Об установлении базовые ставки акциза по игорному бизнесу Қолданыста
Басқа 0
Ойын бизнесінің жергілікті объектілеріне акциздің ставкасын белгілеу туралы.
Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Ойын бизнестері туралы » Заңдарына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық Кодексі) 258 бабының 4 тармағына , Қазақстан Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 28 каңтардағы № 137 «Ставкасы акцизделетін тауарлар акцизі шығаратын және тасымалдататын Кеден арқылы Қазақстан Республикасында, Қазақстан Республикасы арқылы сатылатын ойын бизнесі» (толықтырулар мен өзгерістер) сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ETTI:
Тармақ 1
1. Жергілікті ойын бизнесі объектілері үшін акциздің базалық ставкасы №
1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың бюджет
және экономикалық реформа мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына
(Ә.Әлжаппаров) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Қаражал қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 27 қыркүйектегі №19/
170 « Ойын бизнесінің жергілікті объектілеріне акциздің ставкасын белгілеу
туралы »№ 19/170 шешімінің (2005 жылғы 26 қазандағы Қаражал қаласының
әділет басқармасында тipкey нөмipi 8-5-8, 2005 жылғы 05 қарашадағы № 44
«Қазыналы оңір»газетінде жарияланған) куші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қаражал қаласының әкімі
__________________Е.Кагин
2007 жыл 12.07.
«Қаражал қаласының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекеме
_________________
А.Ереженова
2007 жыл 12.07.
Қаражал қаласының салық комитетінің
төрағасының м.а.
_________________
Ж.Жұмабаев
2007жыл 12.07.
Басқа 5
Қаражал қалалық Мәслихатының
2007 жылғы 12 шілдедегі
№ 34/355 шешіміне
1 қосымша
Қаражал қаласында орналасқан салық салынатын объект бірлігінен алынатын акциз ставкаларының мөлшерлері
Акциз салынатын объект
Бір объектіге салынатын акциздің бекітуге ұсынылып отырған ставкасы,Айлық есепткішпен)
1.
Тотализатор кассасы
200
2.
Букмекерлік кеңсе кассасы
100