Об изменении административных границ города Туркестана и отдельных сельских округов Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркiстан қаласының және бiрқатар ауылдық округтерiнiң әкiмшiлiк шекараларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 108-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмi, Түркiстан қалалық мәслихаты мен әкiмдiгiнiң ұсыныстары негiзiнде Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Түркiстан қаласының әкiмшiлiк шекарасына Қарашық, Ораңғай Шаға, Иассы ауылдық округтерiнiң жерiнен жалпы алаңы 14168,0 га қосылуымен қосымшаға сәйкес Түркiстан қаласы мен аталған ауылдық округтерiнiң шекаралары өзгертiлсiн.
Тармақ 2
2. Шорнақ, Жүйнек, Жаңа Иқан, Ескi Иқан, Үшқайық, Сауран, Бабай-Қорған, Қарашық, Ораңғай, Шаға, Иассы ауылдық округтерiнiң Түркiстан қаласына әкiмшiлiк бағыныстылығы сақталынсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.