Махамбет ауданы Алмалы селосы шекарасын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Махамбет ауданы Алмалы селосы шекарасын өзгерту туралы
Алмалы селолық округі әкімі аппаратының, Махамбет аудандық қатынастары, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен қаулы мен шешім, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Заң Кодексінің 108,109-баптарын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3 тармағын ала отырып, аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихаты ШЕШЕДІ:
Тармақ 1
1. Алмалы селолық округінің аумағын кеңейтіп, тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін, осы окпугке шекаралас ауданның босалқы жалпы көлемі 30,0 гектар, оның ішінде суармалы жайылым жер ауылдық округіне берілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің көшірмесі Алмалы селолық әкім аппаратына, аудандық жер қатынастарына, аудандық сәулет және құрылысы бөлімдеріне жіберілсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім мемлекеттік тіркеуге ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен қаулы мен шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен кейін күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.