О переименовании села Сергиополь, Сергиопольского сельского округа Аягозского района Восточно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сергиополь ауылдық округі Сергиополь ауылының атын қайта атау туралы
«"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
6-бабының
1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
11-бабының
4) тармақшасына сәйкес, "Аягөз ауданы Сергиополь ауылдық округі Сергиополь ауылының атын өзгерту туралы" мәслихаттың 2007 жылғы 13 ақпандағы N 01-02/32-12 бірлескен шешімі мен әкімдіктің 2007 жылғы 13 ақпандағы N 628 қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ
және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сергиополь ауылдық округі Сергиополь ауылы Мамырсу ауылы болып;
Тармақша 2
2) Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сергиополь ауылдық округі Мамырсу ауылдық округі болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім мен қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.