О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы Жоғары өрт қаупі бар 4-5 классты кезеңнің басталуына байланысты, 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 15 бабындағы 11) тармақшасына сәйкес және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабындағы 1 тармағының 9) тармақшасы негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жоғары өрт қаупі бар кезеңде (үстіміздегі жылдың 20 қыркүйегіне дейін) жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағанда болуына тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдеріне және "Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті" мемлекеттік мекемесіне осы қаулының 1 тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. "Жамбыл облысы әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті" мемлекеттік мекемесіне облыс аумағында өртке қарсы атқарылып отырған іс-шаралар жөніндегі ақпаратпен тұрақты түрде ақпарат құралдары өкілдерін қамтамасыз етіп отырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарына мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ө. Үсенбаевқа жүктелсін.