О внесении изменений в некоторые акты Президента Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Мемлекеттік наградалар жөнінде комиссия құру, оның құрамын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі N 2935 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 14, 108-құжат; 1997 ж., N 2, 19-құжат; 2003 ж., N 41, 426-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ереженің 2-тармағындағы»"5-6" деген цифрлар»"6-8" деген цифрлармен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 шілдедегі N 58 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 23, 282-құжат; 2002 ж., N 42, 415-құжат; 2003 ж., N 35, 347-құжат; 2004 ж., N 21, 266-құжат; 2005 ж., N 22, 267-құжат; 2007 ж., N 9, 100-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Саудабаев Қанат - Қазақстан Республикасының
Бекмырзаұлы Мемлекеттік хатшысы, төраға,
Қуанғанов Фархад - Қазақстан Республикасы
Шаймұратұлы Білім және ғылым
вице-министрі;
аталған Комиссия құрамынан: О.Әбдікәрімов, А.Қ.Әбдімомынов шығарылсын;
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі N 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 32, 421-құжат; 2002 ж., N 44, 436-құжат; 2003 ж., N 45, 487-құжат; 2004 ж., N 21, 266-құжат; N 51, 671-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы ереженің 20 тармағында»"Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі" деген сөздер»"Мәдениет және ақпарат министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамына мыналар енгізілсін:
Саудабаев - Қазақстан Республикасының
Қанат Бекмырзаұлы Мемлекеттік хатшысы, төраға,
Орынбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы Министрі Кеңсесінің Басшысы,
төрағаның орынбасары,
Бөрібаев - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Асқар Ысмайылұлы және ақпарат вице-министрі,
хатшы,
Досжан - Қазақстан Республикасы
Ардақ Дүкенбайұлы Президенті Әкімшілігі
Әлеуметтік-саяси бөлімінің
меңгерушісі,
Ертісбаев - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Ермұхамет Қабиденұлы және ақпарат министрі,
Тәжин - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Марат Мұханбетқазыұлы істер министрі,
Түймебаев - Қазақстан Республикасы Білім
Жансейіт Қансейітұлы және ғылым министрі;
аталған Комиссияның құрамынан: Е.Ә.Аманшаев, О.Әбдікәрімов, Д.А.Калетаев, Е.М.Қосыбаев, Ж.Ә.Құлекеев, Қ.К.Тоқаев, А.А.Тілеубердин шығарылсын;
Тармақша 4
4) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 829 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 41, 426-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Тармақша 5
5) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 92-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 9, 92-құжат; 2004 ж., N 14, 171-құжат; N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 43, 573-құжат; 2006 ж., N 35, 374-құжат; 2007 ж., N 3, 36-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Жарлықтың тақырыбы мен мәтінінде "және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы" деген сөздер алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
тақырыбында және мәтінінде "және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының сақтауы" деген сөздер алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:
тақырыбында "және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы" деген сөздер алып тасталсын;
аталған Комиссияның құрамына Саудабаев Қанат Бекмырзаұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға болып енгізілсін;
көрсетілген Комиссияның құрамынан О. Әбдікәрімов шығарылсын;
Тармақша 6
6)»"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 421-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
Саудабаев Қанат Бекмырзаұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға болып енгізілсін;
аталған Комиссияның құрамынан О.Әбдікәрімов шығарылсын.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 23 шілдедегі
N 369 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 29 наурыздағы
N 829 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Саудабаев - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы хатшысы, Комиссия төрағасы
Сағдиев - Республикалық ардагерлер ұйымы
Мақтай Рамазанұлы кеңесінің төрағасы, Комиссия
төрағасының орынбасары (келісім
Тармақша бойынша. Комиссия мүшелері:
бойынша)
Көшкінов - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ержан Сүлейменұлы Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және
ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор
меңгерушісі, Комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Ахметов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Даниал Кенжетайұлы министрі
Ертісбаев - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Ермұхамет Қабиденұлы ақпарат министрі
Жексембинов - Қазақстан Республикасы Парламенті
Жомартқали Байәсілұлы Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Жұмабеков - Қазақстан Республикасы Президенті
Оңалсын Исламұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Кәлетаев - Қазақстан Республикасы Президенті
Дархан Аманұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Қасымбеков - Қазақстан Республикасы Президенті
Махмұт Базарқұлұлы Кеңсесінің бастығы
Түймебаев - Қазақстан Республикасы Білім және
Жансейіт Қансейітұлы ғылым министрі