Түпқараған ауданы бойынша
нысаналы топтағы жұмыссыздарды
жұмысқа орналастыру үшін
әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», Заңдарына және Түпқараған аудандық мәслихатының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №30/193 «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Түпқараған ауданы бойынша нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы от 05.07.2007 г. № 94 (Түпқараған ауданы бойынша нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы)
1. Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі-уәкілетті орган) нысаналы топтағы жұмыссыздардың әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуына ықпал ететін уәкілетті орган болып табылады.
2. Түпқараған ауданының әкімдігі жыл сайын әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектілерінің тізімін, жолданатын жұмыссыздар саны, жасалатын жұмыс түрлерін, көлемін, мерзімін, қаржыландыру көздерін айқындайды.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектілерін іріктеу кезінде тартылған жұмыссыздаға жеке қабілеті, мамандығы және жұмыс өтілі бойынша тұрақты жұмыс орнын құру мүмкіндігі бар жұмыс берушілер басымдыққа ие болады.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілер уақытша жұмыс орындарын құруға, жұмыс орындарының санын шектемеуге, оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындарды пайдаланбауға және жұмысты уақытша сипатта ұйымдастыруға тиіс.
5. Әлеуметтік жұмыс орны жұмыс берушілер мен ұйымдастырылады және аудандық бюджет пен жұмыс берушінің қаражаты есебінен қаржыландырылады.
6. Әлеуметтік жұмыс орны аудан әкімдігі айқындаған жұмыс беруші мен уәкілетті органның келісім шарты негізінде жұмыссыздардың нысаналы топтарына алты ай мерзімге ұйымдастырылады.
7. Әлеуметтік жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбекақысы қолданыстағы заңнамамен белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде белгіленеді.
8. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмысқа қабылданған жұмыссызға өз қаражаты есебінен қосымша еңбекақы төлеуге құқылы.
9. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілер жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге қажет шығындарды аудандық бюджет есебінен өтеу үшін қажетті қаражатқа сұранысына қосымша жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, жұмыс уақыты есебін жүргізу табелін тапсырады.
10. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруына бақылау және аудандық бюджет қаражаты есебінен жұмыссыздардың еңбекақыларын уақтылы аудару уәкілетті органға жүктелді.
11. Қоса беріліп отырған 2007 жылға арналған нысаналы топтардағы жұмыссыздардың әлеуметтік жұмыс орындарын құрушы шаруашылық субъектілерінің тізімі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
12. Осы қаулының орындалысын баұылау аудан әкімінің орынбасары А.Досановаға жүктелсін.
13. Осы қаулының ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Аудан әкімінің орынбасары
А.С.Досанова
05.07.2007 ж.
Аудан әкім аппаратының жетекшісі
Қ.М.Маңғыбаев
05.07.2007 ж.
Аудан әкім аппаратының заңгері
Г.А.Кірпібаева
05.07.2007 ж.
Аудандық экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің жетекшісі
С.Қ.Қани
05.07.2007 ж.
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
жетекшісі
Д.Шүкірбаева
05.07.2007 ж.
Түпқараған ауданы әкімінің
2007 жылғы 05.07
№97 қаулысына қосымша
2007 жылға арналған нысаналы топтардағы жұмыссыздардың әлеуметтік жұмыс орындарын құрушы шаруашылық субъектілерінің тізімі
қ/р
саны
Мекемелер аты
Орта табыс теңге
Қаржы көлемі
Жұмыс түрлері
Мерзімі
Қаржыландыру көздері
1.
Таущық селосы әкімінің аппараты ЖШС Таущық
9752
117,0
Тазалық жұмыстары,көгалдандыру абаттандыру,көрпе тігу,жүн түту
6- ай
Аудандық бюджет
2.
Ақшұқыр селосы әкімінің аппараты Ақшұқыргаз сервиз
9752
234,0
Тазалық жұмыстары, көгалдандыру,абаттандыру
6- ай
Аудандық бюджет
3.
Қызылөзен селосы әкімінің аппараты ЖШС Қарағантүбек
9752
58,6
Тазалық жұмыстары, көгалдандыру,абаттандыру
6- ай
Аудандық бюджет
Барлығы;
409,6