Типовое положение по организации открытых тендеров на оказание услуг пассажирским транспортом на маршрутах Күшін жойған
Басқа 0
Жолаушылар көлiгiмен маршруттарда қызмет көрсетуге арналған ашық тендерлер ұйымдастыру жөнiнде
Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегi агенттігінің 2004 жылғы 14 шілдедегі № 318-НҚ бұйрығымен
---------Бұйрықтан үзінді---------
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 7 шiлдедегi N 743 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттiгi туралы ереженiң 20-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 12 тамыздағы N 6197 қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1996 жылғы 17 қыркүйектегi N 202 нөмірмен тіркелген Бағыттарда жолаушылар тасымалы көлiгiмен қызметтер көрсетуге ашық тендерлер ұйымдастыру жөнiндегі үлгі ережесiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ i
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1.1
1.1. Ашық тендерлер ұйымдастырудағы мақсат - қоғамдық көлiкпен жолаушыларға сапалы қызмет көрсетiлуiн қамтамасыз ету, әдiлеттi бәсекелестiк пен көлiк қызметi нарығын дамыту үшiн жағдай жасау.
Тармақ 1.2
1.2. Ашық тендерлердi қаланың, (облыстың) әкiмi немесе оның уәкiлдiк берiлген органы (бұдан әрi мәтiн бойынша "Тапсырыс берушi") ұйымдастырып, ол ашық тендерлер өткiзудiң шарттары мен тәртiбiн анықтайды.
Тармақ 1.3
1.3. Тендер процесi ол жарияланғаннан бастап жеңiмпаз (дар) сайлау аяқталғанда 60 күннен ұзаққа созылмауы тиiс.
Тармақ 1.4
1.4. Ашық тендерлердiң жеңiмпаздары жолаушылар көлiгiмен қызмет көрсету жөнiнде тапсырыс берушiмен немесе кепiлдiк берiлген органмен конртактыларға қол қою құқығын иеленедi.
Тармақ 1.5
1.5. Тендерге жеке маршруттар да, сол сияқты маршруттардың жиынтығы да қойылуы мүмкiн.
Маршруттар жиынтығын қалыптастыру кезiнде рентабельдi маршруттармен қатар шығын келтiретiн маршруттарды да енгiзу ұсынылады.
Тармақ ii
II. АШЫҚ ТЕНДЕРЛЕР ҰЙЫМДАСТЫРУ
Тармақ 2.1
2.1. Тапсырыс берушi бұқаралық ақпарат құралдары (газет, радио, телевизия және т.б.) арқылы тендер өткiзiлгенге дейiн кемiнде 30 күн бұрын тендер өткiзудiң басты шарттарын, тәртiбi мен мерзiмiн жариялайды. Үлгi жариялаудың нысаны 1-қосымшада берiлген.
Тармақ 2.2
2.2. Жолаушылар тасымалдау құқығына лицензиясы бар кез келген заңды немесе жеке тұлға меншiк нысанына қарамастан тендерге қатыса алады.
Бiр ұйымдық басқару немесе қаржы құрылымына кiретiн шаруашылық жүргiзуші субъектiлердiң тендерге қатысуына тыйым салынады.
Тармақ 2.3
2.3. Тендерге қатысуға тiлек бiлдiрушiлер Тапсырыс берушiге тендер құжаттарының жиынтығына жазбаша өтiнiм беруi;
- теңге мөлшерiнде олардың құнын төлеуi және белгiленген мерзiм iшiнде тендерлiк ұсыныстардың нысанын зерделеуге, толықтыруға және куәландыруға, сөйтiп оны Тапсырыс берушiге табыс етуге тиiстi.
Тендерлiк құжаттардың жиынтығына мыналар кiредi:
Тармақша а
а) тендерге қойылатын маршруттардың негiзгi сипаттамалары;
Тармақша б
б) жолаушылар көлiгiмен маршруттарда қызмет көрсетуге арналған ашық тендерлер ұйымдастыру жөнiнде үлгi ереже;
Тармақша в
в) ашық тендер жариялаудың үлгiсi;
Тармақша г
г) тендерлiк ұсыныстардың үлгi нысанының үлгiсi;
Тармақша д
д) тендерлiк ұсыныстарды бағалау нысанының үлгiсi;
Тармақша ж
ж) жолаушылар көлiгiмен маршруттарда қызмет көрсетуге арналған үлгi контракт;
Тармақша з
з) Тапсырыс берушiге тендерлiк ұсыныстарды беруге арналған бiр үлкен және екi шағын конверт.
Тендерге әзiрлену кезiнде қатысушыға конрактының шарттарына баса назар аудару ұсынылады.
Тармақ 2.4
2.4. Қатысушы Тапсырыс берушiге тендерлiк ұсыныстар бар нысандар және қатысушы туралы комиссия мүшелерiнiң санына тең мөлшерде ақпарат тапсырады.
Тендерлiк ұсыныстардың нысаны мен қатысушы туралы ақпарат жеке-жеке екi конвертке салынады да, аузы жапсырылып, бiр үлкен конвертке салынады, сөйтiп қайтадан тапсырылады. Тендерлiк ұсыныстардың арасында қатысушы туралы деректер болмауы тиiс. Үш конверттiң үшеуiнде де ешқандай таңба, белгi және қатысушы туралы деректер болмауы керек.
Тармақ 2.5
2.5. Белгiленген мерзiмнен соң келiп түскен ұсыныстар тендерге қатысуға жiберiлмейдi. Тендердi ұйымдастырушы тиiстi мерзiмде де берiлген тендерлiк ұсыныстардың бәрiн бiрдей қабылдауға мiндеттi.
Тармақ 2.6
2.6. Ұйымдастырушы қатысушының тендерлiк ұсыныстарын тiркеген соң оларға толықтырулар мен әлде-бiр өзгертулер енгiзуге тыйым салынады.
Тармақ 2.7
2.7. Қатысушы тендерге ұсынып, ұйымдастырушы тiркеген ұсыныстардың 60 күн бойы заңды күшi сақталады.
Тармақ 2.8
2.8. Қала (облыс) әкiмiнiң немесе ол өкiлдiк берген органның шешiмiмен құрылатын тендерлiк комиссия жұрттың көзiнше конверттердi ашады, қарайды, тендерлiк ұсыныстарды бағалап, жеңiмпаздарды анықтайды. Комиссияның құрамына мiндеттi түрде:
- қала (облыс) әкiмi аппаратының;
- баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитеттiң;
- көлiк инспекциясы облыстық филиалдарының;
- салық инспекциясының;
- МАИ, қалалық, облыстық iшкi iстер басқармалары кiредi.
Сонымен қоса комиссияның құрамына жолаушылар тасымалдау iсiн ұйымдастыру саласының сарапшыларын кiргiзу ұсынылады.
Тендерлiк комиссия мүшелерiнiң саны тақ және 5 адамнан кем болмауы тиiс.
Тармақ iii
III. ТЕНДЕРЛIК ҰСЫНЫСТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
Тармақ 3.1
3.1. Тендерлiк ұсыныстар мен қатысушы туралы ақпарат нысандарының ұсынылатын үлгiлерi 2-қосымшада келтiрiлген.
Тармақ 3.2
3.2. Тендерлiк ұсыныстарға:
Тармақша а
а) Қатысушы тендерге қойылатын маршруттарға қызмет көрсету үшiн пайдалануға ұсынатын көлiктiң маркасы, оны жасаушы зауыт, шығарылған жылы, сыйымдылығы (отыратын орындар мен барлық орын саны), қанша жүргенi;
Тармақша б
б) жылжымалы құрамды сақтауға, оған техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған өндiрiстiк-техникалық базаның бар-жоғы және өндiрiстiк-техникалық базаның заңды мекен-жайы;
Тармақша в
в) әкiмшiлiк-басқару қызметкерлерiне арналған үй-жайлардың бар-жоғы;
Тармақша г
г) жолдан шығарылған көлiктi алмастыру шараларының жүйесi (қолданылып жүрген немесе ұсынылатын) және оны алмастыруға кететiн уақыт);
Тармақша д
д) салонның iшi мен сыртын жууды, тазалауды ұйымдастыру жүйесi;
Тармақша ж
ж) әкiмшiлiк-басқару қызметкерлерiнiң, жүргiзушiлердiң құрамы, олардың бiлiктiлiк деңгейi мен жолаушылар көлiгi жүйесiндегi жұмыс тәжiрибесi;
Тармақша з
з) көлiк компаниясы соңғы жылдары жолаушылар көлiгiмен көрсеткен қызметтiң түрлерi мен олардың сипаттамалары;
Тармақша и
и) Жолаушылар тасымалдауға арналған сақтандыру контрактысының бар-жоғы;
Тармақша к
к) қатысушының көлiк компаниясының соңғы қаржылық жыл iшiндегi айналымы;
Тармақша л
л) қатысушы ұсынатын құрылым және тендерге қойылған маршруттарға жалақы тарифiнiң деңгейi;
Тармақша м
м) жылжымалы құрамның жаңартылуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жоспарларының бар-жоғы сияқты өлшемдер жиынтығы кiредi, олар бойынша кейiн тендерлiк комиссия бағалау жүргiзедi.
Ұсынушы өзiнiң қалауы бойынша баға өлшемдерiнiң аталған тiзбесiн өзгертуi мүмкiн.
Тармақ 3.3
3.3. Қатысуы тендерлiк ұсыныстардың барлық пункттерi бойынша толық әрi жан-жақты ақпарат беруi тиiс.
IҮ. ТЕНДЕРЛIК ҰСЫНЫСТАРДЫ БАҒАЛАУ
ЖӘНЕ ЖЕҢIМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ
Тармақ 4.1
4.1. Қатысушылардың тендерлiк ұсыныстарын бағалау мен жеңiмпазды анықтауды тендерлiк комиссия жүзеге асырады.
Тармақ 4.2
4.2. Тендерлiк ұсыныстар бар конверт пен қатысушы туралы ақпарат бар конверт үлкен конверттерге салынып, бекiтiлiп, күңгiрт қорапшада сақталуы тиiс.
Тармақ 4.3
4.3. Комиссия төрағасы қорапшада жатқан кез-келген үлкен конверттi алып, оның оң жақтағы жоғары бұрышына iрi шрифтiмен бiрiншi деген рет санын қояды.
Тармақ 4.4
4.4. Содан соң төраға үлкен конверттi ашып, тендерлiк ұсыныстар бар қатысушы туралы ақпарат бар конвертке де бiрiншi деген рет санын қояды.
Тармақ 4.5
4.5. Онан кейiн төраға тендерлiк ұсыныстар бар конверттi ашып, ұсыныстардың әрбiр көшiрмесiне бiрiншi деген рет санын қояды да, комиссияның әрбiр мүшесiне таратып бередi.
Тармақ 4.6
4.6. Комиссия мүшелерi тендерлiк ұсыныстардың даналарын қарайды. Олар тендерлiк ұсыныстардың әрбір пунктi бойынша дербес бағалар қояды. (Бағалаудың мысалы 3-қосымшада көрсетiлген).
Тармақ 4.7
4.7. Тендерлiк ұсыныстар қаралып, бағаланған соң олар комиссияның хатшысына тапсырылады, хатшы ұсыныстарды 1-нөмiрлi үлкен конвертке салуы тиiс.
Тармақ 4.8
4.8. Басқа да тендерге қатысушылардың барлығы үшiн тендерлiк ұсыныстар бар конверттердi қарау үрдiсi осылайша жүргiзiлуi керек.
Тармақ 4.9
4.9. Тендерлiк ұсыныстар бар барлық конверттер қаралып, бағаланған соң комиссияның әрбiр мүшесi бағалау нәтижелерi бар нысанды (3-қосымша куәландырып, оны төрағаға (хатшыға) бередi.
Тармақ 4.10
4.10. Содан соң тендерлiк комиссияның мүшелерi куәландырылған нысандар негiзiнде бiрдей рет саны бар қатысушының қорытынды балдарын жинақтап, әрбiр қатысушы бойынша жалпы жиынтық балды анықтайды, сөйтiп бұл балды комиссия хатшысы хаттамаға тiркейдi.
Тармақ 4.11
4.11. Жалпы жиынтық балдың нәтижелерi бойынша комиссия хатшысы ең көп жалпы жиынтық балл алған қатысушының рет санын жариялайды.
Тармақ 4.12
4.12. Егер екi немесе көп қатысушы бiрдей мөлшерде ең көп жиынтық балл алған болса, сондай қатысушылардың ұсыныстары комиссия мүшелерiне қайтадан таратылып берiлiп, тендердiң жеңiмпазы жабық дауыс берумен анықталады.
Тармақ 4.13
4.13. Комиссия төрағасы тендер жеңiмпазының жарияланған рет санына сәйкес жеңiмпаздық нөмiрiне сай келетiн нөмiрi бар үлкен конверттi алады, қатысушы туралы ақпарат бар конверттi суырып, оны ашады да танысу үшiн көшiрмелердi комиссия мүшелерiне таратып бередi.
Тармақ 4.14
4.14. Комиссия мүшелерi қатысушы туралы ақпаратпен танысқан соң төраға ашық тендердi ұтып, контракт жасауға құқығын алған жеңiмпаз туралы мағлұматтарды қабылдайды.
Тармақ 4.15
4.15. Комиссия мәжiлiсiнiң тендер жеңiмпазын анықтау жөнiндегi нәтижелерi хаттамамен рәсiмделiп, оған комиссия мүшелерi қол қояды және оны төраға бекiтедi.
Тармақ 4.16
4.16. Тендерлiк комиссияның хаттамасы негiзiнде қала (облыс) әкiмiнiң аппараты немесе ол өкiлдiк берген орган тендердiң жеңiмпазымен тендерге қойылған маршрутқа немесе маршруттар жиынтығына қызмет көрсету туралы контракт (контрактының үлгi нысаны 4-қосымшада келтiрiлген) жасасады. Контракт жасасқан жеңiмпазына маршрутта жұмыс iстеу құқығын айғақтайтын куәлiк (тах) берiледi.
Тармақ 4.17
4.17. Тендерге қатысушы өзi тендерге тапсырған ұсыныстардың қаралуы мен бағалауының нәтижелерiн жазбаша түрде алу құқығына ие.
1-қосымша
АШЫҚ ТЕНДЕР ЖАРИЯЛАУДЫҢ ҮЛГI НЫСАНЫ
Тармақ 1
1. Қала (облыс) әкiмiнiң аппараты 1996 жылғы "__"_______ бастап жолаушылар көлiгiмен маршрутта (тарда) (олардың сипаттамаларын әкiм аппаратынан алуға болады) қызмет көрсету жөнiнде контракт (ылар) жасасу үшiн ашық тендер өткiзудi жариялайды.
Тармақ 2
2. Жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға лицензиясы бар және қала (облыс) әкiмiнiң аппаратына 1996 жылғы "__"_________ "__" сағатқа дейiн тендерлiк ұсыныстар рәсiмделген нысанды тапсырған кез келген заңды немесе жеке тұлға тендерге қатыса алады.
Тармақ 3
3. Жолаушылар көлiгiмен маршруттарда қызмет көрсетуге арналған контракт тендер жеңiмпазымен кемiнде 5 жыл кезеңге жасалынады.
Тармақ 4
4. Тендерге құжаттардың жиынтығын, маршруттың (тардың) негiзгi сипаттамаларын және тендер өткiзудiң шарттары мен тәртiбi туралы қажеттi ақпараттарды қала (облыс) әкiмiнiң аппаратынан______________
мекен-жай бойынша алуға болады.
Анықтамалар үшiн телефон.
2-қосымша( G960202b )
ТЕНДЕРЛIК ҰСЫНЫСТАРДЫҢ ҮЛГI НЫСАНЫНЫҢ ҮЛГIСI
Тармақ 1
1. Сатып алынған, сол сияқты маршрутта (тарда) жұмыс iстеу үшiн жалға алынатын жылжымалы құралы
---------------------------------------------------------------------
Рет Көлiк Шассиiн Сыйымдылығы Шығарылған Қанша жол
саны құралының дайындаған отыратын бар. жылу жүрген
маркасы зауыт орындар лығы (мың. км)
---------------------------------------------------------------------
Тармақ 1
1.
Тармақ 2
2.
Тармақ 3
3.
Тармақ 4
4.
Тармақ 2
2. Жылжымалы құрамды сақтауға, оған техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған өндiрiстiк-техникалық базаның бар-жоғы және орналасқан жерi_____________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Тармақ 3
3. Әкiмшiлiк кеңсесi үшiн қандай үй-жайлар ұсынылады және олардың заңды мекен-жайы____________________________________________
______________________________________________________________
Тармақ 4
4. Егер өндiрiстiк-техникалық база мен әкiмшiлiк үй-жайлар бөлмесi, жылжымалы құрамды орналастыру, оған техникалық қызмет көрсетiп, жөндеу, сондай-ақ Мердiгердiң басқару аппаратының қызметiн қамтамасыз ету үшiн қандай нұсқаулар ұсынылады______________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Тармақ 5
5. Егер көлiк жолдан шығып қалған жағдайда оны алмастыру жөнiнде ұсынылатын шараларды сипаттап жазыңыз. Жолдан шығып қалған көлiктi алмастыру үшiн қанша уақыт қажет болатынын көрсетiңiз_______
______________________________________________________________
Тармақ 6
6. Жылжымалы құрамды жуумен тазалау қалайша ұйымдастырылып, жүзеге асырылатын болады:___________________________________________
Тармақша а
а) Саланың iшi________________________________________________
______________________________________________________________
Тармақша б
б) Сырты______________________________________________________
______________________________________________________________
Тармақ 7
7. Кадрлар
Тармақ 7.1
7.1. Әкiмшiлiк-басқару қызметкерлерi
____________________________________________________________________
Рет Құрылымдық Туған Жұмыс стажы Атқаратын
саны бөлiмшелердiң жылы Бiлiмi жалпы қала қызметi
басшысының тасыма.
тегi,аты-жөнi лында
---------------------------------------------------------------------
Тармақ 1
1.
Тармақ 2
2.
Тармақ 3
3.
Тармақ 7.2
7.2. Жүргiзушiлер құрамы
____________________________________________________________________
Рет Аты, тегi, жөнi Туған Жүргiзушiлердiң Соңғы
саны жылы Жұмыс стажы медициналық
жалпы қала байқаудан
тасыма. өткен
лында уақыты
---------------------------------------------------------------------
Тармақ 1
1.
Тармақ 2
2.
Тармақ 3
3.
Тармақ 8
8. Жолаушылар таситын көлiк жүйесiндегi жұмыс тәжiрибесi.
Тармақ 8.1
8.1. Сiздiң компанияңыз соңғы екi жыл iшiнде көрсеткен көлiк
қызметiн сипаттап жазыңыз (қала маршруттарына қызмет көрсету, қала
төңiрегiндегi, қалааралық және басқа тасымал жұмыстары)_____________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
---------------------------------------------------------------------
Қызмет Қызмет Қызмет Көлiк Тасымалдау
түрi көрсетудiң көрсетудiң құрамының көлемi
басталған аяқталған саны
уақыты уақыты
---------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------
Тармақ 9
9. Азаматтық жауапкершiлiгi бар жолаушылар тасымалдауға арналған сақтандыру контрактының бар-жоғы (егер сақтандыру
контрактың болса, оның көшiрмесiн қоса тiркеңiз)---------------------
_______________________________________________________________
Тармақ 10
10. Сiздiң компанияңыздың соңғы қаржылық жылғы айналымы________
_______________________________________________________________
Тармақ 11
11. Қатысушы ұсынатын құрылым және тендерге қойылған маршруттарда жалақы тарифiнiң деңгейi_______________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Тармақ 12
12. Жылжымалы құрамды жаңарту iсiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралардың ұсынылатын жоспарын сипаттап жазыңыз
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Тармақ 13
13. Тендерге қатысушы ұсынатын қосымша тендерлiк ұсыныстар
---------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------
Толтырылған уақыты 19__жылғы "__"__________________
Кiм толтырады______________________________________________
_______________________________________________________________
(лауазымы)
2-қосымшаның жалғасы
Қатысушы туралы ақпарат
Тармақ 1
1. Көлiк компаниясының (тасымалдаушының) атауы және оның заңды
мекен-жайы__________________________________________________________
_______________________________________________________________
Тармақ 2
2. Көлiк компаниясының (тасымалдаушының), атынан өкiлдiк ететiн уәкiлдiк бiлдiрiлген адам (тегi, аты-жөнi, қызметi, мекен-жайы)_____
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Тармақ 3
3. Көлiк компаниясының (тасымалдаушының) құрылған уақыты
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Тармақ 4
4. Көлiк компаниясының (тасымалдаушының) тiркелуi туралы куәлiк және компанияға қызмет көрсететiн банктiң есеп-шоты мен орналасқан мекен-жайы__________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
3 қосымша
Тендерлік ұсыныстарды бағалау нысанының үлгісі
_____________________________________________________________________
Қатысу-і Қатысушылардың тендерлік ұсыныстарын балл нәтижесімен бағалау
шының і_____________________________________________________________
реттік іЖыл.іӨн. іӘБҚ -іКөлікіЖылжыіЖолау.і Қызметкерлердің құрамы,
нөмірі іжы. ідір.іның іжол. імалы ішылар іолардың біліктілік деңгейі
імалыііс. іорна.ідан іқұрамітаси. і__________________________
іқұ. ітік ілас. ішығыпіды ітын і ӘБҚ і Жүргізушілер
ірам ібазаіқан іқал. іжуу. ікөлік і і
і і іжері іған імен іжүйе. і і
і і і іжағ. ітаза.ісінде.і і
і і і ідайдаілау ігі соң. і
і і і іоны і іғы 2 і і
і і і іалма.і іжылда.і і
і і і істыруі іғы тә.і і
і і і ішара.і іжіри. і і
і і і ілары і ібесі і і
_____________________________________________________________________
1 і 2 і 3 і 4 і 5 і 6 і 7 і 8 і 9
_____________________________________________________________________
1 і 4 і 3 і 5 і 3 і 5 і 3 і 4 і 5
і і і і і і і і
2 і 5 і 4 і 5 і 5 і 5 і 4 і 3 і 4
і і і і і і і і
3 і 3 і 4 і 5 і 5 і 4 і 4 і 4 і 5
і і і і і і і і
4 і 5 і 3 і 4 і 5 і 4 і 4 і 3 і 4
і і і і і і і і
5 і 4 і 2 і 3 і 4 і 4 і 4 і 3 і 3
і і і і і і і і
6 і 3 і 4 і 5 і 3 і 5 і 4 і 4 і 5
і і і і і і і і
7 і 4 і 5 і 4 і 4 і 4 і 5 і 4 і 3
і і і і і і і і
8 і 5 і 5 і 4 і 5 і 3 і 5 і 5 і 3
_____________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________
СақтандыруіСоңғы іҚұрылым іЖылжымалы іҚосымша і Жиынтығы
контракты.іқаржы. іжәне іқұрамды іұсыныстар і
сының ілық ітариф іжаңарту іс-і і
болуы іжылғы ідеңгейі ішараларыныңі і
іайна. і іжоспары і і
ілым і і і і
і і і і і
___________________________________________________________________
10 і 11 і 12 і 13 і 14 і 15
___________________________________________________________________
4 і 5 і 5 і 3 і 5 і 54
і і і і і
4 і 5 і 4 і 4 і 4 і 56
і і і і і
4 і 5 і 5 і 4 і 3 і 55
і і і і і
3 і 4 і 4 і 3 і 5 і 41
і і і і і
5 і 5 і 3 і 4 і 5 і 49
і і і і і
3 і 4 і 5 і 4 і 3 і 53
і і і і і
5 і 5 і 3 і 4 і 3 і 52
і і і і і
5 і 4 і 5 і 4 і 5 і 68
___________________________________________________________________
Ескерту: Комиссия мүшелерінің бағасына сәйкес реттік саны 8 нөмірлі көлік компаниясы ең жоғарғы 68 баллды жинады.
4-қосымша
Жолаушылар көлiгiмен маршруттарда қызмет көрсетудiң
ҮЛГI КОНТРАКТЫСЫ
Бiржағынан қала (облыс) Әкiмiнiң аппараты жанындағы көпшiлiк пайдаланатын жолаушылар көлiгi басқармасының қызметi, бұдан әрi "Тапсырыс берушi" деп аталады,__________________________________
негiзiнде iс-қимыл жасаушының атынан және, екiншi жағынан, Көлiк компаниясы (тасымалдаушы), бұдан әрi "Мердiгер" деп аталады,
___________________________iс-қимыл жасаушының атынан төмендегiлер
туралы осы контрактыны жасастық:
I - бап
Контрактының мәнi
Тармақ 1.1
1.1. "Тапсырыс берушi" ашық тендерге қойған маршруттарда көлiк қызметiн ұйымдастыру мен жүзеге асыру.
II - бап
Тараптардың мiндеттерi
Тармақ 2.1
2.1. "Мердiгердiң" мiндеттерi:
Тармақ 2.1.1
2.1.1. Ашық тендердiң нәтижелерiне сәйкес көлiкпен қызмет көрсетуге берiлген маршруттарда осы контракт қолданылатын бүкiл мерзiм бойы жолаушыларды ұдайы тасымалдау iсiн ұйымдастыру мен атқару.
Тармақ 2.1.2
2.1.2. "Мердiгер" тендерлiк ұсыныстарда ұсынған және "Тапсырыс берушi" "Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багаж тасымалдау ережелерiн" орындау арқылы бекiткен тиiстi маршруттарда жұмыс режимiн сақтай отырып, жолаушылар тасымалын жүзеге асыру (Маршруттардың бекiтiлген схемалары мен жұмыс режимi қоса тiркелуi тиiс).
Тармақ 2.1.3
2.1.3. Тасымалдау iсiн атқару кезiнде техникалық жағынан дұрыс, сыйымдылығы мен жүк тасу нормалары тасымалдау қауiпсiздiгiнiң талаптарына, медициналық-санитарлық, экологиялық және өртке қарсы шарттарға сай келетiн көлiк құралдарын пайдалану.
Тармақ 2.1.4
2.1.4. Тариф мөлшерiн тендер айқындаған тәртiп пен шарттарға орай белгiлеу.
Тармақ 2.1.5
2.1.5. Тасымал басталмай тұрып, жетi күн бойы және алдағы уақытта тасымалдау тарифi мен ережелерi өзгеретiн кез-келген жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және автобустарға, аялдама пункттерiнде жолақы мөлшерi мен оны төлеудiң тәртiбi туралы түсiндiру жолымен халыққа хабарландыру.
Тармақ 2.1.6
2.1.6. Техникалық қызмет көрсету, салонның iшi-сыртын күн сайын жуып, тазалау, жылжымалы құрамды сапар алдында техникалық бақылау және стандарттардың талаптарына сәйкес жүргiзушiлердi медициналық куәландыру iсiн ұйымдастыру.
Тармақ 2.1.7
2.1.7. Тасымалды ұйымдастыру мен жүзеге асыру барысында маршруттардың схемасын, жұмыс режимiн, қозғалыс кестесiн, тасымалдау тәртiптерiн, жоспарланған көлiк санын өзгертпеу және "Тапсырыс берушiнiң" келiсiмiнсiз контрактыда көзделмеген басқа да iс-әрекеттер жасамау.
Тармақ 2.1.8
2.1.8. Жолаушылар тасымалдауға МАИ-ның оң тұжырымы бар, маршруттарда пайдаланудың белгiленген талаптарына сәйкес құралдармен, құрылғыларымен, схемалармен, кестелермен және маршрут көрсеткiштерiмен жабдықталған жылжымалы құрамды шығару.
Тармақ 2.1.9
2.1.9. Әрбiр көлiктiң салонында көрнекi жерде автоинспекция мен маршрутқа қызмет көрсетушi көлiк компаниясының диспетчер қызметiнiң телефон нөмiрлерi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Тармақ 2.1.10
2.1.10. Уақтылы, қолданылымдағы талаптарға сәйкес, жылжымалы құрамның-техникалық байқаудан және жүргiзушiлердiң медициналық байқаудан өтуiн қамтамасыз ету.
Тармақ 2.1.11
2.1.11. "Тапсырыс берушi" "Тасымалдаушының" маршруттардағы жұмысын ұйымдастыру мен бақылау мiндеттерiн жүктеген құзыреттi мемлекеттiк органдардың талаптарына бағыну;
Тармақ 2.2
2.2. "Тапсырыс берушiнiң" мiндеттерi:
Тармақ 2.2.1
2.2.1. Тасымалдау ережелерiнiң, қозғалыс маршруттарының және т.б. өзгерту туралы "Мердiгерге" уақтылы хабарлау.
Тармақ 2.2.2
2.2.2. Көше-жол жүйесiнiң, желi құрылыстарының, бұрылу алаңдарының дұрыс болуын және жүрiп-тұру үшiн қолайлы жағдай туғызылуын қамтамасыз ету.
Тармақ 2.2.3
2.2.3. "Тапсырыс берушiнiң" тарапынан жасалған iс-әрекеттiң немесе әрекетсiздiктердiң салдарынан "Мердiгерге" келтiрiлген зиянды өтеу.
Тармақ 2.2.4
2.2.4. Жылжымалы құрамның паркiн жаңартуда "Мердiгерге" көмек көрсету (жеңiлдiктi кредиттер, лизинг және т.с.).
III - бап
Тараптардың құқықтары
Тармақ 3.1
3.1. "Мердiгердiң" құқықтары:
Тармақ 3.1.1
3.1.1. Жолаушының жолақысы мен бағасының төлемақысының мөлшерiн, маршрут (тар) жұмысының режимiн өзгерту және жолаушыларға маршруттар көлiкпен қызмет көрсетудi жетiлдiруге бағытталған басқа да шаралар бойынша ұсыныстар әзiрлеудi "Мердiгерге" құқықтар беру.
Тармақ 3.1.2
3.1.2. Көше-жол жүйесi қозғалыс қауiпсiздiгi мен жолаушылар тасымалдаудың талаптары мен шарттарына сай келмейтiн маршруттарда немесе маршруттар учаскелерiнде жолаушылар тасымалдаудан белгiленген тәртiптен бас тарту немесе бұл iстi тоқтату.
Тармақ 3.1.3
3.1.3. Маршруттарды ашу (жабу), олардың бағытын өзгерту, қозғалыс кестесiн, режимiн, тасымал тарифтерiн және т.б. қайта қарау жөнiнде "Тапсырыс берушiге" ұсыныстар енгiзу.
Тармақ 3.2
3.2."Тапсырыс берушiнiң" құқықтары:
Тармақ 3.2.1
3.2.1. "Мердiгердiң" жұмысын бақылау және бақылаудың нәтижелерi бойынша белгiленген тәртiппен айыппұл санкцияларын қолдану, контрактыны толық немесе iшiнара тоқтата тұру немесе жою.
Тармақ 3.2.2
3.2.2. "Мердiгердiң" контракт бойынша қабылданған мiндеттемелердiң орындалуы туралы уақтылы есептер берiп отыруды талап ету.
Тармақ 3.2.3
3.2.3. "Мердiгердiң" көлiк компаниясы өз-өзiне тараған, таратылған жағдайда, сондай-ақ "Мердiгер" аталған контракт бойынша жұмыс iстеу құқығын "Тапсырыс берушiнiң" келiсiмiнсiз үшiншi тарапқа берген сәтте тартқан зиянды "Мердiгерге" өтемей-ақ осы контрактыны белгiленген тәртiппен жою.
IҮ - бап
Тараптардың жауапкершiлiгi
Тармақ 4.1
4.1. "Мердiгер":
Тармақ 4.1.1
4.1.1."Тапсырыс берушi" анықтаған әрбiр тәртiп бұзушылық үшiн, осы контрактының шарттарын орындалғаны немесе ойдағыдай орындалғаны үшiн________________________теңге мөлшерiнде.
Тармақ 4.1.2
4.1.2. Контрактының шарттарын бiрнеше рет бұзғаны үшiн (қозғалыс схемасын, кестесiн, жұмыс режимiн өзгерту, жолаушылардан негiзделген шағымдардың, арыздардың және т.б. түсуi) "Тапсырыс берушiнiң" осы контрактыны бiр жақты бұзуына дейiн жауап бередi.
Тармақ 4.2
4.2."Тапсырыс берушi":
Тармақ 4.2.1
4.2.1. Көше-жол жүйесiнiң жағдайынан "Мердiгерден" алдын-ала келiсiлмей көшелердiң жабылып қалу (салдарынан маршруттарда тасымалдаудың тоқтатылу, немесе шектелу себептерiн жою жөнiнде уақтылы шаралар қолданбағаны үшiн келтiрiлген зиянның мөлшерiнде жауап бередi.
Ү - бап
БАСҚА ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 5.1
5.1. Қызметтiң жағдайлары мен шарттары шынайы түрде өзгерсе кез-келген тараптың ұсынысы бойынша контракт ережелерiнiң қайта қаралуы мүмкiн. Ұсынылған өзгерiстер туралы шешiмдi кез-келген тарап жазбаша өтiнiш алынған сәттен бастап он төрт күн iшiнде қабылдайды.
Тармақ 5.2
5.2. Тараптардың бiреуiнiң ұсынысы немесе екi жақты келiсiм бойынша контракт заңда белгiленген тәртiппен ұзартылуы немесе бұзылуы мүмкiн.
Тармақ 5.3
5.3. "Мердiгер" осы контракт бойынша өз мiндеттемелерiнiң немесе iшiнара орындалуын қамтамасыз ететiн шағын контракт жасай алады, ол тек "Тапсырыс" берушiнiң келiсiмiмен ғана жасалады. Мұндай жағдайда "Мердiгер" осы контрактының шарттарының орындалуы үшiн "Тапсырыс берушiнiң" алдында толық жауапты болады.
ҮI - бап
ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗIМI
Контракт____________жыл бойы қолданылады
Басталуы 199__жылғы "__"___________
Аяқталуы 199__жылғы "__"___________
Тараптардың заңды мекен-жайлары:
"Тапсырыс берушi" "Мердiгер"