О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций Қолданыста
Басқа 0
Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңына және аудан әкімдігінің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы ұсынысына, сондай-ақ көліктің, инфрақұрылым нысандарының тоқтаусыз жұмыс істеуін, өсімдіктердің сақталуын қамтамасыз етуіне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 21 қазандағы № С23-1 «Егіндікөл ауданының елді мекендерде бейбіт жиналыстар мен митингілер ұйымдастыру және өткізу орындарын анықтау туралы» (№ 1-8-21 тіркелген және 2005 жылғы 31 қазанда аудандық апталық «Шұғыла-Целинная нива» газетінде жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Егіндікөл ауданның әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары
Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 19 шілдедегі
№ С39-4 шешіміне қосымша
Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары
Абай ауылы - Достық көшесі № 2 үйдегі ауыл әкімі аппаратының ғимаратына жататын аумақ;
Алакөл ауылдық округі:
Полтава ауылы - Ружинский қиылысындағы алаң мен ауылдық клуб ғимаратына жататын аумақ;
Көркем ауылы - Көркем көшесі № 11 үйдегі ауылдық клуб ғимаратына жататын аумақ;
Бауман ауылдық округі:
Бауман ауылы - Бауман көшесі № 8 үйдегі «Бауман 07» ЖШС әкімшілік ғимаратына жататын аумақ (келісім бойынша);
Буревестник ауылы - Мәдениет көшесі № 35 үйдегі орта мектеп ғимаратына жататын аумақ;
Егіндікөл ауылы - Ленин көшесі № 23 үйдегі мешіт ғимаратына жататын аумақ;
Спорт көшесі № 4 үйдегі «ОТАН» спорт кешені ғимаратына жататын аумақ (келісім бойынша);
Жалманқұлақ ауылдық округі:
Жалманқұлақ ауылы - Ленин көшесі № 6 үйдегі ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратына жататын аумақ;
Жұлдыз ауылы - Мектеп көшесі № 14 үйдегі орта мектеп ғимаратына жататын аумақ;
Қоржынкөл ауылы - Ленин көшесі № 13 үйдегі ауыл әкімі аппаратының ғимаратына жататын аумақ;
Спиридоновка ауылы - Механикалық көшесі № 5 үйдегі «Армавирский» ЖШС кеңсесінің ғимаратына жататын аумақ (келісім бойынша);
Ұзынкөл ауылдық округі:
Ұзынкөл ауылы - Жеңіс көшесі № 28 үйдегі Мәдениет үйінің ғимаратына жататын аумақ;
Қазақстанның 30 жылдығы ауылы - Жаңа көшесі № 15 үйдегі фельдшерлік пункт ғимаратына жататын аумақ.