Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов Қолданыста
Басқа 0
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауына байланысты, Қазақстан Республикасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес және сайлау комиссияларының келісімін ескере отырып, Ақтау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары қосымшаға сай белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ақтау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Ахметов) үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
Тармақ 3
3. Ақтау қалалық әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы» 2005 жылғы 17 қазандағы № 1275 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Г. Жүсекееваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Ақтау қалалық әкімдігінің
16.07.2007 жылғы
№ 1058 қаулысына Қосымша
Үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
Тармақ 1
1. 1 шағын аудан, «Достық» мәдениет үйінің жанында (ақпараттық тақта).
Тармақ 2
2. 2 шағын аудан, Маңғыстау Гуманитарлық колледжі жанындағы аялдама (тұғырлық).
Тармақ 3
3. 3 шағын аудан, «Аққу» сауда орталығы жанындағы аялдама (ақпараттық тақта).
Тармақ 4
4. 3 «б» шағын аудан, энергетикалық колледж ғимаратының жанындағы аялдама (ақпараттық тақта).
Тармақ 5
5. 6 шағын аудан, № 36 үйдің жанындағы аялдама (ақпараттық тақта).
Тармақ 6
6. 8 шағын аудан, № 20 үйдің жанындағы аялдама (тұғырлық).
Тармақ 7
7. 8 шағын аудан, бұрынғы Каспий аймақтық құрылыс басқармасы ғимаратының жанында (тұғырлық).
Тармақ 8
8. 8 шағын аудан, «Элит Альянс» бизнес орталығының жанында (тұғырлық).
Тармақ 9
9. 8 шағын аудан, облыстық музыкалық-драма театры жанында (тұғырлық, ақпараттық тақта).
Тармақ 10
10. 9 шағын аудан, «Түріктің тәтті тағамдары» дүкенінің жанындағы аялдама (ақпараттық тақта).
Тармақ 11
11. 11 шағын аудан, «Юность» сауда орталығының жанындағы аялдама (ақпараттық тақта).
Тармақ 12
12. 27 шағын аудан, «Достар» жанар-жағар май стансасының маңындағы аялдама (тұғырлық).
Тармақ 13
13. 26 шағын аудан, «Достық» сауда орталығы жанындағы аялдама (тұғырлық).
Тармақ 14
14. 12 шағын аудан, «Жас қанат» спорт кешенінің маңында (тұғырлық).
Тармақ 15
15. 5 шағын аудан, облыстық Филармония ғимаратының жанында (тұғырлық).