Об образовании Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
МАЗМҰНЫ 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы 3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері 2-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті 5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті 5-1-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты құзыреті 5-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Сот төрелігі академиясына қатысты құзыреті 6-бап. Білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті 6-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары 7-бап. Білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз ету 8-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер 8-1-бап. Білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар 8-2-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік монополия 8-3-бап. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің штат саны мен штат кестесі 9-бап. Оқыту және тәрбиелеу тілі 9-1-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу 3-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ 10-бап. Білім беру жүйесі ұғымы 11-бап. Білім беру жүйесінің міндеттері 12-бап. Білім беру деңгейлері 4-тарау. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ 13-бап. Білім беру мазмұнының ұғымы 14-бап. Білім беру бағдарламалары 15-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары 16-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары 17-бап. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары 18-бап. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары 19-бап. Арнайы оқу бағдарламалары 20-бап. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары 21-бап. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары 22-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары 23-бап. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары 24-бап. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен 25-бап. Эксперименттік білім беру бағдарламалары 5-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 26-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымдарына қабылдауға қойылатын жалпы талаптар 27-бап. Білім алу нысандары 28-бап. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру 29-бап. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру 30-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 31-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру 32-бап. Техникалық және кәсіптік білім беру 32-1-бап. Кәсіптік даярлық 33-бап. Орта білімнен кейінгі білім беру 34-бап. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен 35-бап. Жоғары білім беру 36-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 37-бап. Қосымша білім беру 37-1-бап. Жеке педагогтік қызмет 37-2-бап. Қашықтан оқыту 38-бап. Білім алушылардың кәсіптік практикасы 39-бап. Білім туралы құжаттар 6-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ 40-бап. Білім беру ұйымдары 40-1-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ерекше мәртебесі 41-бап. Білім беру ұйымының жарғысы 42-бап. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату 43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті 44-бап. Білім беру ұйымдарын басқару 45-бап. Еңбек қатынастары және білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі 45-1-бап. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік 46-бап. Білім беру жүйесіндегі бірлестіктер 47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі 48-бап. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау 48-1-бап. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу 49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері 7-тарау. ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДА КӘСІПТІК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ПЕДАГОГТІҢ МӘРТЕБЕСІ 50-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтық мәртебесі 51-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі 52-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі 53-бап. Әлеуметтік кепілдіктер 8-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 54-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен нысандары 55-бап. Білім беру сапасын басқару 56-бап. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары 57-бап. Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау 57-1-бап. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 58-бап. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 59-бап. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау 60-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері 9-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 61-бап. Қаржыландыру жүйесі, принциптері мен көздері 62-бап. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру 63-бап. Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы 64-бап. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту, білім беру ұйымдарын иеліктен шығару 10-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 65-бап. Халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызмет 66-бап. Шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру 11-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ 67-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 68-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі Білім туралы "соғысқа қатысушылар мен cоғыс мүгедектеріне" деген сөздер "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне" деген сөздермен ауыстырылсын; "Оқу және тәрбие процесін", "оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесін", "Оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесінің" деген сөздер тиісінше "Оқу-тәрбие процесін", "оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесін", "Оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесінің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. "ауыл (село)", "ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)", "ауылдың (селоның)" деген сөздер тиісінше "ауыл", "ауылдың, ауылдық", "ауылдың" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). "жоғары оқу орындарында", "жоғары оқу орындарының", "Жоғары оқу орындарында", "Жоғары оқу орындарындағы", "жоғары оқу орындары", "жоғары оқу орындарына", "жоғары оқу орындарын", "Жоғары оқу орындары", "жоғары оқу орнының", "Жоғары оқу орнының ерекше", "жоғары оқу орнын", "Жоғары оқу орындарының", "жоғары оқу орны", "жоғары оқу орнына" деген сөздер тиісінше "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының", "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында", "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын", "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының", "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ерекше", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын", "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. «педагог кадрлардың», «педагог қызметкердің», «педагог жұмыскерге», «педагог кадрларды», «педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар», «педагог жұмыскерлері мен оларға теңестірілген адамдары», «педагог қызметкерлердің», «педагог жұмыскерлердің», «педагог жұмыскерлерді», «педагог жұмыскерлер», «педагог қызметкерлерден», «педагог қызметкерлер» деген сөздер тиісінше «педагогтердің», «педагогтің», «педагогке», «педагогтерді», «педагогтер», «педагогтері», «педагогтердің», «педагогтердің», «педагогтерді», «педагогтер», «педагогтерден», «педагогтер» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 27.12.2019 № 294-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. бүкіл мәтін бойынша «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «ақпараттық-коммуникациялық технологияларды» «ақпараттандыру объектілерін», «ақпараттандыру объектілеріне», «ақпараттық жүйелері», «ақпараттандыру объектілерінде», «ақпараттандыру объектілері», «ақпараттандыру объектілерінің», «ақпараттандыру объектілерімен», «ақпараттандыру объектілеріндегі», «ақпараттандыру объектісі», «ақпараттық жүйелерге» деген сөздер тиісінше «цифрлық технологиялар», «цифрлық технологияларды», «цифрлық объектілерін», «цифрлық объектілеріне», «цифрлық жүйелері», «цифрлық объектілерінде», «цифрлық объектілері», «цифрлық объектілерінің», «цифрлық объектілерімен», «цифрлық объектілеріндегі», «цифрлық объектісі», «цифрлық жүйелерге» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 1-1
1-1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік әскери оқу орындарында білім алып жатқан адам;
Тармақша 2
2) академия – белгілі бір салада ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
Тармақша 2-1
2-1) академиялық кредит – білім алушының және (немесе) оқытушының (педагогтің) білім беру бағдарламасының оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін қажетті ғылыми және (немесе) оқу жұмысы (жүктемесі) көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;
Тармақша 2-2
2-2) академиялық ұтқырлық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді, педагогтерді оқыту, тағылымдамадан өту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында академиялық кредиттер түрінде меңгерген оқыту нәтижелерін (модульдерін), оқу бағдарламаларын, пәндерін міндетті түрде қайта есепке ала отырып, басқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына (ел ішінде немесе шет елге) ауыстыру;
Тармақша 2-3
2-3) аккредиттеу органы – аккредиттеу стандарттарының (регламенттерінің) негізінде білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуді жүргізетін заңды тұлға;
Тармақша 2-4
2-4) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) – аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары;
Тармақша 3
3) атаулы стипендия - тиісті білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия;
Тармақша 3-1
3-1) әдістемелік кабинет – білім беруді басқару органдарының білім беру процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік қамсыздандырылуын, нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагогтердің шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 3-2
3-2) әскери, арнаулы оқу орындары – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары;
Тармақша 4
4) бакалавр – жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;
Тармақша 4-1
4-1) бакалавриат – тиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары;
Тармақша 4-2
4-2) баланы жәбірлеу (буллинг) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе масс-медиа және (немесе) телекоммуникация желілері және (немесе) онлайн-платформалар пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер (кибербуллинг);
Тармақша 5
5) бейін алды даярлық - білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау;
Тармақша 5-1
5-1) бейіндік мектеп – жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын оқу орны;
Тармақша 6
6) бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру;
Тармақша 6-1
6-1) бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;
Тармақша 7
7) "Болашақ" халықаралық стипендиясы — Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы немесе Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия санаттарын айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;
Тармақша 7-1
7-1) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесі – білім беру қызметкеріне ұйымды, оқытудың мазмұны мен мерзімдерін таңдауға мүмкіндік беретін, мемлекет белгілеген және белгілі бір ақша сомасымен қамтамасыз етілген, атаулы құжат (ваучер) түрінде ресімделген жан басына шаққандағы норматив негізінде қаржыландырылатын біліктілікті арттыру нысаны;
Тармақша 7-2
7-2) біліктілікті арттыру институты – үздіксіз білім беру жүйесінде кадрлардың кәсіптік біліктілігін арттырудың актуалды білім беру бағдарламаларын іске асыратын, білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық процестерді қолдауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы;
Тармақша 7-3
7-3) біліктілікті беру – тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, машықтар мен дағдылар жиынтығын растау рәсімі;
Тармақша 7-4
7-4) білім алу үшін арнаулы жағдайлар – ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың (балалардың), сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың оларсыз білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, оқу, сондай-ақ арнаулы, жеке дамыту мен түзеу-дамыту бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық, оқу және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілік ортасын, психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды, медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;
Тармақша 8
8) білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу сабағының, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын оларды зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
Тармақша 9
9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
Тармақша 9-1
9-1) білім беру – имандылық, зияткерлік, мәдени, тәндік жағынан дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсаттарында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесі;
Тармақша 9-2
9-2) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;
Тармақша 10
10) білім беру гранты - бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы;
Тармақша 10-1
Тармақша 10-2
10-2) білім беру кредиті – қаржылық ұйымдар оқыту ақысын төлеу үшін қарыз алушыға мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен беретін ақша;
Тармақша 10-3
10-3) білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, үлгілік оқу бағдарламаларының, үлгілік оқу жоспарларының, білім беру (оның ішінде эксперименттік) бағдарламаларының, нормативтік-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік материалдардың жобаларын дайындауды, оларды сынақтан өткізуді, ендіруді, мониторингілеуді, сондай-ақ білім беру саласындағы зерттеулерді қамтитын іс-шаралар кешені;
Тармақша 11
11) білім беру қызметі - білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс;
Тармақша 12
12) білім беру мониторингі - білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау; 12-1) 01.01.2026 дейін қолданылды - ҚР 30.12.2022 № 177-VII Заңымен.
Тармақша 13
13) білім беру саласындағы уәкілетті орган – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
Тармақша 13-1
13-1) білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және мемлекеттік атаулы стипендияларды қоспағанда, мемлекеттік стипендиялар, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын төлеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және осы Заңның 47-бабының 17-тармағында аталған адамдардың бюджет қаражаты шығыстарын жұмыспен өтеу немесе жұмыспен өтемеген жағдайда орнын толтыру жөніндегі өз міндеттерін сақтауын мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін заңды тұлға;
Тармақша 13-2
13-2) білім беру сапасы – білім беру қызметі тиімділігінің кешенді сипаттамасы, сондай-ақ білім алушы мен тәрбиеленуші даярлығының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігі;
Тармақша 14
14) білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі – білім беру сапасына сәйкестікті белгілеудің институционалдық құрылымдарының, рәсімдерінің, нысандары мен әдістерінің жиынтығы;
Тармақша 14-1
14-1) білім беру сапасының мәдениеті – ішкі және сыртқы бағалау рәсімдерінің көмегімен қалыптастырылатын және білім беру ұйымдарында білім беру қызметінің субъектілері қолдайтын, білім беру процесіне қатысушылардың құндылықтары мен сенімдерінің жүйесі;
Тармақша 15
Тармақша 16
16) білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стандарттарына (талаптарына) сәйкестігін тану рәсімі;
Тармақша 17
Тармақша 17-1
Тармақша 17-2
17-2) білім туралы құжаттарды тану – шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарды ресми растау;
Тармақша 18
18) гимназия – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бойынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
Тармақша 18-1
18-1) ғылыми-әдістемелік жұмыс – ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуін және оны дамытуды жетілдіруге бағытталған қызмет түрі;
Тармақша 18-2
18-2) ғылым кандидаты, ғылым докторы – ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер;
Тармақша 18-3
18-3) докторант – докторантурада білім алатын адам;
Тармақша 18-4
18-4) докторантура – білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
Тармақша 18-5
18-5) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
Тармақша 19
19) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 19-1
19-1) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
Тармақша 19-2
19-2) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) – тиісті деңгейде білім алу және қосымша білім алу үшін арнаулы жағдайларға тұрақты немесе уақытша қажеттілік көріп жүрген адамдар (балалар);
Тармақша 19-3
19-3) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау – білім алу үшін қажетті арнаулы жағдайларды айқындау;
Тармақша 19-4
19-4) ерекше мәртебе – Қазақстан Республикасының Президенті жеке адамды тәрбиелеуге, оқытуға және оның кәсіптік қалыптасуына аса зор үлес қосқаны, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз еткені үшін беретін, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының мәртебесі;
Тармақша 20
20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 21
21) жалпы білім беретін мектеп – білім алушылар мен тәрбиеленушілерге мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, арнаулы оқу мен жеке дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
Тармақша 21-1
21-1) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік кепілдендірілген оқыту құнының қаржылық қамсыздандырылу нормативі;
Тармақша 21-2
21-2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы (бұдан әрі – кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы) – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарын сыныптау мен кодтауды белгілейтін және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін пайдаланылатын құжат;
Тармақша 21-3
21-3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны;
Тармақша 21-4
Тармақша 21-5
21-5) жоғары колледж – жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
Тармақша 21-6
21-6) зерттеу университеті – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын іске асыратын және білім мен ғылымды интеграциялау, жаңа білімді және технологияларды жинақтау мен трансферттеу үшін өз қызметінің нәтижелерін пайдаланатын университет;
Тармақша 21-7
21-7) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс;
Тармақша 21-8
21-8) желілік мектептер – орналасқан жеріне қарамастан бірыңғай мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын орта білім беру ұйымдары;
Тармақша 22
22) инновациялық - білім беру консорциумы - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар мен өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялар негізінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және өзге де ресурстарды біріктіретін, бірлескен қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты бірлестік;
Тармақша 23
23) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 24
24) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 25
25) институт – ғылыми-педагогикалық қызметті, сондай-ақ кәсіби қызмет үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
Тармақша 26
26) институционалдық аккредиттеу – мәлімделген мәртебесіне және белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкес білім беру ұйымында сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі процестерінің тиімділігін аккредиттеу органының бағалау рәсімі;
Тармақша 26-1
26-1) интеграцияланған білім беру бағдарламалары – білім беру бағдарламаларының тиісті мазмұнды аспектілерін біріктіру негізінде әзірленген білім беретін оқу бағдарламалары;
Тармақша 27
27) интернаттық ұйымдар — тұратын орын беріле отырып, белгілі бір санаттағы адамдардың білім алу құқықтарына мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;
Тармақша 28
28) интернатура – клиникалық практикаға рұқсат алу үшін білім алушыларды базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны;
Тармақша 28-1
28-1) кадет – әскери, арнаулы оқу орнында техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
Тармақша 28-2
28-2) кәмелетке толмағандарға көрсетілетін білім беру-сауықтыру қызметтері – кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламаларын іске асыратын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары ұсынатын, балаларды дамытуға, оқытуға және сауықтыруға бағытталған іс-шаралар мен көрсетілетін қызметтер кешені;
Тармақша 28-3
28-3) кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары – ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау және оларға беру үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, уақтылы орналастыру мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн балаларды, сондай-ақ әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға алып келген қатыгездiкпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қабылдауды және уақытша бағып-ұстауды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы ұйым;
Тармақша 29
29) кәсіптік бағдар - білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;
Тармақша 29-1
29-1) кәсіптік білім – білім алушылардың белгілі бір салада кәсіптік қызметті жүргізуіне және (немесе) нақты кәсіп немесе мамандық бойынша жұмысты орындауына мүмкіндік беретін білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді алуына бағытталған білім беру түрі;
Тармақша 29-2
29-2) кәсіптік даярлау – белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажет жаңа немесе өзгертілген кәсіптік дағдыны меңгеру үшін жеке адамды дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;
Тармақша 30
Тармақша 30-1
30-1) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;
Тармақша 31
31) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 32
32) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 33
33) кешенді тестілеу - цифрлық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;
Тармақша 34
34) клиникалық база – білім беру ұйымы бірлескен қызмет туралы шарт бойынша денсаулық сақтау саласында кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін пайдаланатын денсаулық сақтау ұйымы;
Тармақша 35
35) колледж – жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
Тармақша 35-1
35-1) кооперативтік оқыту – мемлекеттің, жұмыс берушілердің және оқу орындарының корпоративтік жауапкершілігіне негізделген, кадрларды кәсіптік даярлауды ұйымдастыру нысандарының бірі;
Тармақша 36
36) кредиттік оқыту технологиясы - академиялық кредиттерді жинақтай отырып, білім алушылардың пәндерді және (немесе) модульдерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту;
Тармақша 36-1
36-1) курсант – әскери, арнаулы оқу орнында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
Тармақша 37
37) қабылдау квотасы – техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, оның iшiнде бiлiм беру гранттары көлемiнiң шектi саны;
Тармақша 37-1
37-1) Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру гранты (бұдан әрі – «Өркен» гранты) – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын грант;
Тармақша 37-2
37-2) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган беретiн ғылыми атақтар;
Тармақша 38
38) қашықтан оқыту – педагог пен білім алушылардың қашықтан, оның ішінде цифрлық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып өзара іс-қимыл жасауы кезінде жүзеге асырылатын оқыту;
Тармақша 38-1
38-1) қолданбалы бакалавриат – білім беру бағдарламалары "қолданбалы бакалавр" біліктілігін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған орта білімнен кейінгі білім;
Тармақша 38-2
38-2) қолданбалы бакалавр – орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін біліктілік;
Тармақша 38-3
38-3) қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйым – балаларға балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы қызығушылықтарды дамытуға, әскерге шақыруға дейінгі даярлыққа бағытталған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын оқу-тәрбие ұйымы;
Тармақша 39
39) қосымша білім беру – білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі;
Тармақша 40
40) лицей – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстанушылық-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
Тармақша 41
41) магистр – магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;
Тармақша 41-1
41-1) магистрант – магистратурада білім алатын адам;
Тармақша 41-2
41-2) магистратура – білім беру бағдарламалары "магистр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
Тармақша 41-3
41-3) маман – адамдарға жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгергеннен кейін берілетін біліктілік;
Тармақша 42
42) мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу – білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау рәсімі;
Тармақша 42-1
42-1) мектепке дейінгі ұйым – мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін, арнайы оқу бағдарламаларын, жеке дамыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
Тармақша 43
43) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 44
44) мемлекеттік атаулы стипендия – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган белгілейтін стипендия;
Тармақша 44-1
Тармақша 44-2
44-2) мемлекеттік білім беру кредиті – білім алушыларға жоғары білім алуға ақы төлеу үшін берілетін нысаналы кредит;
Тармақша 45
45) мемлекеттік білім беру тапсырысы - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау, балаларға қосымша білім беру жөнінде, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін кадрларды даярлау, білікті жұмыскерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемі;
Тармақша 45-1
45-1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары арасындағы лауазымдық орын ауыстыру;
Тармақша 45-2
45-2) мемлекеттік оқу бітіру емтиханы – білім алушылардың орта білім беру курсын аяқтағаны туралы куәландыратын, мемлекеттік үлгідегі құжатты алуы үшін қажетті шарт болып табылатын, орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысаны;
Тармақша 45-3
45-3) мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау – қызметтің қандай да бір түрін орындау қабілеттерін қалпына келтіруге немесе оның орнын толтыруға бағытталған көрсетілетін қызметтер мен іс-шаралар кешені;
Тармақша 46
46) оқу бағдарламасы – әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;
Тармақша 47
47) оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;
Тармақша 48
48) оқу-клиникалық орталығы - медициналық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының қазіргі заманғы аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен жабдықталған және білім алушылардың және (немесе) медицина қызметкерлерінің практикалық (клиникалық) машықтарды меңгеруіне және оларды бақылауға арналған құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 48-1
48-1) оқыту – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді иелену, қабілеттерді дамыту, білімдерін күнделікті өмірде қолдану тәжірибесін иелену және бүкіл өмір бойы білім алуға ынталануын қалыптастыру жөніндегі қызметін ұйымдастырудың мақсатты бағытталған процесі;
Тармақша 48-2
48-2) оқыту нәтижелері – білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімінің, машықтарының, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қарым-қатынастар;
Тармақша 48-3
48-3) оқыту-сауықтыру білім беру ұйымы – балаларды және оқушы жастарды тәрбиелеу, оларға білім беру, сауықтыру, демалдыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 48-4
48-4) онлайн-оқыту – білім алушы кеңістік және уақыт арақашықтығына қарамастан, педагог пен білім алушы арасында өзара әрекет болуға арналған цифрлық технологиялар және Интернет арқылы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алатын кадрлар даярлаудың нақты мамандықтары (біліктіліктері) немесе бағыттары бойынша оқыту нысаны;
Тармақша 49
49) орта білім - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі нәтижесінде алатын білімі;
Тармақша 49-1
49-1) "Орта білім беретін үздік ұйым" гранты – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингілік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;
Тармақша 49-2
49-2) орта білім беру ұйымы – мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымы;
Тармақша 49-3
Тармақша 49-4
Тармақша 49-5
49-5) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтары – тұрақты немесе уақытша (күндіз) болуды ұсына отырып, сондай-ақ қызметі арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждықтың алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асырумен байланысты заңды тұлғаларға ақпараттық, консультациялық, делдалдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жолымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, білім беру органдарының қарамағындағы ұйымдар;
Тармақша 49-6
49-6) өндірістік оқыту – білім беру ұйымдарының және (немесе) кәсіпорындардың (ұйымдардың) базасында білім алушылардың теориялық білім алуына, практикалық машықтануына бағытталған оқыту;
Тармақша 50
50) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 50-1
50-1) педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам;
Тармақша 50-2
50-2) педагог қызметін курстан кейін қолдау – педагогтің кәсіптік құзыреттілігін оның курстан кейінгі қызметін үздіксіз мониторингтеу және әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы дамытуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі;
Тармақша 50-3
50-3) психологиялық-педагогикалық қолдап отыру – білім беру ұйымдарында іске асырылатын, процесінде білім алушыларды (тәрбиеленушілерді), оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды (адамдарды) ойдағыдай оқыту және дамыту үшін әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасалатын жүйелі-ұйымдастырылған қызмет;
Тармақша 50-4
50-4) резидент-дәрігер – резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алатын және тәлімгердің қадағалауымен медициналық ұйымда жұмыс істейтін дәрігер;
Тармақша 51
51) резидентура – мақсаты дербес клиникалық практикаға жіберу үшін тиісті мамандық бойынша дәрігердің кәсіптік біліктілігін алу немесе өзгерту болып табылатын, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру деңгейі;
Тармақша 51-1
Тармақша 52
52) рухани (діни) білім беру ұйымдары - дін қызметшілерін даярлаудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;
Тармақша 52-1
52-1) сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі – білім беру ұйымдарында білім беру процесі мен білім беру ортасының сапасын қамтамасыз ету қағидаларының, стандарттарының (регламенттерінің), құралдарының жиынтығы;
Тармақша 53
53) стипендия - білім алушыларға олардың тамағына, күнелтуіне және оқу әдебиетін сатыға алуына жұмсалатын шығындарды ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы;
Тармақша 53-1
53-1) стипендиялық бағдарламалар – қазақстандық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында шетелдіктерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарды оқытуды көздейтін және мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын бағдарламалар;
Тармақша 53-2
53-2) студент – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында оқитын адам;
Тармақша 53-3
53-3) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс – мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты, студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін жатақханалардан жаңа орындар беруді қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер үшін ақшалай төлемдер;
Тармақша 53-4
53-4) сынып жетекшілігі – педагогке сыныпта білім алушылардың қызметін оқу-тәрбие процесі шеңберінде үйлестіру бойынша жүктелген функция;
Тармақша 53-5
53-5) танылған аккредиттеу органдарының тізілімі – білім беру саласындағы уәкілетті орган қалыптастырған, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастықтарына кірген ұлттық және шетелдік аккредиттеу органдарының тізбесі;
Тармақша 53-6
53-6) тәлімгер – өндіріс немесе қызметтер көрсету саласы технологияларын меңгерген, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыратын кәсіпорынның (ұйымның) білікті жұмыскері;
Тармақша 53-7
53-7) техникалық және кәсіптік білім беру – білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру;
Тармақша 53-8
53-8) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» гранты – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдарға рейтингтік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындысы бойынша жыл сайын бөлетін ақша;
Тармақша 53-9
53-9) тыңдаушы – білім беру ұйымында қосымша білімнің және дайындық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
Тармақша 53-10
53-10) тiрек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы бiлiм алуға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында білім алушылардың қысқа мерзiмдi сессиялық сабақтарын, аралық және қорытынды аттестатталуын өткiзу үшiн таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердiң бiлiм беру ресурстары оның базасында шоғырланатын орта бiлiм беру ұйымы;
Тармақша 54
54) университет – әртүрлі салалар бойынша ғылыми-педагогикалық қызметті, кадрлар даярлауды, іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын және жетекші ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
Тармақша 55
55) училище – мәдениет саласында негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
Тармақша 56
56) ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны;
Тармақша 56-1
56-1) ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы – ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
Тармақша 56-2
56-2) ұлттық зерттеу университеті – ерекше мәртебесі бар зерттеу университеті;
Тармақша 56-3
56-3) үздіксіз интеграцияланған білім беру – деңгейаралық интеграцияланған білім беру бағдарламалары шеңберінде біліктілігі жоғары кадрлар даярлауға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;
Тармақша 57
57) философия докторы (РhD) – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;
Тармақша 57-1
57-1) халықаралық мектеп – дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыратын, Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторизациялаудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен оқу орны;
Тармақша 58
58) шағын жинақты мектеп - білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп;
Тармақша 59
59) эксперименттік алаң – жаңа педагогикалық технологиялар мен білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
Тармақша 60
60) экстернат – білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі;
Тармақша 61
61) элиталық білім - дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын мамандандырылған жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламалары бойынша алынатын білім;
Тармақша 62
62) эндаумент-қор (нысаналы капитал) – нысаналы капитал қорының эндаументтері (нысаналы салымдары) мен инвестициялық кірісі, сондай-ақ меншікті қаражаты есебінен қалыптастырылатын және (немесе) толықтырылатын және эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық объектілерін қаржыландыру үшін пайдаланылатын нысаналы капитал қорының мүлкі.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға:
Тармақша 1
1) аккредиттеу органының көрсетілетін қызметтерін;
Тармақша 2
2) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды;
Тармақша 3
3) мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерін сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды. Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттары білім беру саласындағы уәкілетті орган, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалады.
Тармақша 4
4) 01.01.2026 дейін қолданылды - ҚР 30.12.2022 № 177-VII Заңымен.
Бап 3. 3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Осы Заңның негізгі мақсаты сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) ұлттық және жалпы адамзатқа тән құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
Тармақша 2
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
Тармақша 3
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
Тармақша 4
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
Тармақша 5
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, Қазақстан халқының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу;
Тармақша 6
6) педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;
Тармақша 8
8) қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
Тармақша 9
9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, цифрлық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;
Тармақша 10
10) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білім мен біліктілікке негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;
Тармақша 11
11) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы;
Тармақша 12
12) білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім беруді озық қарқынмен дамытуды қамтамасыз ету;
Тармақша 14
14) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасау.
Тармақ 3
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
Тармақша 2
2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
Тармақша 3
3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;
Тармақша 4
4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;
Тармақша 5
5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
Тармақша 6
6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
Тармақша 7
7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
Тармақша 8
8) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі;
Тармақша 9
9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы, сондай-ақ академиялық адалдық нормаларын сақтау;
Тармақша 10
10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.
Тармақ 4
4. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.
Тарау 2. 2-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ
2-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ
Бап 4. 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 3
Тармақша 4
Тармақша 5
Тармақша 5-1
Тармақша 5-2
Тармақша 5-3
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 7
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 9
9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 10
Тармақша 11
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының Президентіне жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыну енгізеді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекітеді;
Тармақша 13
13) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк басқару органының ұсынысы бойынша бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
Тармақша 14
14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясын беру үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекітеді және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындайды;
Тармақша 16
Тармақша 17
17) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 18
18) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 19
Тармақша 20
20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 21
21) білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге арналған қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 22
22) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 22-1
Тармақша 22-2
Тармақша 23
Тармақша 24
Тармақша 24-1
Тармақша 25
Тармақша 25-1
25-1) осы Заңның 8-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде аталған азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру тәртібін айқындайды;
Тармақша 26
26) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 27
27) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 28
28) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 29
29) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 29-1
Тармақша 30
Бап 5. 5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Білім беру саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді орындайды:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
Тармақша 3
3) азаматтардың білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізеді және өз құзыреті шегінде мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы халықаралық шарттар (келісімдер) мен бағдарламаларға қол қояды, білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру қағидаларын белгілейді және осы жұмысты үйлестіреді;
Тармақша 5
5) білім беру саласында жергiлiктi атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді және оған әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім берудің даму жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ашық деректерінің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің бірыңғай тізбесіне сәйкес ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру арқылы қоғам мен мемлекетті мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) білім беруді басқару жүйесіне білім беру мониторингін және оны цифрлық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру саласындағы цифрлық объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын, сондай-ақ білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 9
9) мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және оның жүргізілуін үйлестіреді, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 10
10) білім беру сапасына халықаралық салыстырмалы және ұлттық зерттеулер жүргізуді үйлестіруді және білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама дайындауды, сондай-ақ «Ұлттық білім беру дерекқоры» цифрлық жүйесін қалыптастыруды, қолдап отыруды, оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, интеграциялауды және оның киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды;
Тармақша 11
11) «Ұлттық білім беру дерекқоры» цифрлық жүйесін қалыптастыру, қолдап отыру, оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграциялау және оның киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 12
12) білім беру саласындағы цифрлық объектілерге қойылатын ең төмен талаптарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 13
13) электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, арнаулы, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін компьютерлік және интерактивті жабдыққа қойылатын ең төмен талаптарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 14
14) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 15
15) баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 16
16) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында кәмелетке толмағандарды ұстау қағидалары мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгілейді;
Тармақша 17
17) «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 18
18) оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімдерін айқындайды;
Тармақша 19
19) мынадай: бастауыш білім беру; негізгі орта білім беру; жалпы орта білім беру; білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскерилер, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру; білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскерилер, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру; рухани білім беру; кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсыну үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша береді;
Тармақша 20
20) орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 21
21) кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынуды қамтымайтын, балаларға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту және қосымша білім беру бойынша қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 22
22) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 23
23) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізеді;
Тармақша 24
24) жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін, сондай-ақ республикалық орта білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысын әзірлейді және бекiтедi;
Тармақша 25
25) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге қажеттілігін болжау әдістемесін бекітеді;
Тармақша 26
26) мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 27
27) республикалық орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;
Тармақша 28
28) жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздары, оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 29
29) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге берілетін біржолғы сыйақының мөлшерлерін бекітеді;
Тармақша 30
30) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын (ғылыми жарыстарды), орындаушылар конкурстарын, кәсіби шеберлік конкурстарын және спорттық жарыстарды іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 31
31) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекітеді;
Тармақша 32
32) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесі мен оларды іріктеу өлшемшарттарын бекітеді;
Тармақша 33
33) жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстарын және кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 34
34) экстернат нысанында оқыту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 35
35) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітіп берілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 36
36) білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қызметі жұмысының қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 37
37) мемлекеттік орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды, күрделі жөндеуді қаржыландыру және жүргізу қағидаларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 38
38) «Өркен» грантын беру қағидаларын және оның мөлшерлерін, сондай-ақ оның құнын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 39
39) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 40
40) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 41
41) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына, үлгілік оқу бағдарламаларына сараптама жасау және оларды сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 42
42) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және ендіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 42-1
42-1) оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасын, сондай-ақ оны ендіру қағидалары мен шарттарын бекітеді;
Тармақша 43
43) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және одан шығару негіздерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 44
44) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 45
45) мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша сырттай, кешкі оқу, онлайн-оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 46
46) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 47
47) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 48
48) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 49
49) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 50
50) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар мен педагогтердің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 51
51) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушыларға арналған өтемақыны төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 52
52) бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құрады және олардың қызметі туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 53
53) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 54
54) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 55
55) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 56
56) «Алтын белгі» белгісі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 57
57) Қазақстан Республикасының аумағында танылатын орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 58
58) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою рәсімін жүзеге асырады;
Тармақша 59
59) «Орта бiлiм беретін үздiк ұйым», «Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым» гранттарының мөлшерін және оларды беру тәртiбiн белгiлей отырып, осы гранттарды беруге арналған конкурстарды өткiзу қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
Тармақша 60
60) халықтың тығыздығына және елді мекендердің шалғайлығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 61
61) денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мемлекеттік аттестаттауды жүргізеді;
Тармақша 62
62) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 63
63) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 64
64) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 65
65) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 66
66) білім беру ұйымдарында балалардың сауықтырылуы мен демалысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 67
67) орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды, орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптама жасау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды, мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді, орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің тізбесін, оның ішінде электрондық нысанда қалыптастырады және бекітеді, сондай-ақ мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
Тармақша 68
68) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 69
69) психологиялық қолдау орталықтары қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 70
70) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 71
71) орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларында, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған кезде қашықтан оқыту бойынша және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын, кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 72
72) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидалары мен бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 73
73) мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 74
74) мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау стандартын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 75
75) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі мен қағидаларын, сондай-ақ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 76
76) тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 77
77) білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған кәсіптік стандарттарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 78
78) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 79
79) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 80
80) білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары қызметінің тиімділігі рейтингін жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 81
81) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейін қолдауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын, біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін, мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының құнын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ педагогтерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
Тармақша 82
82) тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекітеді;
Тармақша 83
83) аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану талаптары мен қағидаларын әзірлейді және бекітеді, танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізілімін, сондай-ақ оларды оған енгізу, оны тоқтата тұру және одан шығару негіздерін қалыптастырады және бекітеді;
Тармақша 84
84) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 85
85) меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуын, білім беруді басқару органдарын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарда бюджеттік және қаржылық тәртіпті мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады;
Тармақша 86
86) білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар береді;
Тармақша 87
87) бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын олармен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекiтедi, олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 88
88) білім беру қызметінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысандарын әзірлейді және бекітеді және мектепке дейінгі ұйымдардың және жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарының, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекітеді;
Тармақша 89
89) мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекітеді;
Тармақша 90
90) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 91
91) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 92
92) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындауды және лауазымынан босатуды келіседі;
Тармақша 93
93) мектепке дейiнгi, орта, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзірлейді және бекiтедi;
Тармақша 94
94) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыруға арналған өлшемшарттарды бекітеді;
Тармақша 95
95) салалық көтермелеу жүйесін бекітеді;
Тармақша 96
96) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 97
97) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Білім беру саласындағы уәкілетті органның осы баптың бірінші бөлігінің 8), 9), 20), 32), 34), 35), 36), 38), 39), 44), 47), 48), 53), 56), 63), 68), 71), 72), 73), 75), 78), 80), 81), 94) және 95) тармақшаларында көзделген өкілеттіктері әскери, арнаулы оқу орындарына қолданылмайды.
Бап 5-1. 5-1-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты құзыреті
5-1-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты құзыреті Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты мынадай өкілеттіліктерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру қызметінің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының жекелеген бөлімдерін әзірлеуге қатысады;
Тармақша 2
2) әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының жекелеген бөлімдерін және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеуге қатысады;
Тармақша 3
3) әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 4
4) әскери, арнаулы оқу орындарында (орта білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 4-1) әскери, арнаулы оқу орындарында (білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша орта білім беру ұйымдарында) қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 5
5) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 6
Тармақша 7
Тармақша 8
8) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9
9) тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10
10) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін айқындайды;
Тармақша 11
11) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 12
12) әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 13
13) орта, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының азаматтық қызметшілерінің лауазымдарын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарындағы педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 14
14) әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтер, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 15
15) әскери, арнаулы оқу орындарының цифрлық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 16
16) мамандықтар мен біліктіліктердің, әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбелерін бекітеді;
Тармақша 17
17) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алу нысандары мен технологиясын айқындайды;
Тармақша 18
18) әскери, арнаулы оқу орындарында білім беру технологияларын қолдана отырып, оқыту нысандарын, оның ішінде онлайн-оқытуды қолдану және оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19
19) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 5-2. 5-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Сот төрелігі академиясына қатысты құзыреті
5-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Сот төрелігі академиясына қатысты құзыреті Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің Сот төрелігі академиясына қатысты мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Сот төрелігі академиясының білім беру қызметінің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының жекелеген бөлімдерін әзірлеуге қатысады;
Тармақша 2
2) Сот төрелігі академиясының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының жекелеген бөлімдерін және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеуге қатысады;
Тармақша 3
3) Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 4
4) Сот төрелігі академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 5
5) Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 6
6) үлгілік оқу жоспарларын және үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7
7) оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамалау, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 8
8) Сот төрелігі академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасы мен тағылымдамасын ұйымдастыру мен одан өту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9
9) Сот төрелігі академиясына қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10
10) Сот төрелігі академиясының педагогтері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 11
11) Сот төрелігі академиясының педагогтері, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 12
12) Сот төрелігі академиясының цифрлық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 13
13) Сот төрелігі академиясында білім алу нысандары мен технологияларын айқындайды;
Тармақша 14
14) Сот төрелігі академиясында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 14-1
14-1) Сот төрелігі академиясында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 14-2
14-2) Сот төрелігі академиясын мемлекеттік аттестаттауды жүргізеді;
Тармақша 15
15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 5-3. 5-3-бап. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның құзыреті
5-3-бап. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның құзыреті Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді орындайды:
Тармақша 1
1) азаматтардың білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыпастырады және іске асырады, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылым саласындағы халықаралық бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
Тармақша 3
3) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама дайындау және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) білім беруді басқару жүйесіне білім беру мониторингін және цифрлық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, білім беру саласындағы цифрлық объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 5
5) білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 6
6) заңды тұлғаларға мыналарды; кадрларды даярлау бағыттары және оқыту нысандары бойынша жоғары білім беру; кадрларды даярлау бағыттары және оқыту нысандары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; рухани білім беру үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша береді;
Тармақша 7
7) білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібін белгілейді;
Тармақша 7-1
7-1) 01.09.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 04.12.2025 № 236-VIII Заңымен;
Тармақша 7-2
7-2) 01.09.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 04.12.2025 № 236-VIII Заңымен;
Тармақша 7-3
7-3) 01.09.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 04.12.2025 № 236-VIII Заңымен;
Тармақша 8
8) Сот төрелігі академиясын қоспағанда, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізеді;
Тармақша 9
9) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекітеді;
Тармақша 10
10) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекітеді;
Тармақша 11
11) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кадрлар даярлау бағыттарының сыныптауышын бекітеді;
Тармақша 12
12) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою рәсімін жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және оны жүргізуді үйлестіреді, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының жарғыларын бекітеді;
Тармақша 15
15) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 16
Тармақша 17
17) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізеді және өз құзыреті шегінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ ғылыми қызмет саласындағы халықаралық шарттарға (келісімдерге) және бағдарламаларға қол қояды;
Тармақша 17-1
17-1) Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдары қызметінің қағидаларын және олардың ынтымақтастығының нысандарын бекітеді;
Тармақша 18
18) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімдерде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамаларды береді;
Тармақша 20
20) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекітеді;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерді алады;
Тармақша 22
22) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 23
23) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын дамыту бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 24
24) стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 25
25) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін бекітеді;
Тармақша 26
26) «бакалавр» немесе «магистр» дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 27
27) мемлекеттік атаулы стипендиялар тағайындайды;
Тармақша 28
28) маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, осы Заңның 47-бабының 17-тармағында көрсетілген мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату тәртібін айқындайды;
Тармақша 29
29) шетелде кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары бойынша, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындайды;
Тармақша 30
30) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп формалды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілігін тану нәтижелерін тану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 31
31) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандартты әзірлейді және бекітеді. 32) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның осы баптың бірінші бөлігінің 4), 5), 7), 9), 10), 11), 13), 18), 20), 22), 23), 24) және 25) тармақшаларында көзделген өкілеттіктері әскери, арнаулы оқу орындарына және Сот төрелігі академиясына қолданылмайды.
Бап 6. 6-бап. Білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті
6-бап. Білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті
Тармақ 1
1. Жергілікті өкілді органдар:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Облыстың жергілікті атқарушы органы:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 1-1
1-1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 1-2
1-2) бастауыш, негізгі орта және кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, жалпы орта білім беру және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беретін мемлекеттік білім беру ұйымдарында (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) білім берудің сапасын қамтамасыз етеді;
Тармақша 1-3
1-3) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін, оның ішінде олардың шағын жинақты мектептермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің сапасын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, олардың білім беру ұйымдарында білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасауды, әмбебап дизайн және (немесе) ақылға қонымды ыңғайлылық қағидаттарын ескере отырып, мемлекеттік құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылысжайлары мен үй-жайларына қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды, сондай-ақ әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өтіп жатқан балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4-1
4-1) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, орта білім алғанға дейін оларды оқытуды ұйымдастырады;
Тармақша 4-2
4-2) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 5-1
5-1) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
Тармақша 6-1
Тармақша 6-2
6-2) отыз жылдан көп пайдаланылып отырған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) жай-күйін әрбір бес жыл сайын авариялығы тұрғысынан зерттеп-қарауды, сондай-ақ сейсмикалық қауіпті өңірлерде орналасқан мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарын сейсмикалық беріктігі тұрғысынан зерттеп-қарауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 7-1
7-1) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 7-2
7-2) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 7-3) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiтедi;
Тармақша 8
8) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
Тармақша 8-1
8-1) өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;
Тармақша 8-2
8-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
Тармақша 8-3
8-3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді; 8-4) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
Тармақша 8-5
8-5) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді және орналастырады;
Тармақша 9
9) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 10-1
10-1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;
Тармақша 11
11) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдардағы білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
Тармақша 12
12) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді; 12-1) жыл сайын 1 тамызға дейін аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан, мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқу жылына білім беру органдары болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 13
13) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдарда жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, облыстық ауқымда орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын, аудандық (қалалық) ауқымдағы конкурстар, облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдарда бастапқы әскери даярлық бойынша жарыстар ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 13-1
13-1) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
Тармақша 13-2
13-2) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалалардағы аудандарда, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
Тармақша 14
14) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейлерде жүзеге асырылатын, балаларға қосымша білім берудің сапасын қамтамасыз етеді;
Тармақша 15
15) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз етеді;
Тармақша 16
16) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 16-1
16-1) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 17
17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 18
18) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 18-1
18-1) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларға қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
Тармақша 20
20) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
Тармақша 20-1
20-1) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсынады;
Тармақша 21
21) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 22
22) облыстық білім беруді басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 22-1
22-1) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 22-2
22-2) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның цифрлық объектілерінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 23
23) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 24
24) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;
Тармақша 24-1
24-1) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
Тармақша 24-2
24-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарының сапалы кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
Тармақша 24-3
24-3) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлейді;
Тармақша 24-4
24-4) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
Тармақша 24-5
24-5) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
Тармақша 24-6
Тармақша 24-7
24-7) алып тасталды - ҚР 23.02.2024 № 64-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 24-8
24-8) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлаудың сапасын қамтамасыз етеді;
Тармақша 24-9
24-9) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына «Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым» грантын төлейді;
Тармақша 24-10
24-10) білім беру ұйымдарында, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарында психологиялық қызметке әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
Тармақша 24-12
24-12) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастырады;
Тармақша 24-13
24-13) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;
Тармақша 25
25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, орта білім беру және интернат үлгісіндегі білім беру ұйымдары (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) арқылы ұсынылатын орта білім берудің сапасын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді ұйымдастырады және оның сапасын қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 6-1
6-1) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 6-2
6-2) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 7
7) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
Тармақша 7-1
7-1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiтедi;
Тармақша 7-2
7-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
Тармақша 7-3
7-3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
Тармақша 7-4
7-4) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
Тармақша 7-5
7-5) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді және орналастырады;
Тармақша 7-6
7-6) өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;
Тармақша 8
8) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) мемлекеттік орта білім беру ұйымдары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) балаларға арналған қосымша білім берудің сапасын қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
Тармақша 12
12) мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
Тармақша 12-1
12-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 12-2
12-2) отыз жылдан көп пайдаланылып отырған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) жай-күйін әрбір бес жыл сайын авариялығы тұрғысынан зерттеп-қарауды, сондай-ақ сейсмикалық қауіпті өңірлерде орналасқан мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарын сейсмикалық беріктігі тұрғысынан зерттеп-қарауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 13
13) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, олардың білім беру ұйымдарында білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасауды, әмбебап дизайн және (немесе) ақылға қонымды ыңғайлылық қағидаттарын ескере отырып, мемлекеттік құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылысжайлары мен үй-жайларына қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
14) дарынды балаларды, сондай-ақ әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өтіп жатқан балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 15
15) республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын, бастапқы әскери даярлық бойынша жарыстар, ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 16
16) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 17
17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 18
18) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз етеді;
Тармақша 19
19) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
Тармақша 22
22) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
Тармақша 23
23) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 24
24) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
Тармақша 24-1
Тармақша 24-2
24-2) алып тасталды - ҚР 23.02.2024 № 64-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 25
25) білім беруді басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 25-1
25-1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 25-2
25-2) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 25-3
25-3) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
Тармақша 25-4
25-4) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілу сапасын қамтамасыз етеді;
Тармақша 25-5
25-5) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
Тармақша 25-6
25-6) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлейді;
Тармақша 25-7
25-7) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандандырылған жалпы бiлiм беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді; 25-8 әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
Тармақша 25-9
25-9) конкурс жеңімпаздарына –техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдарға «Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым» грантын төлейді;
Тармақша 26
26) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 27
27) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;
Тармақша 27-1
27-1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;
Тармақша 28
28) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 3-1
3-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өздеріне жүктелген функцияларды білім беруді басқарудың тиісті органдары және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандар әкімдерінің аппараттары арқылы іске асырады. Аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасқан білім бөлімдері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларына есеп береді және олардың бақылауында болады.
Тармақ 4
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
Тармақша 3
Тармақша 4
Тармақша 4-1
Тармақша 5
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 6-1
6-1) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 6-2
6-2) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 7
Тармақша 8
Тармақша 8-1
Тармақша 8-2
Тармақша 8-3
Тармақша 9
Тармақша 10
Тармақша 11
Тармақша 12
12) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 13
Тармақша 14
Тармақша 15
15) білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
Тармақша 16
16) ауылдық жердегі білім беру ұйымдарына жұмыс істеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
Тармақша 17
17) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 18
Тармақша 19
Тармақша 19-1
Тармақша 19-2
Тармақша 19-3
Тармақша 20
20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 21
21) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 21-1
Тармақша 21-2
Тармақша 21-3
Тармақша 21-4
21-4) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 21-5
Тармақша 22
22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды, күрделі жөндеуді қаржыландыру және жүргізу қағидаларына сәйкес айқындалатын көлемде орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік объектілерін салуды, реконструкциялауды және күрделі жөндеуді қаржыландыруды жыл сайын қамтамасыз етеді.
Бап 6-1. 6-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары
6-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары
Тармақ 1
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органдары осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында айқындалған құзыреті шегінде тиісті аумақта білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Облыстық білім беруді басқару органдары аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Бап 7. 7-бап. Білім беру жүйесін басқару органдарын цифрлық қамтамасыз ету
7-бап. Білім беру жүйесін басқару органдарын цифрлық қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Білім беру жүйесін басқару органдарын толық, анық, салыстырмалы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында білім беруді тиімді басқарудың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін білім беру саласындағы цифрлық объектілері құрылады.
Тармақ 2
2. Білім беру саласындағы цифрлық объектілер техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімдерін, білім беру мониторингінің деректерін, әкімшілік деректерді және білім беру саласындағы уәкілетті орган мен ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары өз қызметін жүзеге асыру процесінде алған өзге деректерді де қамтиды. Білім беру саласындағы уәкілетті орган мен ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес цифрлық объектілердің деректеріне азаматтардың еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 3
3. «Ұлттық білім беру дерекқоры» цифрлық жүйесі білім беру саласындағы әкімшілік және өзге де деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға, сондай-ақ басқа цифрлық объектілермен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етуге арналған.
Тармақ 4
4. Білім беру саласындағы цифрлық объектілердегі дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 8. 8-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
8-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
Тармақ 1
1. Мемлекет білім алу құқығын білім беру жүйесін дамыту, оның жұмыс істеуінің құқықтық негізін жетілдіру және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес білім алу үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді. Білім беру сапасын мемлекеттік бақылау білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін жасау және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 1-1
1-1. Мемлекет ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) олардың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру жүйесі ұсынған шекте білім алу нысанын таңдау құқығын беруді қоса алғанда, олардың өзін-өзі жетілдіруіне, білім берудің барлық деңгейлерінде өмір бойы оқуын жалғастыруына, өздерінің қабілеттерін еркін дамытуына жағдайлар жасайды.
Тармақ 2
2. Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуын, түлектерге бір мамандық шеңберінде жұмысшы біліктілігін немесе жұмысшы біліктіліктерін бере отырып, техникалық және кәсіптік білім алуын, сондай-ақ, әскери, арнаулы оқу орындарында және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында алынатын білімді қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының азаматы осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасына отбасына қосылу мақсатында келген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуға құқығы бар. Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқық беріледі. Стипендиялық бағдарламалар бойынша білім алатын адамдарды қоспағанда, шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
Тармақ 2-1
2-1. Мемлекет цифрлық технологияларды пайдаланыла отырып, электрондық оқытудың цифрлық инфрақұрылымын құру жағдайларын қамтамасыз етеді.
Тармақ 2-2
2-2. Мемлекет студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін жатақханалардағы жаңадан берілетін орындармен студенттерді, магистранттар мен докторанттарды қамтамасыз ету бойынша жағдай жасайды. Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік тапсырыс құрамында жатақханада тұру шығыстарын мемлекет субсидиялаған жағдайларды қоспағанда, жатақханаларда тұру үшін ақы төлеу студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың құрамына кірмейді. Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс шарты білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы мен жатақхананың меншік иесі арасында жасалады. Жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге кемінде жиырма жыл мерзімге тыйым салудың болуы студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс шартының міндетті талабы болып табылады.
Тармақ 3
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін және мемлекеттік емес білім беруді кредиттеуді дамыту үшін жағдайлар жасалады. Мемлекет қаржылық ұйымдар беретiн бiлiм беру кредиттерiнiң кепiлдiк жүйесiн құру жөнiнде шаралар қабылдайды.
Тармақ 4
4. Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шығыстарын толық немесе ішінара өтейді. Әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына:
Тармақша 1
1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Тармақша 2
2) даму мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедектігі бар балалар, мүгедектігі бар адамдар және бала кезінен мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 3
3) көп балалы отбасылардың балалары;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарындағы балалар;
Тармақша 5
5) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;
Тармақша 6
6) дарынды балаларға арналған немесе әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;
Тармақша 7
7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
Тармақша 8
8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
Тармақша 9
9) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар жатады.
Тармақ 4-1
4-1. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тамақтандыруға жұмсалатын шығыстарды толығымен немесе ішінара өтейді.
Тармақ 5
5. Денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы орта бiлiм беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.
Тармақ 6
6. Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсатын іске асыра отырып, білім берудің барлық деңгейінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Мемлекет тұрғындар саны аз елді мекендерде тұратын балалардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алу құқықтарын қамтамасыз ету үшін шағын жинақты мектептер мен интернат ұйымдарының жұмыс істеуіне кепілдік береді.
Тармақ 8
8. Мемлекет Қазақстан Республикасының дарынды азаматтарының элиталық білім, оның ішінде шетелде білім алуына қажетті жағдай жасайды.
Бап 8-1. 8-1-бап. Білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар
8-1-бап. Білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандарттары "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.
Бап 8-2. 8-2-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік монополия
8-2-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік монополия Білім беру деңгейлері бойынша оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендерге сараптама жүргізуді, сондай-ақ білім беру жүйесі мен білім беру, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары) қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады. Білім беру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын білім беру саласындағы уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша айқындайды.
Бап 8-3. 8-3-бап. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің штат саны мен штат кестесі
8-3-бап. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің штат саны мен штат кестесі Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының штат саны мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарында айқындалады. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшылары штат саны мен штат кестесін бекітеді. Бірінші басшылар штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, бірақ қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертуге құқылы. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының штат саны Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау, ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып, олардың интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс.
Бап 9. 9-бап. Оқыту және тәрбиелеу тілі
9-бап. Оқыту және тәрбиелеу тілі
Тармақ 1
1. Білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Меншік нысандарына қарамастан барлық білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 3
3. Ана тілінде білім алу құқығы тиісті білім беру ұйымдарының мүмкіндіктері болған жағдайда сыныптар, топтар құрумен, сондай-ақ олардың жұмыс істеуіне жағдай жасаумен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік тілде оқытатын тиісті білім беру ұйымдарын, сыныптарды, топтарды құру басым бағыт болып табылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік тіл және орыс тілі орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға қорытынды аттестаттау өткізу кезінде пәндер тізбесіне енгізілетін міндетті пәндер болып табылады.
Бап 9-1. 9-1-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу
9-1-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу
Тармақ 1
1. Білім беру ұйымын аккредиттеу ерікті негізде жүзеге асырылады. Білім беру ұйымы аккредиттеу органын өз бетінше таңдайды.
Тармақ 2
2. Аккредиттеуден өткізу туралы немесе аккредиттеуді өткізуден бас тарту туралы шешімді аккредиттеу органы білім беру ұйымы өтінішінің және тізбесін аккредиттеу органы айқындайтын, ұсынылған құжаттардың қаралу нәтижелері бойынша қабылдайды. Аккредиттеуді өткізудің шарттары мен мерзімдері білім беру ұйымы мен аккредиттеу органы арасындағы аккредиттеуді өткізу туралы шартта айқындалады.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Білім беру ұйымын аккредиттеу білім беру ұйымының қаражаты есебінен өткізіледі.
Тармақ 5
5. Білім беру ұйымдары танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және (немесе) мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуден өтуге құқылы.
Тармақ 6
Тарау 3. 3-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
3-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
Бап 10. 10-бап. Білім беру жүйесі ұғымы
10-бап. Білім беру жүйесі ұғымы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:
Тармақша 1
1) білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беру бағдарламаларының;
Тармақша 2
2) үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының;
Тармақша 3
3) білім беруді басқару органдары мен тиісті инфрақұрылымдардың, оның ішінде білім беру мониторингін жүзеге асыратын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының;
Тармақша 4
4) білім беру қызметінің субъектілері бірлестіктерінің жиынтығын бiлдiредi.
Бап 11. 11-бап. Білім беру жүйесінің міндеттері
11-бап. Білім беру жүйесінің міндеттері
Бап 12. 12-бап. Білім беру деңгейлері
12-бап. Білім беру деңгейлері Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:
Тармақша 1
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;
Тармақша 2
2) бастауыш білім беруді;
Тармақша 3
3) негізгі орта білім беруді;
Тармақша 4
4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді);
Тармақша 5
5) орта білімнен кейінгі білім беруді;
Тармақша 6
6) жоғары білім беруді;
Тармақша 7
7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды.
Тарау 4. 4-тарау. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ
4-тарау. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ
Бап 13. 13-бап. Білім беру мазмұнының ұғымы
13-бап. Білім беру мазмұнының ұғымы Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені). Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларымен айқындалады.
Бап 14. 14-бап. Білім беру бағдарламалары
14-бап. Білім беру бағдарламалары
Тармақ 1
1. Білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына (міндеттеріне) қатысты:
Тармақша 1
1) жалпы білім беретін (үлгілік, жұмыстық);
Тармақша 2
2) кәсіптік (үлгілік, жұмыстық);
Тармақша 3
3) қосымша болып бөлінеді. Үлгілік оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді. Жұмыстық оқу бағдарламалары тиісті үлгілік оқу жоспарларының және (немесе) үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді. Жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің білім беру бағдарламалары мен үлгілік оқу бағдарламалары негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар әзірлейді. Жалпы білім беретін пәндер циклінің жұмыс оқу бағдарламаларын қоспағанда, жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары әзірлейді.
Тармақ 2
2. Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмірге бейімдеудің міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған. Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнына қарай мынадай оқу бағдарламаларына:
Тармақша 1
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
Тармақша 2
2) бастауыш білім беру;
Тармақша 3
3) негізгі орта білім беру;
Тармақша 4
4) жалпы орта білім беру болып бөлінеді. Дарынды адамдардың, сондай-ақ әскери іске қызығушылық пен қабілет танытатын адамдардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық дамыту үшін оқу бағдарламасының жекелеген пәндерін тереңдетіп оқытуды көздейтін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары әзірленеді. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнаулы оқу бағдарламалары әзірленеді.
Тармақ 3
3. Білім беру бағдарламалары экономика салаларындағы кәсiптiк қызмет бағыттары бойынша білікті кадрлар, оның ішінде жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға, жеке бастың кәсiптiк және жалпы бiлiм деңгейiн дәйекті түрде арттыруға бағытталған. Кәсіптік бағдарламалар мазмұнына қарай:
Тармақша 1
1) техникалық және кәсiптiк бiлiмнің;
Тармақша 2
2) орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің;
Тармақша 3
3) жоғары бiлiмнің;
Тармақша 4
4) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларына бөлiнедi.
Тармақ 4
4. Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі билеуін, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді.
Тармақ 5
5. Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім берудің жаңа мазмұнын енгізу үшін эксперимент режимінде (эксперименттік алаңдарда) жұмыс істейтін білім беру ұйымдарында іске асырылатын эксперименттік білім беру бағдарламалары әзірленеді.
Тармақ 6
6. Интеграцияланған білім беру бағдарламаларын бiлiм беру ұйымдары әзiрлейдi. Интеграцияланған бiлiм беретін оқу бағдарламалары пәнаралық және деңгейаралық, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары аралық және халықаралық болуы мүмкiн.
Тармақ 7
7. Алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 8
8. Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 8-1
8-1. Су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сауда мақсатында теңізде жүзу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекітеді.
Тармақ 9
9. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм беру ұйымы лицензиясы болған жағдайда әртүрлi деңгейдегi білім беру бағдарламаларын iске асыруға құқылы. Білім беру ұйымдары ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқыту үшін білім беру бағдарламаларын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке даму ерекшеліктеріне және әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйкес бейімдейді.
Бап 15. 15-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
15-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
Тармақ 1
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары іс-әрекет түрлерінің мектеп жасына дейінгі балалар үшін ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде әзірленеді.
Тармақ 2
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары:
Тармақша 1
1) балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру тұтастығы принциптерін ескере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) әр баланың талабын, бейімділігін, қабілеттілігін, дарындылығын іске асыруға және оның даму ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, дара әдіс негізінде оны бастауыш білім берудің білім беру бағдарламасын меңгеруге даярлауға бағдарланады.
Тармақ 3
3. Мектепке дейінгі оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары оқудың, жазудың, есептеудің және тілдік қатынас тәжірибесінің қарапайым дағдыларын қалыптастырады және бастауыш білім беруді меңгеру үшін бірдей бастапқы жағдайларды жасауды көздейді.
Бап 16. 16-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
16-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
Тармақ 1
1. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Тармақ 2
2. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады. Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы білім алушылардың бейін алды даярлығын қамтиды. Әрбір пәннің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады. Негiзгi орта бiлiм берудің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзiмi – бес жыл.
Тармақ 3
3. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бейіндік оқытуды енгізе отырып, білім беру мазмұнын саралау, интеграциялау және кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі - екі жыл.
Бап 17. 17-бап. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары
17-бап. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары
Тармақ 1
1. Техникалық және кәсіптік білім беру орта білім беру деңгейінің құрамдас бөлігі болып табылады және білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарды даярлауға бағытталған.
Тармақ 2
2. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары мазмұнына және білім алушылардың даярлық деңгейіне қарай мынадай болып бөлінеді:
Тармақша 1
1) білікті жұмысшы кадрлар даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары. Білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнаулы пәндерді зерделеуді, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді немесе жалпы білім беретін пәндер модулін және жалпыға міндетті, базалық және кәсіптік модульдерге интеграцияланған жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнаулы пәндерді зерделеуді, оқыту нәтижелеріне бағдарланған жұмысшы біліктіліктері беріле отырып, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді көздейді;
Тармақша 2
2) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары. Білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін, әлеуметтік-экономикалық, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнаулы пәндерді зерделеуді, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді немесе жалпы білім беретін пәндер модулін және жалпыға міндетті, базалық және кәсіптік модульдерге интеграцияланған әлеуметтік-экономикалық, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнаулы пәндерді зерделеуді, оқыту нәтижелеріне бағдарланған «орта буын маманы» біліктілігі және (немесе) жұмысшы біліктіліктері беріле отырып, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді көздейді. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.
Тармақ 3
3. Мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары көрсетілген мамандықтар бойынша білім алушылардың ерте мамандануы қағидаты мен даярлау ерекшеліктері ескеріле отырып әзірленеді. Оқыту ұзақтығы бағдарламалардың күрделілігі мен берілетін біліктілік деңгейіне байланысты және ол тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен айқындалады.
Тармақ 4
4. Жалпы орта білімі бар азаматтар үшін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары жалпы кәсіптік, әлеуметтік-экономикалық, арнайы пәндерді зерделеуді және таңдаған мамандығы бойынша болашақ кәсіптік қызметін айқындайтын оқу-өндірістік жұмыстарды орындауды көздейді.
Тармақ 5
5. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары теориялық және өндірістік оқыту бағдарламаларынан және кәсіптік практикадан тұрады.
Тармақ 6
6. Дуальды оқыту пайдаланылатын техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын (ұйым) базасында кәсіптік практика нысанындағы жалпы кәсіптік, арнаулы пәндердің және (немесе) базалық, кәсіптік модульдердің оқу уақыты көлемінің кемінде алпыс пайызын құрайтын өндірістік оқытуды көздейді.
Бап 18. 18-бап. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
18-бап. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім алушылардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылады.
Бап 19. 19-бап. Арнайы оқу бағдарламалары
19-бап. Арнайы оқу бағдарламалары
Тармақ 1
1. Арнайы оқу бағдарламалары мектепке дейiнгi тәрбие беру мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары және техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары негізінде әзірленеді және мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға және дамытуға бағытталады, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялар ұсынымдары ескеріле отырып айқындалатын психикалық-физикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін ескереді.
Тармақ 3
3. Арнайы оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген арнаулы білім беру ұйымдарында, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында немесе үйде іске асырылады.
Бап 20. 20-бап. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары
20-бап. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары
Тармақ 1
1. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары орта (жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік) білімі бар азаматтардың қатарынан қолданбалы бакалаврларды даярлауға бағытталған. 2. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының жекелеген модульдерін немесе пәндерін енгізе отырып, модульдерге интеграцияланған техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын зерделеуді көздейді. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.
Бап 21. 21-бап. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары
21-бап. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары
Тармақ 1
1. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары "бакалавр" дәрежесін немесе "маман" біліктілігін бере отырып, экономика салаларының қажеттіліктеріне сәйкес біліктілігі жоғары кадрлар даярлауға бағытталған. "Бакалавр" дәрежесі беріліп немесе "маман" біліктілігін бере отырып, жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтаған адамдар өздері үшін біліктілік талаптарында жоғары білімі болуы көзделген лауазымдарға орналаса алады.
Тармақ 2
2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін пәндер циклін, базалық пәндер циклін, бейіндеуші пәндер циклін зерделеуді, сондай-ақ оқыту нәтижелеріне және ұлттық біліктілік шеңберіне және салалық біліктілік шеңберлеріне сәйкестікке бағдарлана отырып, кадрлар даярлаудың тиісті бағыттары бойынша кәсіптік практикадан өтуді көздейді. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары міндетті құрауыштың және таңдау бойынша құрауыштың пәндерін қамтиды. Білім алушы таңдау бойынша құрауыш шеңберінде жеке оқыту траекториясын айқындау кезінде:
Тармақша 1
1) негізгі білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді;
Тармақша 2
2) қосымша білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді таңдай алады. Негізгі және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша пәндерді меңгерудің тәртібі мен көлемі кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларында белгіленеді. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.
Тармақ 3
3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игеру мерзімі мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартында айқындалады.
Тармақ 4
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.
Тармақ 5
5. Дәрігер кадрларды даярлау үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады, бакалавриатты, интернатураны және магистратураны қамтиды. Үздіксіз интеграцияланған білім беру шеңберінде интернатураның кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгеру «дәрігер» біліктілігін алудың міндетті шарты болып табылады. Интернатурада медицина кадрларын даярлау қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Бап 22. 22-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары
22-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары
Тармақ 1
1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары біліктілігі жоғары педагогтер, ғылыми қызметкерлер мен басшы кадрлар даярлауға, олардың ғылыми, педагогтік және кәсіптік даярлық деңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталған.
Тармақ 2
2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны: базалық және бейіндеуші пәндерді қамтитын теориялық оқытуды, оқыту нәтижелеріне және ұлттық біліктілік шеңберіне және салалық біліктілік шеңберлеріне сәйкестікке бағдарлана отырып, кәсіптік практиканы, диссертация (бейіндік магистратураның білім беру бағдарламаларына арналған жобаны) жаза отырып, ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысын көздейді. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.
Тармақ 3
3. Резидентураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін клиникалық мамандықтар бойынша үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламасын аяқтаған азаматтарға дербес клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.
Бап 23. 23-бап. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары
23-бап. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары
Тармақ 1
1. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне және ұлттық біліктілік шеңберіне және салалық біліктілік шеңберлеріне сәйкестікке бағдарлана отырып, білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Сот төрелігі академиясындағы, әскери, арнаулы оқу орындарындағы қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне және (немесе) тиісінше Қазақстан Республикасының соттарындағы, құқық қорғау органдарындағы, Қорғаныс министрлігіндегі және ұлттық қауіпсіздік органдарындағы кәсіптік құзыреттерге, біліктілік сипаттамаларына және біліктілік талаптарына сәйкестікке бағдарлана отырып, білім алушылар мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
Тармақ 2
2. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары мазмұнына және бағытына қарай:
Тармақша 1
1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру бағдарламалары;
Тармақша 1-1
1-1) кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламалары;
Тармақша 2
2) қазіргі заман талаптарына сай келетін кәсіптік құзыреттерді дамытуға бағытталған мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламалары;
Тармақша 2-1
2-1) еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріле отырып, біліктілік алуға бағытталған мамандарды қайта даярлау бағдарламалары; 3) жетекші ғалымның жетекшілік етуімен мамандандырылған тақырып бойынша ғылыми білімді тереңдетуге, ғылыми және қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталған докторлықтан кейінгі бағдарламалар болып бөлінеді.
Тармақ 3
3. Балалардың музыкалық мектептерінің, балалардың көркемсурет мектептерінің және балалардың өнер мектептерінің білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітетін әскерге шақыруға дейінгі даярлық бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдары іске асыратын балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын оларға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын атқаратын органдар бекітеді.
Бап 24. 24-бап. Ересектерге білім беру
24-бап. Ересектерге білім беру
Бап 25. 25-бап. Эксперименттік білім беру бағдарламалары
25-бап. Эксперименттік білім беру бағдарламалары Эксперименттік білім беру бағдарламалары оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізуге, білім берудің жаңа мазмұнын енгізуге бағытталған.
Тарау 5. 5-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
5-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бап 26. 26-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымдарына қабылдауға қойылатын жалпы талаптар
26-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымдарына қабылдауға қойылатын жалпы талаптар
Тармақ 1
1. Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларында айқындалады.
Тармақ 1-1
Тармақ 2
2. Бiлiм беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балаларды, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) қабылдауды қамтамасыз ететiн мектепке дейiнгi ұйымдарға және орта бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртiбi тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында айқындалады.
Тармақ 2-1
2-1. Конкурстық негізде "Өркен" гранты берілген Қазақстан Республикасының азаматтарын оқуға қабылдауды "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы жүзеге асырады.
Тармақ 2-2
2-2. Мектепке дейінгі ұйымдарға, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқуға қабылдау ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша жүзеге асырылады және тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларында айқындалады.
Тармақ 3
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау, осы баптың 8-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, конкурстық негізде азаматтардың өтініші бойынша жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс. Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) өздері таңдаған мамандығы олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, өздерінің өтініштері негізінде жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданады. Әскери қызметшілерге мерзімді әскери қызметін өткеру аяқталғаннан кейін алдағы оқу жылына арналған жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға білім беру гранты «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-1-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуға даярлығы расталған кезде осы баптың 8-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес квота шегінде конкурстық негізде беріледі.
Тармақ 3-1
3-1. Дербес білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу рәсімін қолданбастан, аталған ұйымдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын бекітілетін мамандықтар тізбесіне сәйкес оқытудың күндізгі нысаны бойынша жетекші шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жас шектеулері ескеріле отырып, конкурстық негізде "Болашақ" халықаралық стипендиясын алу құқығы бар. Тізбесін Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдарымен соңғы үш жылда марапатталған Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын бекітілетін мамандықтар тізбесіне сәйкес күндізгі оқыту нысаны бойынша жетекші шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жоғары білім алу үшін таңдаған мамандықтарының олимпиаданың немесе конкурстың пәніне сәйкес келуі және академиялық оқытуға сөзсіз қабылдану шартымен (қаржылық талаптарды қоспағанда), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жас шектеулері ескеріле отырып, конкурстық негізде «Болашақ» халықаралық стипендиясын алуға құқығы бар. "Болашақ" халықаралық стипендиясы берілген Қазақстан Республикасының азаматтарымен "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуға арналған шарт жасалады.
Тармақ 5
5. Бiлiм беру гранттарын алуға, сондай-ақ жоғары бiлiмдi кадрлар даярлауға мемлекеттiк білім беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың құрамына қабылдауға конкурс өткiзу кезiнде баллдары тең болған жағдайда, келесі кезектілікпен:
Тармақша 1
1) "Алтын белгi" белгiсімен марапатталған адамдардың;
Тармақша 1-1
1-1) патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдардың;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2-1
2-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдардың;
Тармақша 3
3) осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде аталған адамдарды қоспағанда, тізбесін бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының;
Тармақша 4
4) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың артықшылықты құқығы бар.
Тармақ 5-1
5-1. Білім беру грантын иеленуші оны жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдағанға дейін одан бас тартқан жағдайда, білім беру грантын беру туралы куәліктің күші жойылады, ал білім беру гранты белгіленген тәртіппен беріледі.
Тармақ 6
6. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған шарттармен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде:
Тармақша 1
1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін;
Тармақша 2
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін;
Тармақша 2-1
2-1) әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін;
Тармақша 3
3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін;
Тармақша 5
5) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін;
Тармақша 7
7) кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін;
Тармақша 8
8) кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін;
Тармақша 9
9) бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін қабылдау квотасы көзделеді.
Тармақ 8-1
8-1. Арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiгуi (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің балаларын (оның ішінде асырап алған ұлдарын, асырап алған қыздарын, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздарын) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысы беріліп және (немесе) білім беру гранты беріле отырып, олардың өтініші негізінде конкурстан тыс жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары бойынша, оның ішінде білім беру және денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқуға қабылдау арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандардың нәтижелері ескеріле отырып жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламаларының тізбесі мен арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі үлгілік қабылдау қағидаларында айқындалады.
Тармақ 9-1
9-1. Бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін білім алушыларды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі үлгілік қабылдау қағидаларында айқындалады.
Тармақ 10
10. Рухани (діни) білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау орта білімі бар адамдар арасынан құрылтайшы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеу талап етілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары немесе білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстарымен оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. Төменгі лауазымдарға орналасу үшін мамандар даярлау шеңберінде жоғары білімнің жекелеген мамандықтары немесе білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысымен оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібін осы Заңмен және қабылдаудың тиісті үлгілік ережелерімен реттелмеген бөлігінде білім беру ұйымдарының құрылтайшысы немесе құрылтайшылары (мемлекеттік басқару органы) белгілейді.
Тармақ 13
13. Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу шарт негізінде жүзеге асырылады, оның үлгілік нысанын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Бап 27. 27-бап. Білім алу нысандары
27-бап. Білім алу нысандары Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол жеткізу жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқыту, онлайн-оқыту және экстернат нысанында жүзеге асырылады.
Бап 28. 28-бап. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру
28-бап. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесі жұмыстық оқу жоспарлары мен жұмыстық оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады. Оқу және тәрбие жұмыстарын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларының толық көлемде уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге тиіс. Орта білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау бекітілген оқу-тәрбие процесінің оқу жылына арналған графигі мен бекітілген теориялық және практикалық сабақтардың кестесі негізінде жүзеге асырылады. Орта білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын есепке алу теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдарын және оқу бағдарламаларының оқу сағаттарында орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау бекітілген оқу жылына арналған академиялық күнтізбе және бекітілген оқу сабақтарының кестесі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары білім беру процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған. Әскери-патриоттық тәрбие білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламаларының ажырамас бөлігі болып табылады. Білім беру ұйымдарында нәсілдік, этностық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен айырықшалықты, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны, порнографияны насихаттауға, милитаристік және де халықаралық құқық пен ізгіліктің жалпыға танылған принциптеріне қайшы келетін өзге де идеяларды насихаттауға тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Оқу-тәрбие процесі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің адамгершілік қадір-қасиетін өзара құрметтеу және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарына білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде құрметпен қарау негізінде жүзеге асырылады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Азаматтарды күндізгі бөлімдерінде оқыту уақыты мерзімді әскери қызметті өткеруге теңестірілетін білім беру ұйымдарындағы білім беру қызметін ұйымдастыру тәртібін олардың мемлекеттік басқару органдары айқындайды.
Тармақ 6
6. Әскерге шақырылуға дейінгі және шақырылу жасындағы білім алушылардың негізгі орта білім беру базасындағы алғашқы әскери даярлығы - жалпы орта білімнің жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (арнаулы білім беру ұйымдарынан басқа) жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Білім беру ұйымдары білім алушылардың білім беру бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды жүзеге асырады және оларға аралық аттестаттау жүргізеді. Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге асыру және оларға аралық аттестаттау жүргізу нысандарын, тәртібін және мерзімділігін таңдауда дербес болады.
Тармақ 8
8. Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру білім алушыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
Тармақ 9
9. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік оқу бітіру емтихандары нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 10
Тармақша 1
Тармақша 2
10. Жоғары оқу орнынан кейiнгi білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау ерекшелiктерiн ғылым және жоғары білім саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
Тармақ 11
11. Білім беру ұйымдары кәмелетке толмаған білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқу-тәрбие процесінің барысымен және мазмұнымен, сондай-ақ білім алушылардың үлгерімімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Бап 29. 29-бап. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру
29-бап. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Білім мен ғылымды интеграциялау, оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау: орта білім беру ұйымдарында – облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әдістемелік кабинеттеріне және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттеріне; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында – облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органдарының әдістемелік кабинеттеріне және бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктеріне; Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында – кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктерге жүктеледі. Кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктердің оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына басшылық жасау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесіне жүктеледі. Бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерінің оқу-әдістемелік жұмысына басшылық жасау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесіне жүктеледі.
Тармақ 3
3. Білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда, оның ішінде оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті үйлестіру білім беру саласындағы уәкілетті орган және (немесе) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 30. 30-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
30-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Тармақ 1
1. 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды мектепке дейiнгi тәрбие беру мен оқыту отбасында немесе бiр жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағындағы мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қабылдау білім беру саласындағы цифрлық объектілері арқылы есепке алудың, кезектіліктің және жолдама берудің бірыңғай базасы арқылы жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйым психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдарына сәйкес мүмкіндіктері шектеулі балаларды қоспағанда, алты жасқа толған тәрбиеленушілерді шығаруды олар мектепалды даярлық бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгергеннен кейін жыл сайын 1 маусымнан бастап 1 тамыз аралығындағы кезеңде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Мектепке дейiнгi тәрбие беру мен оқыту балаларды мектепте оқытуға мектеп алды даярлық түрiнде бес жастан бастап жүзеге асырылады. Мектеп алды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптарында жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы мектеп алды даярлық тегiн болып табылады.
Тармақ 3
3. Жоспарлы профилактикалық екпелерді алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. Жоспарлы профилактикалық екпелердің және оларды жүргізу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет көрсету үшін бала бекітілген жердегі медициналық ұйым береді.
Бап 31. 31-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру
31-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру
Тармақ 1
1. 1-сыныпқа оқуға балалар тестілік немесе конкурстық рәсімдерді қолданусыз, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен алты жастан қабылданады. Мүмкіндігі шектеулі балалар орта білім алу үшін алты – он жастан білім беру ұйымдарына қабылдана алады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау ескеріле отырып жүзеге асырылады. Бұл ретте білім беру бағдарламаларына сәйкес бастауыш және негізгі орта білім алудың ұзақтығы он жылдан кем болмауға тиіс.
Тармақ 2
2. Орта бiлiм беру ұйымдарының негiзгi түрлерi жалпы білім беретін мектеп, шағын жинақталған мектеп, гимназия, лицей, желілік мектеп, бейiндiк мектеп болып табылады.
Тармақ 3
3. Он алты жасқа дейінгі балаларды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымдарының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымы мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі. Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншы және қамқоршы ұйымдардың келісімімен қабылданады. Пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандарды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығару туралы шешім пробация қызметінің келісімімен қабылданады.
Бап 32. 32-бап. Техникалық және кәсіптік білім беру
32-бап. Техникалық және кәсіптік білім беру
Тармақ 1
1. Техникалық және кәсіптік білім беру негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім беру базасында училищелерде, колледждерде және жоғары колледждерде жүзеге асырылады. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу процесі білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды, сондай-ақ оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында – өндірістік оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен, кәсіпорындар (ұйымдар) базасында тәлімгердің, өндірістік оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен орындалатын өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы қамтиды. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу күндізгі, кешкі, сырттай оқу және (немесе) онлайн-оқыту нысандарында жүзеге асырылады. Бұл ретте тізбелерін мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдар айқындайтын халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары үшін мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша экстернат нысанында оқуға жол беріледі.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға жұмысшы біліктілігі және (немесе) «орта буын маманы» біліктілігі беріледі.
Бап 32-1. 32-1-бап. Кәсіптік даярлық
32-1-бап. Кәсіптік даярлық
Тармақ 1
1. Кәсіптік даярлық белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажетті жаңа немесе өзгерген кәсіптік дағдыларды білім алушылардың жедел меңгеруіне бағытталған. Кәсіптік даярлық білім алушының білім деңгейін арттырумен байланысты емес.
Тармақ 2
2. Қызметкерлердің немесе жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге де адамдардың кәсіптік даярлығын жұмыс беруші тікелей кәсіпорын (ұйым) базасында, оқу орталықтарында, курстарда, сондай-ақ заңды тұлғалардың әр түрлі оқу-өндірістік құрылымдарында немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізеді.
Тармақ 3
3. Кәсіптік даярлық оқыту шартына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады. Кәсіптік даярлықтың нысанын, мазмұны мен көлемін жұмыс беруші тиісті кәсіп бойынша қолданыстағы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде айқындайды. Кәсіптік даярлық нысандарына кәсіпорында (ұйымда) оқыту, басқа мамандыққа қайта оқыту, корпоративтік жауапкершілік және оқушылық негізінде кооперативтік оқыту жатады.
Тармақ 4
4. Біліктілік емтиханын тапсырған адамдарға нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік деңгейі беріледі және біліктілік беру туралы куәлік (сертификат) беріледі.
Бап 33. 33-бап. Орта білімнен кейінгі білім беру
33-бап. Орта білімнен кейінгі білім беру Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары жоғары колледждерде немесе училищелерде іске асырылады. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға «қолданбалы бакалавр» біліктілігі беріледі. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу күндізгі, кешкі, сырттай оқу және (немесе) онлайн-оқыту нысандарында жүзеге асырылады. Бұл ретте тізбелерін мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдар айқындайтын халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары үшін мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша экстернат нысанында оқуға жол беріледі.
Бап 34. 34-бап. Жоғары техникалық мектептер
34-бап. Жоғары техникалық мектептер
Бап 35. 35-бап. Жоғары білім беру
35-бап. Жоғары білім беру
Тармақ 1
1. Жоғары білімді жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар алады. Азаматтың конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында iске асырылады. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту күндізгі оқыту және (немесе) онлай-оқыту және (немесе) экстернат нысандарында жүзеге асырылады. Ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы, зерттеу университеті, университет, академия, институт және оларға теңестiрiлгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының негiзгi түрлерi болып табылады. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында тиісті лицензия және материалдық-техникалық база болған кезде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламалары, сондай-ақ мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары іске асырылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға «бакалавр» дәрежесі беріледі немесе «маман» біліктілігі беріледі.
Тармақ 4
4. Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары инновациялық-білім беру консорциумын құруға және (немесе) оған кіруге құқылы.
Бап 36. 36-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
36-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
Тармақ 1
1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жоғары білімі бар азаматтар алады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту күндізгі оқыту және (немесе) онлайн-оқыту нысандарында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметтің негізгі бейіні мен кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың магистратурасында, резидентурасында және докторантурасында, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес күндiзгi оқыту нысаны бойынша жетекші шет елдердiң жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға жiберу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Кадрларды магистратурада даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары базасында:
Тармақша 1
1) кемінде екі жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;
Тармақша 2
2) кемінде бір жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Кадрларды докторантурада даярлау магистратураның білім беру бағдарламалары базасында:
Тармақша 1
1) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;
Тармақша 2
2) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.
Тармақ 4-1
4-1. Әскери мамандықтар бойынша магистр дәрежесін алған немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдар философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін әскери, арнаулы оқу орындарының докторантурасында кемінде үш жыл даярлықтан өтеді.
Тармақ 5
5. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтік білім беру резидентураны, магистратура мен докторантураны қамтиды. Резидентурада тиісті мамандық бойынша дәрігердің кәсіптік біліктілігін алу немесе өзгерту мақсатында клиникалық мамандықтар бойынша резидент-дәрігерлерді даярлау жүзеге асырылады. Резидентурада медицина кадрларын даярлау қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Бап 37. 37-бап. Қосымша білім беру
37-бап. Қосымша білім беру
Тармақ 1
1. Балаларға қосымша білім беру олардың түрлерін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын білім беру ұйымдарында және мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылады. Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін білім алушыларға бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары көрсетеді және шарттық негізде ұсынады.
Тармақ 2
2. Ересектерге (он сегiз жасқа толған адамдарға) бiлiм беру қоғамда болып жатқан әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге сәйкес бiлiм мен дағдылардың қосымша көлемiн алу үшiн олардың өмiр бойы бiлiм алу қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған. Ересектердің білім мен дағдылардың қосымша көлемін алуы қосымша және формальды емес білім беру арқылы жүзеге асырылады. Ересектерге қосымша бiлiм берудi бiлiм беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғалар жүзеге асырады. Ересектерге формальды емес білім беруді оқудың орны, мерзімдері және нысаны есепке алынбай көрсетілетін білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жүзеге асырады және ол оқыту нәтижелерін растайтын құжат берумен бірге жүргізіледі. Ересектердің формальды емес білім беру арқылы өмір бойы алған оқу нәтижелері осы Заңда көзделген тәртіпке сәйкес танылады және одан әрі жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.
Тармақ 2-1
2-1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінде оқыту қосымша білім беруге жатады.
Тармақ 3
3. Кадрлардың біліктілігін арттыру қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда, біліктілікті арттыру институттарында, өндірісте және "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өту кезінде жүзеге асырылады. Докторлықтан кейінгі бағдарламаларды іске асыру жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында және ғылыми мектептері бар және кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерді орындайтын ғылыми ұйымдарда жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебінен, оның ішінде ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды гранттық қаржыландыру есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Бiлiм беру ұйымдары басшы кадрларының, педагогтерінің бiлiктiлiгiн арттыру үш жылда бір реттен сиретпей және ғылыми қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру бес жылда бiр реттен сиретпей жүзеге асырылады.
Тармақ 5
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жас шектеулері ескеріле отырып, тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын алуға арналған конкурсқа қатысуға құқылы. Конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтарымен тағылымдамадан өту туралы шарт жасалады.
Тармақ 7
7. "Болашақ" халықаралық стипендиясын әкімшілендіру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым:
Тармақша 1
1) "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шараларды ақпараттық қолдап отыруды жүргізеді;
Тармақша 2
2) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдауды ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) үміткерлерді конкурстық негізде іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) оқыту, кепіл және (немесе) кепілдік шарттарын жасасады;
Тармақша 5
5) стипендиаттардың академиялық оқытылуы мен тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруды және оның мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) оқытуды және тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) шарттың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыспен өтеу бөлігіндегі талаптарын стипендиаттардың орындауына мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) халықаралық әріптестермен, шетелдік оқу орындарымен стипендиаттардың оқуын ұйымдастыруға арналған шарттар жасасады.
Бап 37-1. 37-1-бап. Жеке педагогтік қызмет
37-1-бап. Жеке педагогтік қызмет
Тармақ 1
1. Табыс алумен байланысты жеке педагогтік қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылады. Жеке педагогтік қызметпен айналысатын тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 1-1
1-1. Қашықтан оқыту ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Жеке педагогтік қызмет лицензияланбайды.
Бап 37-2. 37-2-бап. Қашықтан оқыту
37-2-бап. Қашықтан оқыту
Тармақ 1
1. Қашықтан оқыту білім беру саласындағы уәкілетті орган, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен барлық білім алушылар үшін қашықтан оқытуды енгізеді.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық білім беру бағдарламаларын іске асыруды жүзеге асыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қашықтан оқытуға жол берілмейді.
Бап 38. 38-бап. Білім алушылардың кәсіптік практикасы
38-бап. Білім алушылардың кәсіптік практикасы
Тармақ 1
1. Білім алушылардың кәсіптік практикасы кадрлар даярлайтын білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады. Кәсіптік практика тиісті кәсіпорындарда (ұйымдарда) жүргізіледі және оқыту процесінде алған білімдерді бекітуге, практикалық дағдыларды игеруге және озық тәжірибені меңгеруге бағытталған.
Тармақ 2
2. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері мен мазмұны жұмыстық оқу бағдарламаларымен және жұмыстық оқу жоспарларымен айқындалады.
Тармақ 3
3. Кәсіптік практиканы өткізу үшін білім беру ұйымдары шарттық негізде практиканың базасы ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындайды, олармен практиканы өткізудің келісілген бағдарламалары мен күнтізбелік кестелерін бекітеді. Шарттарда білім беру ұйымдарының, практиканың базасы болып табылатын кәсіпорындардың (ұйымдардың) және білім алушылардың міндеттері мен жауаптылықтары айқындалады.
Тармақ 4
4. Кәсіптік практикаға кететін шығындар білім беру ұйымдарында және практиканың базасы болып табылатын кәсіпорындарда (ұйымдарда) көзделеді және жасасылған шарттармен айқындалады.
Тармақ 5
5. Практиканың базалары болып табылатын кәсіпорындармен (ұйымдармен) шарттар білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізуге арналған шарттардың үлгілік нысаны негізінде жасасылады. Практиканың базалары болып табылатын кәсіпорындар (ұйымдар) өндірістік практикадан өту кезінде білім алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеуді жүзеге асыруы мүмкін.
Тармақ 6
6. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың екінші курсынан бастап кәсіптік практикадан өту міндетті. Кәсіптік практиканың мазмұны мен базасы мамандықтың бейіні мен білім беру бағдарламасының мазмұнына сәйкес айқындалады.
Тармақ 7
7. Осы баптың талаптары әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасына қолданылмайды.
Бап 39. 39-бап. Білім туралы құжаттар
39-бап. Білім туралы құжаттар
Тармақ 1
1. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мынадай құжаттардың бірі беріледі:
Тармақша 1
1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат;
Тармақша 2
2) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаты;
Тармақша 3
3) білім туралы өзіндік үлгідегі құжат. Дербес білім беру ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарға теңестіріледі. Білім туралы құжаттардың қорғаныш белгілері болады.
Тармақ 2
2. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың не дербес білім беру ұйымының білім туралы құжатының не білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың болуы келесі деңгейдегі білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін қажетті талап болып табылады.
Тармақ 3
3. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды:
Тармақша 1
1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, Сот төрелігі академиясында, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;
Тармақша 2
2) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан немесе аккредиттеуден өткен халықаралық мектептер;
Тармақша 3
3) білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;
Тармақша 4
4) денсаулық сақтау саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган және (немесе) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 3-1
3-1. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары береді.
Тармақ 4
4. Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттарын дербес білім беру ұйымдары береді. Дербес білім беру ұйымының білім туралы құжаттарының нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды дербес білім беру ұйымы айқындайды.
Тармақ 4-1
4-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылардың бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдерді меңгеру қорытындысы және аралық аттестаттау нәтижелері бойынша кәсіптік даярлық туралы куәлік береді.
Тармақ 5
5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылардың бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдерді меңгеру қорытындысы және аралық аттестаттау нәтижелері бойынша кәсіптік даярлық туралы куәлік береді.
Тармақ 5-1
5-1. Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды береді. Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы айқындайды.
Тармақ 6
6. Білім алуды аяқтамаған не қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
Тармақ 7
7. Шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттар олардағы оқуын аяқтаған адамдарға тиісті куәлік беріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында танылады.
Тармақ 8
8. "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттар білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өтпей-ақ Қазақстан Республикасында танылады.
Тармақ 9
9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы құжатпен қоса бір мезгілде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және нысан бойынша олардың практикалық дағдылар мен құзыреттерді меңгергенін растайтын құжат берілуі мүмкін.
Тарау 6. 6-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
6-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
Бап 40. 40-бап. Білім беру ұйымдары
40-бап. Білім беру ұйымдары
Тармақ 1
1. Меншік нысанына және ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді бағып-күтуді және тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары, заңды тұлға құрмай, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлер білім беру ұйымдары болып табылады.
Тармақ 2
2. Білім беру ұйымдарында бiлiм беру қызметiмен айналысу құқығы:
Тармақша 1
1) лицензиялауды талап ететін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру немесе оларды жарамсыз деп тану туралы сот шешімі не білім беру саласындағы уәкілетті органның лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру туралы шешімі заңды күшіне енген кезден бастап тоқтатылады;
Тармақша 2
2) лицензиялауды талап етпейтін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеген сәттен бастап туындайды.
Тармақша 3
3) білім беру қызметінің хабарлама жасау тәртібі көзделген кіші түрлері үшін – хабарлама берілген кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен хабарламалар тізілімінен білім беру ұйымы алып тасталған кезден бастап тоқтатылады.
Тармақ 2-1
2-1. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап алты ай ішінде бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензия алмаған жағдайда білім беру ұйымы сот тәртібімен таратылады. Осы мерзімнің өтуін білім беру саласындағы уәкілетті орган, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган білім беру ұйымының білім беру қызметімен айналысу құқығына лицензия алу туралы материалдарын қарау мерзіміне тоқтата тұрады.
Тармақ 3
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм беру ұйымының мәртебесін (үлгісін, түрін) оның құрылтайшылары айқындайды және осы Заңның талаптары, білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелері ескеріле отырып, оның жарғыларында көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларына қарай білім беру ұйымдарының мынадай үлгілері болуы мүмкін:
Тармақша 1
1) мектепке дейінгі ұйымдар;
Тармақша 2
2) орта (бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта) бiлiм беру ұйымдары;
Тармақша 3
3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;
Тармақша 4
4) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;
Тармақша 5
Тармақша 6
6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;
Тармақша 7
7) мамандандырылған білім беру ұйымдары;
Тармақша 8
8) арнайы білім беру ұйымдары;
Тармақша 9
9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары;
Тармақша 10
10) балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары;
Тармақша 11
11) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары;
Тармақша 12
Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 5
5. Білім беру ұйымдары қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылатын клиникалық базасы болған кезде ғана клиникалық мамандықтар бойынша медициналық білім беру бағдарламаларын іске асыруды жүзеге асыра алады. Мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары болып табылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары медицина және фармацевтика кадрларын өтеусіз негізде даярлау үшін тиісті жағдайлар ұсынады. Клиникалық мамандықтар бойынша медициналық білім беру бағдарламаларын іске асыруға мыналар да міндетті шарттар болып табылады:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының құрылымында симмуляциялық кабинеттің (орталықтың) болуы;
Тармақша 2
2) білім беру ұйымының білім беру бағдарламасының барлық курстарын (оқу жылын) іске асыруы;
Тармақша 3
3) дәрігер кадрларды даярлау кезінде – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында үздіксіз интеграцияланған білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура, докторантура) бағдарламаларды іске асыру;
Тармақша 4
4) клиникалық базаларда білім алушыларды даярлау кезеңінде білікті медицина қызметкерлері арасынан тәлімгерлерді тарту;
Тармақша 5
5) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми ұйымдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен жасалатын шарттар негізінде жұмыс істейтін университеттік ауруханаларды және (немесе) интеграцияланған академиялық медициналық орталықтарды қалыптастыру. Университеттік аурухана, интеграцияланған академиялық медициналық орталық және клиникалық базалар туралы ережелерді және оларға қойылатын талаптарды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Бап 40-1. 40-1-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ерекше мәртебесі
40-1-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ерекше мәртебесі
Бап 41. 41-бап. Білім беру ұйымының жарғысы
41-бап. Білім беру ұйымының жарғысы
Тармақ 1
1. Білім беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген талаптардан басқа, мыналарды:
Тармақша 1
1) іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесін;
Тармақша 2
2) білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін;
Тармақша 3
3) білім беру процесін ұйымдастыру тәртібін (оның ішінде оқыту және тәрбиелеу тілін (тілдерін), білім алушылардың, тәрбиеленушілердің сабақ режимін);
Тармақша 4
4) білімдерді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, оларды өткізудің нысандарын және тәртібін;
Тармақша 4-1
4-1) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқудан шығару негіздерін және тәртібін;
Тармақша 5
5) ақылы қызмет көрсетудің тізбесін және тәртібін;
Тармақша 6
6) білім беру ұйымының білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және (немесе) олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қатынастарын ресімдеу тәртібін қамтуға тиіс.
Тармақ 2
2. Білім беру ұйымының жарғысында оның қызметіне қатысты және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер қамтылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Білім беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Бап 42. 42-бап. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату
42-бап. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 1
1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми-білім беру қызметі жөніндегі заңды тұлғаларды құруын, қайта ұйымдастыруын және таратуын қоса алғанда, білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Коммерциялық ұйымдар ретінде құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын коммерциялық емес ұйымдар етіп қайта ұйымдастыру «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 1-1
1-1. Жекеменшік білім беру ұйымдары тұлғалардың есімдерін беруді және оларды қайта атауды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ономастика комиссияларымен келіседі.
Тармақ 2
2. Білім беру ұйымы білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан айырылған немесе таратылған жағдайда оның құрылтайшысы (құрылтайшылары) білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа білім беру ұйымдарына ауыстыруға шаралар қолданады. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан және (немесе) лицензияға қосымшасынан айырылған (кері қайтарып алынған), қолданысы тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайларда, оның құрылтайшысы (құрылтайшылары) лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру (кері қайтарып алу), қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданған кезден бастап екі ай ішінде:
Тармақша 1
1) білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ауыстыруды және олардың жеке істерін беруді;
Тармақша 2
2) білім алуын аяқтамаған немесе қорытынды аттестаттаудан өтпеген адамдардың жеке істерін, сондай-ақ алдыңғы жылдары білім беру ұйымында оқуын аяқтаған адамдардың жеке істерін және білім туралы құжаттарының көшірмелерін тиісті мемлекеттік архивке беруді қамтамасыз етеді.
Бап 43. 43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті
43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті
Тармақ 1
1. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарының қызметі туралы үлгілік ережелер мен білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шектерде оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.
Тармақ 2
2. Білім беру ұйымдары өз қызметін жария түрде жүзеге асырады, жұртшылықты оқу, ғылыми-зерттеу және қаржы қызметі туралы хабардар етеді.
Тармақ 3
3. Білім беру ұйымдарының құзыретіне мынадай функциялар:
Тармақша 1
1) ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 2
2) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту;
Тармақша 2-1
2-1) қысқартылған оқыту мерзімімен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 2-2
2-2) ата-аналарды және өзге де заңды өкілдерді, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жыл сайын ағымдағы оқу жылының соңына дейін: алдағы оқу жылында пайдалануға ұсынылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесі туралы; алдағы оқу жылында пайдаланылатын оқу материалдарының тізбесі туралы хабардар ету;
Тармақша 2-3
2-3) білім беру бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру;
Тармақша 2-4
2-4) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жеке дамыту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 2-5
2-5) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 2-6
2-6) оқу мақсаттарында қысқа мерзімді оқу жоспарларында көзделген жағдайларда орта білім беру ұйымдарында ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалану қағидаларын бекіту;
Тармақша 3
3) егер осы Заңда және қабылдаудың Үлгілік ережесінде өзгеше көзделмесе бiлiм беру қызметiмен айналысуға берілген лицензияға сәйкес білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастыру;
Тармақша 4
4) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде оқытудың кредиттік технологиясын енгізу;
Тармақша 5
5) ұлттық бірыңғай тестілеуді қоспағанда, білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүргізу, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу;
Тармақша 5-1
5-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жұмысшы біліктіліктерін, «орта буын маманы», «қолданбалы бакалавр» біліктіліктерін беру;
Тармақша 6
6) өз қаржы қаражаттары шектерінде мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымдық айлықақылар (ставкалар), қосымша ақылар, үстеме ақылар және өзге де ынталандыратын төлемдер белгілеу;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;
Тармақша 7-1
7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогтердің міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өтуін қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) ұсыну;
Тармақша 10
10) жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша қаржылық және материалдық қаражат көздерін тарту;
Тармақша 11
11) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету;
Тармақша 11-1
11-1) интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
Тармақша 11-2
11-2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;
Тармақша 11-3
11-3) балалардың денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпаратқа қол жеткізуін шектеуге арналған, байланыс операторларының көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің Интернетке қол жеткізуін қамтамасыз ету;
Тармақша 11-4
11-4) білім беру саласындағы цифрлық объектілеріне әкімшілік деректерді беруді қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңілдіктер материалдық қамсыздандыру түрлерінің уақтылы берілуін қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді асырау және олардың тіршілік ету жағдайларының белгіленген нормалардан төмен болмауын қамтамасыз ету; 13-1) білім алу үшін арнаулы жағдайлар жасау;
Тармақша 14
14) қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жәрдемдесу;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржылық есептілікті табыс ету;
Тармақша 16
16) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 17
Тармақша 18
18) кадрларды кәсіптік даярлаудың қазіргі заманғы нысандарын енгізу;
Тармақша 19
19) білім беру сапасының мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз ету және сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін құру;
Тармақша 20
20) білім беру ұйымдарында: зорлық-зомбылықты насихаттайтын; рухани (діни) білім беру ұйымдарында діни сипаттағы ақпаратты таратуды қоспағанда, осындай сипаттағы; балаларды өз өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төндіретін әрекеттер жасауға, оның ішінде суицидке итермелейтін; балаларды қоғамға жат және құқыққа қарсы әрекеттерге арандататын; қазақстандық қоғамның мәдени, адамгершілік және рухани құндылықтарына сәйкес келмейтін; оқу процесіне қатысы жоқ өзге де ақпараттың таралуына жол бермеу шараларын қабылдау;
Тармақша 21
21) кәсіпорындарда (ұйымдарда) өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өту кезеңінде ақылы қызметтерден алынған кірістер есебінен білім алушыларды жазатайым оқиғалардан ерікті негізде сақтандыру;
Тармақша 22
22) білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесі қағидаларын сақтау жатады.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 5
5. Алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған оқыту-сауықтыру білім беру ұйымдары:
Тармақша 1
1) жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асырады;
Тармақша 2
2) балалардың, оның ішінде өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін балалардың сауықтырылуын, демалысын ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) балалардың сауықтырылуы, демалысы уақытында жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруіне жағдайлар жасайды;
Тармақша 4
4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) зияткерлік және имандылық дамуды қамтамасыз ететін инновациялық педагогикалық әдістер мен технологияларды әзірлейді;
Тармақша 6
6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, ғылыми-әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды, оның ішінде олардың электрондық түрдегілерін, сондай-ақ имандылық-рухани даму саласындағы мерзімді және сериялы басылымдарды әзірлейді және басып шығарады;
Тармақша 7
7) имандылық-рухани даму саласында педагогтерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) имандылық-рухани даму мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді.
Тармақ 6-1
6-1. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен береді.
Тармақ 6-2
6-2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар психологиялық-медициналық-педагогикалық зерттеп-қарау және консультация беру бағдарламаларын іске асырады.
Тармақ 6-3
6-3. Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен оңалту орталықтары түзеу-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.
Тармақ 7
7. Осы бапта көрсетілген нормалар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қолданылмайды.
Бап 43-1. 43-1-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметі және құзыреті
43-1-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметі және құзыреті
Тармақ 1
1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен мынадай қызмет түрлерін:
Тармақша 1
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды, сондай-ақ іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметті, ғылыми-зерттеу жұмыстарын;
Тармақша 2
2) білім алушыларды тамақтандырумен, тұрумен, медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуді;
Тармақша 3
3) жұмыскерлерді тамақтандырумен, тұрумен, медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуді;
Тармақша 4
4) білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
Тармақша 5
5) спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді;
Тармақша 6
6) дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуді, спорттық және шығармашылық секциялар құруды;
Тармақша 7
7) білім беру процесін, зерттеулерді, тәрбиелік және әлеуметтік-мәдени қызметті қамтамасыз ету үшін баспа және полиграфиялық қызметті;
Тармақша 8
8) халықаралық және республикалық деңгейдегі түрлі іс-шараларды: білім алушылар мен педагогтер арасындағы олимпиадаларды, жарыстарды, конкурстарды, конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру мен оларға қатысуды;
Тармақша 9
9) білім алушыларды запастағы офицерлер және запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлауды;
Тармақша 10
10) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыруды;
Тармақша 11
11) технополистерді, технопарктерді, бизнес-инкубаторларды, инновациялық орталықтарды, технологияларды коммерцияландыру және трансферттеу орталықтарын, жобалау конструкторлық бюроларды және қызмет бейіні бойынша басқа да құрылымдарды құруды;
Тармақша 12
12) білім мен ғылым жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталған инновациялық әдістерді, оқыту технологиялары мен зерттеулерді әзірлеуге, сынақтан өткізуге және ендіруге қатысуды;
Тармақша 13
13) білім берудің барлық деңгейлері үшін цифрлық интерактивтік білім беру ресурстарын және оқу фильмдерін ұйымдастыруды, жасауды және дамытуды;
Тармақша 14
14) білім мен ғылымды өндіріспен интеграциялауға қатысуды;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының еншілес және басқа да ұйымдары мен шетелдік ұйымдардың қаржы ресурстарын тарта отырып, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, инновациялық және инвестициялық жобаларды ұйымдастыруды, қаржыландыруды, сондай-ақ білім және ғылым саласындағы жобаларды венчурлік қаржыландырудың тетіктері мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысуды;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы. Акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары және олармен үлестес тұлғалар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызмет түрлерімен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде көзделген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының құзыретіне:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жұмыскерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын айқындау;
Тармақша 3
3) профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми жұмыскерлер лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 4
4) білім беру қызметтерін көрсету шартының және кәсіптік практиканы өткізуге арналған шарттың нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 5
5) дербес әзірленген оқу жүктемесі нормаларының, еңбекке ақы төлеу нысандары мен мөлшерлерінің негізінде білім беру қызметін жүзеге асыру;
Тармақша 5-1
5-1) дербес әзірленген академиялық адалдық нормалары негізінде академиялық және ғылыми қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 7
7) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасын әзірлеу;
Тармақша 8
8) білім алушыларға «бакалавр» және «магистр» дәрежелерін беру;
Тармақша 9
9) кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 10
10) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 11
11) білім алушыларға дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде, босанған, бала асырап алған жағдайларда бала үш жасқа толғанға дейін, сондай-ақ әскери қызметке шақыруға байланысты академиялық демалыстар беру;
Тармақша 12
12) ішкі тәртіптеме қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 13
13) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 14
14) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кредиттік оқыту технологиясын ендіру;
Тармақша 15
15) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кадрлардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;
Тармақша 17
17) қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде жабдықтармен жарақтандыру;
Тармақша 18
18) кадрларды кәсіптік даярлаудың заманауи нысандарын ендіру;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржылық есептілікті ұсыну жатады.
Тармақ 3
3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
Тармақша 1
1) эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) қалыптастыруға және (немесе) толықтыруға, оның ішінде нысаналы капитал қорын құру арқылы қалыптастыруға және (немесе) толықтыруға;
Тармақша 2
2) бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен ғылыми-білім беру қызметі жөніндегі заңды тұлғаларды құруға;
Тармақша 3
3) стартап-компаниялар ашуға;
Тармақша 4
4) жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін қаржы қаражаты мен материалдық құралдардың қосымша көздерін тартуға;
Тармақша 5
5) шет мемлекеттерде филиалдар құруға құқылы.
Тармақ 4
4. Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары:
Тармақша 1
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұнын тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан төмен болмайтындай етіп өзі дербес айқындауға;
Тармақша 2
2) білім беру ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежелерін беруге де құқылы. Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген қызмет түрлерін, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы мәдениет саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 6), 7), 9), 11), 13), 14) және 15) тармақшаларында көзделген нормаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыруға құқылы. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының осы баптың 2-тармағының 2), 3), 6), 9), 10), 11) және 15) тармақшаларында көзделген құзыреті Сот төрелігі академиясына, әскери, арнаулы оқу орындарына қолданылмайды.
Тармақ 5
5. 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 04.12.2025 № 236-VIII Заңымен.
Бап 44. 44-бап. Білім беру ұйымдарын басқару
44-бап. Білім беру ұйымдарын басқару
Тармақ 1
1. Білім беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, тиісті үлгідегі білім беру ұйымы қызметінің үлгілік ережелері мен білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жеке-дара басқару және алқалылық принциптерімен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Білім беру ұйымын тікелей басқаруды оның басшысы жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Лауазымға тағайындау және лауазымынан босату тәртібін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган айқындайтын жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын қоспағанда, білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады. Сот төрелігі академиясының, мемлекеттік басқару, құқық қорғау органдары академияларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бірінші басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. Жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын бірінші басшыларының аттестаттаудан өту тәртібін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган айқындайды
Тармақ 5-1
5-1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау олардың кәсіби әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау бір елді мекен шегінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларына ротация жүргізу мерзімдері мен шарттары мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларында айқындалады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік білім беру ұйымының (медициналық және фармацевтік білім беру ұйымдарынан басқа) басшысы мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша бас бухгалтерді лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларына өздерінің лауазымдарын білім беру ұйымдары ішіндегі немесе одан тыс жерлердегі басқа да басшылық (ғылыми және ғылыми-әдістемелік басшылықтан басқа) лауазымдармен қоса атқаруға тыйым салынады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының лауазымдық міндеттерін қоса атқаруға болмайды.
Тармақ 9
9. Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады. Білім беру ұйымын алқалы басқарудың нысандары, оларды сайлау тәртібімен қоса, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік ережелерін білім беру саласындағы уәкілетті орган, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітетін білім беру ұйымының кеңесі (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, педагогтік, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми әдістемелік), кеңестер және басқа да нысандар бола алады.
Тармақ 9-1
9-1. Мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының алқалы басқару органының құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі келісу бойынша кіреді.
Тармақ 9-2
9-2. Коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, осы Заңның 43-1-бабы 2-тармағының 3), 6) және 7) тармақшаларында, 3-тармағының 1), 4) және 5) тармақшаларында және 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген функциялар, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) штат санын бекіту;
Тармақша 2
2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ақы төлеу мөлшерлерін бекіту;
Тармақша 3
3) білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысанын және оларды толтыруға қойылатын талаптарды бекіту;
Тармақша 4
4) академиялық құрылымдық бөлімшелерді құру және тарату туралы шешімдерді қабылдау жатады.
Тармақ 9-3
Тармақ 10
10. Осы бап байқаушы кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдарына, коммерциялық емес және коммерциялық ұйымдарға «Мемлекеттік мүлік туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ережелерге қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
Бап 45. 45-бап. Еңбек қатынастары және білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі
45-бап. Еңбек қатынастары және білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі
Тармақ 1
1. Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі. Педагогтерді мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған білім беру саласындағы цифрлық объект арқылы жүзеге асырылады. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында педагогтердің және ғылыми қызметкерлердің (профессорлық-оқытушылық құрамның, ғылыми қызметкерлердің) лауазымдарға орналасуы конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Әскери, арнаулы оқу орындарының басшылары мен профессор-оқытушылар құрамын лауазымға тағайындау тәртібін және олардың еңбек жағдайларын тиісінше Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды.
Тармақ 3
3. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
Тармақша 2
2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;
Тармақша 3
3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;
Тармақша 4
4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;
Тармақша 4-1
4-1) білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бұзғаны немесе білім алу үшін арнаулы жағдайлар жасамағаны;
Тармақша 5
5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;
Тармақша 5-1
5-1) білім беру саласындағы цифрлық объектілеріне әкімшілік деректерді анық және (немесе) уақтылы ұсынбағаны;
Тармақша 6
6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауаптылықта болады.
Бап 45-1. 45-1-бап. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік
45-1-бап. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік
Тармақ 1
1. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік білім беру жүйесінің қызметі нәтижелерін арттыруға, экономика салалары мен жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып кадрлар даярлығының деңгейіне қол жеткізуге, оқытудың өндіріспен байланысын, оның ішінде дуальды оқытуды енгізу арқылы нығайтуға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жұмыс берушілердің қаражатын қоса алғанда, қосымша қаржыландыру көздерін тартуға бағдарланған.
Тармақ 2
2. Кәсіптік білім беру саласындағы әріптестердің өзара іс-қимылдарының негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) жұмыс берушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 2
2) кәсіпорындардың (ұйымдардың) технологиялық базасын пайдалана және тәлімгер бекітіп беріле отырып, білім алушылардың кәсіптік практикасын, арнайы пәндер бойынша оқытушылардың және мамандардың тағылымдамаларын ұйымдастыру;
Тармақша 2-1
2-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуі үшін кәсіпорындардың (ұйымдардың) жұмыс орындарын ұсынуына жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) кадрлар даярлау және оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселелері бойынша тараптардың өзара іс-қимылдарын дамыту;
Тармақша 4
4) экономиканың тиісті салаларында кәсіптік қызмет тәжірибесі бар мамандарды оқыту процесіне тарту;
Тармақша 5
5) кәсіптік білім беру сапасын бақылауды ұйымдастыруға қатысу;
Тармақша 6
6) жұмыс берушілердің қаржылай қаражатын білім беру ұйымдарын дамытуға тарту болып табылады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік әріптестік:
Тармақша 1
1) республикалық деңгейде;
Тармақша 2
2) өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде комиссиялар құру арқылы тараптардың өзара іс-қимылы жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссиялардың үлгі ережесі мен қызметінің тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Бап 46. 46-бап. Білім беру жүйесіндегі бірлестіктер
46-бап. Білім беру жүйесіндегі бірлестіктер Білім беру жүйесіндегі білім беру қызметі субъектілерінің мүдделерін олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және әрекет ететін бірлестіктері білдіре алады.
Бап 47. 47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарын және білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Білім алатын адамдар білім алушылар немесе тәрбиеленушілер болып табылады. Бiлiм алушыларға оқушылар, кадеттер, курсанттар, тыңдаушылар, студенттер, магистранттар, интерндер, резидент-дәрігерлер және докторанттар жатады. Тәрбиеленушілерге мектепке дейінгі, интернаттық ұйымдарда білім алушы және тәрбиеленуші адамдар жатады.
Тармақ 3
3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
Тармақша 2
2) білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;
Тармақша 3
3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;
Тармақша 4
4) өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;
Тармақша 5
5) білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;
Тармақша 6
6) қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына, бір мамандықтан немесе жоғары білімнің білім беру бағдарламасынан басқасына, ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға немесе оқудың бір нысанынан басқасына ауысуға;
Тармақша 7
7) білім беру ұйымдарында, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қолжетімді нысанда ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін дайындалған оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілуге;
Тармақша 8
8) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға;
Тармақша 10
10) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
Тармақша 11
11) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
Тармақша 12
12) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің:
Тармақша 1
1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруге;
Тармақша 2
2) оқудан бос уақытта оқуды жұмыспен ұштастыруға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметке шақырылу мерзімін кейінге қалдыруға құқығы бар.
Тармақ 5
5. Медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларды білім алушыға академиялық демалыс берілуі мүмкін.
Тармақ 5-1
5-1. Ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балалар басым тәртіппен проактивті форматта балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарына қабылданады және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік спорттық және (немесе) шығармашылық тапсырысты орналастыру үшін цифрлық жүйеде тіркеледі.
Тармақ 6
6. Білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар келесі деңгейдегі білім беру ұйымына түсу кезінде бірдей құқықтарға ие болады.
Тармақ 6-1
6-1. Алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 6-2
6-2. Алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 7
7. Білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушы студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидент-дәрігерлерге, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия төленуі мүмкін. Мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу қағидаларын, сондай-ақ оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Мемлекеттiк атаулы стипендия жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының неғұрлым дарынды магистранттарына және Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушыларына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ғылыми кеңестерiнiң шешiмдерi негiзiнде төленеді. Көзі көрмейтін мүгедектігі бар адамдардың және құлағы естімейтін мүгедектігі бар адамдардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алынған балалардың, сондай-ақ кезекті аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша "үздік" деген бағаға ғана оқитын студенттер мен магистранттардың мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жоғары мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар. Жеке және заңды тұлғалар тағайындайтын атаулы стипендиялар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың күндізгі нысаны бойынша білім алушыларға тағайындалады. Атаулы стипендиялардың мөлшерін және оларды төлеу тәртібін оларды тағайындаған органдар мен тұлғалар айқындайды.
Тармақ 8
8. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес оқуға қабылданған білім алушыларды білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді.
Тармақ 10-1
10-1. Оқу мақсаттарында қысқа мерзімді оқу жоспарларында көзделген жағдайларды қоспағанда, орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу процесі кезінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалануына жол берілмейді.
Тармақ 11
11. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында білім алушы және (немесе) тәрбиеленуші жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекет қамқорлығында ұсталады.
Тармақ 12
12. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да жеңілдіктер беріледі.
Тармақ 13
13. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылардың қысқы және жазғы каникул кезінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруге құқығы бар.
Тармақ 14
14. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.
Тармақ 15
15. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер өздерінің денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға міндетті.
Тармақ 15-1
15-1. Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті. Өзге білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.
Тармақ 16
16. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер педагогтің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.
Тармақ 17
17. Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім алған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде төменгі лауазымдарға орналасу үшін мамандар даярлау шеңберінде жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыған Қазақстан Республикасының азаматтары оны Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантурада білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантурада білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті. Осы тармақта аталған адамдардың жұмысты өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына немесе жұмысты өтемеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеуіне мониторингті және олардың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына жүктеледі. Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім алған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті. Осы тармақта аталған Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымды бітіргеннен кейін: 1) ақылы негіздегі оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысқан; 2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқудан ақылы негіздегі оқуға ауысқан; 3) ағымдағы немесе келесі оқу жылы ішінде кейіннен қайта қабылдану шартымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымнан шығарылған жағдайларда, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын мерзім шегінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша іс жүзінде оқу уақытына мөлшерлес жұмыспен өтейді.
Тармақ 17-1
17-1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарына және мемлекеттік медицина ұйымдарына жұмысқа бірінші кезекте бөліну құқығына мыналар ие:
Тармақша 1
1) жұбайы (зайыбы) бос орынды ұсынған елді мекенде тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін адамдар;
Тармақша 2
2) ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедектігі бар адам болып табылатын адамдар, сондай-ақ бос орынды ұсынған елді мекенде тұрақты тұратын, қорғаншылар және қамқоршылар болып табылатын адамдар.
Тармақ 17-2
17-2. Осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату жас мамандарды жеке-жеке бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен мынадай санаттағы жас мамандарға:
Тармақша 1
1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдарға;
Тармақша 2
2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
Тармақша 3
3) резидентураға мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде, магистратураға, докторантураға түскен және оқуын аяқтаған адамдарға;
Тармақша 4
4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өзі тәрбиелеп жатқан адамдарға;
Тармақша 5
5) әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің (әскери жиындарды қоспағанда) белгіленген мерзімін өткерген жағдайда азаматтарға;
Тармақша 6
6) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқан және оның талаптарын сақтаған жағдайларда азаматтарға;
Тармақша 7
7) мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар болып табылатын адамдарға;
Тармақша 8
8) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын мемлекеттік жәрдемақыны алушылар болып табылатын адамдарға беріледі. Шетелдік білім беру ұйымдарында резидентураға (ординатураға), магистратураға, аспирантураға, докторантураға түскен және оқуын аяқтаған адамдарға оқу кезеңінде жұмыспен өтеу бойынша кейінге қалдыру беріледі.
Тармақ 17-3
17-3. Оқумен байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстар өтелместен, осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуы:
Тармақша 1
1) жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің орындалуына байланысты;
Тармақша 2
2) тиісті құжатпен расталатын білім алушының (жас маманның) қайтыс болуына байланысты;
Тармақша 3
3) жұмысты өтеу мерзімі ішінде бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда;
Тармақша 4
4) осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларда жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босатылуына байланысты басталады.
Тармақ 17-4
17-4. Осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеуге міндетті. Бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу іс жүзінде жұмыспен өтелген кезеңге мөлшерлес жүзеге асырылады.
Тармақ 17-5
17-5. Жас мамандар осы баптың 17-тармағында көзделген жұмыспен өтеу жөніндегі міндетті орындамаған жағдайда, білім беру саласындағы уәкілетті орган операторының бюджет қаражатының шығыстарын өтеу жөніндегі талабына талап қоюдың ескіруі қолданылмайды.
Тармақ 18
18. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің міндеттерін бұзғаны үшін оларға білім беру ұйымының ішкі тәртібінің ережелерімен және жарғысымен көзделген тәртіптік ықпал ету шаралары не білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген өзге де шаралар қолданылуы мүмкін.
Бап 48. 48-бап. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау
48-бап. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау
Тармақ 1
1. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің науқастануын болдырмау, денсаулығын нығайту, тән саулығын жетілдіру, салауатты өмір салтына қалыптастыру жөніндегі қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде әзірленген білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.
Тармақ 3
3. Денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдары білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайына үнемі бақылау жасауды, оларға медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Білім беру ұйымдары медициналық пункттер үшін үй-жайлар ұсынады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдары білім алушыларға және тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелер құруға құқылы.
Тармақ 3-1
3-1. Интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына медициналық қызмет көрсетуді алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы және белсенді тынығуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзіліс жасалуы көзделуге тиіс. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру үшін жағдай жасалады. Тамақ сапасын бақылау денсаулық сақтау органдарына жүктеледі.
Тармақ 6
6. Білім беру ұйымдарында оқытудың, тәрбиелеудің, еңбек пен тынығудың салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасау үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі.
Бап 48-1. 48-1-бап. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу
48-1-бап. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу
Тармақ 1
1. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу кезінде:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім берушілерге сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін кез келген талаптарды белгілеуге не конкурстық құжаттамада не орналастырылатын ақпаратта сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілілігін айқындайтын сипаттамаларды көрсетуге;
Тармақша 2
2) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларында (бұдан әрі осы баптың мақсаттарында – тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары) көзделмеген жағдайларда көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алудан бас тартуға;
Тармақша 3
3) конкурсқа қатысуға арналған өтінімге жетіспейтін құжаттарды ұсынуға, конкурсқа қатысуға арналған өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында көзделген біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сұрау салу жіберуіне және өзге де әрекеттеріне;
Тармақша 4
4) конкурстық құжаттамада көрсетілетін қызметтерді, тауарларды әлеуетті берушілерге тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге;
Тармақша 5
5) тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында көзделген өлшемшарттарды қолдану, сол сияқты көрсетілетін қызметтерді, тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттарын есептеу тәртібін бұзуға;
Тармақша 6
6) көрсетілетін қызметтерді, тауарларды әлеуетті берушіні тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына және (немесе) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу кезінде тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес сатып алынатын көрсетілетін қызметтерді лоттарға бөлу тәртібін сақтауға;
Тармақша 2
2) мынадай: әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы деп танылған жағдайда оның шарт жасасудан жалтару; өнім берушінің қызметтерді көрсету, тауарларды сатып алу туралы өзімен жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау; өнім берушінің (әлеуетті өнім берушінің) біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат беру фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні жосықсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге;
Тармақша 3
3) егер әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмеген жағдайда, конкурстың қорытындысы туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімін қабылдамау негіздемелерін, сондай-ақ конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қабылдамауға негіз болған растаушы мәліметтер мен құжаттарды көрсетуге;
Тармақша 4
4) тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында белгіленген мерзімдерде көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың жылдық жоспарын (көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың жылдық жоспарына (көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру, сол сияқты көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың жылдық жоспарын бюджетке сәйкес келетін көлемде бекіту (нақтылау) тәртібін сақтауға;
Тармақша 5
5) тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында белгіленген мерзімдерде әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін қарауға және конкурс қорытындысы туралы хаттаманы орналастыруға;
Тармақша 6
6) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, өнім берушіні қоғамдық тамақтану объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз және (немесе) қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламасыз сатып алынатын қызметтерді көрсетуге жібермеуге;
Тармақша 7
7) сатып алынатын қызметтерді көрсету процесінде: конкурстық құжаттамада мәлімделген, өнім беруші жұмыскерлерінің сатып алынатын қызметтерді нақты көрсетуін және олардың біліктілігін тексеруге; сатып алынатын қызметтерді көрсету үшін қажетті тоңазыту жабдығының және технологиялық жабдықтың болуын және жарамдылығын тексеруге; тағамдар мен аспаздық бұйымдардың сапасына органолептикалық бағалау (бракераж) жүргізуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 8
8) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына осы тармақтың 7) тармақшасында көзделген талаптардың сақталуы туралы ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 2-1
2-1. Өнім беруші тамақ өніміне кіріс құжаттарын есепке алуды оны жеткізуді жүзеге асыратын субъектілер бөлінісінде жүргізуге міндетті.
Тармақ 2-2
2-2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы сатып алынатын көрсетілетін қызметтерді берушілердің тізілімін жүргізеді, онда: қызметтерді көрсету туралы шарттардың жасалған күні мен қолданылу мерзімі; сатып алынатын қызметтерді нақты көрсететін өнім берушінің жұмыскерлері және олардың біліктілігі туралы ақпарат қамтылады.
Тармақ 2-3
2-3. Осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында, 2-1 және 2-2-тармақтарында көзделген талаптарды орындау тәртібі мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілер (әлеуетті берушілер) тізбесінде, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрған өнім беруші (әлеуетті өнім беруші) өзін жосықсыз өнім беруші (әлеуетті өнім беруші) немесе мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды берушіні таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Бап 49. 49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері
49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:
Тармақша 1
1) баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;
Тармақша 2
2) ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;
Тармақша 3
3) білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;
Тармақша 4
4) өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;
Тармақша 5
5) балаларының шарттық негізде қосымша көрсетілетін қызметтер алуына;
Тармақша 6
6) баланың оқу жетістіктерінің ағымдағы бағаларына және үй тапсырмаларына тегін электрондық қолжетімділікті алуына құқығы бар.
Тармақ 2
2. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:
Тармақша 1
1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 1-1
1-1) балалардың ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалануын, сондай-ақ балалардың өз денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыратын интернет-ресурстарға кіруін бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектеп алды даярлығын қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;
Тармақша 4
4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) білім беру ұйымы жұмыскерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
Тармақша 6
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға;
Тармақша 7
7) білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет елдерге кеткен балаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында немесе негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мектептерде олардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 4
4. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) басқа білім беру ұйымына (ел ішінде немесе шетелге) ауыстыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен, сондай-ақ академиялық кредиттер түрінде және (немесе) басқа білім беру ұйымында оқуды жалғастыру үшін меңгерген оқыту нәтижелерін (модульдерін), оқу бағдарламаларын, пәндерін міндетті түрде қайта сынақ есебіне жаза отырып жүзеге асырылады.
Тарау 7. 7-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің мәртебесі
7-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің мәртебесі
Бап 50. 50-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтық мәртебесі
50-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтық мәртебесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы педагогінің ерекше мәртебесі танылады, бұл оның кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтық мәртебесі осы тарауда айқындалады.
Тармақ 3
3. Кәсіптік қызметін жүзеге асырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында болған кезеңде адам педагог мәртебесіне ие болады.
Бап 51. 51-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
51-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
Тармақ 1
1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы педагогінің кәсіптік қызметіне:
Тармақша 1
1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
Тармақша 3
3) медициналық қарсы көрсетілімдері, сондай-ақ психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар, денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған;
Тармақша 4
4) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ адамдар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген өзге де шектеулер негізінде жіберілмейді.
Тармақ 2
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің:
Тармақша 1
1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;
Тармақша 2
2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
Тармақша 3
3) дара педагогтік қызметке;
Тармақша 4
4) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда педагогтік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;
Тармақша 5
5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
Тармақша 6
6) бес жылда бір реттен сиретпей, ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілігін арттыруға;
Тармақша 7
Тармақша 8
8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрінде моральдық және материалдық көтермеленуге;
Тармақша 9
9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;
Тармақша 10
10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;
Тармақша 11
11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік өтілі сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;
Тармақша 12
12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағым жасауға;
Тармақша 13
13) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан өз ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.
Тармақ 3
3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагог:
Тармақша 1
1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;
Тармақша 2
2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес және академиялық адалдық нормалары сақтала отырып ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2-1
2-1) білім алушыларға ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін және оларды зерделенетін салада қолдануды оқытып-үйретуге;
Тармақша 3
3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету, қоршаған дүниеге ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;
Тармақша 4
4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыретін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
Тармақша 5
5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
Тармақша 6
Тармақша 7
7) педагогтік әдеп қағидаларын және ғылыми әдеп қағидаттарын сақтауға;
Тармақша 8
8) білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
Тармақша 9
9) құқық қорғау органдарына білім беру ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ білім беру ұйымдарынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлауға;
Тармақша 10
10) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж баланы анықтағаннан бастап бір жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі органдарына хабарлауға міндетті. Міндеттерін бұзғаны және педагог атағына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагог Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануына тыйым салынады.
Бап 52. 52-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі
52-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі
Тармақ 1
1. Мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады. Жекеменшік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің еңбегіне ақы төлеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құрылтайшылары немесе оған уәкілетті адам айқындайды.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің лауазымдық айлықақысы, қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сондай-ақ ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамы мен басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысы арттырылып отыратын коэффициентті ескере отырып айқындалады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, немесе мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми-педагогикалық қызметін жүзеге асыратын педагогтерге тиісті дипломы немесе білім туралы құжатты тану туралы куәлігі болған кезде негізгі жұмыс орны бойынша: философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде; философия докторы (PhD) дәрежесі және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы; бейіні бойынша доктор дәрежесі және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінде; ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде, ғылым докторы ғылыми дәрежесі үшін айлық есептік көрсеткіштің 34 еселенген мөлшерінде; ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінде, ғылым докторы ғылыми дәрежесі және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 42 еселенген мөлшерінде; философия докторы (PhD) дәрежесі және профессор ғылыми атағы; бейіні бойынша доктор дәрежесі және профессор ғылыми атағы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 50 еселенген мөлшерінде; ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және профессор ғылыми атағы; ғылым докторы дәрежесі және профессор ғылыми атағы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 50 еселенген мөлшерінде ай сайынғы қосымша ақы белгіленеді.
Тармақ 7
7. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының жылдық оқу жүктемесі жұмыс уақытының жылдық нормасы шегінде белгіленеді және оны жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының басшысы алқалы басқару органының шешімі негізінде бекітеді.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік білім беру тапсырысын айқындау кезінде Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор-оқытушылар құрамының жалпы санын есептеу үшін білім алушылар санының оқытушыларға орташа арақатынасын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Бап 53. 53-бап. Әлеуметтік кепілдіктер
53-бап. Әлеуметтік кепілдіктер
Тармақ 1
1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтер мынадай:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй, оның ішінде қызметтік үй және (немесе) жатақхана;
Тармақша 2
2) ұзақтығы күнтізбелік 56 күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді.
Тармақ 2
2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге:
Тармақша 1
1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қала жағдайында педагогтік қызметті жүзеге асыратын педагогтердің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес пайызға арттырылып белгіленеді;
Тармақша 2
2) жергілікті өкілді органдар бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
Тармақ 2-1
2-1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.
Тармақ 2-2
2-2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, жеке меншігінде малы бар, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жемшөп, мал жаю және шөп шабу үшін жер учаскелері беріледі.
Тармақ 3
3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге жыл сайын тиісті бюджет қаражаты есебінен:
Тармақша 1
1) оларға кезекті еңбек демалысын беру кезінде мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен айқындалған мөлшерде күнтізбелік жылда бір рет сауықтыруға жәрдемақы;
Тармақша 2
2) "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының үздік оқытушысы" атағын иеленушіге жұмсау бағытын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінде мемлекеттік грант төленеді.
Тармақша 3
Тарау 8. 8-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
8-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Бап 54. 54-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен нысандары
54-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен нысандары
Тармақ 1
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу білім алуға конституциялық құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға және білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерін көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Тармақ 2
2. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, білім сапасын басқару, стандарттау, бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Бап 55. 55-бап. Білім беру сапасын басқару
55-бап. Білім беру сапасын басқару
Тармақ 1
1. Білім беру сапасын басқару білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған және білім сапасын бағалаудың бірыңғай ұлттық жүйесін құрайтын мемлекеттік және институционалдық құрылымдарын, білім беруді қаржыландыруға бөлінетін қаражатты пайдалану ұтымдылығын және білім беру жүйесі жұмыс істеуінің тұтастай тиімділігін қамтиды.
Тармақ 2
2. Білім беру сапасын басқару білім беру мониторингінің нәтижелері негізінде, білім берудің барлық деңгейлерінде басқарушылық шешімдерді қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Бiлiм беру мониторингi бiлiм беру жүйесінің сапасын сырттай және iшкi бағалау үшін әкімшілік деректер мен талдамалық бағалау көрсеткіштерінің кешені көмегімен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі білім беру ұйымдарынан тәуелсіз, оқыту сапасын жүйелі байқау болып табылады. Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі білім алушылар білімінің сапасын бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігіне бағалау мақсатында жүзеге асырылады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі жалпы білім беретін пәндерді және (немесе) кәсіптік модульдерді немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді меңгеру деңгейін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігіне бағалау мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 5
Тармақ 6
6. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізілетін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 7
7. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйым:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) білім алушылардың білім жетістіктерін бағалау әдіснамасын және мониторингілеу құралдарын әзірлейді;
Тармақша 3
3) білім алушылардың жауаптарын мониторингілеу мен өңдеуді жүргізеді;
Тармақша 4
4) білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу нәтижелеріне кешенді талдау жүргізеді.
Бап 55-1. 55-1-бап. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау
55-1-бап. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау
Тармақ 1
1. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау білім беру қызметінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған, білім берудің сапасы мен қолжетімділігін кешенді түрде бағалау рәсімін білдіреді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік аттестаттау меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ Сот төрелігі академиясында, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік аттестаттауды:
Тармақша 1
1) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері;
Тармақша 2
2) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қатысты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өзі айқындайтын тәртіппен;
Тармақша 4
4) Сот төрелігі академиясына қатысты Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі өзі айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет өткізеді.
Тармақ 4
4. Бірінші мемлекеттік аттестаттау жаңадан құрылған, мынадай:
Тармақша 1
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында – қызметі басталған кезден бастап үш жыл өткен соң;
Тармақша 2
2) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда – төрт жыл өткен соң;
Тармақша 3
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мамандардың алғашқы бітіру кезінен бастап бір жылдан кешіктірілмей өткізіледі.
Тармақ 5
5. Білім беру қызметінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өткен не өтпеген деп танылады. Мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген білім беру ұйымдарына қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Бап 56. 56-бап. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары
56-бап. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында әрбір білім беру деңгейі бойынша:
Тармақша 1
1) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына;
Тармақша 2
2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең көп көлеміне;
Тармақша 3
3) білім алушылардың даярлық деңгейіне;
Тармақша 4
4) оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары белгіленеді.
Тармақ 2
2. Тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары инклюзивті білім беру ескеріле отырып әзірленеді.
Бап 57. 57-бап. Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау
57-бап. Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау
Тармақ 1
1. Заңды тұлғалардың (бұдан әрі – лицензиат) білім беру қызметі осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.
Тармақ 2
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау – білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша жүргізіледі. Білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшада: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес мамандықтың коды, атауы көрсетіледі; әскери, арнаулы оқу орындары үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес мамандықтың коды, тобы көрсетіледі; Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау кадрлар даярлаудың бағыттары және оқыту нысандары бойынша жүргізіледі. Бұл ретте білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшада кадрларды даярлау бағыттары және оқыту нысандары бойынша сыныптауышқа сәйкес кадрларды даярлау бағытының коды, қолданылу мерзімі (осы баптың 3-1-тармағы қолданысқа енгізілген кезге дейін берілген лицензия қосымшасын қоспағанда) және атауы көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Лицензиар білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, тоқтату, сондай-ақ осы баптың 3-1-тармағының төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген жағдайларда білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультативтік-кеңесші орган құрады.
Тармақ 3-1
3-1. Білім беру қызметімен айналысуға лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін, сондай-ақ Сот төрелігі академиясы, әскери, арнаулы оқу орындары үшін олардың қолданылу мерзімі шектелмей беріледі. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар бес жыл қолданылу мерзімімен беріледі. Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынатын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар бес жыл қолданылу мерзімімен беріледі. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап есептеледі. Лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін олардың қолданылу мерзімі өткенге дейінгі төрт айдан ерте емес, бірақ отыз жұмыс күнінен кешіктірмей мыналармен қоса өтініш береді:
Тармақша 1
1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар;
Тармақша 2
2) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер мен құжаттар. Лицензиар өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынатын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының лицензиясын және (немесе) лицензияға қосымшасын қайта ресімдеу туралы өтінішті қарайды;
Тармақша 2
2) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынатын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының лицензиясын және (немесе) лицензияға қосымшасын қайта ресімдейді не оларды қайта ресімдеуден бас тартады. Лицензиар білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны мынадай негіздер бойынша қайта ресімдеуден бас тартады:
Тармақша 1
1) осы тармақтың бесінші бөлігі талабының сақталмауы не құжаттардың тиісінше ресімделмеуі;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сай келмеуі.
Тармақ 4
4. Білім беру қызметін халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдар арқылы жүзеге асыратын лицензиатты қоспағанда, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы лицензиаттың тіркелген жері бойынша (заңды мекенжайына сәйкес) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде шектеледі. Лицензияға қосымша білім беру ұйымының әрбір объектісіне рұқсаттық бақылау жүргізіле отырып, қызмет жүзеге асырылатын нақты мекенжай көрсетіліп, лицензия берілген немесе берілетін қызметтің кіші түріне (кіші түрлеріне) беріледі.
Тармақ 4-1
4-1. Коммерциялық емес ұйымдардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары лицензиялауға жататын білім беру қызметін осы коммерциялық емес ұйымға берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша негізінде жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 5
5. Лицензиардың білім беру қызметімен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқығы бар. Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның (және) немесе лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде лицензиат:
Тармақша 1
1) оқу процесін жалғастырады;
Тармақша 2
2) білім туралы құжатты бере отырып, оқытудың оқу жылын аяқтайды;
Тармақша 3
3) білім беру қызметімен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұруға алып келген бұзушылықтарды жояды. Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның (және) немесе лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатыла тұрған кезде лицензиат:
Тармақша 1
1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;
Тармақша 2
2) білім беру қызметімен айналысуға лицензиясымен және (немесе) лицензияға қосымшасымен әрекеттер жасауға (білім беру қызметімен айналысуға лицензиясын тоқтату, қайта ресімдеу, тоқтатыла тұрғанына жаңа қосымшалар алу);
Тармақша 3
3) оқуға, оның ішінде басқа білім беру ұйымдарынан ауыстыру және қалпына келтіру арқылы қабылдауды жүзеге асыруға құқылы емес.
Тармақ 6
6. Білім беру ұйымы оның түрін өзгерту жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда, қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған білім беру ұйымының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда, оның қолда бар білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы және (немесе) лицензиясының қосымшасы қайта ресімделуге жатады. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдары қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензиар қайта ұйымдастыру жүргізілгенге дейін қайта ұйымдастырылатын білім беру ұйымының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді. Қайта ұйымдастыру жүргізілгеннен кейін лицензиат білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуге өтініш береді, ал лицензиар өзі бұрын жүргізген, білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру негізінде білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын береді. Білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеу үшін лицензиат білім беру саласындағы уәкілетті орган, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтінішті, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелерін;
Тармақша 2
2) білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер мен құжаттарды береді. Лицензиар осы тармақта көзделген негіз бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуден:
Тармақша 1
1) осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісті түрде ресімделмеген;
Тармақша 2
2) өтініш беруші білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бас тартады. Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қайта ресімделеді. Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы қайта ресімделгенге дейін лицензиат қызметті қайта ресімделуге жататын лицензияның негізінде жүзеге асырады.
Бап 57-1. 57-1-бап. Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынуды қамтымайтын, мектепке дейiнгi тәрбие беру мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
57-1-бап. Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынуды қамтымайтын, мектепке дейiнгi тәрбие беру мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
Тармақ 1
1. Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады. Балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған білім беру ұйымдарының қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мектепке дейiнгi тәрбие беру мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдарының, балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған білім беру ұйымдарының қызметі тоқтатыла тұрған кезде білім беру ұйымдары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;
Тармақша 2
2) бұзушылықтар жойылғанға және білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі қызметті қайта бастағанға дейін қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
Тармақ 4
4. Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары, балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған білім беру ұйымдары тексеру және (немесе) мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі білім беру ұйымдарын мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту және балаларға қосымша білім беру бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінен алып тастайды.
Бап 58. 58-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу
58-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу
Бап 59. 59-бап. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау
59-бап. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау мемлекеттiң бiлiм алуға құқықты қамтамасыз етуіне және жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлға құрмай дара кәсіпкерлердің өздерi жүзеге асыратын бiлiм беру қызметiнiң және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сақтауға бағытталған және оны білім саласындағы уәкілетті орган, оның ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелері, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган, оның ведомствосы, жергілікті атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органдары өздерінің құрылымдық, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдары мен ұйымдарының, лауазымды адамдарының мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауына жүзеге асыратын ішкі бақылау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектілері:
Тармақша 1
1) жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің білім беру қызметі;
Тармақша 2
2) білім алушылардың тиісті жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейі; 2-1) тәрбиеленушілер мен білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалау;
Тармақша 3
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының қызметі болып табылады.
Тармақ 3
3. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
Тармақ 4-1
Тармақ 5
Тармақ 6
6. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Тармақ 7
7. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Тармақ 8
Тармақ 8-1
Тармақ 8-2
Тармақ 8-3
Тармақ 8-4
Тармақ 8-5
Тармақ 8-6
Тармақ 8-7
Тармақ 8-8
Тармақ 8-9
Тармақ 8-10
Тармақ 8-11
Тармақ 8-12
Тармақ 8-13
Тармақ 9
9. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
Тармақ 10
10. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдік білім беру ұйымдары мен олардың филиалдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеріледі.
Тармақ 12
12. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
Тармақ 13
13. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
Тармақ 14
14. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
Тармақ 15
15. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
Тармақ 16
16. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
Бап 59-1. 59-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау
59-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары қызметінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған және оны білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органдарының қызметіне мыналар бойынша қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату;
Тармақша 2
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес интернат үлгісіндегі білім беру ұйымдарын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салу, реконструкциялау қажеттілігіне өңірдің сұранысын айқындау;
Тармақша 5
5) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
Тармақша 6
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту және орналастыру;
Тармақша 7
7) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастыру, оларды орта білім алғанға дейін оқыту;
Тармақша 8
8) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, олардың білім беру ұйымдарында білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасауды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылысжайлары мен үй-жайларына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған нормаларға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық базасын жарақтандыру;
Тармақша 10
10) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған нормаларға сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсету және жәрдемдесу;
Тармақша 11
11) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді жыл сайын уақтылы сатып алу және жеткізу;
Тармақша 12
12) аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан, мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқу жылына білім беру органдары болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді уақтылы сатып алуды және жеткізуді жыл сайын ұйымдастыру;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дарынды балаларды, сондай-ақ әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өтіп жатқан балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз ету;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадалары мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын, бастапқы әскери даярлық бойынша жарыстар өткізу;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, өткізу тәртібін, сондай-ақ педагогтердің қызметін курстан кейін қолдауды ұйымдастыру, жүргізу тәртібін сақтау;
Тармақша 16
16) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидалар мен шарттарға сәйкес педагогтерді аттестаттауды жүргізу және педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібін сақтау;
Тармақша 17
17) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібін, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтау;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын сақтау;
Тармақша 19
19) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу тәртібін сақтау;
Тармақша 20
20) интернаттық ұйымдарға жатпайтын мектепке дейінгі ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
Тармақша 21
Тармақша 22
22) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 23
Тармақша 24
Тармақша 25
Тармақша 26
26) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандандырылған және арнаулы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
Тармақша 27
27) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандар даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 28
28) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен білім беру мониторингінің болуы және жүргізілуі;
Тармақша 29
29) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарына жұмысқа келген жас мамандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жәрдем көрсету.
Тармақ 3
3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарының қызметіне мыналар бойынша қойылатын талаптар:
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарына жұмысқа келген жас мамандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жәрдем көрсету;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату;
Тармақша 4
4) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
Тармақша 6
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастыру, оларды орта білім алғанға дейін оқыту;
Тармақша 7
7) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, олардың білім беру ұйымдарында білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылысжайлары мен үй-жайларына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған нормаларға сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық базасын жарақтандыру;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадалары мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын, бастапқы әскери даярлық бойынша жарыстар өткізу;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ педагогтердің қызметін курстан кейін қолдауды ұйымдастыру, жүргізу тәртібін сақтау;
Тармақша 11
11) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидалар мен шарттарға сәйкес педагогтерді аттестаттауды жүргізу және педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібін сақтау;
Тармақша 12
12) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібін, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтау;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын сақтау;
Тармақша 14
14) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу тәртібін сақтау;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық деңгейде (облыстық маңызы бар қалаларда) жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
Тармақша 16
Тармақша 17
17) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен білім беру мониторингінің болуы және жүргізу;
Тармақша 18
18) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз ету, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалалардағы аудандарда, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық және аудандық деңгейлерде (облыстық маңызы бар қалаларда) жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
Тармақша 20
Тармақ 4
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына (бұдан әрі – бақылау субъектілері) қатысты мемлекеттік бақылауды жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер нысанында білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Тексеру мынадай әрекеттердің бірін жасау арқылы жүргізіледі:
Тармақша 1
1) білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі лауазымды адамының бақылау субъектісіне баруы;
Тармақша 2
2) тексерудің нысанасына қатысты қажетті ақпаратқа сұрау салу;
Тармақша 3
3) бақылау субъектісінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақыру.
Тармақ 6
6. Бақылау субъектілерінің осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарды сақтауы тексерудің нысанасы болып табылады.
Тармақ 7
7. Бақылау субъектісіне қатысты жоспарлы тексеру осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарды сақтау мәселелерінің кешені бойынша үш жылда бір рет жүргізіледі. Жоспардан тыс тексеру бақылау субъектісіне қатысты осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Білім беру саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы жоспарлы тексерулер жүргізу жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейін бекіткен жыл сайынғы тізбе бақылау субъектісін жоспарлы тексеруді тағайындауға негіз болып табылады. Білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы жоспарлы тексерулердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жібереді. Білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жоспарлы тексерулер тізбесін жоспарлы тексерулер жүргізу жылының алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады. Жоспарлы тексерулер тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бақылау субъектісі таратылған, қайта ұйымдастырылған, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар және олармен байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген жағдайлар басталған кезде жоспарлы тексеру ұзартылуы, тоқтатыла тұруы мүмкін.
Тармақ 9
9. Бақылау субъектісін жоспардан тыс тексеруге мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) білім беру саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысының тапсырмасы;
Тармақша 2
2) прокурордың талабы мен құқық қорғау органдарының тапсырмасы;
Тармақша 3
3) тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындының орындалуын бақылау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жолданымы мен мемлекеттік органдардың жолданымдары;
Тармақша 5
5) бақылау субъектілерінің ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының мемлекеттік бақылау және мониторинг нәтижелері бойынша анықталған Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуы;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзушылықтар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар мен хабарлар. Анонимдік жолданымдар болған жағдайда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.
Тармақ 10
10. Тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Занда айқындалады.
Тармақ 11
11. Тексерулер жүргізу кезінде тексерудің басталатын күнін көрсете отырып, ол басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын бақылау субъектісін тексерудің тағайындалғаны туралы алдын ала хабардар ету талап етіледі.
Тармақ 12
12. Тексеру жүргізу мерзімдері мен нысанасы көрсетіле отырып, бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі. Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) актінің күні мен нөмірі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
Тармақша 4
4) тексеру жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) бақылау субъектісінің атауы;
Тармақша 6
6) тағайындалған тексерудің түрі мен нысанасы;
Тармақша 7
7) тексеру жүргізу мерзімі;
Тармақша 8
8) тексеру жүргізу негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге жататын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;
Тармақша 9
9) тексеру жүргізілетін кезең;
Тармақша 10
10) осы баптың 25 және 26-тармақтарында көзделген бақылау субъектісінің құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 11
11) бақылау субъектісі басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
Тармақша 12
12) актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және мемлекеттік органның мөрі.
Тармақ 13
13. Тексеру жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және олар:
Тармақша 1
1) жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде бес жұмыс күнінен аспауға тиіс және бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін;
Тармақша 2
2) жоспарлы тексерулер жүргізу кезінде он жұмыс күнінен аспауға тиіс және он жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін. Мемлекеттік органдарға сұрау салуды жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексерудің елеулі көлеміне байланысты тексеру жүргізу мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің басшысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерге бір рет қана ұзарта алады. Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі міндетті түрде тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді және бұл туралы бақылау субъектісін тексеру ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын хабардар етеді.
Тармақ 14
14. Тексерулер бақылау субъектісінің жұмыс регламентінде белгіленген бақылау субъектісінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Тексеру нәтижелері бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы тексеру нәтижелері туралы қорытынды жасайды.
Тармақ 16
16. Тексеру нәтижелері туралы қорытындыда мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) қорытындының жасалған күні, уақыты және орны;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
Тармақша 4
4) тексеру жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
Тармақша 5
5) бақылау субъектісінің атауы;
Тармақша 6
6) тексеру жүргізу күні, орны және кезеңі;
Тармақша 7
7) тағайындалған тексерудің түрі мен нысанасы;
Тармақша 8
8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәліметтер;
Тармақша 9
9) талаптарды орындау және бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылдау мерзімі көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;
Тармақша 10
10) бақылау субъектісі өкілінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың қорытындымен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
Тармақша 11
11) тексеру жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы.
Тармақ 17
17. Тексеру нәтижелері туралы қорытындыға тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттардың көшірмелері (олар болған кезде) қоса беріледі.
Тармақ 18
18. Қосымшалардың көшірмелері бар тексеру нәтижелері туралы қорытындының бірінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау үшін бақылау субъектісіне (басшыға не оның уәкілетті адамына) қағаз жеткізгіште қол қойғызып немесе электрондық нысанда табыс етіледі, екінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына тапсырылады, үшінші данасы білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінде қалады.
Тармақ 19
19. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда бақылау субъектісінің басшысы оларды жазбаша түрде жазады. Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізу нәтижелері туралы қорытындыға қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі жасалады. Тексеру нәтижелері туралы қорытындыны қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар және бақылау субъектісінің басшысы не оның уәкілетті өкілі қол қояды. Бақылау субъектісі бас тарту себебі туралы жазбаша түсіндірме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.
Тармақ 20
20. Бақылау субъектісі тексеру нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің басшысымен келісілетін мерзімдерді көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпарат береді. Тексеру нәтижелері туралы қорытындыны орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып айқындалады, бірақ қорытынды табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кем болмайды. Тексеру нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі осы қорытындыда белгіленген мерзім ішінде тексеруді жүргізген білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті. Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ұсынылған ақпаратқа бақылау субъектісі (қажет болған кезде) бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді. Бұл жағдайда осы баптың 9-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізу талап етілмейді. Бақылау субъектісі тексеру нәтижелері туралы қорытындының орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде бақылау субъектісіне қорытындының орындалуы туралы ақпарат беру қажеттілігі туралы сұрау салу жібереді. Тексеру нәтижелері туралы қорытындының орындалуы туралы ақпарат қайта берілмеген жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі осы баптың 9-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.
Тармақ 21
21. Тексеру жүргізу кезінде осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда тексеру нәтижелері туралы қорытындыда тиісті жазба жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Тексеру нәтижелері туралы қорытынды тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей бақылау субъектісіне табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
Тармақ 23
23. Осы бапта белгіленбеген тексерудің өзге де түрлерін жүргізуге тыйым салынады.
Тармақ 24
24. Тексеру жүргізу кезінде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары:
Тармақша 1
1) осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленбеген талаптардың орындалуын, сондай-ақ егер мұндай талаптар білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің құзыретіне жатпаса, тексеруге;
Тармақша 2
2) егер құжаттар, ақпарат тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
Тармақша 4
4) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімінен асыруға;
Тармақша 5
5) бақылау субъектілері есебінен мемлекеттік бақылау мақсатында шығынды сипаттағы іс-шараларды жүргізуге құқылы емес.
Тармақ 25
25. Бақылау субъектілері:
Тармақша 1
1) білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің объектіге тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын: жоспарлы тексеру тағайындалған кезде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралықтары сақталмаған; осы бапта белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген мерзімдерден асып кеткен не өтіп кеткен; тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тексеру жүргізу тапсырылған; тексеру мерзімдері осы бапта белгіленген мерзімнен артық ұзартылған; тексеруді тағайындау туралы акт, қызметтік куәлігі (сәйкестендіру картасы) болмаған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
Тармақша 2
2) егер мәліметтер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
Тармақша 3
3) білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің тексеру нәтижелері туралы қорытындысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
Тармақша 4
4) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі лауазымды адамының тексеру шеңберінде жүргізетін жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.
Тармақ 26
26. Бақылау субъектілері:
Тармақша 1
1) білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі лауазымды адамдарының тексерілетін объектінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі лауазымды адамдарының шақыруы бойынша келуге;
Тармақша 3
3) осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің сұрау салуы бойынша ақпарат беруге;
Тармақша 4
4) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы қорытындыға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (цифрлық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға;
Тармақша 5
5) тексеру аяқталған күні оның нәтижелері туралы қорытындыны алғаны туралы белгі жасауға;
Тармақша 6
6) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
Тармақша 7
7) тексеруді тағайындау туралы актіні алған жағдайда бақылау субъектісі басшысының не оны алмастыратын адамның тексерудің тағайындалған мерзімдерінде бақылау объектісі тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 27
27. Бақылау субъектілері білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің және олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Бап 60. 60-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері
60-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар қажетті біліктілікке ие болуы және қосымша білім беруі жүйесінде кемінде бес жылда бір рет тиісті оқытудан өтуі тиіс.
Тармақ 2
2. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымдарына, мекемелеріне және кәсіпорындарына, тексеру мақсатында қызметтік куәлікті не сәйкестендіру картасын көрсету арқылы кедергісіз кіруге, ал ведомстволық білім беру ұйымдарына - оларға кірудің белгіленген режимін ескере отырып кіруге;
Тармақша 2
2) тексеруді жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратып алуға, тексеру нысанасына жататын құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
Тармақша 2
2) тексерулерді осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде және оларда белгіленген тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге;
Тармақша 3
3) тексеру жүргізу кезеңінде білім беру ұйымдарының белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамаларымен белгіленген талаптарын бұзушылықтардың алдын алу оларды анықтау және болдырмау жөніндегі Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес берілген өкілеттілікті уақтылы және толық көлемде орындауға;
Тармақша 5
5) білім беру ұйымына тексеру нәтижелері туралы актіні оны аяқтаған күні беруге;
Тармақша 6
6) алынған құжаттар мен тексеру нәтижесінде алынған мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 4
4. Мүдделі тұлға білім беру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне және әрекеттердің жасалуына (шешімдердің қабылдануына) негіз болған ақпаратқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
Тарау 9. 9-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
9-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бап 61. 61-бап. Қаржыландыру жүйесі, принциптері мен көздері
61-бап. Қаржыландыру жүйесі, принциптері мен көздері
Тармақ 1
1. Білім беруді қаржыландыру жүйесі - республикалық және жергілікті бюджеттердің, басқа да кіріс көздерінің жиынтығы.
Тармақ 2
2. Білім беруді қаржыландыру жүйесі:
Тармақша 1
1) тиімділік пен нәтижелілік;
Тармақша 2
2) басымдық;
Тармақша 3
3) айқындылық;
Тармақша 4
4) жауаптылық;
Тармақша 5
5) бюджеттердің барлық деңгейлерінің ара жігін ажырату мен дербестік принциптеріне негізделеді.
Тармақ 3
3. Білім беру жүйесі қаржыландыру көздері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттік қаржыландыру;
Тармақша 2
2) мемлекеттік білім беру тапсырысын бюджеттік қаржыландыру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ақылы қызметтер көрсетуден түскен кірістер;
Тармақша 4
4) қаржылық ұйымдардың кредиттері;
Тармақша 4-1
4-1) стипендиялық бағдарламаларды бюджеттік қаржыландыру;
Тармақша 5
5) қайырымдылық көмек, өтеусіз аударымдар мен қайырмалдықтар, гранттар, білім беру ұйымдары құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары, эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) инвестициялық кірістерінің қаражаты болып табылады. Республикалық және жергілікті бюждеттердің қаражаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру көздері болып табылады.
Бап 62. 62-бап. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру
62-бап. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру
Тармақ 1
1. Мемлекет білім берудің басымдығын ескере отырып оған бюджеттік қаражаттардың бөлінуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік білім беру ұйымдарын қаржыландыру білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленген талаптар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын нормалар негізінде бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік білім беру мекемелерін бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландыру мекемелердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес ұсталуын және функцияларды орындауын қамтамасыз етеді. Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мемлекеттік білім беру мекемелерін қаржыландыру жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде айқындалатын көлемде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шығыстармен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік білім беру кәсіпорындарын, басқа да ұйымдық-құқықтық нысандардағы білім беру ұйымдарын қаржыландыру мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім беру кәсіпорындары үшін мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі Сот төрелігі академиясын, медициналық, әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын, сондай-ақ қаржыландыру көлемін тиісті саланың уәкілетті органы өзі дербес айқындайтын республикалық орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шығыстармен айқындалады. Мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты көрсетілетін қызметтердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Білім беру ұйымдары өздерінің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесінде қалған, мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ағымдағы қаржы жылындағы кірістерін кезекті қаржы жылында пайдаланады.
Тармақ 4-1
Тармақ 4-2
4-2. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.
Тармақ 4-3
4-3. Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына жүктеледі.
Тармақ 4-4
4-4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.
Тармақ 5
5. Кадрларды даярлауға, білікті жұмыскерлер мен мамандардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы:
Тармақша 1
1) кадрларды даярлау бағыттарын;
Тармақша 2
2) оқыту нысандары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін (орындар, гранттар санын);
Тармақша 3
3) бір білім алушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиіс. Мемлекеттік білім беру мекемелерінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және білім беру ұйымының атауы көрсетіледі. Мемлекеттік білім беру тапсырысына сонымен қатар осы Заңның 65-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен құрылған оқу орындарында және (немесе) олардың филиалдарында кадрларды даярлау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды оқыту енеді.
Тармақ 5-1
5-1. Білім беру грантының немесе мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауды қаржыландыру, Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен орналастырылады.
Тармақ 6
6. Мектепалды сыныптарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысы білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен орналастырылады.
Тармақ 6-1
6-1. Орта білім беру ұйымдарында орналастырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы білім алушылардың санын және бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиіс.
Тармақ 6-2
6-2. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің санын және бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиіс.
Тармақ 6-3
6-3. Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің санын және бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиіс.
Тармақ 7
7. Білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының мазмұнына қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган және (немесе) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 8. «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қаржыландыруға мемлекеттік білім беру тапсырысы білім беру бағдарламаларына, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түрі мен мәртебесіне қарай саралана отырып, білім беру гранттары түрінде орналастырылады.
Тармақ 9
9. Шетелдіктерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарды қазақстандық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында стипендиялық бағдарламалар бойынша оқытуды қаржыландыру оқытудың тиісті кезеңіне бюджет қаражатын бөлу арқылы жүзеге асырылады.
Бап 63. 63-бап. Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы
63-бап. Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы
Тармақ 1
1. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге білім беру ұйымдары бюджет қаражаттары есебінен көрсететін білім беру қызметтері тегін ұсынылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiне және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарына:
Тармақша 1
1) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары шеңберiнде ақылы негiзде бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге;
Тармақша 2
2) осы Заңның 63-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оқушылардан және педагогтерден ақшаны өндіріп алуға тыйым салынады. Өнер мамандығы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру мекемелері бюджеттік қаражаттар есебінен көрсетілетін білім беру қызметтерінің көлемдерінен тыс ақылы негізде білім беру қызметтерін ұсынуға құқылы.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік білім беру мекемелері және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс, ақылы қызметтер көрсету туралы шартты жасай отырып, ақылы негізде мынадай:
Тармақша 1
1) қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктер мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру;
Тармақша 2
2) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагогтер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлі: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 5
5) музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну;
Тармақша 6
6) жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) энергия қондырғылары мен қазандықтар беретін жылу энергиясын жіберу;
Тармақша 8
8) кәсіптік білім беруді ұйымдастыру (білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру);
Тармақша 9
9) оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжірибе учаскелерінің өнімдерін өндіру мен өткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) ғылыми зерттеулерді жүргізу бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) беруге құқылы. Қарамағында әскери, арнаулы оқу орындары бар мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітетін әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларына сәйкес әскери, арнаулы оқу орындары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде беруге де құқылы. Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты бекітеді.
Тармақ 3-1
3-1. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқылы. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мүліктік жалдауға (жалға) беруден алынған кірістерді өзі дербес пайдаланады.
Тармақ 3-2
3-2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанындағы білім беру ұйымдары ақылы қызметтер көрсету туралы шарт жасаса отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс мынадай:
Тармақша 1
1) кәсіптік білім беруді ұйымдастыру (жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру);
Тармақша 2
2) бағдарламалардың оқу жоспары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері (модульдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы қызығушылықтарды дамыту бойынша);
Тармақша 4
4) білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагогтер мен ересек тұрғындар арасында спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды, кеңестерді, конференцияларды ұйымдастыру және өткізу бойынша, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу және өткізу;
Тармақша 5
5) білім беру процесін, зерттеулерді, тәрбиелік және әлеуметтік-мәдени, ғылыми-практикалық қызметті қамтамасыз ету үшін баспа және полиграфиялық қызмет;
Тармақша 6
6) білім алушылардың оқуға түсуіне және білім алушыларды аралық немесе қорытынды аттестаттауды (талапкерлер үшін дайындық сабақтарын, сынама тестілеуді) жүргізуге байланысты іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 7
7) білім алушыларға ақылы негізде оқу кезеңіне, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жұмыскерлеріне жұмыс кезеңіне бос орындар болған кезде жатақханадан орын беру;
Тармақша 8
8) цифрлық интерактивті білім беру ресурстары мен оқу фильмдерін ұйымдастыру, жасау және дамыту;
Тармақша 9
9) оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондары мен оқу-тәжірибелік учаскелерде шығарылатын өз өндірісінің тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) өткізу бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде ұсынуға құқылы.
Тармақ 3-3
3-3. Осы Заңның 63-бабының 3 және 3-2-тармақтарына сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік білім беру ұйымдары алған кірістер дербес пайдаланылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік білім беру мекемелері ақылы негізде ұсынатын тауарларға (жұмыстарға және қызметтер көрсетуге) бағалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілуге жатады. Әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды қарамағында әскери, арнаулы оқу орындары бар мемлекеттік органдардың бірінші басшылары осы оқу орындары басшыларының ұсыныстары бойынша бекітеді. Сот төрелігі академиясының жарғылық қызметіне байланысты тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаны Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппаратымен келісу бойынша Сот төрелігі академиясы бекітеді.
Тармақ 5
5. Жеке меншік білім беру ұйымдары ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды және қызметтер көрсетуді) өткізуден, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының шеңберінде оқытудан түскен кірістерді, құрылтайшылардың қаражаттарын және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерін дербес пайдаланады.
Тармақ 6
6. Ақылы негізде қызметтер көрсететін білім беру ұйымдарының және білім алушының (тәрбиеленушінің), оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдердің өзара қатынастары шартпен реттеледі. Білім алушы шарт жасасу кезінде бүкіл оқу кезеңіне шығыстарды бір мезгілде төлеген жағдайда төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейтін болады. Оқуға төлемді кезең-кезеңмен төлеген ретте төлем сомасы жалақының ұлғаюы жағдайында және инфляция индексі ескеріле отырып, жылына бір реттен жиі емес өзгертілуі мүмкін.
Бап 64. 64-бап. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту, білім беру ұйымдарын иеліктен шығару
64-бап. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту, білім беру ұйымдарын иеліктен шығару
Тармақ 1
1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жасау және дамыту бюджет қаражаттары, ақылы негізде көрсетілетін қызметтерден түскен кірістер, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын тәртіппен мүліктерге иелік ету және пайдалану құқығы бар. Білім беру ұйымының мемлекеттік мүлкі алып қойылуға немесе білім беру ұйымының негізгі міндеттеріне қайшы келетін мақсаттарда пайдаланылуға тиіс емес.
Тармақ 3
3. Білім беру ұйымдарын жекешелендіру "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және білім беру саласындағы уәкілетті органмен, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 3-1
3-1. Мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен мемлекет жүз пайыз қатысатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының акциялары иеліктен шығаруға жатпайды.
Тармақ 3-2
3-2. Өздеріне тиесілі мүліктік кешендері бар мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар, балаларға арналған мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдары иеліктен шығарылуға жатпайды.
Тармақ 3-3
3-3. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мемлекеттік білім беру ұйымдары өздеріне тиесілі мүліктік кешендерімен қоса иеліктен шығарылуға жатпайды.
Тармақ 4
4. Конкурстық негізде "Орта білім беретін үздік ұйым", «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» гранттарын алған орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік мекемелер гранттарды материалдық-техникалық және ғылыми-әдістемелік жағынан білім беру процесін қамтамасыз етуге жұмсайды.
Бап 64-1. 64-1-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарының міндеттемелері бойынша мемлекеттің жауаптылығы
64-1-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарының міндеттемелері бойынша мемлекеттің жауаптылығы Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымында ақша жеткіліксіз болған кезде әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджеттің қаражатымен оның міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады.
Тарау 10. 10-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
10-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Бап 65. 65-бап. Халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызмет
65-бап. Халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызмет
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Білім беру ұйымының өз жұмысының ерекшеліктеріне сәйкес шетелдік білім беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыстар орнатуға, ынтымақтастық туралы екі жақтан және көп жақты шарттар жасасуға, студенттер, магистранттар, докторанттар, педагогтер және ғылыми қызметкерлер алмасудың халықаралық бағдарламаларына қатысуға, білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кіруге құқығы бар. Әскери және арнаулы оқу орындарының халықаралық шарттар мен келiсiмшарттарға сәйкес шетелдiк азаматтардың қатарынан мамандар даярлауды жүзеге асыруға құқығы бар. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында және білім беру ұйымдарының жарғысында айқындалған тәртіппен сыртқы экономикалық қызметпен айналысуға құқылы.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдік оқу орындарын және (немесе) олардың филиалдарын құру халықаралық шарттар негізінде немесе ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады. Халықаралық мектеп мәртебесін беру білім беру саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша, ол айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, халықаралық оқу орындарының және Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттер немесе олардың заңды және жеке тұлғалары құратын оқу орындарының, олардың филиалдарының білім беру қызметін лицензиялау, сондай-ақ мұндай оқу орындарын бақылау және аккредиттеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 66. 66-бап. Шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру
66-бап. Шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың Қазақстан Республикасында білім алуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Мемлекет шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға жәрдемдеседі.
Тармақ 3
3. Шет елдегі қазақ диаспорасы үшін білім беру ұйымдарын құру және оған қаржылық-материалдық көмек көрсету халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тарау 11. 11-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
11-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
Бап 67. 67-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
67-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Тарау 12. 12-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
12-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
Бап 67-1. 67-1-бап. Өтпелі ережелер
67-1-бап. Өтпелі ережелер
Тармақ 1
1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша берілген, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың қолданылу мерзімі қызметтің кіші түрі атауының өзгеруіне байланысты 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін оқуға түскен адамдардың оқу кезеңіне қолданылады.
Тармақ 2
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша берілген, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар қызметтің кіші түрі атауының өзгеруіне байланысты қайта ресімделген жағдайда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін өздеріне оқуға қабылданған адамдарға мамандықтар бойынша білім туралы құжатты беруге құқылы.
Тармақ 3
3. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның осы Заңның 57-бабы 3-1-тармағының екінші бөлігінде белгiленген қолданылу мерзiмi осы норма қолданысқа енгізілген кезге дейін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына берілген лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша берілген, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың қолданылу мерзімі қызметтің кіші түрінің (кіші түрлерінің) атауы өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін оқуға түскен адамдардың оқу кезеңіне қолданылады.
Тармақ 5
5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша берілген, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар қызметтің кіші түрінің (кіші түрлерінің) атауы өзгеруіне байланысты қайта ресімделген жағдайда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін өздеріне оқуға қабылданған адамдарға біліктілігі бойынша білім туралы құжат беруге құқылы.
Бап 68. 68-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі
68-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі
Тармақ 1
1. Осы Заң, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 2-тармағының екінші бөлігін, 52-баптың 6-тармағының екінші абзацын, 7-тармағы 1) тармақшасының екінші және бесінші абзацтарын, 8-тармағының 2), 3) тармақшаларын және 53-баптың 3-тармағының 1), 3) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. Бiлiм беру ұйымдарына осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тиісті оқу мерзімдерімен оқуға түскен адамдар оқуға түскен кезде қолданыста болған бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқуын бiтiрiп, оларға оқуға түскен кезде қолданыста болған бiлiм туралы белгiленген үлгiдегi құжат берiледi.
Тармақ 2-1
2-1. Осы Заңның 57-1-бабы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «57-1-бап. Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынуды қамтымайтын, мектепке дейiнгi тәрбие беру мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 1. Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады. Кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламасын қоспағанда, балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған білім беру ұйымдарының қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады. 2. Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынуды қамтымайтын, мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады. 3. Кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламасын қоспағанда, мектепке дейiнгi тәрбие беру мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдарының, балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған білім беру ұйымдарының қызметі тоқтатыла тұрған кезде білім беру ұйымдары: 1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға; 2) бұзушылықтар жойылғанға және білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі қызметті қайта бастағанға дейін қызметін жүзеге асыруға құқылы емес. 4. Кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламасын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары, балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған білім беру ұйымдары тексеру және (немесе) мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі білім беру ұйымдарын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастайды.
Тармақ 2-2
Тармақ 3
3. "Білім туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 18, 111-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 12, 71-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат) күші жойылды деп танылсын.