Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для кандидатов в депутаты Мажилиса Парламента и депутатов маслихатов Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Парламент Мәжілісінің және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарына үміткерлер үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Аққайың ауданының аумағында Парламент Мәжілісінің және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарына үміткерлер үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгіленсін.
Тармақ 2
2. Селолық округ әкімдері сәйкесті сайлау комиссияларымен бірлесе отырып Парламент Мәжілісінің және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарына үміткерлер үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды тақталармен жарақтандырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы О. Э. Плищенкоға жүктелсін. Келісілді Аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Н.Тюменцева
Басқа 5. Аққайың ауданының аумағында Парламент Мәжілісінің және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарына үміткерлер үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Аққайың ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 10 шілдедегі № 188 қаулысына қосымша Аққайың ауданының аумағында Парламент Мәжілісінің және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарына үміткерлер үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар Селолык округ атауы Елді мекен атауы Орналастыру орны Астрахан Қаратомар селосы «Аққайың мемлекеттік орман мекемесі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңында Астраханка селосы Селолық клуб ғимаратының маңында Аралағаш Аралағаш селосы «Аралағаш селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме ғимаратының маңында Рублевка селосы «Рублевка орта мектебі» мемлекеттік мекеме ғимаратының маңында Амангелді селосы «Амангелді негізгі мектебі» мемлекеттік мекеме гимаратының маңында Власовка Власовка селосы «Лира» дүкені ғимаратының маңында Безлесное селосы «Безлесный негізгі мектебі» мемлекеттік мекеме ғимаратының маңында Сенное селосы Жеке кәсіпкер Староверованың дүкені ғимаратының маңында Григорьевка Трудовое селосы «Смирновское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесі ғимаратының маңында Қанжағалы селосы «Рахат» дүкені ғимаратының маңында Көктерек селосы «Татьяна» дүкені ғимаратының маңында Григорьевка селосы Қазақстан және Гагарин көшелерінің қиылысында Ивановка Ивановка селосы 1) шағын базар аумағының маңында 2) «Меркурий» дүкені гимаратының маңында Үлгі селосы «Үлгі Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесі ғимаратының маңында Қиялы Қиялы селосы 1) «Қиялы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме ғимаратының маңында; 2) «Қиялы Агро-10» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің асханасы ғимаратының маңында Кучковка селосы Селолық клуб ғимаратының маңында Барыкөл селосы «Қиялы Агро-10» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің асханасы ғимаратының маңында Лесной Ленинское селосы «Лесной селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме ғимаратының маңында Дайындық селосы Селолық клуб ғимаратының маңында Қызылжұлдыз селосы Жеке кәсіпкер Әбділманов дүкені ғимаратының маңында Полтавка Полтавка селосы Жеке кәсіпкер Әшімованың дүкені мен «Полтавское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесі ғимаратының арасында Лесные Поляны селосы «Полтавское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрыңғы кеңсесі ғимаратының маңында Борки селосы Селолық клуб ғимаратының маңында Смирново Смирново селосы 1) 25 лет Целины көшесіндегі автобекет аумағының маңында; 2) Суворов көшесіндегі «Горячий хлеб» дүкені ғимаратының маңында; 3) 9 Май және Горький көшелерінің қиылысында; 4) «Смирновский элеватор» акционерлік қоғамы аумағының маңында; 4) Теміржол вокзалы ғимаратының маңында Тоқшын Токшын селосы 1) «Аккайынское СК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының маңында; 2) «Натали» дүкені ғимаратының маңында Тюменка селосы Жеке кәсіпкер Қасқырбаеваның дүкені ғимаратының маңында Камышлово селосы Жеке кәсіпкер Қасқырбаеваның дүкені ғимаратының маңында Шағалалы Шағалалы селосы «Солтүстік Қазақстан тәжірибелік бекеті» мемлекеттік қазынашылылық кәсіпорынның кеңсесі ғимаратының маңында Степное селосы «Смак» дүкені ғимаратының маңында Южное селосы Жеке кәсіпкер Плотниковтың дүкені ғимаратының маңында Черкас Черкасское селосы «Черкасское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының маңында Добровольское селосы Селолық клуб ғимаратының маңында Новороссийское селосы Селолық Мәдениет үйі ғимаратының маңында