Арыс қаласының елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғау Қағидасы туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арыс қаласының елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғау Қағидасы туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 2 тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Арыс қаласының елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғау Қағидасы» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Арыс қаласының елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғау Қағидасы
Арыс қалалық маслихатының "Арыс қаласының елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғау Қағидасы туралы" 2007 жылғы 15 маусымдағы № 39/304-ІІІ шешімімен бекітілген Арыс қаласының елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғау Қағидасы Осы Қағида кінәратсыз қоршаған орта қалыптастыру, жасыл желек екпенділердің тиімділімен қала мен елді мекендерді көріктендірудің негізгі элементі ретінде Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамаларына сәйкес әзірленді. Қағида қала мен елді мекендерде жасыл желекті екпелерді күтіп ұстау және қорғау саласындағы құқықтық қатынастарды реттей отырып, меншік нысанына қарамастан жеке тұлғалар мен лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 300 бабы бойынша жауапкершілік белгілейді.
Тарау 1. 1. Негізгі ұғымдар мен аңықтамалар.
1. Негізгі ұғымдар мен аңықтамалар.
Тармақ 1
1. Көріктендіру - қала мен елді мекендерге жасыл желектер мен гүл шоқтары арқылы табиғи және жасанды жолмен (қалалық бақтар, парктер, бульварлар, көше және көгалдандыру, гүлзарлар, газондар) әсемдік көрік беру.
Тармақ 2
2. Жасыл желектер - қала аумағы мен елді мекендерде азаматтардың ыңғайлы өмір сүруі мен демалуы үшін кінаратсыз қоршаған ортаны қалыптастыруға арнайы бөлінген алаптары мен учаскелер (қалалық бақтар, парктер, бульварлар, көше және көгалдандыру, гүлзарлар, газондар) орналасқан гүлдер, ағаштар, көшеттер және шөпті өсімдіктер.
Тармақ 3
3. Жасыл желектерді қорғау - жасыл желектерді, абаттандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды жасауға, сақтау мен түлетуге бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;
Тармақ 4
4. Жасыл желекті екпелердің өтемақылық құны-жасыл желекті екпелерді құруға және күтіп ұстауға, сондай-ақ жасыл желекті екпелердің құндылығына, орналасқан жеріне және сапалық жай-күйіне байланысты айқындалатын экологиялық нұқсанды өтеуге жұмсалған шығындарды қоса алғанда, бүлінген немесе жойылған жағдайда жасыл желекті екпелердің құндылығын есепке алу үшін белгіленетін олардың құндық бағасы;
Тармақ 5
5. Көгалдандырылған аумақтар - табиғи және жасанды жолмен өсірілген екпелер: бақ-парк кешендері мен объектілері, бульварлар, скверлер, көгалдар мен гулзарлар орналасатын тұрғын үй қоғамдық, коммуналдық жер учаскелері;
Тармақ 6
6. Жасыл желекті екпелердің бүлінуі - ағаш-бұта өсімдіктерінің ұшарбасына, діңіне, бұтақтарына, олардың тамыр жүйесіне нұқсан келтіру, шөп (өсімдіктерінің өсуін тоқтатпаса да, олардың жердегі бөлігі мен тамыр жүйесін бүлдіру. Бұтақтарының, тамыр жүйесінің механикалық жолмен бүлінуі, қабығының тұтастығының бұзылуы, топырақ үстіндегі жанды қабатының біртұтастығының зақымдануы, жасыл желекті екпелердің немесе тамыр аймағындағы топырақтың зиянды заттармен ластануы, өрттеу және өзге де нұқсан келтіру бүліну болып табылады;
Тармақ 7
7. Жасыл желекті екпелерді жою - ағаштар, бұталар, гүлзарлар және көгалдар жойылып кететіндей дәрежеде жасыл желекті екпелерді бүлдіру;
Тармақ 8
8. Жасыл желектерді қорғау және күтіп ұстау жөніндегі тиісті орган - жасыл желектерді қорғау және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін Арыс қаласы әкімдігінің уәкілеттік берген органы.
Тарау 2. 2. Жалпы ережелер.
2. Жалпы ережелер.
Тармақ 9
9. Жасыл желектер маңызды сауықтыру факторы және қаланың көркі болып табылады, оларды қорғау және күтіп ұстау меншік нысанына қарамастан, әрбір кәсіпорын, мекеме, әрбір азамат тиіс.
Тармақ 10
10. Жасыл желектерді ұқыпты сақтауға, толық кешенді агротехникалық шараларды жүргізуге, суаруға, қураған шыбықтарды кесуге, қиып тастауға, ағаштардың түптерін тазарту және әктеуге, ағаш түптеріндегі өсімдіктерді жоюға, тыңайтқыштар енгізуге, жас ағаштардың түп айналасын түптеуге, жараларын дизенфекциялауға және сылап бітеуге, сондай-ақ арам шөптерді жою бойынша өңдеу;
Тармақ 11
11. Жыл сайын наурыз-сәуір айларында табиғи-климаттық жағдайға байланысты аумақты көгалдандыру-көріктендіру санитарлық тазарту мақсатында айлық өткізу;
Тармақ 12
12. Жасыл желектерді қорғау мақсатында шашылатын, шаңдайтын және басқа да ластайтын жүктерді тасымалдағанда жапқыш (тент) пайдалану керек.
Тарау 3. 3. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау тәртібі.
3. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау тәртібі.
Тармақ 13
13. Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, меншік нысанына және ұйымдық- құқықтық нысанына қарамастан, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және азаматтар көріктендірудің ережесін ұстануға:
Тармақша 1
1) жасыл желектердің бұзылуы немесе жойылуына жол бермеу үшін алдын-ала қорғау шараларын жүргізу;
Тармақша 2
2) газондарда, саябақтарда және басқа да жасыл желектер орындарында, көлік құралдарының тұрақтарын тұрғызуға және кіруіне тыйым салынады.
Тармақ 14
14. Қарамағында инженерлік коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар көгалдандыру-көріктендіру жағдайын үнемі қадағалап отыруға тиіс, нақты айтқанда:
Тармақша 1
1) көгалдар мен жасыл желектерді химиялық немесе жасыл желектердің өмір сүруін тоқтататын лас сумен суарына жол бермеу;
Тармақша 2
2) бөлінген және қорғалынатын аймақтарда жасы желектер мен көгалдардың санитарлық жағдайын қадағалауға;
Тармақша 3
3) ғимараттар және жер асты коммуникациялары кұрылысына техникалық құжаттарды әзірлегенде жобалаушы ұйымдар құрылыс учаскелеріндегі ағаштар мен көшеттердің мүмкіндігінше көп сақталуын қамтамасыз ететін жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін әзірлеу тиіс.
Тармақ 15
15. Жасыл желектердің аумағында тыйым салынады:
Тармақша 1
1) құрылыс материалдарын, жер, көмір және басқа заттарды газондар мен гүлдер егілген жерлерге, ағаш шұңқырларына жинауға, ластауға;
Тармақша 2
2) газондарда жүруге, ағаштарды, көшеттерді сындыруға немесе кесуге, басқа да механикалық зақымдар келтіруге;
Тармақша 3
3) көшелерді, алаңдарды, тротуарларды тазалау мақсатында жасыл желектер үшін тұз және басқа зиянды заттар қолдануға;
Тармақша 4
4) гүлдерді жұлуға, жемістерді үзуге, мал бағуға, жер, құм өндіруге;
Тармақша 5
5) көшелерге, саябақтарға, стадиондарға мектеп алды алаңдарында үй құстары мен малдарды жаюға;
Тармақша 6
6) жасыл желектерді өнеркәсіптік лайсумен және басқа тастамалармен ластауға;
Тармақша 7
7) автомашиналармен, мотоциклдермен, велосипедтермен, басқа да көлік құралдарымен жүруге (арнайы көліктен басқа);
Тармақша 8
8) газондарда автокөлік құралдарын қоюға және тұрағын орнатуға;
Тармақша 9
9) от жағуға, өртке қарсы басқа да тәртіптерді бұзуға;
Тармақша 10
10) ағаш және бұта көшеттерін өз еркімен кесуге;
Тармақша 11
11) гүлзарлар мен көкмайсаның үстімен жүруге, оларға зиян келтіруге, құрылыс материалдарын (құм, цемент, бөренелер, тас, кірпіш) жинауға;
Тармақ 16
16. Жер пайдаланушылар, оларға берілген аумақтарда жасыл желектерді өсіп-өндіруге және қорғауын қамтамасыз етуге міндетті.
Тарау 4. 4. Жасыл желектерді, оларды жойғанан кейінгі зиянды өтеу және қалпына келтіру.
4. Жасыл желектерді, оларды жойғанан кейінгі зиянды өтеу және қалпына келтіру.
Тармақ 17
17. Азаматтардың немесе заңды тұлғалардың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі нәтижесінде болған көп жылғы жасыл желектерді жоғалту (жою, құрту) немесе зақымдау натуралы түрде өтеуге жатады.
Тармақ 18
18. Өтемдік көгалдандыру төменгі талаптар есебіне сәйкес жүргізіледі:
Тармақша 1
1) орны толтырылатын екпелер саны, көгалдандырылған аймақ көлемі қысқартылмай жойылған екпелер санын екі есе көлемде артық болуы;
Тармақша 2
2) орны толтырылатын жасыл желектердің түрлік құрамы және құрылыс сәулет, экологиялық және эстетикалық сипаттамасы жағынан артық болуы тиіс.
Тарау 5. 5. Осы Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік.
5. Осы Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік.
Тармақ 19
19. Осы Қағиданың талаптарын бұзған кінәлі жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 300 бабына сәйкес жауапкершілік тағайындалады.