Об утверждении Порядка тестирования кандидатов в члены наблюдательных советов в хозяйственных товариществах с участием государства Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекет қатысуындағы шаруашылық серiктестiктердегi байқау кеңестерiнiң мүшелiгiне үмiткерлерден сынақ алу ретi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Шаруашылық серiктестiктердегi акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн және үлестерiн басқаруды реттеу жөнiндегi шаралар туралы" 1996 жылғы 16 мамырдағы N 607 Қаулысына сай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қабылдаған, Мемлекет қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерде байқау кеңестерiн құру және олардың қызметiн бақылау жөнiндегi комиссия туралы 1996 жылғы 11 маусымдағы N 407 Ережесiнiң негiзiнде, мемлекет қатысуындағы шаруашылық серiктестiктердегi Байқау Кеңестерiнiң мүшелiгiне үмiткерлерден сынақ алынады.
Тармақ 1
1. Сынақ алуға: заң, қаржы-экономикалық, әлеуметтiк-психологиялық мәселелер, сондай-ақ мемлекет қатысуындағы шаруашылық серiктестiктердiң қызмет етуiмен байланысты мәселелер және атап айтқанда: - шаруашылық серiктестiктердiң құрылуының, қызметiнiң, қайта ұйымдастырылуы және таратылуының, оларды мемлекеттiк тiркеу мен қайта тiркелуiнiң заңды негiздерi; - шаруашылық серiктестiктердiң түрлерi және олардың негiзгi сипаттамалары; - корпоративтiк басқарудың заңдық жақтары, акционерлiк қоғамдардағы корпоративтiк басқарудың ерекшелiктерi; - бағалы қағаздар нарығын ұйымдастыру және оның қызметi негiздерi; - мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiрудiң заңдық жақтары; - мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiрудiң экономикалық жақтары (құнын бағалау әдiстерi ескерiлiп); - кәсiпорындарды жекешелендiру кезiндегi еңбек қатынастары мәселелерi; - азаматтық құқықтың негiзгi ережелерi; - Қазақстан Республикасында жекешелендiрудiң барысын реттестiретiн негiзгi қалыптағы құжаттар; - Шетел субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының шаруашылық қызметiне қатысу принциптерi; - шаруашылық серiктестiктердегi бухгалтерлiк есеп және қаржы-қаражат; - кәсiпорындарды бизнестiк жоспарлау және маркетингтiк талдау; - кәсiпорынды қайта құрылымдаудың негiзгi элементтерi; - Байқау Кеңесiнiң мақсаты мен қызметi кiредi. 2. Мына талаптарға сай келгендерден сынақ алынуы мүмкiн: - 25 жастан кiшi болмауы керек; - жоғары бiлiмi бар; - Байқау Кеңестерiнiң мүшелiгiне үмiткерлердiң толтырған өтiнiмдерi бар; - емтихан ақысын енгiзген (20-тармақты қараңыз).
Тармақ 3
3. Құрамында төрағасы және кем дегенде екi мүшесi бар аттестациялық комиссияны Мемлекет қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерде байқау кеңестерiн құру және олардың қызметiн бақылау жөнiндегi комиссия тағайындайды.
Тармақ 4
4. Сынақ алудағы ұйымдастыру дайындықтарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң тиiстi бөлiмшесi жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Сынақ алу емтихан билеттерi арқылы жазбаша түрде өткiзiледi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң тиiстi бөлiмшесi аттестация билеттерiнiң тiзiмiн және мазмұнын даярлап жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Мемлекет қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерде байқау кеңестерiн құру және олардың қызметiн бақылау жөнiндегi комиссия аттестация билеттерiнiң тiзiмi мен мазмұнын бекiтедi және олар аттестациялық комиссияға сынақ алатын күнi тапсырылады.
Тармақ 7
7. Сынақ алу жабық негiзде жүргiзiледi. Сынақ алу кезiнде қандай да болмасын оқу құралдарын немесе материалдарды пайдалануға тиым салынады.
Тармақ 8
8. Аттестациялық билеттерге 5 сұрақ кiргiзiлген. Емтихан билетiнiң әрбiр сұрағы 4 баллмен бағаланады: 1 балл-қанағаттанарлықсыз, 2 балл - қанағаттанарлық, 3 балл - жақсы, 4 балл - өте жақсы баға.
Тармақ 9
9. Егер сынаққа түскен адам оның қорытындысында 5 сұрақтан кем дегенде 15 балл жинаса, ол сынақтан табыспен өткен болып есептеледi.
Тармақ 10
10. Сынақ алу үстiмiздегi жылдың әрбiр тоқсанының соңғы айының 1-жұлдызынан кешiкпей тұрақты негiзде өткiзiледi.
Тармақ 11
11. Сынақ алуға жiбергендердiң тiзiмi сынақтың белгiленген мерзiмiне дейiн 7 күн iшiнде жабылады.
Тармақ 12
12. Аттестациялық комиссия 10-тармақта айтылған баллдық жүйе бойынша жазбаша сынақ алудың нәтижелерiн бағалайды және сынақтың хаттамасын жасайды.
Тармақ 13
13. Сынақ алу хаттамасына кiретiндер: - аттестация билеттерiнiң бiр данасы; - аттестация комиссиясының барлық мүшесi қол қойған, емтихан тапсырушы барлық адамдардың жазбаша жауаптары бар парақтары; - сынақ алынатын адамдардың жалпы тiзiмi.
Тармақ 14
14. Хаттамаға аттестациялық комиссияның барлық мүшелерi қол қояды.
Тармақ 15
15. Аттестациялық комиссия сынақтың хаттамасын Мемлекет қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерде байқау кеңестерiн құру және олардың қызметiн бақылау жөнiндегi комиссия төрағасына жiбередi.
Тармақ 16
16. Мемлекет қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерде байқау кеңестерiн құру және олардың қызметiн бақылау жөнiндегi комиссияның мәжiлiсiнде хаттама бекiтiледi және ол Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Шаруашылық серiктестiктерде акциялардың мемлекеттiк пакетiн және үлестерiн басқаруды реттеу жөнiндегi шаралар туралы" 1996 жылғы 16 мамырдағы N 607 Қаулысының P960607_ 3-тармағына сай, байқау кеңестерiнiң мүшелiгiне үмiткерлердiң тiркемiне енгiзу үшiн негiз болады.
Тармақ 17
17. Жазбаша сынақты табыспен тапсырған және кем дегенде 15 балл жинағандар "Байқау Кеңестерiнiң Мүшелiгiне үмiткер" - деген сертификат алады.
Тармақ 18
18. Оқуын бiтiрген және жазбаша сынақ тапсырмаған, не қажеттi балл санын ала алмаған адам жаңадан өтiнiм берiп, келесi топтың құрамында сынақ алудан қайта өтуi мүмкiн. Оқу бiтiрмеген және жазбаша сынақ тапсырмаған, қажеттi балл санын ала алмаған адам жаңадан өтiнiм берiп, қажеттi оқуды аяқтаған соң сынақ алудан қайта өтуi мүмкiн.
Тармақ 19
19. Аттестациялық комиссияның шешiмi шағымдануға жатпайды.
Тармақ 20
20. Нарықтық экономика жөнiндегi "Арман" Халықаралық Орталығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен шарт негiзiнде аттестация ақысының мөлшерiн және оны енгiзудiң жөнiн реттейдi.