«Қаратөбе ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысының беру тәртібі мен мөлшері туралы Ережені» бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағын басшылыққа алып аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
«Қаратөбе ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысының беру тәртібі мен мөлшері туралы Ережені» бекіту туралы от 11.07.2007 г. № 35-6 («Қаратөбе ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысының беру тәртібі мен мөлшері туралы Ережені» бекіту туралы)
1. «Қаратөбе ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Ереже» №1 қосымшаға сай бекітілсін;
2. Осы шешім қабылдануына байланысты аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 2 маусымдағы №7-5 «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету туралы Ережені бекіту туралы» (тіркеу №2696; 24.06.2004 жыл; «Еңбек туы» газетінің №30 санында 16.07. 2004 ж. жарияланған) және 2004 жылғы 2 қыркүйектегі №9-2 «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету туралы Ережеге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» (тіркеу №2762; 17.09.2004 жыл «Еңбек туы» газетінің №43 санында 15.10.2004 ж. жарияланған ) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын;
3. Осы шешім аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Қаратөбе аудандық мәслихатының
«11» шілде 2007 жылғы кезекті
сессиясының № 35-6 шешімімен
бекітілген № 1 қосымша
Қаратөбе ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы ЕРЕЖЕ
Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын және 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97- бабының 2-тармақшасын басшылыққа алып жасалды.
1. Тұрғын үй көмегі
1.1. Тұрғын үй көмегі - аудан халқы арасындағы аз Қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын жайдың меншік нысанына, арнайы мемлекеттік жәрдемақы түрлеріне, сондай - ақ әлеуметтік қорғаудың басқа түрлеріне қарамай берілетін, тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызмет ақысын төлеу шығындарын өтеуге арналған өтемақы.
1.2. Тұрғын үй көмегі Қаратөбе ауданы аумағында тұрақты тұратын тұрғын жай иелеріне немесе меншігінде тұрғын жайы жоқ жалдаушы Қазақстан Республикасының азаматтарына тағайындалады.
1.3. Тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметті пайдалану ақысын төлеудің шекті шығын көлемі егерде отбасы құрамында бірге тұратын зейнеткерлер, барлық топтағы мүгедектер және оларды күтетін азаматтар, жасы 50-ден асқан жұмыссыз әйелдер, жасы 55-тен асқан жұмыссыз ерлер, тұл жетім балалар, асыраушысынан айырылғандар немесе некесіз бала тәрбиелеп отырған азаматшалар болса және жалғызбасты немесе ерлі - зайыпты жұптар үшін, ата-анасыз қалған балалармен бірге тұратын немесе үш жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған баласымен бірге тұратын зейнеткерлер үшін отбасының жиынтық табысының 15% көлемінде белгіленсін, ал басқа санаттағы азаматтарға отбасының жиынтық табысының 30% көлемінде белгіленсін.
1.4. ҰОС мүгедектері мен қатысушыларымен бірге тұратын отбасыларына тұрғын үй көмегі табысы есепке алынбай жүзеге асырылады және жылына бір рет тағайындалып, төленеді және аталған азаматтар үшін тұрғын үй көмегін тағайындау үшін ҰОС мүгедегі мен қатысушы атынан өтініш, оған тіркелген жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, ҰОС қатысушысы немесе мүгедегі куәлігінің көшірмесі және осы аудан көлеміңдегі жергілікті тұратын жерінен сол жерде тұратындығы жөніндегі анықтамасын тиісті орынға тапсырулары қажет.
Тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну үшін төлемақы, тұрғын жай иесі немесе жалдаушы екендігіне қарамастан ҰОС мүгедегіне немесе қатысушыға төленеді.
ҰОС мүгедектері мен ардагерлеріне жылына 1 рет тұрғын үй көмегі 36141 теңге көлемінде беріледі.
ҰОС мүгедектері мен ардагерлерінің шығындарының пайдалану есебі:
Электр қуаты 100 квт х 4,61теңге х 12 ай = 5532
Салқынсу 900 литр х 1 адам х 0,20 тиын х 12 ай = 2160
Газ баллон 1дана х 1 100 теңге х 12 ай = 13200
Жылу (отын) 72,8кг х 36 ш.м = 2,621 тонна х 5818теңге = 15249
Барлығы: 36141 теңге. »
1.5. Тұрғын үй көмегінің көлемі тұрғын жай иесінің (жалдаушы) өтемақы төлеу шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шеңберінде тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну үшін төлейтін нақты төлемақы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсай алатын ең жоғары шығын деңгейі арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
1.6. Тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысы сомасының кұрамына мыналар енеді: канализация арқылы жүргізілген салқын суға тұрмыстық газ плиталарға қолданылатын газ баллонға, электр жарығына, қысқы мерзім кезінде үйді жылыту үшін отын ретінде қолданылған көмір немесе тезекке жұмсалған шығын қаражаттары.
1.7. Қаратөбе ауданы бойынша тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалану нормативі төменде көрсетілгендей болып белгіленсін:
- Су құбырынан алынатын ауыз су мөлшері адам басына шаққанда тәулігіне 30 литр, 1 литр салқын судың құны - 0,20 теңге,
- Әр отбасына айына газ баллон нормасы 11 килограмдық 1 баллон, құны - 1100 теңге (тасымал құны қоса есептелмегенде),
- Көмір әр отбасының тұрғын үйінің 1 шаршы метріне 72,8 кг шартты отын, көмір құны 5818 теңге (тасымал құны қоса есептелмегенде),
- Егерде тұрғын жайды жылыту үшін көмір қолданылмай тезек қолданған жағдайда әр отбасына бір айға бір көлік тезек, құны - 5800 теңге,
- Электрэнергия мөлшерлемесі 1 кв.сағ - 4,61 теңге, 100 квт артық көрсетілген шығын есептелмейді.
Белгіленген тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалану нормативі өзгерген жағдайда тұрғын үй көмегі өзгеріске сай есептеледі.
1.8. Тұрғын жай алаңының нормасы пайдаланып отырған бір тұрғын жай бірлігі мемінде, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 75ші - бабына сәйкес әр адамға 18 шаршы метр пайдалы алаң болып белгіленсін.
1.9. Тұрғын үй көмегі Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы ұсынылады.
1.10. ҰОС мүгедектері мен қатысушыларды, күтімге мұқтаж деп танылған тұлғаларды есе мүгедектерді күтіп отырған тұлғаларды, 7 жасқа дейінгі бала күтуші аналарды, туберкулезбен ауыратын азаматтарды, уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік-кеңестік, комиссияның қортындысы бар, психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған тұлғаларды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, барлық топ мүгедектері мен зейнеткерлерді, жалғызбастыларды, асыраушысынан айырылған немесе некесіз бала тәрбиелеп отырғандарды, жұмыс істейтіндерді, жұмыспен қамту қызметіне жұмыссыз ретінде тіркелгендерді және өзін-өзі қамтып отырған тұлғаларды қоспағанда, еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, ери қызмет атқармайтын, жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшесі бар отбасылар тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ.
Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғаларға тұрғын үй көмегі жұмыссыз статусы берілген айдан бастап тағайындалады.
Жеке меншігінде бір тұрғын жай бірлігінен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын а немесе жартылай жалға берген тұлға тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
1.11. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем түрінде белгіленеді және тұрғын жай меншіктенушіге немесе пайдаланушыға тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін есептелген сомамен салыстырғанда төлемақының азаюы ретінде аударым арқылы ұсынылады және тұрғын жай меншіктенушінің немесе пайдаланушының жеке есеп шотына аударылады.
Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын жай ұстау және коммуналды қызметтерді пайдалану үшін белгіленген нормаларға сәйкес есептелген нақты төлемақы сомасынан аспауы тиіс.
1.12. Тұрғын үй көмегі Қазақстан ұлттық банкісінің келісімімен Қаржы министрлігі тізімін бекіткен екінші дәрежелі банктер арқылы, жергілікті бюджеттен осы мақсаттарға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бөлінген қаржы есебінен азаматтардың жеке шоттарына аудару жолымен төленетін болып белгіленсін.
Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі мен шарттары аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, тиісті банктер және алушы арасында жасалған үшжақты келісіммен белгіленеді.
1.13. Тұрғын үй көмегі жарты жылдық бойынша алты ай мерзімге тағайындалады, осыған сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш пен тиісті құжаттар аз қамтылған отбасыларынан әр жарты жылдықтың алғашқы айында, яғни айтқанда қаңтар және шілде айларында ғана тиісті орындар арқылы қабылданады, ал басқа айларда тұрғын үй көмегі үшін өтініш пен тиісті құжаттар қабылданбайды Тұрғын үй көмегі жартыжылдық сайын тоқсандарға бөле отырып тағайындалады. Бірінші жартыжылдықта 1 тоқсан жылу мерзімі, 2 тоқсан жазғы мерзім, екінші жартыжылдықта 3 тоқсан жазғы мерзім, 4 тоқсан жылу мерзімі. Жаңа мерзімге көмек алғашқы процедураға сәйкес рәсімделеді. Отбасының тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалануға жұмсай алатын шығын деңгейі, отбасының табыс мөлшері, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетулердің тарифтері өзгерген жағдайда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі уақытында есептелмеген табысын бұрын тағайындалған көмекті қайта есептейді.
1.14. Тұрғын үй көмегін төлеу кезінде туындаған дауды аудан әкімшілігі жанындағы «Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы комиссия» заңға сәйкес шешеді.
1.15. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін тағайындауға қатысы бар қандай да болмасын өзгерістер жөнінде 10 күн мерзім ішінде (отбасы құрамы, табысы, жылжымайтын мүлік алуы және пәтер жалдаушылар жіберуі т.б), сондай-ақ көмекті қате есептеу жайттары жөнінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарлауға міндетті. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қасақана қате мәліметтер бергендігі салдарынан заңсыз көмек тағайындалып, тағайындалған көмек деңгейі заңсыз көтермеленген болса, меншік иесі (жалдаушы) тұрғын үй көмегің алу құқығынан бір жыл мерзімге айырылады, ал заңсыз түрде алынған тұрғын үй көмегі түріндегі сомалар ерікті түрде, бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуы тиіс;
2. Тұрғын үй көмегін есептеу.
2.1. Тұрғын үй көмегін.тағайындау жөніндегі шешім тұрғын жай иесінің (жалдаушы) өтініші мен оған тіркелген жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, азаматтарды тіркеу куәлігінің көшірмесі (үй кітабы), пайдаланып отырған алаң көлемі жөнінде (техникалық төлқұжат), ҰОС қатысушысы немесе мүгедегі куәлігінің көшірмесі, мүгедек күтімінің заңдылығын куәландыратын құжат, жұмыспен қамту қызметіне жұмыссыздар ретінде тіркелгені туралы анықтама, оқу орнынан оқитыны жөніндегі анықтама, өтініш беру мерзіміне сәйкес отбасының жеке шаруашылығындағы малы туралы және -өткен жартыжылдықтағы табыстары жөнінде мәлімет, тұрғын жай ұстау, коммуналдық қызмет ақысын төлеу бойынша төлем құжаттары (түбіртектер мен кітапшалар) негізінде қабылданады. Сондықтан тұрғын үй көмегін алушылардың жеке істеріне Қазақстан Республикасы заңнамаларында тікелей қарастырылған жағдайларды қоспағанда, басқа төлем құжаттары тіркелмейді.
Отбасының жиынтық табысын есептеу барысында өтініш білдірген кездегі отбасы құрамының табысы ескеріледі.
Отбасының орташа жиынтық табысы өтініш білдіргенге дейінгі отбасының өткен мерзімге жиынтық табысын айларға бөлу арқылы жүзеге асырылады.
2.2. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша отбасына шарт және тұрғын үйді
күтіп ұстау және коммуналдық қызметті пайдалану шығындары жөнінде мәлімет жасалады. Мәліметте көмек тағайындау есебі көрсетіледі.
Шарттың бір данасы тұрғын жайдың меншік иесінде (жалдаушыда) сақталады. Шарт тұрғын үй көмегін беруге негіз болып табылады.
2.3. Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына күмәнданған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері, отбасының табыстары жөнінде қосымша ақпарат сұратуға сонымен қатар қажет болған жағдайда өтініш иесінің материалдық-тұрмыстық жағдайына акт жасауға (пәтерін жалға бергендігін және т.б.) және басқа да материалдық- тұрмыстық жағдайын тексеруге құқылы.
2.4. Отбасының жиынтық табысы құрамына бала тууға берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мен жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақыны қоспағанда, кәсіпкерлік кызметтен алатын, отбасының барлық мүшелерінің нақты еңбекақы түрінде алатын табыстары, мүліктік табысы, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы мен басқа да әлеуметтік көмек түрлері (жәрдемақы, өтемақы), балалар мен асырауындағы басқа тұлғаларға алынатын алименттер, ақшалай және заттай түрінде алынған ұтыстар, жеке қосалқы шаруашылығынан түскен табыстары кіреді.
2.5. Алушының көмек сомасы төлем органың кінасынан дер кезінде есептелмеген жағдайда, осы Ереженің 1.14 тармақшасына сәйкес аудан әкімшілігі жанындағы «Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы комиссияның шешімі бойынша төленеді.
3. Тұрғын үй жәрдемақысын қаржыландыру көзі.
3.1. Барлық меншік нысанындағы тұрғын үйлердің тұрғындарына тұрғын үй көмегін, қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
3.2. Жыл сайын Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен тұрғын үй көмегін қаржыландыруға бюджеттік сұраным дайындалып, Қаратөбе аудандық мәслихатының сессиясында бекітіледі. Аудандық қаржы бөлімі ақшалай қаржыны ай сайын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне аударады. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ай сайын тағайындалған және төленген сома жөнінде мәліметті назарға алу үшін аудандық қаржы бөліміне ұсынып отырады.
3.3. Аудандық қаржы бөлімі жылына кемінде бір рет алғашқы құжаттар бойынша тұрғын үй көмегіне бюджеттік қаржының жұмсалуының дұрыстығын тексеруге және қортындылары туралы аудандық мәслихатқа хабарлауға міндетті.
3.4. Қате рәсімделген құжаттар бойынша тұрғын үй көмегі заңсыз тағайындалған жағдайда кінәлі лауазым иелері ҚР заңдарымен белгіленген тәртіп бойынша жауапқа тартылады.