Об утверждении Правил лицензирования аудиторской деятельности Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудиторлық қызметті лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы 📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі  N 931  қаулысымен. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына және "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2001.04.18. N 505  қаулысымен .
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Аудиторлық қызметті лицензиялаудың тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аудиттің стандарттарын және аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялауға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын іске асыру туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған қаулыға 1-қосымшадағы реттік нөмірі 31-жол мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 31
"31. Қазақстан Республикасының                Аудиторлық қызмет Қаржы министрлігі                        (банктік қызметтің аудитінен басқа)"
Тармақ 4
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Аудиторлық қызметті лицензиялау туралы ереже мен біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 ақпандағы N 274  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 9,65-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1026  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 259-құжат);
Тармақ 5
5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 9. Аудиторлық қызметті лицензиялаудың тәртібі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы N 878 қаулысымен бекітілген Аудиторлық қызметті лицензиялаудың тәртібі Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тәртіп лицензия берудің тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ аудиторлық қызметті лицензиялауға ұсынылатын біліктілік талаптарын белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Тәртіп банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін лицензиялауға қолданылмайды.<*> 📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2001.04.18. N 505 қаулысымен . ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2004.09.14. N 958 қаулысымен .
Тармақ 3
3. Осы Тәртіпте белгіленген аудиторлық қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарына жауап беретін аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға (бұдан әрі - Лицензиат) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Лицензиар) береді.
Тармақ 4
4. Шетелдік аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметті жүзеге асыруына арналған лицензия, тиісті аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылуы шартымен, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына сияқты негіздерде беріледі.
Тармақ 5
5. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия негізгісі болып табылады және Лицензиатқа Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысанда мерзімі шектелместен беріледі.
Тармақ 6
6. Лицензия бланкілерінің ұсынушыға арналған бағалы қағаз деңгейінде қорғау дәрежесі, сондай-ақ есепке алу сериясы мен нөмірі болады және қатаң есептіліктегі құжат болып табылады. Лицензияның бланкілерін сатып алуды, есебін жүргізуді және сақтауды Лицензиар жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Лицензияға уәкілетті тұлға қол қояды және Лицензиардың мөрімен расталады. Лицензияны басқа заңды немесе жеке тұлғаға беруге тыйым салынады.
Тармақ 8
8. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды және жалғыз данада беріледі. Лицензия жоғалған жағдайда, Лицензиаттың телнұсқа алуға құқығы бар. Лицензиар он күн ішінде Лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша лицензияның телнұсқасын беруді жүргізеді. Бұл ретте Лицензиат қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді.<*> 📌 ЕСКЕРТУ. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2001.04.18. N 505   қаулысымен . ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2004.09.14. N 958 қаулысымен .
Тармақ 9
9. Заңды тұлға таратылған, қайта ұйымдастырылған, жеке тұлға кәсіпкерлік қызметті тоқтатқан лицензия қайтарып алынған кезде берілген лицензия өзінің қолданылуын тоқтатады және қайтаруға жатады.<*> Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, ол бір ай мерзімде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы Лицензиарға хабарлауға міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтінішті берген күнінен бастап он күн ішінде Лицензиар лицензияны қайта ресімдейді. Лицензия қайта ресімделген және көрсетілген құжат берілген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым төленеді. 📌 ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2001.04.18. N 505  қаулысымен .
Тармақ 10
10. Лицензиаттар мен оларға берілген лицензиялар туралы мәліметтерді Лицензиар аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арнайы тізілімінде көрсетеді.
Тармақ 11
11. Лицензияны беру, қайтарып алу, оның қолданылуын тоқтата тұру және жаңарту туралы мәліметті Лицензиар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Тармақ 12
12. 📌 ЕСКЕРТУ. 12-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2004.09.14. N 958  қаулысымен .
Тармақ 13
13. Лицензиардың лауазымды тұлғалары, Лицензиат осы Тәртіпті және лицензиялық қызметтің белгіленген тәртібін бұзғаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Тармақ 14. Лицензияны берудің шарттары мен тәртібі
14. Лицензиат Лицензиардың лицензияны беруден бас тарту, қайтарып алу және қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімдері мен іс-әрекеттеріне сот тәртібімен шағымдануға құқылы. Лицензияны берудің шарттары мен тәртібі
Тармақ 15
15. Лицензия алу үшін Лицензиарға мынадай құжаттар:
Тармақша 1
1) аудитор: Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша өтініш; қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына арналған лицензиялық алымды төлегендігін растайтын құжат; аудитордың біліктілік куәлігінің нотариалдық расталған көшірмесі; <*> еңбек кiтапшасының (еңбек келiсiмiнiң) нотариалдық расталған көшiрмесi; <*>
Тармақша 2
2) аудиторлық ұйым (осы тармақтың 1-тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, жоғарыда санамаланғандарға қосымша): заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалдық расталған көшірмесі және статистикалық карточкасы;<*> құрылтай құжаттарының нотариалдық расталған көшірмелері; аудиторлық ұйымның басшысы мен аттестацияланған аудиторлар туралы мәліметтер (біліктілік куәліктерінің нотариалдық расталған көшірмелерін қоса алғанда, тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып) ұсынылады. Лицензия алу үшін ұсынылған барлық құжаттарды Лицензиар тіркейді. 📌 ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2001.04.18. N 505 қаулысымен . ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2004.09.14. N 958 қаулысымен .
Тармақ 16
16. Лицензиат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауаптылықта болады. Лицензиардың ұсынылған құжаттарда қамтылған жазбалар мен мәліметтерді нақтылауға құқығы бар.
Тармақ 17
17. Лицензиар лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдағанға дейін өтінішпен бірге ұсынылған материалдарды олардың толықтығы мен дұрыстығын, Лицензиаттың берілген біліктілік талаптарға сәйкестігін бағалай отырып қарайды.
Тармақ 18
18. Лицензиатқа мынадай негіздер:
Тармақша 1
1) субъектілердің осы санаты үшін аудиторлық қызметті жүзеге асыруға заң актілерімен тыйым салынуы;
Тармақша 2
2) осы Тәртіптің 15-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар тапсырылмауы. Өтініш беруші аталған кедергілерді жойған кезде, өтініш жалпы негіздерде қаралады;
Тармақша 3
3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеуі;
Тармақша 4
4) өтініш берушінің осы Тәртіпте белгіленген біліктілік талаптарына жауап бермеуі;
Тармақша 5
5) өтініш берушіге қатысты соттың оған қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салатын шешімі бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.
Тармақ 19
19. Лицензия барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш алынған күннен бастап отыз күннен кешіктірілмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - 10 күндік мерзімнен кешіктірілмей беріледі. Лицензиар лицензияны беруден бас тарту туралы хабарламаны бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша нысанда лицензия беруге арналған мерзімдерде ұсынады.
Тармақ 20
20. Лицензиар тоқтата тұрудың себебін көрсете отырып, лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы. Шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруды Лицензиардың, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтініші бойынша сот жүргізеді. Шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы өтінішті уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа жібереді. Шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясының қолданылуын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ерекше жағдайларда, көрсетілген мерзімде сотқа талап арызын міндетті түрде ұсына отырып, соттың шешімінсіз 3 күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға жол беріледі. Бұл ретте тоқтата тұру туралы кесім соттың шешімі шыққанға дейін қолданылады. 📌 ЕСКЕРТУ. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2001.04.18. N 505  қаулысымен .
Тармақ 21
21. Лицензиар тоқтата тұру, қайта жаңарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш күндік мерзімде ол туралы Лицензиатқа және салық қызметі органына жазбаша нысанда хабарлайды. Лицензияның қолданылуы Лицензиат аталған хабарламаны алған күннен бастап тоқтатылады, қайта жаңартылады. Ол бойынша Лицензияның қолданылуы тоқтатылған себептер жойылғаннан кейін лицензия қайта жаңартылады.
Тармақ 22
22. Лицензия:
Тармақша 1
1) Сот Лицензиатқа аудиторлық қызметпен айналысуға тыйым салған;
Тармақша 2
2) Ол бойынша Лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтатқан себептер жойылмаған;
Тармақша 3
3) Лицензиат осы лицензияланатын қызметтің түрi үшiн көрсетiлген талаптарды орындамаған; <*>
Тармақша 4
4) Лицензиат лицензия алу кезiнде көрiнеу жалған ақпарат берген жағдайларда, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, сот тәртібімен Лицензиаттан қайтарылып алынуы мүмкін. 📌 ЕСКЕРТУ. 22-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2004.09.14. N 958 қаулысымен .
Тармақ 23
23. 📌 ЕСКЕРТУ. 23-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2004.09.14. N 958  қаулысымен .
Тармақ 23-1
23-1. Лицензиатқа қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) жыл сайын, 1 наурызға дейiнгi мерзiмде Лицензиарға осы Тәртiпке 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша дайындалатын аудиторлық қызметке қойылатын білiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтерді беру;
Тармақша 2
2) лицензияның жоғалғандығы туралы хабарлау;
Тармақша 3
3) заңды тұлғаны қайта тiркеген, Жарғысын, мекен-жайын, банктiк деректемелерiн өзгерткен, басшысын, құрылтайшыларды, аудиторларды ауыстырған кезде көрсетілген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы Лицензиарға бiр ай мерзiмде жазбаша хабарлау;
Тармақша 4
4) лицензияланатын қызметтi тоқтату туралы шешiм қабылдаған кезде Лицензиарға лицензияның түпнұсқасын он күн мерзiмде қайтару;
Тармақша 5. Аудиторлық қызметті лицензиялауға біліктілік талаптары
5) Лицензиар анықтаған заңнаманы бұзушылықтарды жою. 📌 ЕСКЕРТУ. 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2004.09.14. N 958  қаулысымен . Аудиторлық қызметті лицензиялауға біліктілік талаптары
Тармақ 24
24. Аудитор мен аудиторлық ұйымның басшысы аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай талаптарға жауап беруі:
Тармақша 1
1)
Тармақша 2
2) экономика, қаржы, есептік-талдау, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында соңғы жеті жылдың бес жылы ішінде немесе жоғары оқу орындарындағы бухгалтерлік есеп және аудит бойынша көрсетілген салаларда соңғы бес жылдың кемінде екі жыл практикалық жұмыс өтілі болған кезде, ғылыми-оқытушылық қызметте жұмыс тәжірибесінің болуы;
Тармақша 3
3) Аудитордың Қазақстан Республикасының аудиторларын аттестациялау жөніндегі Біліктілік комиссиясы берген біліктілік куәлігі болуы тиіс. 📌 ЕСКЕРТУ. 24-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2001.04.18. N 505 қаулысымен . ЕСКЕРТУ. 24-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2004.01.19. N 51 қаулысымен .
Тармақ 25
25. Лицензия алу үшін аудиторлық ұйым мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
Тармақша 1
1) аудиторлық ұйымдағы аудиторлардың саны осы заңды тұлғаның штатында тұрақты негізде жұмыс iстейтiн кемінде екі адамды құрауы тиіс; <*>
Тармақша 2
2) аудиторлық ұйымның жарғылық капиталындағы аудиторларға және (немесе) аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлес кемінде 51 пайызды құрауы тиіс;
Тармақша 3. Лицензиаттың аудиторлық қызметтi жүзеге асыруын бақылау
3) аудиторлық ұйымның басшысында міндетті түрде Қазақстан Республикасы аудиторының біліктілік куәлігі болуы тиіс.<*> 📌 ЕСКЕРТУ. 25-тармақ алып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.10.19. N 1570   қаулысымен . ЕСКЕРТУ. 25-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2001.04.18. N 505   қаулысымен . ЕСКЕРТУ. 25-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2004.09.14. N 958 қаулысымен . Лицензиаттың аудиторлық қызметтi жүзеге асыруын бақылау ЕСКЕРТУ. Жаңа бөліммен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2004.09.14. N 958  қаулысымен .
Тармақ 25-1
25-1. Лицензиаттың аудиторлық қызметiн және Лицензиаттың осы Тәртiптi сақтауын бақылауды Лицензиар жүзеге асырады.
Тармақ 25-2. Тараптардың жауапкершілігі
25-2. Бiлiктiлiк талаптарының және белгіленген Тәртiптiң сақталуын тексеру, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде өзгеше көзделмесе, жылына 1 реттен жиi жүргізілмейдi. Жоспардан тыс тексерулер шағымдарға, мәлiмдемелерге, өтiнiштерге дереу ден қоюды талап ететiн жағдайларда жүргiзіледi. Тексеру нәтижелерi бойынша бұзушылықтардың болмауы туралы не нақты бұзушылықтар мен оларды жою мерзiмiн көрсете отырып, тексеру актісі жасалады. Тексеру актiсiнiң негізiнде бұзушылықтарды көрсетілген мерзiмде жоймаған жағдайда, Лицензиар лицензияны заңнамада белгіленген тәртiппен тоқтата тұру немесе керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерiн жойғаны туралы жазбаша нысанда Лицензиарды хабардар етеді. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 26
26. Бюджетке төленген алым сомасының дұрыстығы, толықтығы және уақытылығы үшін жауапкершілік Лицензиатқа жүктеледі.
Тармақ 27
27. Тиісті лицензиясыз не лицензиялық нормаларды және ережелерді бұза отырып, аудиторлық қызметпен айналысу заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтырады. 📌 ЕСКЕРТУ. Жаңа бөліммен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2001.04.18. N 505   қаулысымен .
Басқа 62. Аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметке қойылатын білiктілiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтерi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 14 қыркүйектегi N 958 қаулысына 1-қосымша Аудиторлық қызметтi лицензиялау тәртiбiне 1-қосымша 📌 ЕСКЕРТУ. 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2004.09.14. N 958  қаулысымен . Аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметке қойылатын білiктілiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтерi 200__ жыл үшiн Аудиторлық ұйымның атауы _________________________________________ Лицензияның сериясы, нөмiрi және берiлген күнi ___________________ __________________________________________________________________ Заңды мекен-жайы, телефоны _______________________________________ Iс жүзiндегi мекен-жайы, телефоны ________________________________ Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң сериясы, нөмiрi, берілген күнi ___________________________________ __________________________________________________________________ CTH ______________________________________________________________ Ұйымның басшысы __________________________________________________ __________________________________________________________________ (Аудитордың аты-жөні, біліктілік куәлiгінiң нөмiрi мен берілген күнi) __________________________________________________________________ (Экономикалық, қаржы, есепке алу-талдамалық, бақылау-тексеру __________________________________________________________________ немесе құқықтық салаларда жұмыс тәжiрибесiнiң немесе көрсетілген __________________________________________________________________ салаларда практикалық жұмысы стажы болған кезде жоғары оқу __________________________________________________________________ орындарында бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша __________________________________________________________________ ғылыми-оқытушылық қызметінің болуы) Әкiмшiлiк жазаларының болуы ______________________________________ __________________________________________________________________ (жазаны қашан, не үшін және қандай орган қолданды) Аудиторларға және (немесе) аудиторлық ұйымдарға тиесілi аудиторлық ұйымның жарғылық капиталындағы үлес __________________________________________________________________ Аудитордың немесе аудиторлық   |   Жарғылық капиталдағы үлес ұйымның атауы және орналасқан жерi |           мөлшерi __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Eceпті кезеңде құрылтай құжаттарында өзгерістердің болуы __________________________________________________________________ Құрылтайшылар құрамындағы өзгерістер| Қызмет түрлерінің өзгеруі __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Иә (қандай өзгерiстер   |Жоқ|  Иә (қандай өзгерiстер   |Жоқ және енгiзу күнiн көрсету)|   |және енгiзу күнiн көрсету)| __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Ұйымның сандық құрамы: __________________________________________________________________ Қызметкерлердiң жалпы саны  | Оның iшiнде, штатта тұрмайтындар __________________________________________________________________ Есептi кезеңде|Өткен жыл үшiн | Есептi кезеңде | Өткен жыл үшiн __________________________________________________________________ Ұйымда жұмыс iстейтiн аудиторлар: __________________________________________________________________ Аты-жөнi| Лицензияның |Аудитордың | Eceпті кезеңде ауди. |Уәкiлетті | нөмiрi және |бiлiктiлiк | торлық ұйымның құра. |органға |берiлген күнi|куәлiгінiң | мында өзгерiстердiң  |өзгерiс. |             |нөмiрi және|         болуы        |тер тура. |             | берiлген  |______________________|лы мәлi. |             |   күні    | Иә (қандай өзге. |Жоқ|меттер |             |           |рiстер және енгізу|   |беру |             |           |  күнiн көрсету)  |   |күнi __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Басшы ____________      _____________________ Қолы               (аты-жөнi) M.O.
Басқа 63. Аудиторлардың аудиторлық қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтерi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 14 қыркүйектегi N 958 қаулысына 2-қосымша Аудиторлық қызметтi лицензиялау тәртiбiне 2-қосымша 📌 ЕСКЕРТУ. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2004.09.14. N 958  қаулысымен . Аудиторлардың аудиторлық қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтерi 200__жыл үшiн І. Жалпы мәлiметтер Аудитордың аты-жөнi ______________________________________________ Лицензияның нөмiрi және берілген күнi ____________________________ "аудитор" бiлiктiлiк куәлігінiң нөмiрi және берілген күнi ________ Жеке кәсiпкердi тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нөмiрi, сериясы, берiлген күнi ___________________________________________ CTH ______________________________________________________________ Үйiнiң мекен-жайы, телефоны ______________________________________ "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазаларының болуы _________________________________ (жазаны қашан, не үшiн және қандай орган қолданды) Аудиторлық ұйымдардың жарғылық капиталына құрылтайшы ретiнде қатысуы: __________________________________________________________________ Аудиторлық ұйымның атауы   |   Аудиторлық ұйымның жарғылық және орналасқан жерi    |    капиталындағы үлес мөлшерi __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Жұмыс орны _______________________________________________________ (лауазымы, ұйымның атауы) __________________________________________________________________ Аудитор ___________________         _________________________ Қолы                            (аты-жөнi) M.O.