Об утверждении размеров стоимости разовых талонов Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бір жолғы талондар бағасының мөлшерін бекіту туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 15 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» № 209-ІІ Кодексінің 373 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Саудамен ауық-ауық айналысушы жеке тұлғаларға арналған базарда тауарларды сатуға бір жолғы талондар бағасы осы шешімінің № 1, № 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 10 желтоқсандағы «Еңбекшілдер ауданының сауда орындарында бір жолғы талондар бағасының мөлшерін бекіту туралы» (2002 жылғы 08 қаңтарда Ақмола облысы Әділет басқармасында № 897 тіркеліп 2002 жылғы 30 наурызда «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінің № 14 жарияланған) № С-18/3 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет және қаржы, заңдылық пен құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтіп және ресми түрде жарияланған күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Саудамен ауық-ауық айналысушы және сауда орындарында тауар саудасын жасайтын жеке тұлғаларға арналған біржолғы талондардың бағасы
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 25 маусымдағы сессиясының № С-46/6 шешіміне қосымша № 1 Саудамен ауық-ауық айналысушы және сауда орындарында тауар саудасын жасайтын жеке тұлғаларға арналған біржолғы талондардың бағасы Рет саны Қызмет түрлерінің атауы 1 күндік біржолғы талонның бағасы теңге есебімен 1 Газеттер мен журналдар сату 40 2 Тұқым сонымен катар отырғызатын материалдар сату 70 3 Бақша дақылдарын сату 80 4 Дачалар мен үй жанындағы учаскелерде өсірілген гүлдерді сату 30 5 Қосалқы ауыл шаруашылығының, бақша және огород шаруашылығының, дачалық учаскелердің өнімдерін сату, оның ішінде: 1. Ет 200 2. Жұмыртқа және сүт өнімдері 30 3. Жемістер 100 6 Құстарға және жануарларға арналған жем сату 150 7 Сыпырғыштар сату 30 8 Жидек, саңырауқұлақ, балық, бал сату 50 9 Автомобиль көлігін бір жерден екінші жерге жүргізіп жеткізу кызметі: - таяу шетелдерден 800 - қиыр шетелдерден 1500 10 Жекеменшік трактор иелерінің жер учаскесін өңдеу кызметі 300 11 Жеке меншіктегі жеңіл және жүк автомобильдері иелерінің кызметі, оның ішінде: - жолаушылар тасымалдау 110 - жүк тасымалдау 200 12 Үй жануарлары мен құстарды жайып бағу 60
Басқа 6. Саудамен ауық-ауық айналысушы және сауда орындарында тауар саудасын жасайтын жеке тұлғаларға арналған біржолғы талондардың бағасы
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 25 маусымдағы сессиясының № С-46/6 шешіміне қосымша № 2 Саудамен ауық-ауық айналысушы және сауда орындарында тауар саудасын жасайтын жеке тұлғаларға арналған біржолғы талондардың бағасы Рет саны Сауда қызметі мен жұмыс түрлерінің атауы 1 күндік біржолғы талонның бағасы теңге есебімен 1 Көкөніс, жеміс-жидек 100 2 Кондитер бұйымдары 120 3 Ет өнімдері 200 4 Автомобиль бөлшектері 100 5 Сүт өнімдері 60 6 Құрылыс материалдары 80 7 Өнеркәсіп тауарлары 110 8 Азық-түлік тауарлары 100 9 Аяқ-киім және киімдер 120 10 Шекілдеуік сату 30