Об утверждении ставки акциза на объекты игорного бизнеса Қолданыста
Басқа 0
Ойын бизнесі объектілеріне акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 258 бабы 4 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ етеді:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Павлодар ауданының аумағында орналасқан ойын бизнесі объектілеріне акциз мөлшерлемелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Павлодар ауданы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі, азаматтардың өтініштері, аграрлық саясат және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Басқа 4
Павлодар аудандық мәслихаттың
(3 шақырылған 28 сессиясы)
2007 жылғы 1 ақпандағы № 28/172
«Ойын бизнесі объектілеріне
акциз мөлшерлемелерін
бекіту туралы» шешіміне
қосымша
Қызмет түрлері
Акциздің базалық мөлшерлемесінің көлемі
Бір ойыншыға арналған ақшалай ұтысы бар ойын автомат
48