О некоторых вопросах погашения задолженности в электроэнергетической отрасли Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Электр энергетикасы саласындағы берешекті өтеудің кейбір мәселелері туралы Шет мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру және олардың заң тұлғалары алдындағы электр энергетикасы саласындағы берешекті өтеуге жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Достық Энерго" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын және оның қызметінің негізгі мәні қазақстандық кәсіпорындардың электр энергетикасы саласындағы берешегін реттеу және өтеу болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген 1849826000 (бір миллиард сегіз жүз қырық тоғыз миллион сегіз жүз жиырма алты мың) теңге шегінде Қоғамның орналастырылатын акцияларына ақы төлеу жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне қазақстандық кәсіпорындардың электр энергетикасы саласындағы берешегін реттеу және өтеу жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге 2007 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 25000000 (жиырма бес миллион) теңге бөлінсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қоғамның жарғысын бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулының 2-тармағында көзделген қаражаттан акцияларға ақы төлеу жолымен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды;
Тармақша 3
3) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне беруді;
Тармақша 4
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесінде: "Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-107-жолмен толықтырылсын: "123-107 "Достық Энерго" АҚ";
Тармақша 3
3) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-5-жолмен толықтырылсын: "20-5 "Достық Энерго" АҚ".
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі