Об утверждении Правил и размера оказания социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесі мен мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылгы 23 қаңтардағы және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді элеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы .13 сәуірдегі Заңдарына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін элеуметтік көмектің мөлшері 9 айлық есептік көрсеткіш болып бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін материалдық көмектің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімиятының 2002 жылғы 18 наурыздағы № 190 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1703 нөмірімен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Басқа 4
Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы «28» маусымдағы № 165 қаулысымен бекітілген қосымша Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Ереже мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін элеуметтік көмектің (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесінде (бүдан әрі - Ереже) мынадай ұғымдар қолданылады: мүгедек бала - тіршілік - тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден ағза функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегіз жасқа толмаған тұлға; мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы - мүгедекті оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін белгілейтін құжат; психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының (ПМПК) қорытындысы - медициналық көрсеткіштер тізбесіне сәйкес мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытуды белгілейтін құжат; өтініш беруші - мүгедек баланың атынан әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаушы тұлға; баланың заңды өкілдері - ата-анасы, бала асырап алушылар, қорғаншысы, қамқоршысы, патронат тәрбиелеушісі, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың орнында қамқорлық жасайтын, білім, тәрбие беретін, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын тұлғалар.
Тармақ 3
3. Мүгедек балаларды жалпы немесе арнаулы мектепке дейінгі ұйымдарда және басқа оқу орындарында тәрбиелеу мен оқыту мүмкін болмаған жағдайда, оларды тәрбиелеу мен оқыту ата-анасының немесе заңды өкілдерінің тілегі ескеріле отырып, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысының негізінде үйде жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек үйде тәрбиеленіп жэне оқытылатын 18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар ата-анасының біреуіне, немесе оның орын ауыстыратын тұлғаға, немесе заңды өкіліне (бұдан әрі - алушылар) беріледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынған мүгедек балаларға тағайындалып төленеді.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек мүгедек балаларға басқа да әлеуметтік көмек түрлерін алатындығына және отбасының табысына қарамастан тағайындалады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек толық мемлекет қамқорлығындағы мүгедек балаларға тағайындалмайды.
Тармақ 8
8. Талас тудыратын барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қаралады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті алуға өтініш беру тәртібі
2. Әлеуметтік көмекті алуға өтініш беру тәртібі
Тармақ 9
9. Ереженің 4-тармағында көрсетілген тұлғалар тұрғылықты мекен-жайы бойынша әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - қалалық жэне аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
Тармақша 2
2) баланың тууы туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
Тармақша 3
3) медициналық - әлеуметтік сараптаманың (МӘС) мүгедектігі туралы берген анықтамасы (көшірмесі);
Тармақша 4
4) психологтық - медициналық - педагогикалық консультацияның (ПМПК) мүгедек баланы үйде оқыту қажеттігі туралы берген қорытындысы (түпнұсқасы);
Тармақша 5
5) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы (көшірмесі).
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, салыстырылғаннан кейін түпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылып беріледі.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті тағайындайтын және төлейтін уәкілетті органның жауапты тұлғасы құжаттарды түпнұсқаларымен салыстырады, тіркеу журналына ұсынылған құжаттарын қоса өтініштерін тіркейді және өтініш иесіне қабылдау туралы белгісі бар үзбелі талонды береді.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі өтініш тұрғылықты мекен-жайы бойынша уәкілетті органға тапсырылады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек, көмек алуға құқық пайда болғаннан кейін, әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш берген айдан бастап тағайындалады. Құжаттарды қоса беріп отырып, өтініш берген ай өтініш жасалған ай деп саналады.
Тармақ 14
14. Уәкілетті орган құжаттар түскен күннен бастап 10 күн ішінде қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы көлемінде әлеуметтік көмекті тағайындау жөнінде шешім қабылдайды. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмек аудандық (қалалық) психологтық-медициналық-педагогикалық консультациясының берген анықтамасында көрсетілгендей, құқық пайда болған кезден бастап, тоқсан сайын бір жылға тағайындалады және тоқсан сайын көрсетілген кезеңге төленеді.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек бірінші рет тағайындалған жағдайда, өтініш берілген күннен бастап төленеді.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді тоқтатуға немесе қайта жаңартуға әсер ететін (баланы асырап алу, оның өлімі және т.б.) жағдайларда, әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тиісті жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады немесе қайта жаңартылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
4. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
Тармақ 18
18. Әлеуметтік көмек бір тоқсанға төленеді.
Тармақ 19
19. Әлеуметтік көмек тиісті каржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
Тармақ 20
20. Әлеуметтік көмек, алушының жеке шотының деректері көрсетілген жазбаша өтініші бойынша «Қазпошта» ашық акционерлік қоғамының аудандық, қалалық филиалдарының құрылымдық бөлімшелері арқылы төленеді.
Тармақ 21
21. Әлеуметтік көмекті тағайындап және төлейтін уәкілетті орган «Қазпошта» ашық акционерлік қоғамының аудандық, қалалық филиалдарымен бірлесіп, төленген әлеуметтік көмектің салыстыру актісін жасап, есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 15-не дейін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне тапсырады.
Тармақ 22
22. Әдейі жалған мәліметтерді ұсыну, әлеуметтік көмек төлеміне әсер ететін жағдайларды жасырып қалу нәтижесінде артық төленген әлеуметтік көмек, алушыдан төмендегі жағдайларда ұсталады:
Тармақша а
а) әлеуметтік көмекті тағайындап және төлейтін уәкілетті органның шешімі негізінде;
Тармақша б
б) соттың шешімі, анықтамасы, қаулысы негізінде.
Тармақ 23
23. Әлеуметтік көмекті тағайындайтын және төлейтін уәкілетті органның кінәсы бойынша аударылмаған әлеуметтік көмектің сомасы өткен уақыт үшін ешқандай мерзіммен шектеусіз бірден аударылады.
Тармақ 24
24. Әлеуметтік көмекті төлеу бойынша есепті жүргізу және есеп беру тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес анықталады. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесіне қосымша ________________ аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі ____________________________ ____________________________ (мекен-жайында тұратын) ____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) ____________________ ____________________ Тел._________________ Жеке куәлігі № ______________ ___________________________ берген (кім берді) ____________________________ (қашан берді) СТН ______________________ ЖӘК ______________________ Өтініш Маған мүгедек балам________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) әлеуметтік көмек тағайындап төлеуіңізді және _______________________ «Қазпошта» филиалында ашылған №__________________________жеке есеп-шотқа аударуыңызды сұраймын. Өзгерістер туған жағдайда 10 күн ішінде ол туралы хабарлауға міндеттенемін. Жалған ақпарат пен анық емес (жасанды) құжаттар көрсеткенім үшін жауапты екендігім ескертілді. 200__ жылғы «____» _________ __________________ (өтініш иесінің қолы) Өтініш қабылданды. 200_ жылғы «____» __________ ________________ (Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның аты-жөні, қолы) ----------------------------------------------------------- ---------------------------------------------------- (кесу сызығы) Азамат ________________________ өтшіші_____________ дана құжаттарымен қоса 200___ жылғы«___» ______________ қабылданды. (Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның аты-жөні, лауазымы және қолы)