Об определении мест для размещения агитационных материалов Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үгіт материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі және Қостанай аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мәслихат депутаттығынан үміткерлер үшін үгіт баспа материалдарын орналастыруға Қостанай ауданы аумағында орындар анықталсын.
Тармақ 2
2. Селолық округтердің, селолардың, Затобол кентінің әкімдері үгіт баспа материалдарын орналастыратын орындарды стендтермен, үгіт қалқаншаларымен, тумбалармен жабдықтасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің орынбасары А. Досжановқа, Қостанай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ж. Сартовқа жүктелсін.
Басқа 4
Қостанай ауданы әкімдігінің және аудандық сайлау комиссиясының № 1/1 бр қаулысына қосымша 2007 жыл 16 шілдедегі Үгіт қалқаншалары, стенттері, тумбалары орнатылады: Александров селолық округі Александров селосы «Александров» ЖШС конторының ғимаратына дүкен ғимаратына Давыденов селосы ФП ғимаратына Жуков селосы ФП ғимаратына дүкен ғимаратына Белозер селолық округі Белозер селосы «Белозерка» ЖШС конторының ғимаратына Балықты селосы дүкен ғимаратына Сергеев селосы дүкен ғимаратына Борис-Романов селосы Борис-Романов селосы әкімдік ғимаратына Владимиров селолық округі Владимиров селосы дүкен ғимаратына Сормов селосы дүкен ғимаратына Янушев селосы дүкен ғимаратына