Об установлении ограничительных мероприятий по заболеванию бешенством собак и кошек в селе Жылымды Булакского сельского округа Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бұлақ селолық округінің Жылымды ауылында иттер мен мысықтардың құтыру ауыруы бойынша шектеу шараларын орнату туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зеренді аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2007 жылғы 7 тамыздағы ұсынысы және «Республикалық ветеринариялық зертханасы» Ақмола аймақтық филиалының 2007 жылғы 3 тамыздағы № 2250 сараптама акті негізінде, ауру тараған елді-мекенде ветеринарлық-санитарлық сауаттылыққа жету мақсаттарында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Зеренді ауданы Бұлақ селолық округінің Жылымды ауылының аумағында иттер мен мысықтардың құтыру ауруы бойынша шектеу шаралары орнатылсын.
Тармақ 2
2. Ауру тараған елді-мекенде ветеринарлық-санитарлық сауаттылыққа жету жөніндегі барлық мәселелерді жедел шешу үшін эпизоотикаға қарсы комиссия қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Бұлақ селолық округінің әкімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясына жәрдем көрсетсін.
Тармақ 4
4. Шектеу шаралары мерзіміне ауру тараған елді мекеннен иттер мен мысықтарды әкелу және әкетуге тыйым салынсын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясына «Республикалық эпизоотикаға қарсы тобы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен бірлесе иттер мен мысықтардың құтыру ауруы бойынша ветеринарлық-санитарлық шаралар өткізу жөнінде ұсыныс етілсін (келісім бойынша).
Тармақ 6
6. Осы қаулы Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді, ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Ауру тараған елді-мекенде ветеринарлық-санитарлық сауаттылыққа жету жөніндегі эпизоотикаға қарсы комиссия комиссия құрамы
Қосымша Зеренді ауданы әкімдігінің 2007 жылғы «07» 08 № 311 «Бұлақ селолық округінің Жылымды ауылында иттер мен мысықтардың құтыру ауыруы бойынша шектеу шараларын орнату туралы» қаулысына Ауру тараған елді-мекенде ветеринарлық-санитарлық сауаттылыққа жету жөніндегі эпизоотикаға қарсы комиссия комиссия құрамы Дүйсенов Лашынтай Жасқайратұлы аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Айтқожин Қанат Қажығалиұлы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зеренді аудандық аумақтық инспекциясының бастығы (келісім бойынша) Комиссия мүшелері: Жүсіпбеков Ербол Кәрімұлы «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бастығы Бекішев Оралбек Қожабекұлы Бұлақ селолық округінің әкімі Аманов Қайрат Қайдарұлы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зеренді аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы Нүрхан Мейрамбек Сағымбекұлы Ақмола облыстық мемлекеттік-санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Зеренді ауданы бойынша бөлімінің бастығы Шәріпов Ербол Рахымжанұлы «Зеренді ауданы бойынша ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Таңатаров Серік Ермекұлы «Зеренді аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Алтаев Рахымбек Ибраимұлы Ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Куйбышев мемлекеттік басқармасының директоры