Қолданыстағы ред. 09.07.2007

Шет ауданы елді мекендерінде жасыл желекті екпелер кұру, күтіп ұстау және қорғау ережелерін бекіту туралы от 09.07.2007 г. № 39/404 (Шет ауданы елді мекендерінде жасыл желекті екпелер кұру, күтіп ұстау және қорғау ережелерін бекіту туралы)

0

Шет ауданы елді мекендерінде жасыл
желекті екпелер кұру, күтіп ұстау және
қорғау ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құкык бұзушылықтар туралы» Кодексінің 3-бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Қазақстан Республикасы Занының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Қоса беріліп отырған Шет ауданы елді мекендерінде жасыл желекті екпелер кұру, күтіп ұстау және корғау ережесі бекітілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық Мәслихатгың тұрақты комиссиясы (Р. Қасымов) және аудан әкімінің орынбасары Ю. Бекқожинге жүктелсін.

3

3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң колданысқа енгізіледі.

4. Шет ауданы елді мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау ережелері

Аудандық Мәслихаттың
2007 жылғы 9 шілдедегі
XXXIX-сессиясының
№39/404 шешіміне
бекітілген
Шет ауданы елді мекендерінде жасыл желекті екпелер құру,
күтіп ұстау және қорғау ережелері
Осы ереже кінәратсыз қоршаған орта қалыптастыру үшін Шет ауданы елді мекендерін көркейтудің негізгі элементі ретінде оларда жасыл желекті екпелердің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтық және табиғат қорғау заңнамаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелкеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Ереже Шет ауданы елді мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау саласындағы құқықтық қатынстарды реттейді және меншік нысандарына қарамастан барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер міндетті.

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ережеде пайдаланатын негізгі ұғымдар:

1

1) Жасыл желекті екпелер – азаматтық заңнамага сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және елді мекеннің біртұтас жасыл желекті корын кұрайтын табиғи және жасанды жолмен өсірілген ағаш, бұта және шөп өсімдіктері;

2

2) Жасыл желекті кұрылыс – елді мекендерде және баска объектілерде жасыл желекті екпелер алқантарын құру, сақтау және ұлгайту. Көлемі едәуір үлкен учаскелерді көғалдандыру жобалық тапсырманың негізінде және оның негізінде жасалған дендрологиялық және техникалық жоба бойынша жүргізіледі.
Жалпы жұрт найдаланатын жасыл желекті екпелер-ауыл мен кенттер халқын рекрециялауға арналған жасыл желекті екпелер аумағы (ауыл маңындағы ормандар, орман парктер, саябақтар, бақшалар, скверлер);

4

4) Шектеулі түрде пайдаланатын жасыл желекті екпелер – тұрғын үйлердін, емдеу, балалар, оқу және мекемелердің, өнеркәсіпорындарының, спорт кешендерінің көгалдандырылған аумағы;

5

5) Арнайы мақсаттағы жасыл желекті қорғау, қорғаныштық –мелиорациялық, өртке қарсы аймактардың, зираттардың көгалдандырылган аумағы, жеміс бақтары, питомниктер, гулзар-оранжерея шаруашылықтары;

6

6) Дендрологиялық доспар – көгалдар мен гүлзарлардың, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының, шағын саулет нысандарының ашық участкелерімен ұштастыра отырып, өсіп тұрған және жобалынып жатқан ағаш және бұта өсімдіктерінің орналысуымен түр-түрі көрсетілген 1-500 және одан да ірі маштабдағы сызба;

7

7) Өтемдік көгалдандыру – жойылған немесе бүлінген жасыл желекті екпелердің орнына оларды толықтыру;

8

8) Жасыл желекті екпелердің өтемқылық құны – жасыл желекті екпелерді құруға және күтіп ұстауға, сондай-ақ жасыл желекті екпелердің құндылығына, орналасқан жеріне және сапалық жай-күйіне байланысты айқындалатын экологиялық нұсқанды өтеуге жұмсалған шығындарды қоса алғанда, бүлінген немесе жойылған жағдайда жасыл желекті екпелердің құндылығын есепке алу үшін белгіленетін олардың құндылық бағасы;

9

9) Көгалдандырылған аумақтар – табиғи және жасанды жолмен өсірілген екпелер: бақ-парк, кешендері мен объектілері, бульварлар, скверлер, көгалдар мен гулзарлар орналасатын тұрғын үй қоғамдық іскерлік, коммуналдық, өндірістік мақсаттағы жер учаскелері;

10

10) Жасыл желекті екпелерді қорғау – жасыл желекті екпелерді сақтауға және толықтыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;

11

11) Қорғау куәлігі – есепке алынған объектінің паспорты негізінде жасыл желекті екпелерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган көгалдандырылған аумақтары күтіп ұстау және қорғау жөніндегі міндеттер жүктелетін олардың меншік иелеріне (жолгерлеріне) беретін құжат;

12

12) Жасыл желекті екпелердің бүлінуі – ағаш-бұта өсімдіктерінің ұшарбасына, діңіне, бұтақтарына, олардың тамыр жүйесіне нұқсан келтіру, шөп өсімдіктерінің өсуін тоқтапасада, олардың жердегі бөлігі мен тамыр жүйесін бүлдіру. Бұтақтардың, тамыр жүйесінің механикалық жолмен бүлінуі, қабығының тұтастығының бұзылуы, топырақ үстіндегі жанды қабатының біртұтастығының зақымдануы жасыл желекті екпелердің немесе тамыр аймағындағы топырақтың зиянды заттармен ластануы, өртеу және өзге де нұқсан келтіру бүліну болып табылады;

13

13) Есепке алу ведомосы – жасыл желектердің жай-күйінің жалпы сипаттамасын беретін ағаштар мен бұталардың саны туралы ведомость;

14

14) Жасыл желекті екпелердің тізілімі – елді мекен аумағындағы жасыл желекті екпелердің тұрпаға, түр құрамы, мөлшері туралы деректер жиынтығы;

15

15) Жасыл желекті екпелерді жою – ағаштар, бұталар, гулзарлар және көгалдар жойылып кететіндей дәрежеде жасыл желекті екпелерді бүлдіру;

16

16) Есепке алынатын объект – белгеленген шекарасы бар және жауапты меншік иелеріне-мекемелерге, ұйымдарға, кәсіпорындарға не жеке тұлғаларға меншікке немесе жалға берілген жер учаскесі;

17

17) Уәкілетті орган – жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін ауыл мен кенттер әкімдіктерінің шешімдерімен бекітілген жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау жөніндегі орган.

2. 2. Жасыл желекті екпелер құрудың, күтіп ұстаудың жеке қорғаудың негізгі принциптер

2. Жасыл желекті екпелер құрудың, күтіп ұстаудың жеке
қорғаудың негізгі принциптер

2

2. Ауыл, кент әкімнің қарауында екеніне қарамастан олардың аумағында орналасқан барлық жасыл желекті екпелер елді мекеннің біртұтас жасыл желек қорын құрайды және қорғалуға жатады.

3

3. Жеке және заңды тұлғалар жасыл желекті екпелерді сақтау жөнінде шаралар қолдануға, жасыл желекті екпелердің бүлінуіне немесе жойылуына әкеп соғыу мүмкін заңсыз іс-әрекеттерге немесе әрекетсіздікке жол бермеуге міндетті.

4

4. Жасыл желекті екпелер орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері, жалгерлері олардың жай-күйіне бақылау жасап отыруға, жасыл желекті екпелердің қанағаттанарлық жай-күйі мен қалыпты өсіп-өнуін қамтамасыз етуге міндетті. Арнайы агротехникалық іс-шаралар өткізуге байланысты жасыл желекті екпелер отырғызу және оларға күтім жасау жөніндегі жұмыстарды осы қызмет түрімен айналысу құқығын беретін сертификаттың негізінде мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.

5

5. Жеке және заңды тұлғалардың жобалау, құрылыс және шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Ереже белгілеген жасыл желекті екпелерді қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып жүзеге асырады. Құрылыс, шаруашылық және өзге қызметті ұйымдастыруға арналған жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы типографиялық негізге салынған жасыл желекті екпелердің жай-күйі туралы толық және шынайы мәліметтерді қамтуға тиіс.

6

6. Белгіленген тәртіппен келісілген елді мекенді дамытудың бас жоспарымен салыну көзделген учаскелерді қоспағанда, ауыл кент аумағының шегінде орналасқан жасыл желекті алқаптар (саябақтар, скверлер, тоғайлар, ағаш отырғызылған жерлер) құрылыс жүргізуге жатпайды.

7

7. Жалпы жұрт пайдаланатын жерлерде жасыл желекті екпелер құру белгіленген тәртіппен бекітілген, ауылды, кентті көгалдандырудың бас жоспары мен ұзақ мерзімді кешенді схемасына сәйкес сәулет және аудан (қала) құрылысы органдарының оң қорытындысы, экологиялық сараптама негізінде жүргізіледі.

8

8. Жасыл желекті екпелер құру жұмысының барлық түрі белгіленген тәртіппен бекітілген дендрологиялық жобалар бойынша орындалады. Жасыл желекті құрылыс жұмысын жүргізу кезінде жоба авторлары орындалып жатқан жұмыстардың сапасын және олардың бекітілген дендрологиялық жобаға, жұмыс сызбаларына сәйкес келуін қадағалап отыруға міндетті.

3. 3. Азаматтардың және жасыл желекті екпелердің меншік иелерінің (жалгерлердің) құқықтары мен міндеттері

3. Азаматтардың және жасыл желекті екпелердің меншік иелерінің (жалгерлердің) құқықтары мен міндеттері

9

9. Азаматтардың:

1

1) осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, өздерінің мәдени-сауықтыру және эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бақтарда, парктерде, скверлерде емін-еркін жүріп-тұруға серуендеуге, спортпен шұғылдануға және өзгеде мақсаттарда болуға құқығы бар.
Ауыл, кент халқының арнайы мақсаттағы көгалдандырылған аумақтар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген учаскелерін пайдалануына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішінара немесе толық шектеу қойылуы мүмкін;

2

2) Ауылдық, кенттің жасыл желекті қорының жай-күйі, оның қорғау шаралары мен дамыту перспективалары туралы шынайы ақпарат алуға;

3

3) Жасыл желекті құрылыс жобаларын талқылауға, сондай-ақ жасыл желекті құрылыстың баламалы жобаларын әзірлеуге қатысуға;

4

4) Іске асырылуы қаланың, кенттің жасыл желек қорына зиян келтіруі мүмкін жобалық құжаттамаға қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы бастамашылық жасауға;

5

5) Ауылды, кентті, елді мекендерді, ауланы көгалдандыру, көгалдандырылған аумақтарды санитарлық тазалау жөніндегі іс-шараларға қатысуға;

6

6) Лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жасыл желекті екпелерді қорғау жөніндегі талаптарды бұзуына байланысты әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) әкімшілік немесе сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар;

10

10. Жасыл желекті екпелерді қорғау және күтіп ұстау жөнінде міндеттеме қабылдаған жеке және заңды тұлғалар, көгалдандырылған аумақтардың меншік иелері мен жалгерлері:

1

1) Жасыл желекті екпелердің сақталуын және оларға білікті күтім жасауын қамтамасыз етеді;

2

2) Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жасыл желекті екпелердің өзгеруі (қазып әкетілгені, қайта жаңартылғаны, қайта отырғызылғаны) туралы оған жыл сайын ақпарат жіберіп тұрады;

3

3) Уәкілетті органның әдістемелік-нұсқаулық ұсыныстарына сәйкес агротехникалық шаралардың бүкіл кешенін, оның ішінде көгалдарды, ағаштар мен бұталарды суаруды, арам-шөптермен, зиянкестермен және аурулармен күресуді, көгалдарды тегістеп шауып отыруды жүйелі түрде жүргізіп тұрады;

4

4) Аудан (қала), экологиялық, санитариялық-гигиеналық нормаларға сәйкес әзірленіп бекітілген дендрологиялық жобалар бойынша бекітіп берілген аумақта өз есебінен көгалдандыру және жасыл желекті екпелерді ағымды жөндеуден өткізу жұмыстарын жүргізеді;

5

5) Осы Ережеге белгілеген тәртіппен ресімделген (жасыл желекті екпелерді қазып әкетуді қайта отырғызуды) жүзеге асырады;

6

6) Уәкілетті органның жазбаша рұқсатымен ғана ағаштарды жақсарту мақсатында кеседі, ағаш-бұта өсімдіктеріне олардың нобайын қалыптастыру және оларды санитарлық мақсатта кесу жұмыстарын жүргізеді;

7

7) Жінішке сымдар қорғалатын аймақта (1 метр радиуста), сондай-ақ көше көрсеткіштерімен үйлердің нөмір белгілерін жауып тұрған бұталарды дер кезінде кесіп отырады. Бұталар кесу электр сымдары жеманың иелерімен келісілген кесте бойынша және осы жұмыс түрін орындау жөніндегі технологиялық талаптарды сақтай отырып, олардың бақылаумен жүргізіледі.

8

8) Аумаққа санитарлық тазарту жүргізеді, сынған ағаштар мен бұталар тасып әкетеді.

11

11. Жасыл желекті екпелер орналасқан жер учаскелерін сатып алу, сату, сыйға тарту, жалға беру кезінде және жер заңнамасында көзделген жер айналымының қорғау және күтіп ұстау жөніндегі құқықтар мен міндеттер жаңа меншік иесіне, жалгерге көшеді.

12

12. Көгалдандырылған аумақтардың жер айналымын куәландыратын құжаттама уәкілетті органмен келісілуге тиіс.

13

13. Жасыл желекті екпелерді күтіп ұстауға берілген қорғау куәлігі, аол жекелеген жағдайларда аумақты көркейту мен тазарту шарты жасыл желекті екпелер орналасқан жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар ресімделгенге (қайта ресімделгенге) дейін жасалады.

4. 4. Уәкілетті органның өкілеттіктері

4. Уәкілетті органның өкілеттіктері

14

14. Уәкілетті органның құзіретіне:

1

1) Жасыл желекті екпелер кадастрын жүргізу;

2

2) Жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау;

3

3) Жасыл желекті екпелер орналасқан жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешімдер қабылдау;

4

4) Жасыл желекті екпелерді қазып әкетуге және қайта отырғызуға рұқсаттар беру;

5

5) Жасыл желекті екпелерге келтірілген зиянның құнын белгіленген таксалар немесе бекітілген әдістемелер бойынша бағалау;

6

6) Жасыл желекті екпелерге келтірілген зиянды өтеу үшін төлемдер жасалуын бақылау;

7

7) Жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау жөніндегі мамандандырылған. Ұйымдарға аттестация өткізу және оларға сертификат беру енеді;

5. 5. Жасыл желекті екпелерді есепке алу, қорғау және күтіп ұстау.

5. Жасыл желекті екпелерді есепке алу, қорғау және күтіп ұстау.

15

15. Елді мекендерге жасыл желекті екпелердің санын, түр құрамын және жай-күйін анықтау мақсатында оларды есепке алу есеп объектісінің шекарасында орналасқан жасыл желекті екпелерді түгендеу арқылы жүзеге асырылады.

16

16. Жасыл желекті екпелерді түгендеу және оларды тексерудің өзге түрлері белгіленген тәртіппен әдістемелік-нұсқаулық құжаттармен бекітілген есеп объектісі шекарасында орналасқан жасыл желекті екпелердің әр бір ағашын есепке алу әдістеріне сәйкес жүргізіледі.

17

17. Жасыл желекті екпелерді есепке алу:

1

1) ауыл, кент аумағындағы жасыл желекті екпелердің сандық және сапалық сипаттамалары туралы шынайы деректер алу;

2

2) Жауапты меншік иелерінің көгалдандырылған аумақтарда жүзеге асыратын қызметінің аумақтардың белгіленген функционалдық мақсатына сәйкестігін айқындау;

3

3) ауылдың, кенттің көгалдандырылған аумақтарын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру үшін ақпараттық база құру мақсатында жүргізіледі.

18

18. Жасыл желекті екпелердің барлық түрі: ағаштар, бұталар, көгалдар, гулзарлар есепке алынуға жатады.

19

19. Бекітілген нысан бойынша (1-қосымша) толтырылатын есеп объектісінің паспорты бес жылда 1 рет жоспарлы түрде жаңартылып отыруға тиіс.

20

20. Есеп объектісінің (паспорты) бес жылда 1 рет жоспарлы түрде жаңартылып отыруға тиіс.

21

21. Жылжымайтын мүліктің жауапты иесі өзіне тиесілі жер учаскесіндегі жасыл желекті екпелерді есепке алуды ұйымдастырады және алынған деректерді есеп объектісінің паспортына енгізуді қамтамасыз етеді.

22

22. Есеп объектісінің паспортын жауапты меншік иесі бекітеді және уәкілетті органмен, сондай-ақ тексеру жүргізілген мамандандырылған ұйыммен келісілді.
Есеп объектісі паспортының көшірмесі жасыл желектерді екпелер тізіліміне (2-қосымша) деректерді енгізу үшін уәкілетті органға береді.

23

23. Көгалдандырылған аумақтарда орналасқан жасыл желекті екпелер тізілімінің деректерін жаңартып отыру 2 жылда 1 рет жүргізіледі.

24

24. Жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстарды ұйымдастыру және орындау мыналарға:

1

1) Бақтар, скверлер, бульварлар, жаяу адамдар жүретін аллеялар - уәкілетті органға, мамандандырылған коммуналдық кәсіпорындарға, сондай-ақ көгалдандырылған аумақтардың меншік иелері мен жалгерлеріне жүктеледі;

2

2) Мәдениет және демалыс саябақтары, балалар саябақтары, мамандандырылған саябақтар - осы мекемелердің әкімшіліктеріне жүктеледі;

3

3) Сауда, қызмет көрсету объектілерінің, банктердің, офистердің, кәсіпорындардың, жеке иеліктердің бүйірінің (алдыңғы жағының) ажырамас жылжымайтын мүліктің меншік иелері мен жалгерлеріне жүктеледі.

4

4) Ұйымдардың аумақтарындағы, сондай-ақ оларға бекітіп берілген учаскелердегі жасыл желекті екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстарды ұйымдастыру мен орындауды тікелей осы ұйымдар жүзеге асырады;

5

5) Санитариялық қорғаныштық аймақтарда-жер учаскелерінің меншік иелерімен жер пайдаланушылар санитариялық-қорғаныштық аймақтар шекарасында жүзеге асырады;

6

6) Квартал ішіндегі жасыл желекті екпелер, үй арасындағы аумақтардағы екпелер жер пайдалану шекарасында - тұрғын үй қорының меншік иелеріне тұрғын үй пайдалану кәсіпорындарын пайдаланушыларға жүктеледі.

25

25. Арнайы агротехникалық іс-шаралар өткізуге байланысты жасыл желікті екпелерге күтім жасау жөніндегі жұмыстарды, жасыл желекті екпелерді жөндеу мен қайма жаңартуды уәкілетті орган берген тиісті сертификаты бар мамандандырылған көгалдандыру ұйымдары жүргізеді.

81. Есеп объектісінің ТӨЛ ҚҰЖАТЫ

Шет ауданы елді мекендерінде
жасыл желекті екпелер құру,
күтіп ұстау және қорғау ережесіне
1 қосымша
Түгендеуді өткізетін ұйымның атауы___________________________________
Түгендеу нөмірі____________________________________________________
Есеп объектісінің
ТӨЛ ҚҰЖАТЫ
Объектің атауы_______________________________________________________________________________________________________________________________
Сыныптық коды
__________________________________________________________________
(жердің функционалдық мақсаты бойынша)
Әкімшілік-аумақтық қатысы__________________________________________
(әкімшілік маңызының коды)
Жауапты иесі
__________________________________________________________________
Қорғау және пайдалану режимі, қала құрлысы қызметін реттеу режимі
__________________________________________________________________
Келісілді: Келісілді Келісілді:
Сәулет Жауапты Уәкілетті
бөлімі иесі орган
________________ ________________ ________________
200__жылғы «__»_____ 200__жылғы «__»_____ 200__жылғы
«__»_____
Есеп объектісінің паспортына қосымша:
Жағдайлық жоспар (есептік объектінің __________ ауданда, ______________ кентінде орналасуы)
Есеп объектісінің түгендеу жоспары (дендрожоспар) М1:500; М1:1000
Есеп объектісінің орман екпелерінің жоспары (түгендеу жоспары) М1:2000; М1:10000
Жасыл желекті екпелердің әрбір ағашын есепке алу ведомосы
Түгендеуді өткізген ұйымдардың тізімі

82. Жасыл желектердің тізілімі

Шет ауданы елді мекендерінде
жасыл желекті екпелер құру,
күтіп ұстау және қорғау ережесіне
2 қосымша
_______________ ауыл, кентінің
_____ жылғы 1 қаңтардағы жасыл желекті екпелерінің
ТІЗІЛІМІ
Жасыл желекті екпелер объектілерінің (учаскелерінің) көлемін жердің санатына, өсімдіктер түрлеріне және функционалдық мақсаттына қарай бөлу
Ауыл, кент ___________________
Әкімшілік аудан: (коды)_____________
Жауапты иесі______________________
Жасыл желектердің тізілімі
р/с №
түгендеу N
объект паспорты
Жердің функционалдық мақсаты, жасыл желектер объектілерінің (учаскелерінің) мақсаттылық түрлерінің тобы, атауы
Сыныптық коды
Объектілердің (учаскелердің) га, жасыл желекті екпелердің көлемі га/түп (ағаш., бұта).
А
Б
В
1
Кестенің жалғасы
Саябақ түріндегі жасыл желектер
Ағаш өсімдіктері, текше м. га/түп.
Бұта өсімдіктері
санаулы ағаштар
топтар, бөліктер
алқаптар,
тоғайлар, бақтар га.
аллеялар, қатарлар
барлығы га/түп
жалғыз бұталар
жасыл желекті қоршау
қатарлап отырғызу
барлығы га/түп
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Кестенің жалғасы
Ашық кеңістіктер
Гүлзарлар, га
Көгалдар, га
жылдық
көпжылдық
аралас
контейнерлік
барлығы
партерлік
кәдімгі
топырақ бетінің қабаты
барлығы
11
12
13
14
15
16
17
18
19
Кестенің жалғасы
Саябақ түріндегі өсімдіктер барлығы
Орман, табиғи үдгідегі өсімдіктер
Табиғи және аралас түрлі сүрекдің
Дақылдар
Табиғи алаңқайлар, ағаш ала-құла өскен жерлер
20
21
22
23