Об образовании нового аульного округа и административном подчинении его городу Туркестану Қолданыста
Басқа 0
Жаңа ауылдық округ құру және оның Түркiстан қаласына әкiмшiлiк бағыныстылығы туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының
11-бабына
сәйкес, Түркiстан қалалық мәслихаты мен әкiмдiгiнiң ұсыныстары негiзiнде Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Сауран ауылдық округiнен бөлiну жолымен Сауран, Ескi Сауран елдi-мекендерi шекараларында жаңадан ауылдық округ құрылсын.
Тармақ 2
2. Жаңадан құрылған ауылдық округке Жiбек Жолы деген атау берiлсiн.
Тармақ 3
3. Құрамынан Сауран, Ескi Сауран елдi мекендерi шығарыла отырып, Сауран ауылдық округiнiң шекарасы өзгертiлсiн.
Тармақ 4
4. Жаңадан құрылған Жiбек Жолы ауылдық округiнiң Түркiстан қаласына бағыныстылығы белгiленсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.