Об определении мест для размещения агитационных материалов на территории Тайыншинского района Қолданыста
Басқа 0
Тайынша ауданы аумағындағы үгіттеу материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28 бабы 6 тармағына сәйкес, Тайынша ауданы аумағындағы үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу жөніндегі жұмысшы комиссия мен Тайынша аудандық сайлау комиссиясының бірлескен отырысының 2007 жылғы 02 шілдедегі № 1/1 хаттамасы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі саяси партиялар, Солтүстік Қазақстан облысы және Тайынша ауданы мәслихаттары депутаттығына кандидаттар үшін тізбеге сәйкес Тайынша ауданы аумағында үгіттік материалдарды орналастыруға арналған орындар белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.