О статусе столицы Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасы астанасының жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оның қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Қазақстан Республикасының астанасы
1-бап. Қазақстан Республикасының астанасы
Тармақ 1
1. Астана Қазақстан Республикасының
Конституциясында айқындалған.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының астанасы (бұдан әрі
– астана):
Тармақша 1
1) мемлекеттің саяси және әкімшілік орталығы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақорда" Резиденциясында сақталатын Қазақстан Республикасы Конституциясы мәтінінің түпнұсқасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасының эталондары орналасқан жер болып табылады.
Тармақ 3
3. Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақорда" Резиденциясы, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі, Жоғарғы Соты және өзге де орталық мемлекеттік органдары орналасқан.
Жекелеген орталық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының астанасынан тыс жерде орналасуы мүмкін.
Бап 2. 2-бап. Астананың мәртебесі туралы заңнама
2-бап. Астананың мәртебесі туралы заңнама
Тармақ 1
1. Астананың мәртебесі туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта, осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Астананың өңірлік рәміздемесі
3-бап. Астананың өңірлік рәміздемесі
Астананың өз өңірлік рәміздемесі бар.
Өңірлік рәміздеменің
сипаттамасын және оларды пайдалану тәртібін астананың мәслихаты айқындайды.
Бап 4. 4-бап. Қаланың атақтары және ынталандырымдары
4-бап. Қаланың атақтары және ынталандырымдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға
астананың экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымы мен мәдениетін дамытудағы ерекше еңбегі үшін астана әкімінің ұсынуы бойынша мәслихат
Астана қаласының құрметті азаматы
атағын беруі мүмкін.
Тармақ 2
2. Астананың жергілікті өкілді органы (мәслихаты) мен жергілікті атқарушы органы (әкімдігі) ынталандырудың өзге де түрлерін белгілеуге және қолдануға құқылы.
Бап 5. 5-бап. Астананың аумағы және қала маңы аймағы
5-бап. Астананың аумағы және қала маңы аймағы
Тармақ 1
1. Астананың аумағын жергілікті өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін және өзгертетін,
астананың
әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекарасындағы жер, су объектілері құрайды.
Тармақ 2
2. Қаламен біртұтас әлеуметтік, табиғи және шаруашылық аумақты құрайтын қала шегінен тыс жерлер астананың қала маңы аймағын құрайды, оның көлемі мен шекарасын астананың мәслихаты мен әкімдігінің және аумағы қала маңы аймағына қосылған облыс мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді және өзгертеді.
Қала маңы аймағын қосылған жерлерді пайдаланудың тәртібі мен режимін астананың мәслихаты мен әкімдігінің аумағы қала маңы аймағына қосылған облыс мәслихатымен және әкімдігімен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бап 6. 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Тарау 2. 2-тарау. Астанадағы жергілікті мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері
2-тарау. Астанадағы жергілікті мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері
Бап 7. 7-бап. Астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының міндеттері
7-бап. Астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының міндеттері
Астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қаланың Қазақстан Республикасының астанасы функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуі жөніндегі міндеттері:
Тармақша 1
1) астананың Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік, мәдени және экономикалық орталығының рөлін орындауы үшін жағдай жасау;
Тармақша 2
2) астананың әлемдегі басқа астаналар арасындағы бәсекелестік мүмкіндіктерін арттыру, орнықты дамыған қаланы құру;
Тармақша 3
3) астананы халықаралық қатынастар орталығы ретінде дамыту;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің, Жоғарғы Соттың, өзге де орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
Тармақша 5
5) жалпымемлекеттік және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу үшін жағдай жасау;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыруы болып табылады.
Бап 8. 8-бап. Астана мәслихатының өкілеттіктері
8-бап. Астана мәслихатының өкілеттіктері
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктермен қатар, астананың мәслихаты өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа мемлекеттердің жергілікті өкілді органдарымен халықаралық байланыстар орнатады;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 3
3) мыналарды:
астананы дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының жоспарларын, астананың бюджетін және оның орындалуы туралы есептерді;
астана аумағындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын;
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшері мен тәртібін;
астананың бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін астана аумағының қала құрылысын игеру схемаларын;
астана
аумағының қала құрылысы регламентін бекітеді;
астананың орманды саябақ аймағын басқару және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимі қағидаларын;
астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативтерін бекітеді;
Тармақша 4
4) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келіседі.
Бап 9. 9-бап. Астананың жергілікті атқарушы органының өкілеттігі
9-бап. Астананың жергілікті атқарушы органының өкілеттігі
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктермен қатар, астананың жергілікті атқарушы органы өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілмеген коммуналдық мүліктің тізбесін бекітеді, республикалық меншікке жатқызылған заңды тұлғаларды қоспағанда, астана аумағында тіркелген акционерлік қоғамдар акцияларының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерінің мемлекеттік пакеттерін иеленуді, пайдалануды және оларға билік етуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2)
астананың
коммуналдық меншігін иеленуді, пайдалануды және оған билік етуді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3)
астананың
коммуналдық меншігін жекешелендіру жөніндегі қатынастарды реттейтін қаулылар шығарады;
Тармақша 4
Тармақша 5
Тармақша 6
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының бюджеті заңнамасына сәйкес қарыз алуды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) астананың аумағында және қала маңы аймағында қолданылатын мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын әзірлеуге қатысады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген астананы дамыту мен салудың бас жоспарын, астананың қала маңы аймағына жатқызылған іргелес аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі субъектілердің қызметін үйлестіреді;
Тармақша 10
10) астана және қала маңы аймағы аумақтарын дамыту мен салудың бас жоспарының жобасын әзірлеуді ұйымдастырады;
Тармақша 11
11) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 12
12) астананың қала құрылысы кеңесі үшін алдын ала қорытындылардың материалдарын дайындайды;
Тармақша 13
13) реконструкциялау объектілерін жобалау, салу және пайдалануға беру мерзіміне бақылау жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 15
15) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшері мен тәртібін әзірлейді;
Тармақша 16
16) астанада еңбек мәселелерін үйлестіреді және халықты жұмыспен қамту саясатының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 17
17) астананы дамыту мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен астанада жалпымемлекеттік және халықаралық іс-шараларды өткізу үшін жағдайлар жасайды;
Тармақша 18-1
18-1) қызметінің негізгі нысанасы –
астананың
әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік туризмнің дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ
астананы
халықаралық көрмеге даярлау болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды;
Тармақша 19
19) жылумен, энергиямен, сумен, газбен жабдықтау жүйесінің, кәріздің және су қашыртудың, жол қызметінің, астаналық көлік пен байланыстың барлық түрлерінің, абаттандырудың, көгалдандырудың, қаланы санитарлық тазартудың, сондай-ақ тұрғын үй қорын инженерлік қамтамасыз етудің, пайдалану мен жөндеудің тиімді жұмыс істеуі саласындағы қызметті үйлестіреді;
Тармақша 19-1
19-1) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге
және оның дизайн-кодын сақтауға
бағытталған, жөндеуге жататын көп пәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындайды;
Тармақша 19-2
19-2) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылған, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың арасынан астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге
және оның дизайн-кодын сақтауға
бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуді ұйымдастыратын уәкілетті ұйымды айқындайды;
Тармақша 19-3
19-3) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге
және оның дизайн-кодын сақтауға бағытталған, астананың көп пәтерлі тұрғын үйлерін жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-4
19-4) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге
және оның дизайн-кодын сақтауға
бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты
пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне шығыстарды өтеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-5
19-5) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге
және оның дизайн-кодын сақтауға
бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне шығыстарды уәкілетті ұйым арқылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен толық өтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 19-6
19-6) авариялық көппәтерлі тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастырады;
19-7) «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін түгендеу тізбесін жасай отырып, пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізуді, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындауды (қалпына келтіруді), оның ішінде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы шешімінің негізінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен, көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің төрағасынан немесе кондоминиум объектісін басқару субьектісінен тиісті өтініш келіп түскен кезде қамтамасыз етеді;
Тармақша 19-8
19-8) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары, орынтұрақ орындары, қоймалары
меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен,
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
Тармақша 19-9
19-9) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
Тармақша 19-10
19-10) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар
орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға,
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 19-11
19-11) елді мекендер шекараларының шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 19-12
19-12) елді мекендер шекараларының шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде
бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды және қадағалауды
жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 19-13
19-13) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын
астана
тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің қалалық операторын айқындайды;
Тармақша 19-14
19-14) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге
және оның дизайн-кодын сақтауға
бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
Тармақша 19-15
19-15) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, астанада арнаулы трассаларды және автомобиль жолдарының оларға іргелес жатқан жекелеген учаскелерін, көшелерді және көше-жол желісін жинау және санитариялық тазарту жөніндегі заңды тұлғаны айқындайды;
Тармақша 20
20) астана аумағында медициналық қызметтер көрсететін медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
Тармақша 21
21) ішкі сауда және тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін дамыту мен олардың жұмыс істеуі саласындағы саясатты іске асырады;
Тармақша 22
22) қалалық шаруашылық объектілерінің, қаланы абаттандыру мен дамыту элементтерінің біртұтастығы мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 23
23) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 24
24) мүдделі мемлекеттік органдармен келісім бойынша транзиттік автомобиль көлігі қозғалысының схемалары мен тәртібін айқындайды;
Тармақша 25
25) ақылы автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) ұйымдастырады;
Тармақша 26
26) мыналарды:
астана көшелерінің тізбесін;
автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды, паркингтерді) ұйымдастыру және олардың санаттарын айқындау қағидаларын;
коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарды (паркингтерді) пайдалану қағидаларын;
көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша астанада автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын;
мүдделі орталық уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша жеке және заңды тұлғалардың астана аумағында сауда, ойын-сауық, қонақүй қызметтерін, медициналық және өзге де қызметтерді көрсету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жер учаскесін мемлекет мұқтаждығы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін және (немесе) өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырады;
Тармақша 27-1
27-1) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру, тарату туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ оның қызметін үйлестіреді;
Тармақша 28
28) астана аумағында мақсатқа сай пайдаланылмайтын жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сотқа талап-арыз береді.
Тармақша 29
29)
астананың
әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде Есіл өзенінің кеме қатынасы учаскесінде су жолы жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 30
30) астананың қоғамдық көлігінде қолданылатын тарифтік саясатты әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 31
31) астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 32
32) астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияны айқындайды;
32-1) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, астанада жол жүрісін ұйымдастыруға, орынтұрақ кеңістігін басқаруға жауап беретін заңды тұлғаны (бұдан әрі – жол жүрісін ұйымдастыру орталығы) айқындайды;
Тармақша 33
33) астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 34
34) Жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін ендіру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 35
35) Көліктік инфрақұрылымды басқару және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 36
Тармақша 37
37)
халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган
бекітетін облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес астана аумағындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 38
38)
астана
аумағының қала құрылысы регламентін әзірлейді;
Тармақша 39
39) астананың және қала маңы аймағының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің жобаларын (мемлекеттік нормативтік құжаттарды) келіседі;
Тармақша 40
40) астананың бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін астана аумағының қала құрылысын игеру схемаларын әзірлейді;
Тармақша 41
41) арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 42
42) жазғы алаңдарды, қоғамдық тамақтану объектілерін, қызметтер көрсету саласы объектілерін орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді.
Тармақша 43
43)
астананың орманды саябақ аймағын күтіп-ұстау және дамыту үшін жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды;
Тармақша 44
44)
астананың орманды саябақ аймағын басқару және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимі қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 45
45) астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативтерін әзірлейді;
Тармақша 46
46) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес жер учаскелерін береді;
Тармақша 47
47) астанада ұлттық қолөнерді және оның инфрақұрылымын құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіреді.
Тармақша 48
48) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі - ҚР 09.01.2026 № 254-VIII Заңымен.
Бап 9-1. 9-1-бап. Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік туризмді дамытуға, сондай-ақ астананы халықаралық көрмеге даярлауға жәрдемдесетін ұйым
9-1-бап. Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік туризмді дамытуға, сондай-ақ астананы халықаралық көрмеге даярлауға жәрдемдесетін ұйым
Астананың
әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік туризмді дамытуға, сондай-ақ
астананы
халықаралық көрмеге даярлауға жәрдемдесетін ұйым:
Тармақша 1
1)
астананың
брендін ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды өткізу жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және оларды астана әкімдігінің қарауына енгізуді және осы іс-шараларды іске асыруды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) астананың брендін ілгерілету бойынша астананың әкімдігіне қызметтер көрсетеді;
Тармақша 3
3) инвестициялар тартуды және туристік дестинацияны дамыту шеңберінде жобаларды іске асыруды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) жаңартылатын энергия көздері саласында өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамытуды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) астанада іскерлік туризмді дамытуға ықпал ететін іс-шараларды ілгерілетеді;
Тармақша 6
6) жергілікті және шетелдік туристерге астана туралы қажетті ақпарат береді;
Тармақша 7
7) туризм саласында инновациялық шешімдер іздеуді, зерделеуді, тартуды және енгізуді жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) астананың туристік әлеуетін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 9
9) астананың әкімдігі айқындайтын өзге де қызметті жүзеге асырады.
Бап 9-2. 9-2-бап. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын
9-2-бап. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын
Тармақ 1
1. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
Тармақша 1
1) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің алып қойылуына байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталғаны туралы меншік иелерінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыларды хабардар етуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің алып қойылуына байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын айқындауды қамтамасыз етеді, өтем мөлшерін айқындайды;
Тармақша 3
3) алып қойылатын жер учаскелерін үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатудың сметалық құнын дайындауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) алып қойылатын мүліктің меншік иелерімен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылармен келіссөздер, келісу рәсімдерін жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе өзге де мүлікті мәжбүрлеп алып қою мәселелері бойынша соттарда астана әкімдігінің мүдделерін білдіреді;
Тармақша 6
6) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің алып қойылуына байланысты жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің құнын және өтелуге жататын шығындарды өтеу төлемдерін бюджет қаражаты есебінен төлеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) жер учаскелерін үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Астананың жергілікті атқарушы органы осы баптың 1-тармағында айқындалған мемлекеттік кәсіпорыннан мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласында көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды сатып алады.
Бап 9-3. 9-3-бап. Жол жүрісін ұйымдастыру орталығы
9-3-бап. Жол жүрісін ұйымдастыру орталығы
Тармақ 1
1. Жол жүрісін ұйымдастыру орталығы:
Тармақша 1
1) көше, шеткері және коммуналдық автомобиль тұрақтарын (орынтұрақтар, паркингтер), арнаулы (күзетілетін) үй-жайларды, алаңдар мен орынтұрақ кеңістіктерін ұйымдастыру мен басқаруды;
Тармақша 2
2) паркингтердің және орынтұрақтардың пайдаланылуын мониторингтеуді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес ұсталған көлік құралдарын арнаулы алаңдар мен тұрақтарға жеткізуге (эвакуациялауға), оларды уақытша сақтауға, жеткізу (эвакуациялау) және сақтау құнының ақысын төлеуге, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде көлік құралдарын, тасталған немесе иесіз көлік құралын, заттай дәлелдемелер деп танылған көлік құралдарын, сондай-ақ тыйым салу қолданылған көлік құралдарын арнаулы (күзетілетін) үй-жайларда, алаңдар мен тұрақтарда қайтаруға байланысты қызметті ұйымдастыруды;
Тармақша 4
4) бағдаршамдарды басқаруды;
Тармақша 5
5) жол жүрісін ұйымдастыру жобалары мен схемаларын әзірлеуді;
Тармақша 6
6) көлік ағындарын талдауды, болжауды және басқаруды;
Тармақша 7
7) интеллектуалдық көлік жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыруды;
Тармақша 8
8) көлік инфрақұрылымы объектілерін басқаруды;
Тармақша 9
9) жол жүрісін ұйымдастыру және аумақтық-көліктік жоспарлау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды;
Тармақша 10
10) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша есептер дайындауды;
Тармақша 11
11) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеуді;
Тармақша 12
12) жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және іске асыруды;
Тармақша 13
13) қала құрылысы құжаттамасының аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру бөліміне ұсынымдар әзірлеуді;
Тармақша 14
14) жол-көлік оқиғаларынан болған шығындарды және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмсалған бюджеттік шығындарды, сондай-ақ жолдардағы авариялылық деңгейін төмендетуге қабылданатын шаралардың тиімділігін мониторингтеуге қатысуды;
Тармақша 15
15) мыналар:
жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемаларын және көлік жүйесін кешенді дамыту бағдарламаларын әзірлеу;
қалалардағы жол жүрісін ақпараттық қамтамасыз ету арқылы елді мекендерге көлік жүктемесін төмендету бойынша шараларды орындауды;
Тармақша 16
16) ауыр салмақты және ірі габаритті жүк көлігінің жүруін ұйымдастыруды, оның ішінде оның көше-жол желісі бойынша жүруін әкімшілендіруді;
Тармақша 17
17) бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де іс-шараларға көліктік қызмет көрсету схемаларын келісуді;
Тармақша 18
18) қоғамдық көлік қозғалысының маршруттары мен параметрлерін және аялдама пункттерінің орналасуын келісуді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын жеткізуді (эвакуациялауды), сақтауды жол жүрісін ұйымдастыру орталығы жол жүрісі қағидаларында реттелмеген бөлігінде Астана, Алматы қалаларында жол жүрісін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес ақылы негізде жүзеге асырады.
Бап 10. 10-бап. Астананың әкімі
10-бап. Астананың әкімі
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктермен қатар, астана әкімі өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президентімен, Қазақстан Республикасының Парламентімен, Үкіметімен, өзге де орталық мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттер өкілдерімен қатынастарда астананың атынан өкілдік етеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тікелей астана мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын келіседі;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына астананың жұмыс істеуі мен оны дамыту мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және басқа да ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) астанада жалпымемлекеттік және халықаралық сипаттағы іс-шараларды өткізу туралы мәселелерді шешуге қатысады;
Тармақша 5
5) тиісті мемлекеттік органдарға астана аумағында орналасқан республикалық меншіктегі, қаланың астана функцияларын орындауын қамтамасыз ету үшін зор маңызы бар объектілерді қаланың коммуналдық меншігіне беру туралы ұсыныстар енгізеді.
Бап 11. 11-бап. Астананың коммуналдық меншігі
11-бап. Астананың коммуналдық меншігі
Астананың коммуналдық меншігі Қазақстан Республикасы мемлекеттік меншігінің құрамдас бөлігі болып табылады және мыналардан:
Тармақша 1
1) жеке меншіктегі жер учаскелерін қоспағанда, астана аумағындағы жер учаскелеріне меншіктен;
Тармақша 2
2) астана әкімдігі акционері (қатысушысы) ретінде болатын акционерлік қоғамдардағы акцияларға, жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестеріне меншік құқықтарынан;
Тармақша 3
3) астана көшелерінен, жылжымайтын мүлікке меншіктен;
Тармақша 4
4) астана әкімдігі меншік иесі ретінде болатын мемлекеттік мекемелердің және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкінен;
Тармақша 5
5) өзге де мүлік пен құқықтардан, оның ішінде мүліктік құқықтардан, активтерден тұрады.
Бап 12. 12-бап. Астанадағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
12-бап. Астанадағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
Тармақ 1
1.
Астананың
аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
астананың бас
жоспарына, қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасына, мемлекеттік нормативтерге
(мемлекеттік нормативтік құжаттарға), астананың бірыңғай сәулеттік келбетіне, дизайн-кодына қойылатын талаптарға
сәйкес және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 05.05.2017 № 59-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 3
3. Астана аумағының құрылыс салу мәселелерін қарау және үйлестіру үшін астана әкімі астананың қала құрылысы кеңесін құрады.
Астананың қала құрылысы кеңесін астана әкімі басқарады.
Астананың қала құрылысы кеңесінің құрамына астана құрамына астана әкімдігінің өкілдері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органының, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауының басшысы, жетекші сәулетшілер кіреді. Қала құрылысы кеңесінің жұмысына қоғамдық бірлестіктердің, қауымдастықтардың өкілдері және өзге де адамдар тартылуы мүмкін.
Астананың қала құрылысы кеңесі:
Тармақша 1
1) астана аумағындағы және қала маңы аймағындағы сәулет-қала құрылысы жобаларын қарайды;
Тармақша 2
2) астананы монументті-көркем безендіру мәселелері бойынша ұсыныстарды қарайды және енгізеді;
Тармақша 3
3) қала құрылысы кеңесі туралы ережеге сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Қала құрылысы кеңесі отырысының мерзімділігін астана әкімі айқындайды.
Тармақ 4
4. Астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында астананың жергілікті атқарушы органы көппәтерлі тұрғын үйлерге техникалық зерттеп-қараулар жүргізеді.
Техникалық зерттеп-қараулар актілерінің негізінде астананың жергілікті атқарушы органы астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған, жөндеуге жататын көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындайды.
Астананың жергілікті атқарушы органы үйлердің тізбесін айқындағаннан кейін көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы:
уәкілетті ұйымды тарта отырып, астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған жөндеуді жүргізу;
мердігер ұйымды таңдау;
көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісі арқылы астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығындарды толық өтеу жөнінде өтініш жасау туралы шешім қабылдайды.
Көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісі уәкілетті ұйыммен жөндеу жүргізуді ұйымдастыруға шарт жасасады.
Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігімен, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісімен жасасқан шарттың және пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналысы шешімінің негізінде уәкілетті ұйым мердігер ұйыммен шарт жасасады.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін уәкілетті ұйым көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігімен, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісімен бірлесіп мердігер ұйымнан жұмыстардың нәтижелерін қабылдайды.
Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісі астананың жергілікті атқарушы органына көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығындарды пәтерлердің, үй-жайлардың меншік иелеріне толық өтеу туралы өтініш жасайды.
Уәкілетті ұйым орындалған жұмыстар көлемі үшін мердігер ұйымға ақы төлеуді астананың жергілікті атқарушы органынан алынған және пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығындарды толық өтеуіне арналған қаражаттың есебінен жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру
және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз ету
үшін уәкілетті ұйымға:
Тармақша 1
1) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге
және оның дизайн-кодын сақтауды қамтамасыз етуге
бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуді ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) мыналармен:
көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігімен, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісімен;
мердігер ұйыммен шарттар жасасу;
Тармақша 3
3) орындалған жұмыстарға ақы төлеу;
Тармақша 4
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне қатысты мердігер ұйымдардың орындайтын жұмыстарына мониторинг және бақылау жасау өкілеттіктері берілген.
Бап 12-1. 12-1-бап. Астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-коды
12-1-бап. Астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-коды
Тармақ 1
1. Астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-кодына қойылатын талаптар дизайн-код объектілеріне қолданылады, оларға астананың ғимараттары мен құрылысжайлары, инженерлік және көлік коммуникациялары, стационарлық емес объектілері, инфрақұрылым объектілері, астананың тұрғын, қоғамдық, өнеркәсіптік, рекреациялық және басқа да функционалдық аймақтарындағы олардың кешендері, аяқталмаған құрылыс объектілері, көше-жол желісі, сондай-ақ сыртқы безендіру, жарықтандыру және иллюминация объектілері, жарнама объектілері, маңдайшалар мен нұсқағыштар да жатады.
Тармақ 2
2. Астана аумағын дамыту мен құрылысын салуды ұйымдастыру, қала құрылысын жоспарлау астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-кодына қойылатын талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Дизайн-код объектілерін салу, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, жөндеу, консервациялау және кейіннен кәдеге жарату, уақытша немесе тұрақты орналастыру, сондай-ақ осы жұмыс түрлерін ұйымдастыру, аумақты инженерлік тұрғыдан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру және сыртқы безендіру астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-кодына қойылатын талаптарға сәйкес астананың дизайн-кодын әкімшілендіру қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-кодына қойылатын талаптардың сақталуын бағалауды астананың дизайн-кодын қалыптастыру мен әкімшілендіруге жауапты ұйым жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Қалалық инфрақұрылымды ұйымдастыру кезінде жол жүрісіне қатысушыларды, мүгедектігі бар адамдарды, кәмелетке толмағандар мен зейнеткерлерді қоса алғанда, азаматтардың барлық санаттарының оған жайлы қол жеткізуін қамтамасыз ететін астананың жол-көлік және әлеуметтік инфрақұрылымының тиісті жай-күйінен көрінетін қолжетімді орта қамтамасыз етілуге тиіс.
Бап 12-2. 12-2-бап. Астананың орманды саябақ аймағы режимінің ерекшеліктері
12-2-бап. Астананың орманды саябақ аймағы режимінің ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Астананың орманды саябақ аймағы деп астана аумағы шегіндегі қорғау, сауықтыру функцияларына және рекреациялық функцияларға арналған және соларды орындайтын жерлер танылады.
Тармақ 2
2. Астананың орманды саябақ аймағының шекараларын белгілеу және өзгерту туралы шешімді астананың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Тармақ 3
3. Астананың орманды саябақ аймағының жерлерінде экологиялық жүйенің, өсімдіктердің, жануарлар мен басқа да организмдердің жай-күйіне және қалпына келтірілуіне теріс әсер ететін кез келген қызметті жүзеге асыруға, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға және айдауға, қоқысты жинап қоюға, топырақ қабатын бұзуға, аң аулауға, жануарларды заңсыз аулауға, алып қоюға және жансыздандыруға, олардың мекендеу ортасы мен жағдайларын бұзуға, табиғи келбетінің өзгеруіне немесе экологиялық жүйелер орнықтылығының бұзылуына алып келуі мүмкін өзге де қызметке тыйым салынады.
Бап 13. 13-бап. Астананың инфрақұрылымы
13-бап. Астананың инфрақұрылымы
Астананың инфрақұрылымы:
Тармақша 1
1) инженерлік инфрақұрылымды;
Тармақша 2
2) көліктік инфрақұрылымды;
Тармақша 3
3) тұрғын үй қорын, денсаулық сақтау, білім беру және ішкі сауда объектілерін инженерлік қамтамасыз ету, пайдалану және жөндеу жүйесін;
Тармақша 4
4) абаттандыру және көгалдандыру жүйесін;
Тармақша 5
5) астананың жұмыс істеуі үшін қажетті басқа да объектілер мен жүйелерді қамтиды.
Бап 13-1. 13-1-бап. Астана бюджеті
13-1-бап. Астана бюджеті
Тарау 3. 3-тарау. Қорытынды ережелер
3-тарау. Қорытынды ережелер
Бап 14. 14-бап. Мемлекет мұқтаждары үшін жер учаскелерін алып қою ерекшеліктері
14-бап. Мемлекет мұқтаждары үшін жер учаскелерін алып қою ерекшеліктері
Бап 15. 15-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
15-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 1998 жылғы 20 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 7-8, 79-құжат; 2001 ж., N 15-16, 228, 229-құжат; 2002 ж., N 6, 75-құжат; 2003 ж. N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат) күші жойылды деп танылсын.