Атырау қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, Атырау облыстық және қалалық Мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»Заңының 37, 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28 баптарына сәйкес және үгіт материалдарын орналастыруды реттеу мақсатында қалалық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Атырау қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, Атырау облыстық және қалалық Мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы от 28.06.2007 г. № 204 (Атырау қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, Атырау облыстық және қалалық Мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы)
1. Атырау қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, Атырау облыстық және қалалық Мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімі аппаратының жетекшісі Н. Ожаевқа жүктелсін.
Жобаны ұсынған:
Қала әкімі аппаратының
жетекшісі Н. Ожаев
Келісілді:
Қала әкімінің орынбасары А. Әбдіров
Қала әкімінің орынбасары Ә. Нұрлығожиев
Қала әкімінің орынбасары Б. Иманғалиев
Қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық
және әскери-жұмылдыру жұмысы
бөлімінің бастығы Н. Оразғалиев
Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімінің бастығы Ә. Сабыров
Қалалық қаржы бөлімінің бастығы А. Айтбаев
Қала әкімі аппараты жалпы
бөлімінің бастығы К. Ермекова
Қала әкімі аппараты жалпы
бөлімінің бас маманы Қ. Аюпова
Қосымша келісілді:
Атырау облыстық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
Н. Таубаев
«28» маусым 2007 ж.
Атырау қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Н. Бердібек
«28» маусым 2007 ж.
Қалалық әкімияттың
2007 жылғы «28» маусым
№ 204 қаулысына қосымша
Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының ТІЗБЕСІ
Орналасқан жері
1
Махамбет-Абай көшелерінің қиылысы
2
Махамбет көшесі («Пассаж» дүкені жанында)
3
Сатыбалдиев көшесі («Дина» базары)
4
Тұрғын үй қалашығы шағын ауданының аялдамасы
5
Авангард шағын ауданының соңғы аялдамасы
6
Құрманғазы көшесі («Идеал» дүкенінің жаны)
7
Құрманғазы көшесі («Шаңырақ» мейрамханасының жаны)
8
Сәтпаев көшесі, 14 үй
9
Сәтпаев – Владимирская көшелерінің қиылысы («Өнерпаз» ғимараты)
10
Жеңіс паркі
11
Балықшы кентінде Бейбітшілік даңғылындағы Халықтар достығы паркінің аллеясы
12
Жұмыскер кентіндегі Ақ жайық көшесі, 67 үй («Запстройиндустрия» ЖШС-ннің ғимараты)
13
Ақсай селолық окугінің Уәлиев көшесіндегі Ақжар дәрігерлік амбулаториясының маңы
14
Атырау селосындағы Дамбы бастапқы дәрігерлік көмек көрсету орталығының ғимараты
15
Геолог селолық округі бойынша Бірлік селосындағы Жоламанов көшесі, 10 үй (кітапхана ғимаратының маңы)
16
Еркінқала селолық округіндегі Түсіпқалиев көшесі, 1 үй («Ару аққу» мейрамханасының маңы)
17
Қайыршақты селолық округіндегі Колхоз көшесі, 2 («Іңкар» дүкенінің маңы)
18
Дамба селолық округіндегі Амангелді селолық Мәдениет үйінің ғимараты
19
Кеңөзек селолық округіндегі Орталық көшесі, 24 үй («Нарсен» дүкенінің маңы)