О государственных закупках услуг, имеющих важное стратегическое значение Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңызды стратегиялық мәні бар қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар 2007 жылы мемлекеттік орта білім беру жүйесінде интерактивті оқыту жүйесін енгізу үшін 1042043000 (бір миллиард қырық екі миллион қырық үш мың) теңге сомасында сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілер болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қосымшада көрсетілген заңды тұлғалармен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуды;
Тармақша 2
2) осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшалай қаражатты ұтымды және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  21-бабы  3 және 4-тармақтарының орындалуын;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беруге бөлінетін 2007 жылға арналған республикалық бюджеттің ағымдағы нысаналы трансферттерін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 ақпандағы N 126  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 4, 58-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беруге бөлінетін 2007 жылға арналған республикалық бюджеттің ағымдағы нысаналы трансферттерін пайдалану ережесінде:
Тармақ 1
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "076 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беру саласындағы мемлекеттік жүйенің жаңа технологияларын енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"; 4-тармақта "министрлігі" деген сөзден кейін "білім беру саласындағы мемлекеттік жүйенің жаңа технологияларын енгізу жөніндегі тауарлар мен қызметтерді сатып алуға" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 4. 2007 жылы мемлекеттік орта білім беру жүйесінде интерактивті оқыту жүйесін енгізу үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілер тізбесі
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі N 644 қаулысына қосымша 2007 жылы мемлекеттік орта білім беру жүйесінде интерактивті оқыту жүйесін енгізу үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілер тізбесі Р/с N Жет­кі­зу-ші­нің ата­уы Жет­кі­зу-ші­нің ор­на­лас қан же­рі Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар мен қыз­мет­тер­дің ата­уы Бағ­дар-ла­ма бой­ын­ша шы­ғын- дар (тең­ге) Ин­тер­ак­тив-ті оқы­ту же­лі­сі Ха­бар та­ра­ту же­лі­сі Бей­не­кон- еренц- бай­ла­ныс же­лі­сі 1 2 3 4 5 6 7 1 "Қа­зақ- стан" АҚ Аста­на қа­ла­сы 307 мек­теп үшін 50% же­ңіл­дік­пен АDSL-же­лі- сіне(512кб/ сек)қо­сы­лу, "Қа­з­ақ­те­ле-ком" АҚ ала­ңын­да сервер­ді ор­на­ла­сты- ру, қыз­мет- тер үшін або­нент­тік ақы "Қа­з­ақ­те- ле­ком" АҚ ала­ңын­да сервер­ді ор­на­ла­сты- ру, бейне- кон­фе­ренц- бай­ла­ныс жүр­гі­зу үшін VPN же­лі­сін құ­ру Бей­не­кон-фе­ренц- бай­ла­ныс же­лі­сін ұй­ым­дас- ты­ру 79 784 000 2 "Nurecom LTD" ЖШС Аста­на қа­ла­сы 307 мек­теп үшін ADSL тех­но­ло­гия-сы бой­ын­ша қо­су қа­жет жаб­дық­тар және бағ- дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету (ин­тер- ак­тив­ті тақ­та, пульт, план­шет­ка, муль­ти­п­ро- ек­тор, ком­пью­тер, бағ­дар­ма­лық қам­та­ма­сыз ету), мо­дем са­тып алу, пе­да­гог­тар- ды оқы­ту, ай­на­лы сер­вер са­тып алу және ор­на­ту Сер­вер са­тып алу және ор­на­ту MCU жаб­дық­та-рын+бей­не­тер­ми­нал (Аста­на қа­ла­сы), бей­не­тер-ми­нал (өңір­лер бой­ын­ша) са­тып алу және ор­на­ту 96225900 0 Жиы­ны                                          1 042043000