О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы Қаражал қаласы әкімдігінің жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы ұсынысын қарастырып Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және азаматтардың құқықтары мен еркіндігін, қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар транспорттың, инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуі, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарын сақтау мақсатында Қаражал қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қаражал қаласы әкіміне (Каргин Е.Б.):
Тармақша 1
1) тиісті мемлекеттік органдардың ұйымдастыруымен облыстық және қалалық маңызы бар реми іс- шараларды және облыстың жоғары лауазымдық тұлғаларының және Қаражал қаласының басшыларының қатысуымен басқа да іс -шараларды өткізу үшін: Қаражал қаласы бойынша: Мәдени- сауық орталығының ғимараты, Орталық қалалық алаңы; Жәйрем кенті бойынша: Мәдени- сауық орталығының ғимаратының алдындағы алаң, Мәдени- сауық орталығы ғимараты, Абай және Металлургтер көшелерінің қиылысы;
Тармақша 2
2) қоғымдық -саясы сипатты мемлекеттік емес іс -шараларды өткізу үшін: Қаражал қаласы бойынша: «Горняк» стадионының жанындағы қосымша футбол алаңы; Жәйрем кенті бойынша: «Женіс» Акционерлік Қоғамына кңрер жолдағы стадион (футбол алыңы), «Құрылысшылар» кентіндегі соңғы аялдамасын, Кент әкімдігінің алдындағы алаңын қолдану ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа еңгізіледі