Об уполномоченном органе по проведению процедуры банкротсво несостоятельных сельскохозяйственных формирований Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Дәрменсіз ауыл шаруашылық құрылымдарға банкроттық процедура жүргізу жөніндегі ұкілетті орган туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 8-87 шешімімен. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті банкроттық процедура мен соттан тыс жою процедурасы кезінде кредиторлардың бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер бойынша мүдделерін қорғауға, сондай-ақ төлем төлеуге қабілетсіз және дәрменсіз ауыл шаруашылық қўрылымдарды соттан тыс жою процедурасын жүргізуге бастаушы болуға қўқылы өкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Өкілетті орган туралы Ереже бекітілсін (қосымша).
Тармақ 3
3. Бўл шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А.К. Кәрімоллинге жүктелсін.
Басқа 5
Облыс Әкімінің 1999 ж. қаңтардың 18 N 1-10 шешіміне қосымша Алматы облысының ауыл шаруашылығында банкроттық процедура жүргізу жөніндегі өкілетті орган туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті облыс Әкімінің 1999 жылғы 18 қаңтардағы N 1-10 шешімімен банкроттық процедура және соттан тыс жою процедурасы кезінде кредиторлардың бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер бойынша мүдделерін қорғауға, сондай-ақ төлем төлеуге қабілетсіз және дәрменсіз ауыл шаруашылық қўрылымдарды соттан тыс жою процедурасын жүргізуге бастаушы болуға қўқылы өкілетті орган болып белгіленді.
Тармақ 2
2. Өкілетті орган өз қызметінде Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" (бўдан әрі - Заң) Заңын , басқа да заңдарды, нормативті қўжаттар мен осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Өкілетті органның негізгі міндеттері: - облыста ауыл шаруашылығы ўйымдарына қатысты дәрменсіздікті болдырмау және банкроттық туралы заңды іс жүзіне асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету; - сауықтыру процедураларын қаржыландыру үшін инвесторлар тарту шараларын ўйымдастыру; - облыстағы төлем қабілеті төмен (дәрменсіз) ауыл шаруашылық қўрылымдар туралы хабарларды жинап, қорыту, қаржы-экономикалық жағдайына талдау жасау, мониторинг өткізу, сауықтыру және жою әдістері мен формалары жөнінде ўсыныстар жасау; - банкроттық жөніндегі мамандар дайындау және біліктілігін арттыру; - кредиторлар комитетінің жўмысына қатысу және процедуралар кезінде мемлекет мүддесін қорғауды қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. Өкілетті орган қўқылы: - банкроттық процедуралар мен соттан тыс жою процедурасында бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төлем төлеу бойынша кредиторлардың мүддесін қорғауға; - борышкердің немесе несие алушы борышкердің арызы бойынша, сондай-ақ өз бетінше тиісті шешім ўсыну жолымен төлем қабілеті төмен және дәрменсіз шаруашылық ўйымдарды соттан тыс жою процедураларына бастаушы болуға; - ауыл шаруашылығы ўйымдарының банкроттық туралы ісіне қатысуға; - борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа арыз беруге; - Заңда көзделген жағдайларда борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа арыз берген кезде мемлекеттік баж салығынан босатылуға; - кредиторлар комитетінде орган ретінде ўсынылуға; - Заң талаптарына сәйкес кредиторлар комитетін қўру және сауықтыру жоспары мен сауықтыруды басқарушының кандидатурасы қаралуы тиіс комитеттің бірінші жиналысын шақыруға; - жарыс түріндегі өндірісті жүзеге асыру үшін конкурсқа түскен басқарушылар кандидатураларын тағайындау үшін сотқа ўсынуға; - келісуге ўсынылған борышкердің сауықтыру жөніндегі жоспары мен ауыл шаруашылығы ўйымдарының сауықтыруды басқарушысының кандидатурасын қарауға; - жүктелген міндеттерді орындау үшін облыстық аумақтық мемлекеттік басқару органдарынан, сондай-ақ ауыл шаруашылық ўйымдардан қажетті қаржылық және басқа да қўжаттарды, хабарламаларды сўрауға және алуға; - сараптамалар жүргізу мен консультациялар алу үшін заңды және жеке тўлғаларды тартуға, олармен төлем қабілеті төмен және дәрменсіз ауыл шаруашылығы ўйымдарына банкроттық процедуралар жүргізуге келісім-шарт жасасуға.