Об утверждении Порядка происхождения товаров развивающихся стран при предоставлении тарифных преференций в рамках общей системы преференций Күшін жойған
Басқа 0
Преференциялардың жалпы жүйесiнiң аясында тарифтiк преференцияларды беру кезiнде дамушы елдерден тауарлардың шығуын анықтаудың тәртiбi
📌 Ескерту. Күші жойылды - Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 22 қаңтардағы N 21 бұйрығымен.
Преференциялардың жалпы жүйесiнiң аясында Қазақстан Республикасы аумағында уақытша қолданылатын тарифтiк преференцияларды беру кезiнде Дамушы елдерден тауарлардың шығуын анықтаудың ережелерi туралы Келiсiмдi жүзеге асыру мақсатында бұйрық етемiн:
Тармақ 1
1. Преференциялардың жалпы жүйесiнiң аясында тарифтiк преференцияларды беру кезiнде Дамушы елдерден тауарлардың шығуын анықтаудың ережелерi туралы тәртiп (қоса тiркелiп отыр) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Тарифтiк преференциалдық режим Қазақстан Республикасы Кеден комитетiне "А" нысанындағы тауарлардың шығу сертификаттарын куәландыруға өкiлеттi құзыреттi органдардың атауларын, мекен-жайларын, мөрлерiнiң басылымын бермеген дамушы елден шығатын тауарға қолданылмайтын болып белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Кеден комитетiнiң Баспасөз қызметi (Ә.О.Мұратбаева) бұқаралық ақпарат құралдарында осы бұйрықтың ережелерiн жарияласын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Кеден комитетi Төрағасының бiрiншi орынбасары Ә.М. Мелдехановқа жүктелсiн.
Басқа 5. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Преференциялардың жалпы жүйесiнiң аясында тарифтiк преференцияларды беретiн дамушы елдерден импортталатын тауарларға қатысты кедендiк тарифтердi қолдану мәселелерiн реттеу мақсатында жасалып отыр.
Қазақстан Республикасы
Кеден комитетiнiң
1996 жылғы 1 қыркүйектегi
N 175-П бұйрығына қосымша
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Преференциялардың жалпы жүйесiнiң аясында тарифтiк преференцияларды беретiн дамушы елдерден импортталатын тауарларға қатысты кедендiк тарифтердi қолдану мәселелерiн реттеу мақсатында жасалып отыр.
Тармақ 1
1. Тауар төмендегiдей жағдайларда:
Тармақша а
а) сол елде ол шығарылған болса;
Тармақша б
б) басқа елден шыққан шикiзат материалдары, жартылай өнiмдер немесе даяр өнiмдер пайдаланып, сол елде өндiрiлсе немесе осындай тауарлар төменде көрсетiлгендей жеткiлiктi өңдеу мен ұқсатудан өткiзiлген жағдайда тауардың шығу тегi белгiсiз болса, тарифтiк преференциалдық режим қолданылатын дамушы елден шығатын тауар болып табылады.
Тармақ 2
2. Тарифтiк преференциалдық режим қолданылатын мынадай тауарлар:
Тармақша а
а) сол елдiң аумағында немесе аумақтық суларында немесе оның континентальдық жағалауында және егер елдiң осы жер қойнауын игеруге басым құқықтары бар болса, теңiз қойнауында алынған қазбалы байлықтар;
Тармақша б
б) сол елдiң аумағында өсiрiлген немесе жиналған өсiмдiк өнiмдерi;
Тармақша в
в) сол елде туылған және өсiрiлген тiрi жануарлар;
Тармақша г
г) сол елде өсiрiлген тiрi жануарлардан алынған өнiмдер;
Тармақша д
д) сол елде өндiрiлген аң, балық аулау және теңiз кәсiпшiлiгiнiң өнiмдерi;
Тармақша е
е) сол елдiң кемелерiнiң, сондай-ақ сол елдiң жалдаған кемелерiнiң әлем мұхиттарында ұстаған теңiз кәсiпшiлiгiнiң өнiмдерi;
Тармақша ж
ж) сол елдiң, сондай-ақ жүзбелi балық зауыттарының шанағында сол елдiң жалдаған жүзбелi балық зауыттарының шанағында "е" тармақшасында аталған өнiмдерден ғана әзiрленген өнiмдер;
Тармақша з
з) сол елде жүзеге асырылатын өндiрiстiк және өзге де операциялардың нәтижесi болатын қосалқы шикiзат пен қалдықтар;
Тармақша и
и) ашық ғарышта сол елдiң немесе жалдаған ғарыш кемелерiнде алынған жоғары технологиялардың өнiмдерi;
Тармақша к
к) сол елде осы тармақтың "а" және "и" тармақшаларында аталған өнiмдерден ғана әзiрленген өнiмдер дамушы елде толық өндiрiлген болып есептеледi.
Тармақ 3
3. Тауар егер:
Тармақша а
а) тауар дамушы елде жеткiлiктi өңдеу мен ұқсатуға ұшыраса және оның барысында пайдаланылған, тарифтiк преференциалдық режим қолданылмайтын басқа елдерден шыққан тауарлардың (шикiзат материалдарының, жартылай өнiмдер немесе даяр өнiмдердiң) немесе шығу тегi белгiсiз тауарлардың құны тарифтiк преференциалдық режим қолданылатын дамушы елден экспортталатын тауар құнынан 50% артпаса;
Тармақша б
б) тауар тарифтiк преференциалдық режим қолданылатын бiрнеше дамушы елде жеткiлiктi өңдеу мен ұқсатуға ұшыраса және пайдаланылған, тарифтiк преференциалдық режим қолданылмайтын басқа елдерден шыққан тауарлардың немесе шығу тегi белгiсiз тауарлардың құны тарифтiк преференциалдық режим қолданылатын дамушы елдерден экспортталатын тауар құнынан 50% артпаса;
Тармақша в
в) тауар тарифтiк преференциалдық режим қолданылатын дамушы елдердiң бiрiнде өндiрiлсе және тарифтiк преференциалдық режим қолданылатын бiр немесе бiрнеше елдерге жеткiлiктi өңдеу мен ұқсатуға ұшыраса, тарифтiк преференциалдық режим қолданылатын дамушы елде жеткiлiктi өңдеу мен ұқсатуға ұшыраған болып есептеледi.
Осы тармақтың "а" және "б" тармақшаларында көрсетiлген тарифтiк преференциалдық режим қолданылмайтын елден шыққан тауардың құны экспортталатын тауарды өндiрушi елде белгiленген осы тауардың кедендiк құны негiзiнде анықталады.
Осы тармақтың "а" және "б" тармақшаларында көрсетiлген шығу тегi белгiсiз тауардың құны тарифтiк преференциалдық режим экспортталатын тауарды өндiрушi-дамушы елдiң аумағында осы тауарға төленген бағаның мөлшерiнде белгiленедi.
тарифтiк преференциалдық режим қолданылатын елге преференцияларды беретiн елдердiң бiрiнен әкетiлген және преференцияларды беретiн осы елге экспортқа жататын тауарларды өндiру үшiн пайдаланылған тауарлар (шикiзат материалдары, жартылай өнiмдер мен даяр өнiмдер) жоғарыда аталған экспорттаушы-елде өндiрiлген болып қаралады.
Дамушы елдiң экспорттайтын тауарының құны тауар әзiрлеушi франко-зауыттың бағасының негiзiнде айқындалады.
Тармақ 4
4. Тарифтiк преференциалдық режим қолданылатын дамушы елдерден шығатын тауарларға қатысты тарифтiк преференциялар осы елдерде осындай тауарларды тiкелей сатып алатын және тарифтiк преференцияларды беретiн елге оларды тiкелей қою жағдайында ғана берiледi.
Тауар егер импортшы оны тарифтiк преференциалдық режим қолданылатын дамушы елде кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi ретiнде белгiлеген тәртiппен тiркелген адамнан сатып алса, тiкелей сатып алынған болып қаралады.
Тiкелей жеткiзiлiм болып тарифтiк преференциалдық режим қолданылатын дамушы елден басқа мемлекеттiң аумағы арқылы тасымай-ақ преференцияларды берген елге тасылатын тауарлардың жеткiзiлiмi есептеледi.
Тiкелей жеткiзiлiм ережесiне сондай-ақ тауарлардың транзит елдерiнде, оның iшiнде тауарларды осы елдердiң аумағында уақытша сақтау кезiнде кедендiк бақылаумен болатын жағдайында географиялық, транспорттық, техникалық немесе экономикалық себептердiң салдарынан бiр немесе бiрнеше елдердiң аумағы арқылы тасылатын тауарлар да жатады.
Тiкелей жеткiзiлiм ережесiне сондай-ақ импортшының көрмелер мен жәрмеңкелерде сатып алған тауарлары:
Тармақша а
а) тауарлар тарифтiк преференциалдық режим қолданылатын дамушы елдiң аумағынан көрмелер немесе жәрмеңкелер өткiзiлетiн елдiң аумағына жеткiзiлген және оларды жүргiзу кезiнде кедендiк бақылаумен қалған жағдайда;
Тармақша б
б) оларды көрмелер немесе жәрмеңкелерге жөнелткен сәттен бастап тауарлар көрсетуден басқа мақсаттарда пайдаланылмаған болса;
Тармақша в
в) тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи тозу немесе кему салдарынан күйiнiң өзгеруiн ескермей-ақ тарифтiк преференцияларды берген елге тауарлар көрмелер немесе жәрмеңкелерге жеткiзiлген күйiндегiдей әкелiнетiн кездегi шарттар орындалса жатады.
Тармақ 5
5. Тауардың тарифтiк преференциалдық режим қолданылатын дамушы елден шыққандығын куәлендiру үшiн тауарларды өткiзетiн адам Преференциялардың жалпы жүйесiнiң аясында қабылданған "А" нысанындағы тауардың шығуы туралы декларация-сертификатты (бұдан әрi - сертификат) ұсынады, (қоса тiркелiп отыр).
Сертификаттың қолданылу мерзiмi ол берiлген күннен бастап 12 ай.
Сертификат кеден органдарына орыс және ағылшын тiлдерiнде түзетусiз қағазға басылған күйiнде ұсынылады.
Сертификат тауарды кедендiк ресiмдеу кезiнде берiлетiн кеден декларациясы және басқа да құжаттармен бiрге ұсынылады.
Тауардың нақты жеткiзiлгендегi және сертификатта көрсетiлгендегi мөлшерi арасындағы айырмашылық 5%-тен аспауы тиiс.
Сертификат жоғалған жағдайда оның ресми куәлендiрiлген көшiрмесi қабылданады.
Тауарлардың шағын топтамаларының (кедендiк құны 5000 АҚШ долларына тең не одан аса) шығу тегiн куәлендiру үшiн сертификатты ұсыну талап етiлмейдi. Мұндай жағдайда экспорттаушы шот-фактура немесе басқа да тауарларды алып жүру құжаттарының негiзiнде тауардың шыққан елiн мәлiмдей алады.
Тауардың шығу тегi туралы мәлiмделiнген деректерге қатысты дәлелдi күмән туындайтын жағдайда кеден органы тауардың шығу тегi туралы сертификатты көрсетудi талап етуге құқылы.
Тармақ 6
6. Сертификаттың мiнсiздiгiне немесе онда мәлiмделiнген деректерге, сондай-ақ тауардың шығу тегi туралы деректерге қатысты дәлелдi күмән туындайтын жағдайда кеден органы Кеден комитетi арқылы дамушы елдердiң сертификатты куәлендiрiлген құзыреттi ұлттық органдарына қосымша немесе нақтылай түсетiн деректердi хабарлау жөнiнде өтiнiшпен қайырылуға құқылы.
Дамушы елдiң тауары тиiстi түрде ресiмделiнген тауардың шығу тегi және сұрау салынған деректер туралы сертификат ұсынылғанға дейiн тарифтiк преференциалдық режим қолданылатын осы елден шыққан болып есептелiнбейдi.
Осындай тауар үшiн тарифтiк преференциялар тарифтiк преференциалдық режим қолданылатын елдердiң құзыреттi ұлттық органдарының қанағаттандыратын жауабы алынғаннан кейiн ғана берiледi.