы 9 үй жанындағы алаң және Шашубай кентінде «Алтын» мөлтек алаңы, Абай, Айыртас, Жидебай, Қараменде би, Қусақ, Қызыларай, Нарманбет, Кежек, Нүркен, Ортадересін, Сарытерек, Тасарал, Торанғалық, Шабанбай би селолық округтеріндегі клуб үйлерінің аумақтары берілетін болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Тиісті мемлекеттік органдардың ұйымдастырумен және облыстық жоғарғы мемлекеттік орган қызметкерлерінің қатысуымен жергілікті маңызы бар ресми шараларды өткізу үшін Ақтоғай селолық округі бойынша Үшарыс алаңы, мәдениет үйі, орталық парк және орталық стадион алаңы, Сарышаған, Шашубай кентеріндегі клуб үйлері пайдаланылатын болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы талаптардың сақталуын қатаң қадағалап, қамтамасыз ету кент, селолық округ әкімдеріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.