Об определении помещений предоставляемых на договорной основе, для встреч с избирателями кандидатов в депутаты Мажилиса Парламента Республики Казахстан избираемых по партийным спискам, кандидатов в депутаты Северо-Казахстанского областного и Акжарского районного маслихатов для встреч кандидатов с избирателями Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың, Солтүстік Қазақстан облыстық және Ақжар аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың сайлаушыларымен кездесулер өтетін шарттық негізде берілетін үй-жайлар анықтау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 4 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 350 «Үшінші сайланган Қазакстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығы мен Орталық Сайлау Комиссиясының 2007 жылғы 21 маусымдағы № 98/166 «Қазакстан Республикасы мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау және Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, аудан мәслихаты ШЕШІМ кабылдайды:
Тармақ 1
1. Партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың, Солтүстік Қазакстан облыстық және Ақжар аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың сайлаушыларымен кездесулер өтетін шарттық негізде берілетін үй-жайлар қосымшаға келісімді анықталсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 27 қазандағы № 522 және аудандық мәслихатының 2005 жылғы № 22-9 «Қазақстан Республикасының Президентігіне кандидаттарының сайлаушыларымен кездесулер өтетін үй-жай анықтау жөнінде» бірлескен қаулысы мен шешімінің күші жойылды деп саналсын.
Тармақ 3
3. Осы аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихатының шешімі ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың, Солтүстік Қазақстан облыстық және Ақжар аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың сайлаушыларымен кездесулер өтетін шарттық негізде берілетін үй-жайдың тізбесі
Бірлескен аудан әкімдігінің 2007 жылғы 12 шілдедегі № 241 қаулысы мен аудан мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі №37-2 шешіміне қосымша Партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың, Солтүстік Қазақстан облыстық және Ақжар аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың сайлаушыларымен кездесулер өтетін шарттық негізде берілетін үй-жайдың тізбесі № р/р Елді мекен, селолық округі, қаланың атауы Шарттық негізде берілетін үй-жайы 1 Талшық селолық округі Талшық селосы Элеватордың мәжіліс залы, жеңіс саябағы 2 Алқатерек селолық округі Алқатерек селосы Мәдени-бос уақыттық орталығы 3 Восход селолық округі Восход селосы «Данияров» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік жайы 4 Кішіқарой селолық округі Бостандық селосы Селолық диско-клубы 5 Кеңащы селолық округі Кеңащы селосы «Менжинское-Север» жауапкершілікпен шектелген серіктестігінің өндіріс үй-жайы 6 Құлыкөл селолық округі Қарашілік селосы «Искаков» ЖК селолық клубының үй-жайы 7 Ленинград селолық округі Ленинград селосы Мәдени-бос уақыттық орталыгы 8 Май селолық округі Май селосы «Майское Север» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесі 9 Новосел селолық округі Горький селосы «Акниет Акжар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс үй-жайы 10 Совхозный селолық округі Совхоз селосы «Акжар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үй-жайы 11 Үялы селолық округі Ақсары селосы «Тельманское Север» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үй-жайы