Об утверждении Положения о таможенном режиме реимпорта товаров Күшін жойған
Басқа 0
Тауарлар керi импортының кедендiк режимi туралы ереженi бекiту туралы
Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001.02.09. № 46 бұйрығымен
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағыкеден iсi туралы" Жарлығының ережелерiн iске асыру мақсатында
БҰЙРЫҚ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. "Тауарлар керi импортының кедендiк режимi туралы ереже" (қоса тiркелiп отыр) бекiтiлсiн және 1996 жылдың 1 қазанынан бастап күшiне
ендiрiлсiн.
Тармақ 2
2. Кеден басқармалары мен кедендердiң бастықтары осы Бұйрықтың мазмұнын декларанттарға және қызмет аймағы тиiстi кеден органдарында орналасқан өзге де мүдделi кәсiпорындар мен ұйымдарға жеткiзсiн.
Тармақ 3. Тауарлар керi импортының кедендiк режимi туралы ЕРЕЖЕ
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Кеден комитетi Төрағасының Бiрiншi орынбасары В.Д.Кирдановқа жүктелсiн.
Тауарлар керi импортының кедендiк режимi туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Тауарлардың керi импорты - экспорттың кеден режимiне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетiлген, кеден баждары, қосымша құнға салықты, акциздер алынбай, сондай-ақ тауарларға экономикалық саясат шаралары (квоталау, лицензиялау ж.т.б.) қолданылмай, осы Ережемен белгiленген мерзiмдерде қазақстандық тауарлардың керi әкелiнетiн кедендiк режимi.
Тармақ 1.2
1.2. Тауарлар керi импортының кедендiк режимiмен шет ел тауарларын, сонымен қатар басқа да кедендiк режимдерiне (уақытша әкету, Қазақстан Республикасы өкiлдiктерi үшiн шет елге әкету, кеден аумағынан тыс ұқсату, шет мемлекетiнiң аумағы арқылы өткiзу жағдайындағы транзит) сәйкес Қазақстан Республикасы кеден аумағынан әкетiлген қазақстандық тауарларды орналастыруға болмайды.
Тауарлар керi импортының кедендiк режимiмен Қазақстан Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарларды орналастыруға болмайды.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Тауарларды керi импорттың кедендiк режимiмен орналастырудың шарттары
2. Тауарларды керi импорттың кедендiк режимiмен орналастырудың шарттары
Тармақ 2.1
2.1. Тауарларды керi импорттың кедендiк режимiмен орналастыру үшiн:
Тармақша а
а) Қазақстан Республикасы аумағынан одан тысқары экспорттың кеден режимiне сәйкес әкетiлген тауарлар болуы;
Тармақша б
б) әкету сәтiне дейiн қазақстандық тауар, яғни барлық кеден төлемдерi мен салықтары төлене отырып, Қазақстан Республикасының аумағында еркiн айналымға шығарылған қазақстандық тауарлар не шет елдiк тауарлар болуы;
Тармақша в
в) әкету сәтiнен бастап үш жыл бойы Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелiнген тауарлар болуы тиiс.
Әкету күнi болып әкету кезiнде кедендiк жүк декларациясының қабылданған күнi саналады.
Тармақша г
г) тасымалдау мен сақтаудың қалыпты шарттары кезiнде табиғи тозу не кему салдарынан өзгерудi және осы Ереженiң 2.5. және 2.6. -тармақтарында көзделген басқа жағдайларды қоспағанда әкету сәтiндегi күйде болуы тиiс.
Тозу не кемудiң табиғилығы және тасымалдау мен сақтаудың қалыпты шарттары Қазақстан Республикасының тауарлардың осы санатына қатысты стандарттарымен және қолданылып жүрген өзге де қалыпты актiлермен айқындалады.
Тармақ 2.2
2.2. Тауарлар керi импортының кедендiк режимiмен орналастырылатын тауарлардың экспорттың кеден режимiмен сәйкес әкетiлген тауарлармен бiртектiлiгi, оларды әкету фактiсi, әкету сәтi, сондай-ақ тауарлардың қазақстандық тауарлар екендiгi кеден органы лауазымды адамдары үшiн шынайылыққа және шындыққа күмән келтiрмейтiндей әдiспен белгiленуi тиiс. Аталған жағдаяттарды дәлелдеу мiндеттi мүдделi адамға жүктеледi.
Тармақ 2.3
2.3. Тауарларды Қазақстан Республикасынан тысқары өндiрiстiк немесе өзге коммерциялық мақсаттарда пайдалану көрсетiлген тауарларды керi импорттың кедендiк режимiмен орналастыру үшiн кедергi бола алмайды.
Тармақ 2.4
2.4. Тауарларды кез келген адам оларды қандай адамның әкеткенiне қарамастан керi импорттың кедендiк режимiмен орналастыра алады.
Тармақ 2.5
2.5. Авария немесе тежеусiз күш салдарынан тауарлар бүлiнетiн немесе өзгеше нашарлайтын болса, тауарлар кеден органы лауазымды адамдары үшiн шынайылыққа және шындыққа күмән келтiрмейтiндей әдiспен авария немесе тежеусiз күш әрекетiнiң фактiсiн растаған жағдайда керi импорттың кедендiк режимiмен орналастырылуы мүмкiн.
Тармақ 2.6
2.6. Қазақстан Республикасынан тысқары болған кезiнде тауарлар оларды сақтауды қамтамасыз ету, тәртiпке, келтiрудi қоса ұсақ жөндеу операцияларынан және осындай тауарларды әкету сәтiнде анықталатын құны осындай операциялардың нәтижесiнде өспеген жағдайда басқа да ұқсас операциялардан өтуi мүмкiн.
Әкету сәтiндегi құн мен әкелу сәтiндегi құнның қатынасы АҚШ доллары негiзiнде анықталады. Келiсiмдегi немесе өзге де құжаттағы бағалар кез келген валютада көрсетiлетiн жағдайда осы валюталарды қайта есептеу тиiсiнше әкету немесе әкелу сәтiндегi АҚШ долларына қатысты бағаммен жүргiзiледi.
Тармақ 3
Тарау 3. 3. Кеден баждарын, салықтарды және өзге де төлемдер мен өтеулердi қолдану
3. Кеден баждарын, салықтарды және өзге де төлемдер мен өтеулердi қолдану
Тармақ 3.1
3.1. Тауарларды әкету сәтiнен бастап үш жыл бойы кеден органы әкету кеден баждарының төленген сомаларын қайтарады.
Тармақ 3.2
3.2. Төленген сомаларды қайтару төмендегiдей жағдайларда:
- егер тауарларды әкету кеден бажын төлеген не осындай төлемдер өзiнiң мүддесiне бола жүргiзiлген адам ғана әкеткен және әкелген болса;
- егер кеден органына негiзiнде әкету кеден баждары есептелген және төленген кедендiк декларацияның данасы және осы төлемдер төленген кеден органының немесе оның құқықтық мұрагерiнiң төлемдердiң кеден органдары шоттарына немесе тiкелей бюджетке түскенiн жазбаша растаумен көрсеткен жағдайында. Жазбаша растау қаржы құжаттарына қойылатын талаптарға сай келуi тиiс;
- егер осы тармақтың екiншi абзацында келтiрiлген адам кеден органына төленген сомаларды қайтару туралы жазбаша өтiнiш берсе жүргiзiледi. Мұндай өтiнiш ырықты нысанда жасалынады. Төленген сомаларды қайтару туралы өтiнiш тауарлар керi импорттың кедендiк режимiмен орналастырылатын кедендiк жүк декларациясын қабылдау күнiнен бастап бiр жыл өткенге дейiн берiлуi қажет.
Аталған шарттардың бiреуiнiң ғана сақталмаған жағдайында кеден баждарының төленген сомаларын қайтару жүргiзiлмейдi.
Тармақ 3.3
3.3. Кеден бажының төленген сомасы ғана қайтаруға жатады.
Өсiм айыбының, кейiнге қалдыру ақысының сомаларын және осындай төлемдердi қайтару жүргiзiлмейдi.
Қайтарылатын сомалар индекстелiнбейдi, олардан проценттер төлеттiрiлмейдi.
Төлеу кеден баждарының қандай валютада төленгенiне қарамастан Қазақстан Республикасының валютасында жүргiзiледi. Егер төлем Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң бағамымен бағаланатын шет ел валютасында жүргiзiлген болса, онда шет ел валютасын Қазақстан Республикасының валютасына қайта есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мәлiмделiнген керi импорттың кедендiк режимiмен кедендiк жүк декларациясы қабылданған күнi қолданылатын бағамы бойынша жүргiзiледi. Егер төлем өзге ел шет валютасында жүргiзiлген болса, онда теңгеге қайта есептеу төлем төленген күнi қолданылатын бағам бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 3.4
3.4. Төленген сомаларды қайтаруды керi импорттың кедендiк режимiмен орналастырылатын тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн кеден органы қамтамасыз етедi.
Тармақ 3.5
3.5. Экспортталған тауарлардың топтама бөлiгiн керi импорттың кедендiк режимiмен орналастыру кезiнде төленген сомаларды қайтару осы бөлiктiң экспортталған тауарлардың топтамасына мөлшерлiк қатысы бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 3.6
3.6. Төленген сомаларды, оның iшiнде олардың бөлiктерiн қайтару жөнiнде осындай қайтаруды жүргiзген кеден органының лауазымды адамы адамның ұсынған тауарлар керi импорттың кедендiк режимiмен орналастырылған кедендiк жүк декларациясының данасына және қайтарылатын сомаларды (цифрлармен және жазумен) және қайтару күнiн көрсете отырып, осы Ереженiң
Тармақ 3.2
3.2. тармағының үшiншi абзацында аталған растауда белгi жасайды. Белгi оның қолымен және жеке нөмiрлiк мөрмен куәлендiрiледi.
Төленген сомаларды қайтару туралы белгi қойылған растаудың көшiрмесi осындай растауды берген кеден органына жiберiледi. Аталған көшiрме кеден органындағы тауарлар керi импорттың кедендiк режимiмен орналастырылған кедендiк жүк декларациясының данасымен бiрге сақталады.
Тармақ 3.7
3.7. Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелу кезiнде керi импортталатын тауарларға әкелу кеден баждары салынбайды.
Тармақ 3.8
3.8. Экспортқа байланысты не экспортқа байланысты тауарлар босатылған қосымша құнға салықтың және акциздiң сомаларын қайтару жүзеге асырылған тауарларды керi импорттау кезiнде декларант кеден органына салықтардың аталған сомаларын төлейдi.
Төленуге жататын сомалар тауарларды әкету сәтiндегi қолданылған ставкалар бойынша анықталады.
Төленуге жататын сомаларды есептеудiң негiзi тауарлар керi импорттың кедендiк режимiмен орналастырылатын кедендiк жүк декларациясы қабылданған күнге анықталады.
Тек Қазақстан Республикасы кеден аумағына ғана әкелiнетiн тауарларға қатысты қосымша құнға салық пен акциздердi төлеуге берiлетiн жеңiлдiктер қолданылмайды.
Тармақ 4
Тарау 4. 4. Керi импорттың кедендiк режимiмен орналастырылатын тауарларды кедендiк ресiмдеу
4. Керi импорттың кедендiк режимiмен орналастырылатын тауарларды кедендiк ресiмдеу
Тармақ 4.1
4.1. Керi импортталатын тауарларды кедендiк ресiмдеу қызметi аймағында оларды алушы не оның құрылымдық бөлiмшесi орналасқан кеден органында жүргiзiледi.
Тармақ 4.2
4.2. Тауарларды керi импорттың кедендiк режимiмен орналастырған кезде кеден органына декларант мынадай құжаттарды:
- "Кедендiк жүк декларациясын толтырудың тәртiбi туралы нұсқауға" сәйкес Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 26.09.95 ж. N 127-П Бұйрығымен толтырылған кедендiк жүк декларациясын;
- керi импортталатын тауарлар өзге мемлекеттiк органдардың бақылауына жататын болса, сол органдардың рұқсатын;
- керi импортталатын тауарлар экспорттың кедендiк режимiмен орналастырылған кедендiк жүк декларациясының данасын;
- осы Ережеде көзделген не одан туындайтын, кедендiк ресiмдеудi жүргiзуге қажеттi өзге құжаттарды ұсынады.
Тармақ 4.3
4.3. Тауарларды керi импорттың кедендiк режимiмен орналастыру туралы шешiмдi кеден органы құрылымдық бөлiмшесiнiң бастығы не оның орынбасары қабылдайды.
Тармақ 4.4
4.4. Осы Ереженiң талаптарын сақтау туралы шынайы және тиiстi құжаттармен расталған мәлiметтердiң жоқ кезiнде тауарларды керi импорттың кедендiк режимiмен орналастыруға жол берiлмейдi.
Тармақ 4.5
4.5. Керi импортталатын тауарларды кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде алынады.