О рациональном использовании животного мира Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жануарлар әлемін тиімді пайдалану туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 8-87 шешімімен. Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Заңына сәйкес, жануарлар әлемін тиімді пайдалану мақсатында облыс Әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Аң аулау шаруашылығын жүргізу құқығын беру, сондай-ақ аң аулау алқаптарын бекіту, балық және басқа да су жануарларын кәсіби аулауға құқық беру мен балық шаруашылығы суаттары туралы ұсыныстарының жалпы талаптарына (N 1 қосымша) сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Алматы облыстық орман, балық және аң аулау шаруашылығы басқармасы (В.Ф. Чукарин) бір ай мерзім ішінде белгіленген тәртіппен аң аулау шаруашылығын жүргізу құқығын беру мен аң аулау алқаптарын бекіту туралы ұсыныс енгізсін.
Тармақ 3
3. Іле-Балқаш облысаралық бассейн басқармасы (А.И. Трегуб) бір ай мерзім ішінде белгіленген тәртіппен балық және басқа су жануарларын кәсіби аулауға құқық беру туралы ұсыныс енгізсін.
Тармақ 4
4. Жануарлар әлемін пайдаланушылар аң аулау шаруашылығын жүргізуге құқық беру мен (немесе) балық және басқа су жануарларын кәсіби аулауға құқық беру туралы облыстық атқару органдарының шешімі, аң аулау алқаптарын бекіту және (немесе) балық шаруашылығы суаттары туралы облыстық атқару органдарының шешімі бар, 1999 жылғы ақпанның 1-не дейін облыс Әкімі аппаратында, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес құқық белгілейтін құжаттарды қалпына келтіру үшін тіркеуден өтсін. Жануарлар әлемін пайдаланатын заңды және жеке тұлғалар.
Тармақ 5
5. Облыстың аудандары мен қалаларының әкімдері жануарлар әлемін қорғауға, өркендету мен пайдалануға бақылауды күшейтсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары В.П. Меренковқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және жариялауға жатады.
Басқа 8
Алматы облысы Әкімінің 1998 ж. желтоқсанның 21 N 12-337 шешіміне N 1 қосымша Шаруашылық жүргізу құқығын беру, сондай-ақ аң аулау алқаптарын бекіту, балық және басқа да су жануарларын кәсіби аулауға құқық беру мен балық шаруашылығы суаттары туралы ұсыныстарының жалпы талаптары 1. Ұсынысты дайындау және енгізуді жануарлар әлемін мемлекеттік басқарудың арнайы органдары жүргізеді. 2. Ұсыныс төмендегі мәліметтерден тұруы қажет: - учаскенің аты (аң аулау алқабы, су учаскесі немесе суат); - түрі мен мерзімі бойынша көрсетілген көлемі (лимит); - жануарлар әлемін пайдаланудағы өнімнің өндірістік мүмкіншілігі. 3. Ұсыныс облыстық атқарушы өкіметтің қарауына енгізілгенге дейін аудандық (қалалық) атқарушы өкіметтің келісімінен өтуі керек.