О внедрении на железных дорогах Казахстана запорно-пломбировочных устройств "Нуркен" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстанның темiр жолдарында "Нөкер" тиектi қорғасын-таңбалау қондырғысын енгiзу туралы
Тармақ 1
Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен тиектi-қорғасын таңбалау және көлiктегi Шығыс УГСК басқармасының сарапты-криминалдық қорытындысы бойынша темiр жолдардан келiп түскен барлық материалдар қаралды. Қазақстан темiр жолдарында тасымал құралдарын қорғасын таңбалауға негiзiнен жауап беретiн, сенiмдi құрал ретiнде, "Нөкер" фирмасының тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысын қолдану туралы шешiм қабылданды. Қазақстанның темiр жолдарында тасымалданатын жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету мен қолданылатын тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысының бiрыңғай стандартын енгiзу мақсатымен, бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстанның темiр жолдарындағы вагондар мен контейнерлердi 1996 жылғы 1 қыркүйектен бастап, "Нөкер" фирмасының тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысымен қорғасын таңбалау енгiзiлсiн:
Тармақ 2
2. Жол бастықтары:
Тармақ 2.1
2.1. Осы жылдың 15 тамызына дейiн "Нөкер" ШЖС тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысының қажеттi санын әзiрлеу үшiн шарттар бекiтсiн.
Тармақ 2.2
2.2. Барлық жүк жөнелтушiлерге вагондар мен контейнерлердi қорғасын таңбалаудың жаңа тәртiбi жеткiзiлсiн.
Тармақ 3. Қазақстан Республикасының темiр жолдарындағы вагондар мен контейнерлердi тиектi-қорғасын таңбалы қондырғылармен қорғасын таңбалаудың Уақытша ережелерi (Қазақстан Республикасының темiр жолдарындағы Уақытша Жарғының 45-бабы)
3. Енгiзу басталған соң 3 ай мерзiм iшiнде тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысы жұмыстары қорытындылансын және ТМД және Балтия темiр жолдарында пайдалануға ТЖКОК рұқсат алуға жiберу үшiн техникалық құжаттар әзiрленсiн. Министр Қазақстан Республикасының темiр жолдарындағы вагондар мен контейнерлердi тиектi-қорғасын таңбалы қондырғылармен қорғасын таңбалаудың Уақытша ережелерi (Қазақстан Республикасының темiр жолдарындағы Уақытша Жарғының 45-бабы)
Тармақ 1
1. Вагондар мен контейнерлердi бекiтiп тастау үшiн қолданылатын тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысы (ТҚТҚ) өзiнiң конструкциясы бойынша мыналарды қамтуы тиiс: - есiк бастырмаларының сенiмдi бекiтiлуi; - тұтастығын бұзбай вагоннан (контейнерден) алу мүмкiндiгiнiң жоқтығы; - қолдан жасаудан жоғары қорғалуы.
Тармақ 2
2. Тиелген жабық вагондар (соның iшiнде изотермиялық) және цистерналар мына жағдайларда, қорғасын таңбалануы тиiс:
Тармақша а
а) темiр жолмен жүк тиелген кезде, темiр жолдың тиектi-қорғасын таңбалы қондырғыларымен бекiту;
Тармақша б
б) жүк жөнелтушiмен тиелген кезде жүктi жүк жөнелтушiнiң тиектi-қорғасын таңбалы қондырғылармен бекiту;
Тармақ 3
3. Жүк тасымалы Ережелерiнiң қосымшасында тiзiлген жүктердi тасымалдау, тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысынсыз, бiрақ мiндеттi түрде сым бұраулар салу арқылы (ұзындығы 250-260 мм, диаметрi) 6 мм күйдiрiлген сыммен жүзеге асырылады. Шекара стансалары арқылы экспортқа баратын жүктердi, ТҚТҚ жоқ болған жағдайда, вагондарда тасымалдауға рұқсат жоқ.
Тармақ 4
4. Тиелген контейнерлер жүк жөнелтушiнiң ТҚТҚ қорғасын таңбаланады. Ауыл шаруашылығы өнiмдерi, сондай-ақ азаматтардың беретiн үй заттары бар контейнерлер, жүк жөнелтушiлерге көзiнше темiр жол ТҚТҚ, ал жүк жөнелтушiлерге көлiктiк-экспедициялық қызмет көрсетудi жүзеге асырған кезде, темiр жол көлiгi Департаментiнiң жүйесiне кiрмейтiн ұйымдардың құралдарымен қорғасын таңбаланады.
Тармақ 5
5. Жеке жүк түрлерiн тасымалдау Ережелерiне қарастырылған жағдайларда, осы жүктердi түсiрген соң, бос вагондар да қорғасын таңбаланады.
Тармақ 6
6. ТҚТҚ iлу және алу, сондай-ақ кәсiпорындарды, ұйымдар мен темiр жолдарды ТҚТҚ қамтамасыз ету жеке нұсқаумен анықталады.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының темiр жолдарына енгiзу үшiн, ТҚТҚ қабылдауға, көлiктегi криминалдық сараптау басқармасының КСБ қорытындысы және оларды Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнде бекiту қажет.
Тармақ 8
8. Мемлекетаралық қатынаста, ЦСЖТ келiсiмi бойынша және ТМД елдерiнiң темiр жол әкiмшiлiгiмен бекiтiлген тәртiпте ТҚТҚ-ны қолдануға рұқсат берiледi.
Тармақ 9
9. Республика iшiнiң қатынасында бiрыңғай тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысының қолданылуы мiндеттi.
Тармақ 10. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӨЛIК ЖӘНЕ
10. Бiрыңғай тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысы қабылданғанға дейiн "Жүк тасымалы ережелерiнiң" 5 бөлiмiне сай көрсетiлген қорғасын-таңбалар қолданылады. Келiсiлдi: Министрдiң орынбасары Темiр жол көлiгi Департаментiнiң директоры КжКМ заң актiлерi мен заң жұмыстары бөлiмiнiң бастығы Қалыптық құжаттарды әзiрлеу бойынша топ басшысы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӨЛIК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРЛIГI Бекiтемiн: Министр 1996 жылғы 19 тамыз Темiр жол көлiгiнiң кәсiпорындары мен жүк жөнелтушiлердi қорғасын таңбалы-құлыптарымен қамтамасыз ету, оларды есептеу тәртiбi және вагондар мен контейнерлердi қорғасын таңбалау үшiн "Нөкер" бiр жолғы пайдаланымдағы тиектi қорғасын таңбалау қондырғысын қолдану ережелерi бойынша Уақытша нұсқау Келiсiлдi: "Нөкер" ЖШС Директоры Департаментiнiң директоры 1996 ж. "14" августа Келiсiлдi: Зам. Темiр жол көлiгi 1996 ж. "19" августа
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Осы нұсқау темiр жол стансаларының, тиеу-түсiру жұмыстары механикаландырылған дистанциялардың (бұдан әрi - дистанциялар), темiр жол бөлiмдерiнiң, жүк жөнелтушiлердiң вагондар мен контейнерлердi бекiтiп тастауы және қорғасын таңбалауы үшiн, зауыттың бақылау белгiсi бар тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысын (бұдан әрi - ТҚТҚ) жасауға тапсырысты ресiмдеу тәртiбi мен мерзiмiн анықтайды, оларды әзiрлеу, жеткiзу және есептеу тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 1.2
1.2. ТҚТҚ темiр жол Басқармасымен бекiтiлген немесе келiсiлген техникалық құжатқа сай, "Нөкер" ЖШС патентiне сәйкес жасалады. "Нөкер" ЖШС-нiң ТҚТҚ-ны жасауға монополиялық құқығы бар және патентке сай, Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз өндiрушi болып табылады.
Тармақ 1.3
1.3. Сыртында зауыттық бақылау белгiсi салынғандықтан, әрбiр ТҚТҚ есептеуге алынады.
Тармақ 1.4
1.4. ТҚТҚ-да төмендегi зауыттық бақылау белгiлерi болуы тиiс.
Тармақ 1.4.1
1.4.1. Негiзгi-алты орынды сан нөмiрi;
Тармақ 1.4.2
1.4.2. Қосымша темiр жолдың қысқаша әрiппен жазылған аты, әзiрленушiнiң тауарлық белгiсi, шыққан жылының соңғы саны және ҚР патентi (N 1 қосымша).
Тармақ 2. 2. ТҚТҚ әзiрлеуге тапсырыстарды ресiмдеу тәртiбi
2. ТҚТҚ әзiрлеуге тапсырыстарды ресiмдеу тәртiбi
Тармақ 2.1
2.1. Жоспардағы жылға ТҚТҚ қажеттiгi келесi тәртiппен анықталады:
Тармақ 2.1.1
2.1.1. Жүк жөнелтушiлер басталар жылға үш ай қалғанда, жүк жөнелтетiн стансаға (дистанцияға) ТҚТҚ қажеттi санын әзiрлеуге тапсырыс (екi дана) жiбередi;
Тармақ 2.1.2
2.1.2. Стансаның (дистанцияның) жауапты қызметкерi тапсырыстың екi данасын да күнтiзбелiк штемпелмен куәландырады және жүк жөнелтушi ТҚТҚ-ны тiкелей әзiрленушiнiң қоймасынан алғысы келген жағдайда, тапсырыстың бiр данасын жүк жөнелтушiге қайтарады;
Тармақ 2.1.3
2.1.3. Станса (дистанция) бiр айдың iшiнде, жол бөлiмiне мыналарды: бөлшектiң алымында-тапсырылатын ТҚТҚ жалпы саны, бөлiмiнде жүк жөнелтушiнiң тiкелей әзiрлеушi қоймасынан алатын ТҚТҚ-ның саны көрсете отырып, ТҚТҚ әзiрлеудiң бiр жылғы тапсырысын жiбередi.
Тармақ 2.1.4
2.1.4. Жол бөлiмi, он күннiң iшiнде, ТҚТҚ әзiрлеудiң жылдық тапсырысын тоқсан бойынша бөле отырып, темiр жол Басқармасына жiбередi.
Тармақ 2.1.5
2.1.5. Жол басқармасы, жыл аяқталуына бiр ай қалғанда, ТҚТҚ тапсырысын әзiрлеушiге жiбередi.
Тармақ 2.1.6
2.1.6. Жол басқармасы, жол бөлiмi, станса (дистанция) арқылы, жүк жөнелтушiге, Жол басқармасымен, жол бөлiмiмен немесе әзiрлеушiмен жабдықтау шартын бекiту қажеттiгi туралы хабарлайды.
Тармақ 2.1.7
2.1.7. Жүк жөнелтушi, әзiрлеушiнiң қоймасынан тiкелей ТҚТҚ алу үшiн, оған стансаның (дистанцияның) күнтiзбелiк штемпелi бар тапсырыстың екiншi данасын қоса, қол қойылған шартты және алуға құқық беретiн сенiмхатты ұсынады.
Тармақ 2.2
2.2. Ерекше жағдайларда (жаңа кәсiпорындар, стансалар мен ТҚТҚ басқа тұтынушылары ашылған кезде) ТҚТҚ әзiрлеудiң тапсырысы, осы нұсқаудың 2.1.1-2.1.7 анықталған тәртiппен әзiрлеушiнiң келiсiмi бойынша белгiленбеген мерзiмде жiберуi мүмкiн.
Тармақ 3. 3. ТҚТҚ әзiрлеу мен тиеп жiберу
3. ТҚТҚ әзiрлеу мен тиеп жiберу
Тармақ 3.1
3.1. Әзiрлеушi түскен тапсырыстардың негiзiнде, жол басқармасы арқылы өнiм шығарудың жылдық жоспарына ТҚТҚ өндiрiсiн кiргiзедi.
Тармақ 3.2
3.2. Әзiрлеушi ТҚТҚ есептеу, сақтау және тиеу тәртiбiн қарастыратын уақытша нұсқау бекiтедi. Жергiлiктi жағдайларға қатыссыз, мына талаптар қамтамасыз етiлуi тиiс.
Тармақ 3.2.1
3.2.1. ТҚТҚ барлық тапсырыстары iс номенклатурасында қарастырылған жеке iс-папкасында сақталуы, тапсырыс және тиеп жiберудi жазу журналында тiркелуi тиiс.
Тармақ 3.2.2
3.2.2. ТҚТҚ жұмыстан тыс уақытта қорғауға тапсырылатын, жеке бөлмеде буып-түюлi күйде сақталуы тиiс.
Тармақ 3.2.3
3.2.3. Жол бөлiмiне, стансаға (дистанцияға) немесе жүк жөнелтушiге жiберiлетiн ТҚТҚ-ны, әзiрлеушi, тапсырыс және тиеп жiберуді жазу журналына, сол тұлғалардың қол қоюы және олардың жеке басы мен уәкiлдiктерiн куәлауы арқылы бередi.
Тармақ 3.3
3.3. ТҚТҚ орауына жазылған бақылау белгiлерiнiң рет нөмiрiн сақтай отырып, тарасы мен орау қағазындағы бақылау белгiлерiнiң нөмiр ара қашықтығын көрсете отырып, он данада оралады.
Тармақ 3.4
3.4. ТҚТҚ жабдықтау жинақтылығы тапсырыс берушiнiң әзiрлеушiмен келiсiмi бойынша анықталады және шартта көрсетiледi.
Тармақ 3.5
3.5. Әзiрлеушi ТҚТҚ-ны жол бөлiмiне, стансаға (дистанцияға) немесе жүк жөнелтушiге жабдықтау шартына және қоймадан жiберiлетiн барлық ТҚТҚ нөмiрлеу шартына сай тиейдi, Жол басқармасын хабардар етедi.
Тармақ 4. 4. Темiр жолдарда ТҚТҚ есептеу тәртiбi
4. Темiр жолдарда ТҚТҚ есептеу тәртiбi
Тармақ 4.1
4.1. ТҚТҚ қатаң нөмiрлеу есебiне жатады.
Тармақ 4.2
4.2. Темiр жол бөлiмi (мекен-жайына ТҚТҚ түскен кезде) жүк жөнелту стансаларына (дистанцияға) ТҚТҚ-ны жiбередi, бұл жағдайда, олар бағытталған стансаны (дистанция) көрсете отырып, журналда (N 2 қосымша) ТҚТҚ-ны алдын ала тiркеу жүргiзiледi (тарасындағы нөмiр қашықтығы бойынша).
Тармақ 4.3
4.3. Стансада (дистанцияда), тара (орау) комиссиямен ашылады және орау қағазында және тарада көрсетiлген нөмiрлермен ТҚТҚ-ның сәйкес келуi тексерiледi.
Тармақ 4.4
4.4. ТҚТҚ-ның нөмiрлерi орау қағазынан өзгеше болған жағдайда, жалпы нысандағы акт ресiмделедi (23-МТ).
Тармақ 4.5
4.5. Келiп түскен ТҚТҚ-ның бақылау белгiлерi тексерiлiп болған соң, олар есеп журналында тiркеледi.
Тармақ 4.6
4.6. Станса (дистанция) тексеру нәтижесi туралы бiр тәулiк iшiнде, жедел хат арқылы, келiп түскен ТҚТҚ интервалын көрсете отырып, жол бөлiмiне хабарлайды.
Тармақ 4.7
4.7. Жол бөлiмi стансаның (дистанция) жедел хаты бойынша ТҚТҚ нөмiрлерiн есеп журналындағы бұрынғы жазылған нөмiрлермен (4.2 тармақ) салыстырады және Жол басқармасына жедел хатпен хабарлайды. Жедел хаттар, iс номенклатурасында қарастырылған iстерде сақталады.
Тармақ 4.8
4.8. ТҚТҚ нөмiрлерiнiң өзгешелiгiн анықтаған темiр жол басқармасы, тергеу үшiн және Жол басқармасына, жол бөлiмiне, стансаға (дистанция) хабарлай отырып, шешiм қабылдау үшiн әзiрлеушiге хабарлайды.
Тармақ 4.9
4.9. Келiп түскен ТҚТҚ нөмiрлерiнiң дәлденген мәлiметi бойынша, Жол басқармасы, оларды бөлiмдер бойынша есептейдi, ал олар, стансалар (дистанциялар), станса (дистанция) жүк жөнелтушiлер бойынша есептейдi.
Тармақ 4.10
4.10. ТҚТҚ-ны бiр стансадан басқасына тапсыру қажет болған жағдайда, олардың тапсырылған нөмiрлерiнiң интервалдары көрсетiле отырып, жол бөлiмiнiң бұйрығы бойынша берiледi.
Тармақ 4.11
4.11. Стансаның жауапты қызметкерi (дистанция) кәсiпорынның сенiмхаты бойынша, есеп журналында, берiлетiн ТҚТҚ нөмiрлерiнiң интервалын көрсете отырып, жүк жөнелтушiге ТҚТҚ-ны бередi.
Тармақ 4.12
4.12. Сыныпсыз, бiрiншi сыныпты стансаларда ТҚТҚ иеленуге құқығы жоқ тұлғалардың, оны пайдалануын болдырмайтын, сол жердiң жағдайынан туындайтын, ТҚТҚ сақтау тәртiбi - осы кәсiпорындардың бастықтарының бұйрығымен, ал қалған стансаларда жол бөлiмi бастығының бұйрығымен белгiленедi.
Тармақ 4.13
4.13. ТҚТҚ тiкелей қоймадан алынған кезде, қойма меңгерушiсi тапсырыс берушiден 2.1.7 тармақта көрсетiлген құжаттарды ұсынуын талап етедi және ТҚТҚ берген соң, нөмiр интервалдары мен иесiнiң атын көрсете отырып, берген ТҚТҚ туралы жүк тиеу жүргiзiлетiн стансаға (дистанцияға), жол бөлiмi мен Басқармаға хабарлайды.
Тармақ 4.14
4.14. Станса (дистанция) жабдықтау қоймасынан ТҚТҚ алынғаны туралы ақпарат бойынша иесiнiң аты мен тiкелей әзiрлеушiнiң қоймасынан алынғаны туралы белгiнi есептеу журналына сала отырып, ТҚТҚ нөмiрлерiн тiркейдi.
Тармақ 4.15
4.15. Жүк жөнелтушiлер, басқа тұлғалар ТҚТҚ пайдаланбауы үшiн, өздерiнде сақтау және есептеу тәртiбiн белгiлейдi, жол бөлiмiнiң нұсқауы бойынша стансада тiркелген ТҚТҚ, жүк жөнелтушiлерден келiсiмдi бағамен, стансаның жауапты қызметкерлерi, қажетiне қабылдайды.
Тармақ 4.16
4.16. Стансаларда (дистанцияларда) қабылдау-тапсыру жұмыс орындарындағы қызметкерлерге ТҚТҚ-ны беру бөлiмше бастықтары (алаң меңгерушiлерi, бригадирлер және т.б.) арқылы жүргiзiледi, олар болмаған кезде кәсiпорын бастығымен тағайындалған тұлға арқылы есеп журналына қол қойыла отырып, жүргiзiледi.
Тармақ 4.17
4.17. Жұмыс орындарында вагондар мен контейнерлердi қорғасын таңбалау туралы 37-МТ (N 3 қосымша) нысанда кiтап бойынша алынған ТҚТҚ тiркеледi және олардың шығыны есептеледi.
Тармақ 4.18
4.18. ТҚТҚ жоғалған әрбiр жағдайда, станса бiр тәулiкте жол бөлiмiнiң бастығына, темiр жолдың бастығына, желiлiк милиция бөлiмiне, темiр жол желiлерiне хабарлайды және қызметтiк тергеу жүргiзедi, ақырғы шешiм қабылдайды.
Басқа 64
N 1 қосымша ҚОРҒАСЫН ТАҢБАЛЫ - ҚҰЛЫП (схемасы) _______________________________ | АЛМ Н - 96 | | ҚР ПАТЕНТI | | 000001 | |_____________________________| ШАРТТЫ БЕЛГIЛЕРI МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР АЛМ.        - АЛМАТЫ ТЕМIР ЖОЛЫ Н           - ЖАСАУШЫ ЗАУЫТТЫҢ БЕЛГIСI 96          - ШЫҒАРУ ЖЫЛЫ ПАТЕНТ РК   - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАТЕНТIМЕН ҚОРҒАУЛЫ
Басқа 65. ТҚТҚ берудi (тиеудi) есептеу ЖУРНАЛЫ
N 2 қосымша _________________________________ (ұйымның аты) ТҚТҚ берудi (тиеудi) есептеу ЖУРНАЛЫ ___________________________________________________________________ Рет|Тиеу|ТҚТҚ алушының |Саны|ТҚТҚ бақылау |Түбiртек|Қолы|Ескерту| N/N|беру|аты (ст. кәсiп. | |белгiсi N-ден|сенiмхат| | | |күнi|орын, жол бөлiмi| | N-дейiн |нөмiрi | | | ___|____|________________|____|_____________|________|____|_______| | | | | | | | | ___|____|________________|____|_____________|________|____|_______| | | | | | | | | ___|____|________________|____|_____________|________|____|_______| | | | | | | | | ___|____|________________|____|_____________|________|____|_______| | | | | | | | | ___|____|________________|____|_____________|________|____|_______| | | | | | | | | ___|____|________________|____|_____________|________|____|_______|
Басқа 66
N 3 қосымша Қорғасын таңбалау кiбатын толтыру тәртiбi (37-МТ нысаны) Вагондар немесе контейнерлердiң      бақылау белгiлерi N,N Күнi, уақыты, ТҚТҚ аты N 0000001-ден           N 0000101-ге дейiн Берушi:* Ескерту: ТҚТҚ пайдалану учаскесiндегi беру мен алу үшiн жауапты қызметкердiң лауазымы көрсетiледi. КҚП бригадирi*          қолы            Т.А.Ж. Алушы: пойыз қабылдаушы        қолы            Т.А.Ж. Мысал: 01.01.95 ж.         9 сағ. 30 мин.      "Нөкер" ТҚТҚ Берушi: КҚП бригадирi           қолы            Иванов Н.К. Алушы: пойыз қабылдаушы        қолы            Райкин В.Д. 01.01.95 ж.         13 сағ. 10 мин. 22605067                            АЛМ 000001 АЛМ 000002 "Нөкер" жүйесiнiң бiр жолғы пайдаланымдағы қорғасын таңбалы-құлпы _____________________________ | АЛМ 000112 | |___________________________| 1 сурет Техникалық сипаттамасы:
Тармақ 1
1. Осiнiң бұзылу күшi -                 1400+(-)100 КГК
Тармақ 2
2. Болат арқанының диаметрi -           Q 6,0+(-)0,2 мм
Тармақ 3
3. Болат арқанының ұзындығы -           300 - 350 мм
Тармақ 4
4. Корпусы мен фиксаторының             жәй сапалы тiк материалы -                          бұрышты болат
Тармақ 5
5. Корозияға қарсы түру бетi -          мырыш
Тармақ 6
6. Маркирленуi -                        әрiптi-санды
Тармақ 7
7. Салмағы -                            150 - 160 гр.
Тармақ 1
1. ЖАЛПЫ МӘЛIМЕТI "Нөкер" құлпы темiр жол вагондарының, цистерналар мен контейнерлердiң, сондай-ақ басқа көлiк құралы түрлерiнiң есiктерi мен люктарын бекiту мен қорғасын таңбалау үшiн арналған. "Нөкер" құлпын қондыру үшiн арнайы құрал-сайман қолданылады.
Тармақ ii
II. "НӨКЕР" ҚҰЛПЫНЫҢ ҚОНДЫРҒЫСЫ МЕН ҚҰРАЛ-САЙМАНЫ "Нөкер" құлпы тросс және фиксатордың ұшымен мықтап бекiтiлген корпустан тұрады (3 суретi қара).
Тармақ iii
III. "НӨКЕР" ҚҰЛПЫН ҚОНДЫРУ ТӘРТIБI
Тармақ 1
1. Есiктiң немесе люктiң iлгегi арқылы құлып тросының бос ұшын өткiзу және оны құлып корпусының кесе саңылауына кiргiзу (5 суреттi қара).
Тармақ 2
2. Құрал-сайманнан бұранданы қолмен түбiне дейiн бұрап шығару.
Тармақ 3
3. Жиналған құлыпты құрал-сайманға салғанда, фиксатор алты қырлы бұранда басы жағында болуы тиiс, ал тросс ұшы сопақ саңылау арқылы құрал-сайманға өтуi тиiс (5 сурет).
Тармақ 4
4. Сонан соң төмен қарай құлып корпусы есiк бастырмасының құлағына тығыз жатқанға дейiн тросты тарту қажет (6 суреттi қара).
Тармақ 5
5. Бұранданы корпус iшiне қарай сағат тiлi бойынша фиксатор түбiне дейiн қолмен бұрап, кiргiзу (7 суреттi қара).
Тармақ 6
6. Бұранданың алты қырлы басын алты қырлы кiлт саңылауына кiргiзгенде, кiлттегi тiл сағат тiлi бойынша бағытталуы тиiс (8 сурет).
Тармақ 7
7. Бiр қолмен құрал-сайманның тұтқасынан ұстай отырып, екiншi қолмен бұранданы барынша 8 КГК күшпен, қайтармалы-айналмалы қозғалыс жасай отырып, тарту қажет.
Тармақ 8
8. Құралдан кiлттi алып, оны қондырған кезде, кiлттегi тiл сағат тiлiне қарсы болуы тиiс.
Тармақ 9
9. Құлыпты құрал-сайманнан алған сәтке дейiн, бұранданы құрал-сайманнан шығарып алынуы тиiс.
Тармақ 10
10. Құлып корпусында фиксатордың сенiмдi бекiтiлгенi мен жинақталғаны тексерiлуi тиiс. Олай болмаған жағдайда, құлыпты қайтадан құрал-сайманға салып, 5 тармақтағы операцияларды қайталау қажет.
Тармақ 11
11. Құлыпты алу үшiн, қорғасын таңбалау құрал-сайманын құлыпты алу құрал-сайманына алмастырылады және осы нұсқаудың 5 тармағындағы операциялар қайталанады.