Саяси партиялар және кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орын белгілеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Саяси партиялар және кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" № 2464 Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі және Аманкелді аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Саяси партиялар және кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орын белгіленсін (қосымшаға сәйкес).
Тармақ 2
2. Село, ауыл және ауылдық округ әкімдері саяси партиялар және кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен және тұғырлықтармен жарақтандырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он (10) күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.
Басқа 5