Жангелдин ауданында кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне және базарларда тауарларды өткізу құқығына арналған бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жангелдин ауданында кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне және базарларда тауарларды өткізу құқығына арналған бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 373-бабының 2-тармағына және Жангелдин ауданы бойынша салық комитеті берген хронометраждық зерттеу деректеріне сәйкес Жангелдин аудандық мәслихатының он сегізінші сессиясы ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Жангелдин ауданында бір жолғы талондардың құны қосымшаға сәйкес бекітілсін:
Тармақша 1
1) Жангелдин ауданының базарларында тауар өткізу кұқығын алу үшін біржолғы талондардың құны (1-қосымша);
Тармақша 2
2) Жангелдин ауданында кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне арналған біржолғы талондардың құны (2-қосымша).
Тармақ 2
2. Жангелдин аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 қаңтардағы Жангелдин ауданында кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне және базарларда тауарларды өткізу құқығына арналған бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы" № 123 (Мемлекеттік тіркеу нөмірі № 9-9-28, 2006 жылғы 29 қаңтар, "Біздің Торғай" газеті 2006 жылғы 17 наурыз № 9) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен соң он күн өткеннен кеиін қолданысқа енгізіледі.