Об определении мест регламентирующих проведение собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізуін реттейтін орындарды анықтау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің, Ақмола облыстық және Ерейментау аудандық мәслихаттарының депутаттарын сайлауға байланысты, сонымен қатар жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізуін реттейтін орындарын анықтау туралы аудан әкімдігінің ұсынысына сәйкес Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізілетін орындар қосымшаға сәйкес анықталсын.
Тармақ 2
2. Бұл шешім Әділет басқармасында тіркелген кезеңнен күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімінің орындалуын бақылау Ерейментау аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және этика, жастар ісі, ұлтаралық қатынас, халықтың денсаулығын сақтау, ағарту, мәдениет, заңдылық пен құқықтық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. Келісілді: Ерейментау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Көшкінбаев Серікпай Қабылдаұлы 2007 жылдың «11» 07
Басқа 4. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу үшін орындар ТІЗБЕСІ
Ерейментау аудандық мәслихатының 2007 жылдың 11 шілдесіндегі № С-44/4 шешімімен бекітілген қосымша Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу үшін орындар ТІЗБЕСІ 1. Ерейментау қаласы Әл-Фараби және Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы ярмаркалық қалашық аймағы 2. Тимофеевка селосы Молодежная және Школьная көшелерінің қиылысындағы алаң 3. Ильинка селосы Ленин және Советская көшелерінің қиылысындағы алаң 4. Бозтал селосы ММ «Бозтал селосы әкімінің аппараты» ғимаратының алдындағы алаң 5. Звенигородка селосы Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң 6. Изобильное селосы Клуб ғимаратының алдындағы алаң 7. Ленинское селосы Дружба көшесіндегі алаң 8. Қойтас селосы ММ «Қойтас селолық округінің әкімінің аппараты» ғимаратының алдындағы алаң 9. Новомарковка селосы Клуб және контора ғимараттарының алдындағы алаң 10. Новодолинка селосы Клуб және контора ғимараттарының алдындағы алаң 11. Олжабай батыр атындағы ауылы Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң 12. Павловка селосы Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң 13. Селетинское селосы Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң 14. Торғай селосы Клуб ғимаратының алдындағы алаң 15. Өлеңті селосы ММ «Өлеңті селолық округінің әкімінің аппараты» ғимаратының алдындағы алаң