О снятии ограничительных мероприятий с неблагополучного по бешенству плотоядных животных села Шукубай Тобольского сельского округа Денисовского района Қолданыста
Басқа 0
Денисов ауданы Тобыл селолық округінің Шоқыбай селосында етқоректілермалдың арасында құтыру ауру тарағанына байланысты қойылған шектеу шараларын алып тастау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министірлігінің Агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекциясы Комитетінің Денисов аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринарлык инспектордың ұсынысы негізінде, Денисов ауданы Тобыл селолық округінің Шоқыбай селосында етқоректілер малдың арасында құтыру ауруына байланысты белгіленген шектеу шаралар мерзімінің аяқталуына байланысты, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тобыл селолық округінің Шоқыбай селосында етқоректілер малдың арасында құтыру ауру тарағанына байланысты қойылған шектеу шаралар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министірлігінің Агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекциясы Комитетінің Денисов аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі аса қауіпті және басқа жұқпалы аурулардың ауылшарушылық малдың арасында болдырмау мақсатында Денисов аудандағы эпизоотикалық жағдайына бақылауды күшейтсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.