Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в Щучинском районе Қолданыста
Басқа 0
Щучье ауданында мүгедектер үшін жұмыс орнындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2 тармақшасына сәйкес, мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталауда бірыңғай жағдай белгілеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Щучье ауданының отыз бестен астам жұмыскерлері бар жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қ. Алтаеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Щучье ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.